Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы) Алматы, 2016 ббк пікір жазғандар


Turkic -language picture of the world in the context of culture ) 2



бет15/28
Дата09.04.2018
өлшемі5,26 Mb.
#40093
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28

1.Turkic -language picture of the world in the context of culture )

2.Reflection of the policy of ancient Turkic state on the philosophy of independent Kazakhstan.

3.Turkish culture in Turkic phraselogy

4.The Altai basis of Turkic phraseology.

KAYNAKÇA

1.Ahmet B. Ercilasun, Başlangıçtan Yirminci Yüzyıla Türk Dili Tarihi, Akçağ Yayınları, Ankara, 2011, s;314 - Ali Akar, Türk Dili Tarihi, Ötüken Yayınları, Ankara,2005

2.Gürer Gülsevin, “Türkoloji Kaynakları ve Bibliyografyası”, Malatya 1996

3. Türklük Bilgisine Giriş /Abdu-Ali TGANBAYULI KAYDAROV/ MEYİRBEK ORAZOV Türkiye Türkçesine aktaran:Dr.Vahit TÜRK İstanbul-1999

4. Türk Dünyası İncelemeleri Dergisi / Journal of Turkish World Studies, XII/2 (Kış 2012), s.594-596. Hatice Özge BİLİR-Derya ERSÖZ

Қазақ және түрік тіліндеріндегі қыз балалар тағатын әшекей бұйым атаулары

Ақсұңқар Әбиден, ҚазМемҚызПУ студенті,

Eмrе Аtаsоy, Nığde Üniversite öğrencisi, (Türkiye)

Ғылыми жетекші – ф.ғ.д., проф. Т.Н. Ермекова

Тілде әрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың сондай ерекшеліктері, яғни мәдениеті, әдет-ғұрпы, әдеби мұралары тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Түркі халықтары үшін қыз баланың ролі ерекше. Түркілер қыздардың тәрбиесіне ғана емес, оның сыртқы сұлулығына да аса мән берген. Оның бүгінгі дәлелі – түркі халықтарына ортақ қыз балалар тағатын әшекейлер.



Қыз балалар тағатын әшекейлер мен оған байланысты жасалған зергерлік әшекейлер түркі халықтарының өзіндік ерекшелігін айқын көрсететін, әлеуметтік ортасы мен зергерлік өнер түрлерінен, киімдері мен тұрмыстық бұйымдарынан, ата-бабамыздың табиғат байлығын игеру тәжірибесінен, дүниетанымынан, әлеуметтік реттеу құралы болған салт-дәстүрлерінен т.б. мол дерек беретін қайнар көздердің бірі ретінде құнды. Ғылымда осындай қызықты мәселелердің бірі - әшекей бұйым атауларының шығу төркінін зерттеу. Әшекей бұйымдарының этимологиясын зерттеуде Көне түркі сөздігі, түркітанушылар мен қазақ ғалымдарының ішінде Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, А.Тұрышев сынды ғалымдардың еңбектеріне сүйендік.

Жүзік. Бір жүзік кидің қолға асыл тастан (М-Ж.Көпеев); Бір-бір кісі болыс басы, Сол кісің болсын асыл жүзік қасы (М-Ж.Көпеев);

Жүзік сөзі көптеген түркі тілдерінде тараған. Көне жазба ескерткіштерде де ұшырасады. Жүзік сөзінің кейбірін атап өтелік: түрік., қуман, бар., шағ. Jÿзÿк = jÿзÿк `сақина, перстень`, алт., тел., чулым. ` jÿстзÿк `саусақтағы сақина`, түрік. Jÿксзÿк `саусаққа салатын` (РСл, III,), тоб. Жуьксуьк / жуьзкуьк, түркімен. Йзүзүк, башќ. Йөзөк, тат. йөзек, ққ. Жузик, ноғ. Юзик, қырғ. Жуздук = шакек, құмық. Юзюк, қар. Балқ. Жюзюк / джюзюк / зюзюк `сақина, тасы бар сақина`, jүксäк `тас салынған сақина`, jүзүк `гемма` (Мқ, III,). «Гемма (лат. Gemma-тасқа салынған өрнек, төңкерілген не болмаса ойығы бар. Байырғы заманда геммалар мөр – таңбаның орнында жүрген, кісінің жеке таңбасы, тұмар, әшекейі)» (СИС,). Жалпы түркілік жүзік сөзжасамдық моделі жағынан жүз түбірінен `буын`+жұр. -ік құралған. М.Харбичев джез `жез` (Карачаево – балкарское именное словообразование. С.75); А.Б. Сулейменова негіз ретінде: жүз–jüс/tyc/чус`буын` (КТКЭС, с.95, 96); Осындай этимологияны Р.Г. Ахметьянов та ұсынады. Ол «бұл сөздің шығуын шығ. Түрік. Д'уз, чус `саусақтың буыны` – дейді [1, 58]. Неғұрлым ықтималы бірінші айтқаны болуы мүмкін: джюзюк<джез `мыс`+юк (Жанпейісов, 1989: 22 – бет.).

М. Қашқари оврұқ – сүйек буыны – дейді. Қарастырып отырған жүзік сөзінің түбірі «буынмен» тығыз байланысты. Сол сияқты ол басқа да мағына береді. Салс.: тув. Чус 1) `буын`, 2) `буын` (ТувРС, с. 527); сойот. Jÿc`буын` (РСл, III,); урен. Чÿс `саусақтың буыны` (Катанов Н. Ф. Опыт исследования урянхайского языка. Казань, 1903. С.1348). өзбе. Жүз уст. 1)`бөлік, жартысы`; 2) `тұтас қағаз, он қағаз` (УзРС,); тәж. Чузь 1) бөлік, жартысы, бөлігі, 2) `шығару` (Тадж. РС,); коми йöз, 1) `адамдар, халық, жұрт`, 2) `адамдардікі`, йöзви `буын`, чунь йöзви `саусақтың буыны` (КомиРС,), «удм. Йöз, коми йöзви `буын, тізе, жүйе, фин. Jäsen буын, эст. Jäse [2, 35]. Л.З.Будагов жүзік сөзіне байланысты былай дейді: түрік., тат., йүзүк, осм., юзÿкъ, дж.ад. ÿзÿкъ, қаз.қырғ., алт., йүзүк `сақина, тасы бар сақина`; йүзүк тасы салатын, сақинаға арналған тас; йүзүк ауыстырмақ некесін қию` сақинамен алмасу`; қаз. Йүзүк малу `ойын, ауызға салу`: алтынды сақтау. В.В.Радлов jіс желтая мед; jус слогъ, преставляемый прилагательными, jус суставъ, кольцо, перстен т.б. мағыналарын көрсетеді. С. Е. Малов жүз сөзінің бірнеше мағынасын: йуз `бет`, йуз `100` қара. Йұз; йуз `материя`, йузум, қара: йіз. Йуз- ( < йұз ) `жырту, пәрше-пәршесін шығару`; йуза - `иімейді (сиырѓа байланысты), `жанынан өту`,`өте шығу`, т.б. жазады. Л.З.Будаговтың жазбасынан тарихи мәліметті қалай жазды, солай берейік, тек қана араб-парсы графикасымен жазылғанды ғана аударамыз: тур. тат. йүзүк., осм. йүзк юзукъ, дж. д. аұзұк узукъ, каз. кир., жүзік., алт., йүсук перстень, кольцо, йүзук қасы вставышекъ; камень для перстня, йүзүк алұсйүрмқ обручить (менять кольца), каз. йүзүк далысы (таласы) игра, въ роде игры: хронить золото. Сонымен, жүзік сөзі С.Е. Малов пен А. Габэннің сөздіктерінде жоғарыдағы қатар бойынша берілген: jüz `100`, jüz `бет-әлпет`, jüz (jüz?). Бұған қоса мына «Сөзді jüз (jüзlik) ... Этот термин имеет прямую связь не со значением `сто`; в этой связи следует вспомнить, что у башкиров `племя` называлось словом мінг `тысяча `... и что слова тюмен ~ туман значило 10 000 войнов и админстративное деление» [3]. jüzlg cөзімен қар.-балқ. Бууунлукъ `әшекейлеу, қосымша киімге тағу, білезік` бууун` қолдың буыны, алақанның орнына бес саусағы [1, 59]. Дегенмен, түбір тұлғаға: дуз/чус/jüс/jüz/жүз/жуз `буын` шығыс түркілік дегенге келісу қиын. Бұдан басқа: жүзік/йүзік/йөзөк/жүзүк/jÿзÿк/jÿзтÿк/ тағы басқа формалары бар. Е.Жанпейісов жүз (Ана тілі. 1990. №14.) этимологиясымен жүзік байланысын кіші жүз, орта жүз, ұлы жүз құрамындағы жүзбен бірлікте қарастырады (1989: 23). Бұлай қарастыруына Отаров пен Абаевтың юзмелт/азмилт/зимилт сөздерінің морфологиялық құрамын: юз+мелт, аз+милт, зи+милт азмилт//зимлит сөздерінің түбірі аз және зи деп қарастырады да, бұлардың құрамынан фонетикалық вариант йуз және йÿзÿк, юз жєне юзмелт олармен тат. башқ. Тіліндегі йозак `құлып` байланысты ма, жоқ па дәлелдеуді қажет қылады дейді. Сонымен, қазақ құрылымындағы жүздіктерді байланыстырады. Е. Жанпейісов жүз > улус > арыс > үйелмен сөзінің түбірі ÿä > ÿjä > баѓїш (М. Қашқари) жүзік сөзінің `буын` байланысты екендігін дєлелдейді. Е. Жанпейісовтің бұлтартпас ғылыми дәлелі толығымен айтылған мүмкіндікті растайды. Академик Ә. Марғұланның атап көрсеткеніндей: «жез» деген сөз (кейбір түркі тілдерінде – jaz, jäz ) санскрит, грек, латын, гот сияқты ерте дүние тілдерінде пайдаланылған. Радлов: сÿjäш – кольцо на пальце – деп жүзіктің тағы бір түрін атайды. М-Ж. Көпеев жүзік сөзін өз мағынасынан басқа метонимиялық құбылтуға дейін барады. Жүзік > буын. Жүзік > білезік.

Білезік. Білезік сөзі білек пен жүзіктен құралған. Мұндағы білек сөзі, кейбір зерттеушілердің түсіндіруінше, бел сөзінен шыққан (Vambery. Etym. Wört, 202, 214; Lokotsch. Etym. Wört, 126), ал басқа бір зерттеушілер бұл сөзді көне түркі тілдерінде кездесетін «орау, орап байлау» мағынасын беретін біле етістігімен байланыстырады (Menqes. Glossar, 701; Ф.Корш. Слова «балдак» и долгота гласных в турецких языках. – «Живая старина», 1909, вып. 2-3, 156). Сөздің екінші бөлшегі жүзік кейбір түркі тілдерінде йүзік, дүзік болып айтылады. Оның түбірі – йүз болу керек, қазір де қазақ тілінде жүз түрінде қолданылады. Жүз – «бет, ажар» дегенді білдіреді (ЌТЌЭС, 64). Қазақ білекті мүше атауына жатқызбайды. Қол – аяғың бүтін бе? Сау ма ? – дейді. Сөзімізге орай, Ж. Құдайберген: В понимани казахов словом «мүше» называется не каждая деталь человеческого тела, а наиболее крупные объединения частей тела – дейді [4]. С. Аманжолов: Білек – шынтақ (локоть). Р.К. сл. 1897, 43 деп түсінік береді. Ш. О. Аюпов: Биләйүзүк – ханым, бикештердің ерте замандардан бері қарай қолға тағып келе жатқан сәндік бұйымы. Білезік те (білек жүзігі) о баста көз сұғынан сақтайтын қасиетті бұйымдар қатарына жатқызылған. Ілгері уақытта ұйғырларда баласы тоқтамай жүрген ата-аналар жас нәрестесінің қолы мен аяғына «темірдей қатты болсын!» – деген тілектің нышаны ретінде бір-бірден білезік салып қоятын әдет-ғұрып болғандығын айта кету керек. Ал, биләйүзүк билек пен йүзүк сөздерінің бірігуінен (билә (к) йүзік) биләйүзүк болып, өзгеріп тұлғаланғанын жазады [5, 12]. Қазатың зергерлік бұйымдары тек қана сәндік үшін жасалмады, күн-көріс құралы ретінде де пайдаланылған. Темір ұсталары үзеңгі, ауыздық, кетпен, түрен және үй ішінің бұйымдарын жасап шығарып отырды; зергерлер – білезік, сырға түйме, ер-тұрман безенді бұйымдарын жасады (Ш.О. Аюпов, 1998: 10-11). В. В. Радлов біläзÿк браслетъ ат білезігі круглый кости на переднихъ ногахъ лошади; біläвзік 1) браслеть, 2) кольца, подерживающія ствол ружья – дейді сөздігінде. Қ.Жидебаев: Білезік сөзі туралы тюркологияда – білек йузіке біле (к) йү (зік) білезік болып өзгерген деген пікір бар дейді (ЌТЌЭС, 64). Мұндағы білек сөзін кейбір тюркологтар бел сөзімен байланыстырса (Ватберн, т.б.), Ф.Корш «орау, орап байлау» мағынасын біле етістігімен байланысты қарайды. Оны қыз-келіншектер де, орта жастағы әйелдер мен үлкендер де салады.

Білезік көбіне күмістен, кейде таза алтыннан да жасалады. Тек күмістен соғылған білезіктердің өзі Қазақстанның әр өңірінде әр түрлі болады. Жергілікті өзгешіліктер оның жасалу, әшекейлеу тәсілінен де, көлемінен де, сыртқы мүсінінен де байқалады. Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жасалатын көлемді білезіктерге арнайы тағылатын шынжырлар ұшына 2-3 сақина, жүзіктер ілінеді. Мұндай білезіктердің сыртына сіркелеу әдісімен, негізінен, геометриялық өрнектер жүргізіледі. Білезіктің бауыры топса арқылы ашылып-жабылатын да түрі болған. Мұндай білезіктерді білекке салу да оңай, олардың көркемділігі де айтарлықтай әдемі болады. Аталған зергерлік бұйымдардың жасалу жолына қатысты материалдар берілген [8]. Ә. Марғұлан қазақтың зергерлік өнеріне әсіресе білезік сияқты байырғы түрлерін суретке түсіріп алған.

Сырға. Алтын сырға бап жүрсін әр құлақта (М-Ж., 93); Сүйіндіктің ағасы Алтыннан салған сырғасы (М-Ж., 33);

Сырға – (сыр+ға) түбір мен қосымшадан тұратын сияқты. Сыр араб тілінде құпия, жасырын сыр деген мағынаны да береді. өзбек тілінде - сирға, исирға, қазақ тілінде – сырға, қырғыз тілінде – сырға, құлақ сырға, түркімен тілінде – гұлағы ысырға, татар тілінде – сырға, хакас тілінде – ысырга, башқұрт тілінде – сырға, һырға т.т. Орыс тіліндегі серьга, серьги сөздерін кейбір орыс тіл мамандары түрік тілі арқылы ауысып, қалыптасқан сөз десе, енді бір ғалымдар оны ежелгі орыс тіліндегі усерязь сөзіне апарып байланыстырады. Өзбек тілінің тіл маманы С. Ибрагимов сырға сөзінің жазба әдебиетте ХII ғасырдан бері қолданылып келе жатқанын құптаса, атышулы түрколог В. Радлов бұл сөздің орыс тіліндегі мағынасы – «сырға», «сережка» деп, көрсетіп, бұлайша анықтау шағатай тіліне тән екендігін айтады [7]. Енді асырға атауы жайлы айтқан кезде оны «ілу», «асу», «тағу» мағынасын білдіретін ас – етістігінен туындаған болуы мүмкін деп жорамалдайды (Радлов, 542). Біз де академик В. В. Радловтың сырға сөзінің ежелгі аты асырға оның түп негізі «ілу», «тағу» мағыналарын аңғартатын ас сөзімен байланысты деген пікірін қолдаймыз. Өйткені, сырғаның ежелгі аты асырғаисирға сирға асып, іліп жүретін сәндік бұйым екендігі шындыққа жуығырақ – дейді [7]. М. Қашқари (қиз йинчи толғади «қыз» інжу тақты немесе қыз інжу, не басқа нәрселерден жасалған сырға тақты) (М.Қ. 1984: 394-395). М. Қашқаридің өзі асырға емес сырға деп қолданған.

Сырға мен сырмақ сөзінің шығу тегі бір сияқты (сырмақ- қараңыз). Қазақ тілінде құлағыңа алтын сырға деген тіркес (құпия) сен ештеңе естіген жоқсың дегенді білдіреді. Сыр. а. сирр: 1. тайна, секрет; 2. могила; 3. сердце, душа; 4. рел. причастие; 5. знание сокровенного] – тайна, секрет (Рүстемов, 264). Демек, сөз (сыр айту) мен сыр (сыз, жазу) генетикалық жағынан бір жақындық бар сияқты. Дұшпанға сырыңды айтпа?. Радлов: Сыз – 1) чертить, графить, чиркнуть спичку; 2) писать – деген мағыналарын жазады (Радлов, т. 4. ч. 1. 663). Малов Сары ұйғыр тілінде сыз - `вспухать`; менің қулақ сызыптро `у меня вспухло ухо`; йузы ма сызғеш қонгыр джур боп-тро `лицо ее вспухло` деген мағына беретінін жазады (ЯЖУ, 107). Л.Будагов: Дж. Тат. سرغه сырға, اسرغهсырғе, серьга (1869: 626); Мына сөздің де біз зерттеп отырған мәселеге қатысы барлығы байқалады: қырғ. سركه сырға серга, намордникъ съ рогульками, надваемый на телять и жеребятъ (чтобы) они не сосали матерей); Немесе, тур. سركي серги, (отъ سرمك сырмы) родъ коврика, на которомъ считають жалованье стипендіатамъ (1869: Том. I. 626). Будагов сырға формасы екі түрлі мағынада 1) енесін еміп қоймау үшін бұзау мен құлынға тағылатын сырға; 2) сырға < сырма сөзінен қалыптасқан кілемнің түрі, ақша санайтын жайма – деп түсіндіреді. (Қараңыз – сырмақ бөлімін.) Айшық (айшұқ) сырға (серьги лунообразные) (С. Аманжолов, 1959: 354).

Енді түрік тіліндегі әшекей бұйымдарына тоқталайық:

Takı, takmak kelimesinden gelmektedir. Mücevher veya ziynet eşyası diye de adlandırdığımız takı, insanların süslenmek amacıyla taktıkları çeşitli taş, maden, doğa ürünleri ve buna benzer malzemelerden yapılmış kullanım eşyalarıdır
Ayrıca süsleme-form ve malzeme üçgeninin oluşturduğu düzenin yanı sıra gerekli teknik imkanları ve ustalığı kullanarak ortaya konulan fonksiyonel kullanım eşyasıdır.

Takılar süslemenin dışında, inançlara ve geleneklere bağlı kalarak da hazırlanmakta, bu amaçla hazırlanan takılar, toplumun inançlarını yansıtması bakımından kutsal sayılmaktadır.


Eski Türklerde kadın süslenmeye önce başından başlamış yüz güzelliğini, yüze sürülen allık ve göze çekilen sürmeler, yanaklara konulan benler, kulaklara takılan küpeler, örgülü saçlar ve saç süsleri, işlemeli başlıklar ve taşlarla zenginleştirmiştir. Anadolu kadın takılarından, baş süslemelerinde kullanılan takılar arasında, zengin teknik ve motiflerle süslenmiş tepelik, fes süsü, alınlık, yanak döven, küpe gibi takılar bazı yörelerde bir arada kullanıldığı gibi bazı yörelerde birkaçı fes üzerine veya fessiz olarak da kullanılmaktadır
Fes Süsü – қыздардың бас киім
Anadolu'nun çeşitli bölgelerinde fesin ön kısmından yanlara doğru takılarak kullanılan takı çeşididir. Süsleme tekniği ve kullanılan malzeme bakımından farklılık gösteren fes süsü; üçgen, daire ve değişik motiflerin zincir, para ve çeşitli şekillerdeplakaların (penez) süslenmesinden oluşmaktadır. Fes süsleri biri ortadan ikisi de yanlardan olmak üzere üç yerden fese tutturulmaktadır. Fese tutturulan bölümlerdeki plakaların üzerinde, tırnak içine oturtulmuş renkli taşlar ve değişik süsleme teknikleri kullanılmış motifler yer almaktadır.)
Fes süsleri bölgelere göre de değişik isim alırlar. Hatta aynı yörede iki ayrı köyde dahi bu farklılık göze çarpmaktadır. Mesela Tarsus'a bağlı Kaburgediği köyünde fes süsüne "çiril", Çamalan köyünde ise "tomaka" denilmektedir.

Alınlık - тәж

Baş süslemelerinde, kadınların alınlarına gelecek biçimde fesin üzerine, taktıkları çeşitli zincir,boncuk ve paralarla süslü altın veya gümüşten yapılmış takılardır.Farklı biçim, malzeme, motif ve mesajlarla hazırlanmış alınlıkların, geçmişte olduğu gibi günümüzde de bazı yörelerde hala kullanılmış olması dikkati çekmektedir.
Geleneklerine bağlı yörelerimizden Ankara ili Beypazarı ilçe merkezinde gelinlerin fes üzerine kullandığı iki ayrı alınlık fotoğraf 12-12a ve 13-13a'da görülmektedir. Üst kısmı kubbemsi alt kenarında düz olan alınlıkların alt kenarında boncuklara dizili paralar yer almaktadır. Tamamı altın gibi değerli madenden yapılmış olan takıların yüzeyleri kabartma ve kazıma teknikleriyle süslenmiştir. Fotoğraf 12-12a'da nazara karşı kullanılan maşallah, yazısı ile bitkisel motifler, fotoğraf 13-13a'da ise, bereketi, soyluluğu ve sonsuzluğu simgeleyen hayat ağacı motifi yer almaktadır. Her iki alınlık da; fesin yanlarında yer alan inci, boncuk ve altın paralarla bütünleştirilmiştir.
Қорыта айтқанда, қыз балалардың тағатын әшекей бұйымдары – түркі халықтарының мәдени, эстетикалық талғамын көрсететін этномәдени бірлік.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Отаров И.М. Профессиональная лексика карачаево-балкарского языка. С.58

2.Ишбулатов Н. Х. Лексические параллели в башкирском и финно-угорских языках // Некоторые вопросы урало – алтайского языкознания. Уфа, 1970. С. 35

3.Кононов А.Н. Родословная туркмен. М., Л., 1958. С. 94

4.Құдайберген Ж.Анотомические названия в казахском языке, 1977: 150

5.Аюпов Ш. О. Ұйғыр қолөнерінің лексикасы. А., 1998: 12алов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М., Л., 1951. С. 213, 438.

6.Радлов В. Опыт словаря тюркских наречий. т. ч1, 1911, стр. 542 7.Жидебаев Қ. Кейбір атаулар этимологиясы. Қазақстан мектебі, № 3, 1984: 306-308.
«Сан-мөлшер» концептінің морфологиялық репрезентациясы

А.А. Бакиева, ҚазМемҚызПУ 2-курс магистранты

Қазіргі тіл білімінің теориялық зерттеу парадигмасының антропоөзектік ұстанымы тілдің диалектикалық бірліктегі ең маңызды екі қызметінің, атап айтқанда, танымдық (когнитивтік) және қарым-қатынас (коммуникативтік) қызметін терең ашып, тіл білімін заман талаптарына сай жаңа сапалы деңгейге көтеруге негізделіп отыр. Тілдің аталған қызметтері оның концептуалды жүйе ретіндегі табиғатын айқындайды.

Қазіргі кезде концепт мәселесіне ерекше мән беріліп отыр. Тіл білімінде концепт мәселесі С.А. Аскольдов, Д.С. Лихачев, В.В. Колесов, В.Н. Телия, Ә.Қайдар, М.Копыленко, З.Қ.Ахметжанов, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Қ.Жаманбаев, А.Ислам, Қ.Рысберген, т.с.с. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Зерттеушілер «концепт» ұғымын адам санасында қалыптасқан ментальді құбылыс ретінде сипаттайды. Әр халық мәдени, тарихи даму барысында қоршаған ортамен тығыз байланыста әлем туралы білімін жинақтап, сақтайды, вербалды сана, ерекше мәдени код түрінде тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады. Адамның когнитивті қызметінің нәтижесінде тіл халықтың ұжымдық, этномәдени санасында қалыптасқан ғалам бейнесін сақтайды.

Концепт – ойлау кодының негізгі бірлігі болып табылатын ментальді түзілім. А. Ислам концептіні былайша сипаттайды: «Концепт – дегеніміз этномәдени санада сақталған, белгілі бір ұлттың ұрпақтан ұрпаққа берілетін ықшам әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттық мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым».

Адамның күнделікті тұрмыстық, ойлау және сөйлеу әрекетінің негізінде түзілетін «сан-мөлшер» концепті сандық түсініктер мен сандық ұғымдардан құралып, дискретті және дискретті емес заттардың шамасы туралы білім мен сан-мөлшер ұғымы және оның тілдегі көрінісі туралы білімдерді біріктіреді.

Сан-мөлшер ұғымының репрезентациясы морфологиялық жолмен берілетін «сан-мөлшер» концептінің түзілуімен байланысты. Бұл концепт жалпылау (дерексіздендіру) когнитивті механизмінің негізінде пайда болады. Сол арқылы сан-мөлшер негізгі концептінің мазмұнында сандық ұғым түзіледі. Сандық ұғым морфологиялық жолмен берілетін сан-мөлшер концептінің қалыптасуына негіз болады. Ол «көптік» және «даралық» сияқты нақты сипаттардан құралады. Сол арқылы жекеше және көпше тұлғада көрініс табатын морфологиялық категория қалыптасады.

Сөздердің лексика-семантикалық топтарының семантикасы деңгейінде концептуалды мазмұнды репрезентациялайтын морфологиялық категориялар қазақ тілінде көптік жалғау, сын есімнің шырай категориясында көрініс береді. Ол сан-мөлшер концептісін репрезентациялайды. Сан мәні тілде түрлі лексика-грамматикалық топтар арқылы беріледі. Сан-мөлшер заттардың мөлшеріне, үдеріске, белгіге қатысты қолданылуына байланысты зат есім, сын есім категорияларында көрініс табады. Қазақ тілінде сан-мөлшердің морфологиялық репрезентациясы зат есімде жекелік-көптік ұғымына қатысты қолданылады. Сын есімдерде «сан-мөлшер» концепті негізінен статикалық белгіге қатысты қолданылып, шырай категориясында көрініс табады.

Категориялау құбылыстың ең негізгі белгілерін айқындауға байланысты болатындықтан, алдымен сан-мөлшер онтологиялық категориясының өзіндік белгілерін анықтап алу қажет. Философияда сан-мөлшер материалды болмыстың белгісі ретінде сипатталады. Ол барлық материалды дүниеге тән. Басқа да философиялық категориялар сияқты, сан-мөлшер категориясы да жекелеген заттардың нақты сандық ерекшеліктерін жалпылау, дерексіздендіру негізінде пайда болған. Сан-мөлшер ұғымы Аристотель айқындаған 10 категорияның құрамында бар [1]. Ғалым сан-мөлшер ұғымын өзара байланысты сан мен шама ұғымдары арқылы түсіндіреді. Сондай-ақ Р.Декарт, И.Кант, Г.Гегель де сан-мөлшерді осылай сипаттайды. Ғалымдардың тұжырымдарын жинақтай келе, сан-мөлшер категориясы философияда болмыстағы заттардың бәріне тән қасиет ретінде сипатталатынын көреміз. Оның мазмұнында дискретті (санауға келетін) және үздіксіз (санауға келмейтін) мөлшер айқындалады. Бұл кейін тілдік концептілерде көрініс тапқан.

Сан-мөлшер концептін теориялық тұрғыдан тануда болмыстың сандық жағы математикалық есептеулер арқылы қалыптасып, сан, формула түрінде көрініс табады. Математикада да сан мен шама өзара байланыста қарастырылады. Тарихи тұрғыдан алғанда, сан-мөлшер категориясы бастапқыда сан туралы ұғыммен байланыста қарастырылды. Ол жекелеген заттарды санау негізінде туындап, өте ертеде қалыптасты. Кейін жекелік, нақтылық жалпылыққа ұласып, сандар туралы ғылым пайда болды.

Шама – математиканың дамуына байланысты жалпыланып отырған негізгі ұғымдардың бірі. Шама ұғымы заттардың ерекшелігіне байланысты, түрлі қалып-күйге байланысты туындайтын онтологиялық сипаттарға байланысты пайда болды.

Адам ғалымды игеруде сан-мөлшер ұғымын екі жақты сипаттайды: бір жағынан, есептеу арқылы сандарды меңгерсе, өлшеу арқылы шама мөлшерін анықтайды. сол себепті сан және шама ұғымдары өзара байланысты. Онтологиялық категориялар тілде сол күйінде, тікелей берілмейтіні белгілі. Олардың репрезентациясы концептуалдану деңгейіне байланысты болады. Яғни тілде сан-мөлшер категориясы адам түйсінген, тілдік құралдар арқылы концептуалданған түрде ғана көрініс табады.

Сонымен, сан-мөлшер онтологиялық категориясының негізгі белгілері сан және шама түрінде көрініс табады. Шама тұрақты, ал сан айнымалы сипатта болады. Сан дискретті болғандықтан, өзгеріске түссе, басқа санға ауысып кетеді. Ал шама өзгермеген, мүлде ауысып кетпейді. Сан-мөлшер категориясы екі бөліктен тұрады. Бір бөлікті (сан) құранды бөліктерге жіктеуге, бөлшектеуге келеді, ал екінші бөлікті (шама) заттың көлеміне қатысты қолдануға болады. Мұнда шама мен өлшем өзгерсе, зат та жаңа сапалық өзгеріске түсуі мүмкін.

Сан-мөлшер сананың негізгі концепті ретінде жеткілікті түрде сипаттала қойған жоқ. С.А. Жаботинская, С.В. Иволгина, Е.Н. Алексеева, Н.А. Беседина еңбектерінде сан-мөлшер мәнді сөздердің жасалу жолдары қарастырылып, оның тілдегі көріну жолдары айқындалды, жекелеген мәндердің когнитивті негіздері айқындалды, квантификация субъекті ретінде адамның ақиқат болмыстың жекелеген нысандарын білдіру үшін қолданатын тілдік тәсілдерді саралауға тырысты.

Сан-мөлшер ұғымын зерттеушілер болмыстың ажырамас бірлігі ретінде, сондай-ақ тілдің бүкіл жүйесін: грамматикасында қамтылған ойлау категориясы ретінде айқындайды [2]. Сан-мөлшер ұғымын түрліше сипаттауына байланысты ғалымдар оны түрліше атайды: сан, квантитатив, көптік, сан-мөлшер т.с.с.

И.Б. Долинина сан-мөлшер категориясы екі дербес, өзара байланысты аспектіден тұратынын айтады: 1) бірнеше заттың жиынтығы; 2) зат сапасының шамасы [3]. Мұның алғашқысы заттың көптігін білдірсе, екіншісі бір заттың қандайда белгісінің молдығын немесе бірнеше заттың ұқсас белгілерін өзара салыстырады. Бұл ерекшеліктер тілде түрліше көрініс тауып, тілдік категоризацияға ұшырап отырады. Яғни біріншісі – көптік жалғау арқылы берілсе, екіншісі сын есімнің шырай категориясы арқылы көрініс табады. Профессор Қ.Рысалды сандық ұғымның интенсивтілігі, дәрежесі есептеуге, яғни сандық көрсеткішпен беруге келмейтінін айта келіп, былай дейді: «Нақтылай қарағанда, сандық категорияның бұл түрі санмен есептелмейді. Ол мөлшерді білдіргендіктен, оның тілдегі көрінісі тілдік бірліктермен айқындалады (мысалы: ұзынырақ, ең ұзын, өте ұзын). Ал басқа бір қажетті жағдайда, нақтылай түсу мақсатында сол дискретсіз сандық айқындылықты дискретті қалыпқа түсіріп, мезуративтік (өлшеу жүйесінің) бірліктерімен көрсетіледі (мысалы: температура – 40 градус, ұзындығы – 40 метр)» [4, 48-б.].

Қазақ тілінде сапа – іргелі, негізгі концептілердің бірі, заттар әлемін танудағы негізгі ұғым болып табылады. Сапалық белгіні білдіретін сөздердің грамматикалық топтарын сын есім категориясының түзілуіне негіз болады. Сын есімдер заттың, болмыстың сапасын білдірумен қатар сапаның түрлі белгілерін нақтылай түседі. Сын есімдер арқылы адам бейнесі айқын көрінеді. Тілдің антропоөзектік ұстанымы сын есімдердің лексика-семантикалық жүйесінде айқын көрініс тапқан.

Сонымен, сапа заттар әлемін сипаттауда маңызды орын алады. Зат атаулының бәрі де қандай да ерекшелікке, сапаға ие, әрқайсының өзіндік белгісі бар. Адамның айналасын, болмысты табу үшін сапа категориясының орны ерекше. Себебі заттың сапасын, белгісін тану арқылы адам болмысты жекелеген бөлшектерін танып, оны біріктіріп, топтастыра алады; белгілеріне қарай өзара қарсы қойып, ғалам бейнесін түзеді..

Шырай категориясы – тілде сан ұғымын репрезентациялайтын морфологиялық категориялардың бірі. Сол арқылы адамның сан мен сандық қатынастар туралы танымы көрінеді. Ол салыстыру негізінде көрініс тауып, зат белгілерінің ұқсастық-айырмашылығын сипаттайтын тілдік формалар арқылы беріледі. Шырай категориясы заттар мен құбылыстардағы белгілердің сапалық қатынастарын білдіреді. Сын есім мен үстеуде сан-мөлшер концептінің репрезентациялануы арқылы морфологиялық жолмен берілетін «белгі мөлшері» концепті қалыптасады. Яғни морфологиялық жолмен берілетін «белгі мөлшері» концепті қалыптасуы үшін сан-мөлшер концепті негіз болады. Морфологиялық жолмен берілетін «белгі мөлшері» коцепті «сан-мөлшер» негізгі концептінің мазмұнындағы «санауға келмейтін сипат» дерексіздену нәтижесінде түзіледі. Осы сипат морфологиялық жолмен берілетін концептіге негіз болып, оның мазмұнын құрайтын «заттың салыстырмалы белгісі» және «заттың айқын белгісі» сияқты сипаттар арқылы көрініс табады. Шырай категориясы – концептуалды мазмұнды репрезентациялаушы құрал. Ы.Маманов сын есімнің шырай формаларының грамматикалық мағыналары тұрақты сапаның артық, кемдік дәрежесін білдіретінін айта келіп, кейбір грамматикалық формалар контекске және түбір сөздің семантикасына байланысты өзінің негізгі грамматикалық мағынасынан ауытқып, әртүрлі мағына білдіруі мүмкін екенін ескертеді [5, 164-б.].

Сонымен, сөздердің лексика-семантикалық топтарының семантикасы деңгейінде концептуалды мазмұнды репрезентациялайтын морфологиялық категориялар қазақ тілінде көптік жалғау, сын есімнің шырай категориясында көрініс береді. Ол сан-мөлшер концептін репрезентациялайды. Сан мәні тілде түрлі лексика-грамматикалық топтар арқылы беріледі. Сан-мөлшер заттардың мөлшеріне, үдеріске, белгіге қатысты қолданылуына байланысты зат есім, сын есім категорияларында көрініс табады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Аристотель Сочинения. – М.: Мысль, 1978. – Т.2. – 687 с.

2.Исаев С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2008. – 624 б.

3.Долинина И.Б. Количественность в сфере предикатов (категория глагольной множественности) // Теория функциональной грамматики: Качественность. Количественность. – СПб.: Наука, 1996. – С.219-245.

4.Рысалды Қ. Сын дәрежесі категориясы: функционалды-коммуникативтік табиғаты (қазақ және неміс тілдері негізінде): филол. ғыл. докт. ... дис.: 10.02. 20. – Алматы, 2007. – 256 б.

5.Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2007. – 488 б.



«Отбасы» концептісін талдау

Албекова Ғалия, ҚазМемҚызПУ.



Жетекші: ф.ғ.д., проф. Т. Н..Ермекова

«Отбасы деген не, оның мәні неде, қоғамда қандай рөл атқарады, әр адамға не береді?» деген сұрақтарды жан-жақты қарастырып, шешу кезінде көптеген ойшылдар, ғалымдар атсалысқан. Мәселен, ежелгі грек ойшылы Платон «Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке-шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет» деген екен. Ал, Аристотель болса, «отбасы - адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі»деп санаған.

Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Ер мен әйел – отбасының екі іргетасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасы тек қана ері мен әйелінен тұрмайды. Отбасы, жанұя, үйелмен, семья деген атаулар бір мағынаны береді. Мәселен, “Отбасы – семья, үй деген сөздің синонимі”, яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар. “Отбасы – өмірдегі туысқандық қарым-қатынастық ортақ белгісі”, “Үйелмен – ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы”, “Семья – некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы” [1]. Осы төрт анықтамадан түйіндейтініміз – адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ отбасы болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.

Отбасы еркек пен әйелдің табиғи физиологиялық және басқа қажеттерін (рухани, этикалық, эстетикалық, т. б. қажеттерін) өтеп, ұрпақ өсіру арқылы қоғамды қалпына келтіре дамытушы әлеуметтік топ болып табылады.

Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол – отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ. Отбасы ұсақ (кіші) топ ретінде мынадай негізгі функцияларды іске асырады: -репродуктивтік (бала табу арқылы қоғамды қалпына келтіру);-экономикалық (өндіру және тұтыну); -қорғаныс функциясы (отбасы мүшелерінің денсаулығына, материалдық игіліктермен қамтамасыз етуге, қауіп-қатерден қорғауға қамқорлық жасау);-балаларды оқыту-тәрбиелеу;-эмоциялық (ерлі – зайыптылардың бірін-бірі сүюі);-әлеуметтендіру функциясы (балаларды қоғамдық тәртіпке, мінез-құлыққа т. б. баулу). Отбасы – баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балалар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г. Харчев, А.Н.Антонов, З. И.Файнбург, Д. Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.

Отбасының ішкі және сыртқы мүшелері болады және сол отбасының мәселелеріне солардың бәрінің де тікелей, болмаса жанама араласу құқығы бар. Олар, ішкі мүшелер ата-ана, ұл-қыздары және сыртқы мүшелері әкенің ата-анасы мен туған-туыстары.

Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті. Отбасының осындай функцияларын лингвомәдениеттанымдық аспектіде талдаудың мәні зор. Ал оның негізгі ұғым-бірлігі – концепт.

Концептілер жиынтығы тұтас және белгілі бір құрылымдардан тұратын біртұтас концептосфераны құрайды. Әр мәдениетте әлем моделі әмбебап концептілер мен констант мәдениеттерден (кеңістік, уақыт, өлшем, себеп, адамгершілік, махаббат және т. б) тұрады десек те, мұнымен қоса әр халықтың өзіне тән ұлттық дүниетанымын бейнелейтін айрықша концептілер болатынын ескеруіміз қажет. Орыс тіл біліміндегі концептілерді зерттеген В. А. Маслова барлық концептілерді тоғыз негізгі топқа бөліп қарасырады:

1) Әлем (кеңістік, уақыт, отан...); 2) табиғат (су, от, ағаш); 3) адамгершілік концептілер (ар, ұят...); 4) адам туралы ұғым (ұлы, зиялы...); 5) Әлеуметтік ұғымдар мен қатынастар (бостандық, соғыс...); 6) Эмоционалды концептілер (бақыт, қуаныш...); 7) артефактілер (үй, қоңырау...); 8) ғылыми білім (филология, математика... ); 9) өнер концептосферасы (музыка, өнер...) [1].

Тіл білімінде концептілердің түрлерін анықтауда бірыңғай пікір жоқ. Бұл мәселе концептіні модельдеуге, концептілік талдау жасауға да қатысты. Концептіге байланысты қанша зерттеу жұмысы болса, сонша талдау үлгісі бар. Сондай-ақ концепт пен лингвомәдени бірліктің, лингвомәденитаным мен этнолингвистиканың арасындағы айырмашылықтар мәселесі де толық айқындалып болған жоқ. Бұл бір жағынан когнитивтік лингвистика ғылымының психология, этнолингвистика, лингвомәдениеттану салаларымен тығыз байланыстылығында болса керек [2].

Концепт бағалауыштық бейнелілік, ассоциативті сипаттамаларды жинақтайтын күрделі құрылым боллғандықтан, оған қатысты мәселелердің күрделі болуы да заңды. «Отбасы» концептісін әртүрлі классификациялар шеңберінде қарастыру мүмкіндігін анықтау үшін концепттің кейбір типтеріне талдау жасап көрейік, сонымен қатар отбасы концептісі қандай концепт екендігін анықтауға тырысамыз.

Лингвомәдени концептілер әр алуан негіздерге сүйене отырып жіктеледі. Тақырыптама тұрғысынан концептілер эмоционалдық, мәтіндік, біліми және т.б. болады; тасымалдаушылар тұрғысынан концептілер жеке микротоптық, макротоптық, ұлттық, өркениетті, жалпы адамдық; белгілі бір дискурста қызмет атқару тұрғысынан жіктелетін концептілер, анығырақ айтқанда институционалдық типтегі дискурстар: саяси, іскерлік, бұқаралық-ақпараттық, жанамалық, ғылыми, педагогикалық, діни, спорттық, медициналық бар. Институционалдық типтегі дискурста қызмет атқаратын және пайда болатын концептілер қолданыс саласындағы белгілеріне қарай кәсіби және күнделікті пайдаланылатын деп бөлінеді. Егер де дискурстағы қолданысы кәсіби де күнделікті болатын болса, оларды метакәсіби деп атайды.

«Отбасы» концептісін осы классификацияларға салып қарастырайық. Біріншіден, тақырыптамалық тұрғысынан отбасы концептісі эмоционалдық десек болады, ол махаббат, бақыт, бақытсыздық дегендей басқа да эмоционалдық концептілерді тудырады. Отбасылық әдебиет дегеніміз мәтіндік концепт болып табылады. Студент концептісін білуге көмектесетін біліми концепт деп те атауымызға болады. Екіншіден, тасымалдаушылар тұрғысынан отбасы концептісі микротоптық, жалпы адамдық десек болады. Үшіншіден, әлеуметтік лингвистикалық типтегі дискурстардың (саяси, іскерлік, бұқаралық-ақпараттық, жарнамалық, ғылыми, педагогикалық, діни, спорттық, медициналық) барлығында дерлік қызмет атқарады. Қоладыныс саласындағы белгілеріне қарай метакәсіби болып табылады.

Адамдық санасындағы ұғымдық аппараттың арқаулы элементі бола тұрып, концепт күрделі әмбебаптық құбылыс болып табылады.Туыстық компоненттермен тығыз ассоциативтік және дифференциалдық арақатынастарының себептерінен мұндай күрделі құбылыстарды гиперконцепттер деп атаған дұрыс. Адамдық сананы зерттейтін сала есебінде туыстық компоненттер тобының бірі болып «отбасы/үй» көрсетіледі. «Отбасы/үй» концепттері адам мәдениеті мен санасында ең маңызды да өмірлік концепттер қатарына жатады. Бұл концептілердің жақындықтарында күмән жоқ, ал оларды репрезенттейтін лексемаларының ұқсастығы мен синонимдігі, сөздіктерде, ауызекі тілде, көркем мәтіндерде жазылған.

«Отбасы» феномені көпаспектілігі мен көпмағыналығымен сипатталады, бұл жайт оны зерттейтін ғылыми пәндердің диапазонының кеңдігімен дәлелденеді: лингвистика, әлеуметтік психология, әлеуметтік антропология, әлеуметтану, психология – бұл тізімді одан әрі жалғастыра беруге болады.

«Отбасы» құбылысы гуманитарлық ғылымдардың объектісі, бинарлы феномен болып табылады, ол оны қарстырудың екі тәсілінің барлығынан көруге болады. Кең мағынада түсінсек, отбасы-күрделі ішкі құрылымы бар әлеуметтік институт. Кең емес мағынада түсінсек, отбасы-туыстық, некелік, ата-аналық қарым-қатынастардың негізінде құрылатын кіші топ. Жоғарыда айтылып өткендей отбасын зерттейтін ғылымдардың көптігіне қарай отбасының кешегісі мен бүгінгісі туралы жан-жақты әртүрлі аспектіден зерттеліп жазылған еңбектер өте көп. Қазақ отбасы дегенде ойымызға ғалым, тарихшы Х. Арғынбаев тарихи этнографиялық бағыттағы 1973, 1996 жылдары заман талабына қарай екі рет басылып шыққан «Қазақ халқындағы семья мен неке», «Қазақ отбасы: қазақ отбасының кешегісі мен бүгінгісі жайында» атты еңбектері келеді. Бұл еңбектерден жалпы қазақ отбасының отбасылық өмір циклдеріне байланысты салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптардың ескіргені мен әлі күнге дейінгі өзекті түрлері мен, даму тарихымен танысамыз. Х. Арғынбаевтың 2000 жылы басқа авторлармен қосылып шығарған «Қазақ шежіресі хақында» деген еңбегі де бар.

Қазақ отбасысы жөнінде лингвистикалық зерттеулер қатарында К. Ісіләмжанұлының «Қазақтың отбасы фольклоры» атты монографиясы бар. Бұл монографияда қазақтың отбасылық ғұрып фольклоры кең түрде зерттеліп жазылған (А. 2007). Қазақ халқының этнографиясы мен мәдениеті жөнінде маңызды еңбектердің бірі ретінде С. Кенжеахметұлының 2000 жылғы «Жеті қазына» атты кітабын айтуға болады. 1994 жылғы тура осы тақырыптар жайында жазылған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» деген кітабыда ерекше орын алады.

Отбасы концептісі адам мәдениеті мен санасында ең маңызды концепттер қатарына жатады. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.  Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындайды. Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: Отбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер,  дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т. б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. http://mugalimder.kz

  2. Маслова В.А. Лингвокультурология. УП для студентов. – М., 2001

  3. Ермекова Т.Н. Концептілік талдаудың кейбір мәселелері // «Профессор Ф.Мұсабекова және тіл білімі мен әдістеме мәселелері» конференция мәселелері. – А, 2009.

Тілдегі атаулар құпиясы

Г.Кенешева

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д. Ж.Тектіғұл

Атаулар, есімдер көпқырлы, көп құпиялы, дегенмен атау, есім –тілдік таңба, сондықтан ол ең алдымен, лингвистерді қызықтырады. Олар қарастырған мәселелердің ауқымы өте кең, көлемді: ономастарды жалқы есімдердің мәні, оның тілдік мәртебесі, атаулардың, есімдердің шығуы, олардың қоғамдағы жұмсалу, қолданылу, тіршілік ету деңгейі, тарихы, тағдыры, және одан кейін, тылсым дүниенің бүркеуіндегі байырғы мыңжылдықтар жұмбағы – есім мен адам арасындағы байланыс қызықтырады.

Есімдер өзінің көптігімен ғана емес, алуан түрлілігімен таң қалдырады. Олар Қара теңіз, Ащыкөл секілді жалпылама мағыналы болуы да, кейде мағынасы жұмбақ, түсініксіз мәнді болып келуі де мүмкін. Бірақ семантикалық жағынан керағар, қайшы мағыналы бола тұра, қоғамға бірдей табысты қызмет етеді. Бұған қосымша атаулардан олардың өмір жолын анықтайтын жай ғана этикетті және қайсыбір тұмарды (амулет) көруге болады. Бұл жерде таза прагматикалық көзқарас пен атауға бас ию, табыну тыныш қатар өмір сүре береді. Дегенмен жалқы есімдерді тілдік бірліктердің ұшы-қиыры жоқ бір ғана тобына (класына) біріктіре отырып, атаулардың кейбір жекелеген қатарларының арасындағы олардың көптеген ерекшеліктеріне себепші болып отырған елеулі айырмашылықтарды да ескеруіміз керек.

Жекелеп алғанда, антропонимия мен топонимия бір- біріне қарама-қарсы бірліктер болып табылады.Салыстырыңыз, мысалы, объектілерді белгілеу қасиеттеріне: қарай тірі және жылжымалы, жылжытуға икемді, бейім объектілер. Соның ішінде объектілердің параметрлерін көп жағдайда халықтық қиял көрініс пен номинативті процесс анықтайды, соған сәйкес этимологиялық талдаудың дәлме-дәл, адекватты , дұрыс жолдарын таңдауға ықпал етеді.

Атау, есім - «атаулар философиясы» категориясының маңызды бөлігі.

П.Флоренский атауды «энергиялық қиын» инвариантты «сөз» деп түсінеді, «сөз дегеніміз»- «танушы мен танылатынның» арасындағы өз еркімен қойылған» орган дейді [1, 226], философия дәстүрінде «субъекті» және «объекті» деп аталатын синергетикалық және символикалық екі бірлік, «Мен» және «Мен емес» – және сонымен бірге өзіне – денеге сәйкес келетін физика-химиялық момент, жанға сәйкес келетін психологиялық момент және магиялық момент сияқты үш негізгі құрылымдық жасалымдарды қосатын бүтін организм. Физикалық тұрғыдан сөз – «басқа жаратылыстан индивидуальды мүшеленген дыбыстық процесс... дыбыстық энергиялардың өрімдері [1, 227].

Сөздің семематикалық деңгейі ой магиясы, түсіну стихиясы болып табылады; сөздің энергиялық мағынасы белгілі бір бейнеде (образда) ұйымдастырылып, сол арқылы магиялық мағынаны иеленген «жанды өмір конденсаторы» болып табылады.Бұл жағдайда атау қоғамда оның мүшелерін қалыптастыратын ерекше, өзімен-өзі тұйықталған әлем, болмыс категориясы, әлеуметтік императив ретінде көрініс береді.

Есімдердің магиялық қасиетіне сенімділік фольклорда кеңінен көрініс берген. Тіпті фольклордың кейіннен қалыптасқан жанрларында да (мысалы, былички, бывальщины, аңыздар, устные рассказы и т.п.) алуан түрлі тарихи әңгімелердің барлығының мәні мынаған саяды: егер жын-шайтанның атын білсең, оны сол есімі арқылы аластатуға болады; егер есімінің шешуін тапсаң, сол атты иеленушіге үстемдік жүргізе аласың; адам тағдыры мен өмірі белгілі бір сөзге байланысты, сөзге байлаулы.

Мысалы, бірнеше поляк қиссаларының сюжеттері төменгідегідей мазмұнда келеді. Үш әйел құдайы баласын алып кету үшін әйелге келеді, бірақ әйел олардың аттарын атаған кезде, олар жоқ болып кетеді.

Жалмауыз табыттан шығып, шіркеудің қоңырауына мініп алады да, адамдардың атын айқайлап айтады. Оның даусын естіген адамдар өле бастайды.

Ел ішіне жаппай індет тарап жатқан кезде безгек (холера) үйлердің терезелеріне келіп, адамдардан сұрайды: Ұйықтап жатырсыңдар ма? Егер адамдар: «ұйықтап жатырмыз» деп жауап берсе, безгек (холера) айтады екен: «Онда мәңгілікке ұйықтаңдар». Сонда үйдегілердің бәрі өліп қалады. Егер олар: «Ұйықтап жатқан жоқпыз, Құдайды дәріптеп жатырмыз» десе, ол былай деп жауап береді: «Онда мәңгілікке дәріптеңдер», сол кезде адамдар тіріле бастайды [2,103].

В.И. Дальдың «Түсіндірме сөздігінде» мынадай тапқыр сөз бар: «От слова не станется, От слова не сбудется», «говорят помянув что недоброе» (Даль, IV, 222),мұндағы айтылған сөздің мағынасы—айтылған сөз материалданып, орындалады. Бұл қазақ тіліндегі «айтылған сөз, атылған оқ» деген тіркеске сәйкес келеді.Басқаша айтқанда, айтылған сөзің орындалуы мүмкін, сондықтан оның орындалуына жеткізбеу керек. Осыған белорус халқының тапқыр сөзін де жақындатуға болады: Каб не прагаварыць, яғни «кейіннен орындалуы мүмкін жаман сөз айтпау керек». Қазақ тіліндегі «Жақсы сөз –жарым ырыс» деген қолданыстан да осындай мән-мағынаны анықтаймыз.

Сонымен қатар халық арасында «атын атау»дегеніміз, сол аттың «иесін шақыру» деген, яғни егер «атын атасаң, сол бойда жетіп келуі мүмкін» деген түсінік қалыптасқан. Салыстыр: орыс тілінде: Помяни по имени, а он тут; Легок на помине; Сиди тихо, не поминай лиха!; Типун тебе на язык!

Қазақ тілінен осыған ұқсас мысалдар келтіретін болсақ, «Жағыңа жылан жұмыртқаласын!», «Тіліңе тікен шықсын!» т.б.

Есімге қатысты ежелгі сенім қазіргі мәдениеттерде сақталып қалған есімге деген назар- ілтипатпен, соның ішінде діндар емес адамдардың психологиясымен байланысты.Мысалы, ата-аналар нәрестелеріне ат таңдау кезеңі. Кейбір қызықты фольклорлық деректер да халықтың есімге назар- ілтипаты туралы баяндайды.Салыстыр: Дальдың «Пословицы русского народа» (1862) және оның «Түсіндірме сөздігінде» мынадай қолданыстарды мысалға келтіруге болады: Корова без клички — мясо(Аты жоқ сиыр— ет); Ребенок без имени — чертенок (Есімі жоқ сәби— шайтанның баласы); Аминь человека спасает (Аумин адамды қорғайды); Аминь дело вершит (Аумин істі басқарады). Онымен бір қатарда— «полемикалық, пікірталас» мақалдар да кездеседі: Аминем квашни не замесишь (Ауминмен қамыр илей алмайсың; От аминя не прибудет (Аминмен молаймайды). Аталған мақалдардың бір-біріне қарама-қарсылығы халықтың даналығымен байланысты.Әрине, мұндай «айтыс» салыстырмалы түрде заманның соңғы кезеңдеріне жатады.

Тіпті ежелгі халықтар үшін де сөз, есім, атау — магияның ең басты «құралы». Шығыс славян тілдерінде «арбаудың, сиқырлаудың барлық белгілері, арбаушы, дуагер» мәнді сөздер шығу төркіні жағынан сөйлеу тілінің етістіктерінен қалыптасқан. Мәселен, сиқырлаушы, арбау, сиқырлау «колдун, колдовать» «сиқырлаушы, арбау, сиқырлау» сөздерінің этимологиясын ежелгі үндіевропа түбірінен табуға болады. Салыстыр: литва тілінде kalba ‘язык, «тіл»’, латыш тілінде kalada ‘шум, ссора’, «шу,ұрыс-керіс», латынша calo ‘вызываю, созываю’, «шақырамын» [3, II, 287].

Орыс тіліндегі волхв, волхвовать (көнерген сөз «бақсы, сиқыршы, көз байлаушы» —шығу төркіні жағынан еліктеуіш сөз. Бұл түсініксіз, анық емес сөйлеу имитациясы; оның латынша сәйкесімі balbutire ‘заикаться, запинаться, бормотать’, «мүдіріп қалу,міңгірлеу»; ‘чирикать, щебетать’ «шиқылдау, былдырлау, ‘говорить невразумительно’ «түсініксіз сөйлеу». Өз кезегінде «волхв» сөзінен «волшба, волшебник» «сиқыршы» сөзі пайда болған. Орыс тіліндегі «кудесник» сөзі ежелгі орыс тілінің кудеса ‘чары, колдовство’ «сиқыр, сиқырлау» (кейіннен оның дыбыстық тұлғасы өзгеріп, «чудеса» тұлғасына айналды); древняя основа, к которой восходит слово куда (чудо) сөзінің ежелгі шығу төркіні, сөйлеудің қабылдау белгілері— ‘замечать, внимать, слушать’ «байқап қалу, аңдау, құлақ асу, тыңдау,(салыстыр. Осымен төркіндес сөз «чуять» « білу, сезу, сезіну»).

Көне славян тілінде ‘колдун, ведун, знахарь’ «сиқыршы, тәуіп,балгер» мағынасын білдіретін тағы бір сөз болған—ол «балий (бұған қосымша ‘дәрігер, емші’)» сөзі. Шығу төркіні жағынан «балий» сөзі көне орыс тілінің баяти, ‘говорить, рассказывать; заговаривать, лечить’ «айту, әңгімелеу,сөзбен басын айналдыру, емдеу сөзімен төркіндес болса, ал «баяти» сөзі «басня» «мысал» (салыстыр. пети — песнь «ән айту- ән,, баяти — баснь «айту, баяндау- мысал). Сондай-ақ, врач «дәрігер» сөзі (алғашқы славян мәтіндерінде- ақ ‘лекарь, врач’ «емші, тәуіп» мағыналарында белгілі болған), ол да «балий, волшебник немесе колдун» сөздері сияқты,сөйлеу етістіктерінен қалыптасқан— соның ішінде «врать» және «ворчать» «жалған айту, күңкілдеп ұрсу» (яғни сиқыршыларды белгілейтін модул бойынша жасалған); осы уақытқа шейін болгар тілінде «врач» сөзі ‘колдун’ «сиқыршы», ал серб тілінде — ‘прорицатель’ «сәуегей, көріпкел» мағыналарында қолданылады.

Кейбір тіліміздегі сәуегейлік пен келешекті алдын ала болжауды білдіретін сөздер сөйлеу етістіктерімен байланысты.

Мысалы, бақсы – емші, сәуегей, дәнекер, тылсым дүниемен сұхбатта болатын, медиум, жыршылық, музыкалық, т.б. ерекше қасиеттері бар шамандық наным өкілі. Тұңғыстарда «бақсы» ұғымын беретін саман (шаман, хаман) сөзі мен нивхлардағы чам сөзі түркілердің «қамынан» ауысса керек деген болжам да жоқ емес. Ал қазақ тіліндегі «бақсы» сөзінің шығу төркіні жайындатүрлі пікірлер бар. Солардың бірі - бақсы түбірін кәдімгі «бағу» (күту, емдеу) сөзімен байланыстырады. Соған қатысты Қ.Жұбанов қазақта «ауруды бағу» дегендегі «бақ» түбірі немесе «біреуге бір нәрсе бағыштау» дегендегі «бағыт» түбірі осы «бақсы» сөзімен түбірлес болуы мүмкін» дейді[4, 427]. «Шаман» мағынасындағы бақсы сөзі іргелес отырған қырғыз, ұйғыр, өзбек жұртында да қолданылады. Түркмендердегі бахшының мағынасы бөлек (ақын-имповизатор). Олар бақсыны порхан дейді: перімен байланыстырады. Жасалу жолы өзбектегі дуохан (дуагер) сөзі сықылды. 


Бақсы қытай тілінде бо ши «үйретуші, білімдар» мағынасында қолданылады [ДТС: 82]. Л.З.Будагов: қырғ. دقشي бақшы (изъ монг. бәқши дж. бәхши) емші, шаман, дуалаушы, сиқыршы деген мағына беретінін жазды [БСл І: 234]. 

Орыс тілінде гадалка «балгер» —«гадати» етістігінен (ежелгі дәуірде ‘говорить’ «айту, сөйлеу» етістігінен) қалыптасқан [Трубачев,VI,78]; бұдан әрі «пророк, прорицатель» «пайғамбар, әулие «рек— / рок— / риц— / речь)» түбірінен жасалған. Осы түбірмен «урок» - ‘колдовство, порча, сглаз’ « сиқырлау, сиқырлы ауру, тіл-көз»(барлық шығыс славян тілдерінде белгілі) сөзі, беларусь. сурочыць ‘сглазить’ «тіл-көз тию», орыс. изурочить ‘околдовать’ «сиқырлап тастау», сурочить ‘освободить от колдовства, вылечить заговорами’ «сиқырлаудан арылту»(3, IV, 169) төркіндестігін бағамдауға болады.

Кейде жалқы есімдерді кірме сөздердің табиғатымен де ұқсатады. Бірақ бұл принциптік тұрғыдан дұрыс емес. Біріншіден, кірме сөздердің ішінде толықтай игерілген сөздер көп, екіншіден, жалқы есімдердің шығу төркіні мен олардың қызметі араласып жатыр. Ғалымдардың көпшілігі есім мен сөзді теңдестіргісі келеді, немесе оларды қандай да бір бейнемен сәйкестендіргісі келеді. Бірақ есімдер материалдық жағынан да сөзбен сәйкесе бермейді. Ең бастысы – есімде басқаша табиғат, басқаша семантика. Есімге жалпылама атаудан қалған мұра ( Шайтан тауы< шайтан), көп жағдайда жергілікті халық үшін өте маңызды болып келгенімен, кейде мүлдем қатыссыз, тек жанама, жалғас (коннотатты) сыңар (компонент) ретінде қызмет етуі де мүмкін( Шунут тауы).

Айтылған мәселе сөз тұлғасында ғана емес, сөз тіркесі құрылымында келетін есімдердің құрылымдық сипаттарына да қатысты (Ақ тас, Кіші Алматы өзені), тіпті көптеген тілдерде, оның ішінде түркі тілдерінде де етістіктің есімше тұлғасы арқылы жасалған құрылымдар мен жіктік жалғаулары арқылы жасалған жасалымдар да (Атбасар, Жылкелді, Барсакелмес т.б.) кездеседі. Бірақ теориялық мәселелерді шешу барысында ғалымдар есімдер құрылымын тек жекелеген бір тілдің, мысалы, қазақ немесе орыс тілдерінің немесе жекелеген тілдер семьясының (түркі,үндіевропа т.б.тілдері) шеңберінде қаралмай, оны әр түрлі тілдердің тілдік деректерін салыстыра отырып қарастыру қажет болады.

Олай болса, халықтың әдет-ғұрып, тарихи, дәстүрлерінің атаулармен байланысы бар екені белгілі болса, ал оның этномәдени мәні өзіндік танымдық сипатымен ерекшеленеді. Демек, қай халықтың болса да, оның ішінде қазақ халқының ат қою сипаты олардың ұлттық тарихымен, рухани өмірімен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен және сенім- нанымдарымен тығыз байланысты.

Пайдаланған әдебиеттер

1.П.А.Флоренский. Статьи и исследования по истории и философии искусства и археологии.- М.:2000.

2.Этнолингвистика текста. Семиотика малых форм фольклора. 1. Тезисы и предварительные материалы к симпозиуму. М.: Институт славяноведения и балканистики АН СССР, 1988. 

3.Фасмер М. Этимологический словарь русского языка / Пер. с нем. и доп. О.Н. Трубачева. Т. I—IV. 2-е изд. М.: Прогресс, 1986—1992.

4. Жұбанов Қ.Қазақ тіл білімінің мәселелері. –Алматы: 2013.

5. Булгаков С.Н. Философия имени. : СПб, 1999.



Сөздіктер:

Древнетюрксий словарь. Л.: –1959.

Толковый словарь живого великорусского языка //  М.: Пашков Дом, 2004.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет