Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы) Алматы, 2016 ббк пікір жазғандар



бет17/28
Дата09.04.2018
өлшемі5,26 Mb.
#40093
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28

Зат есім + етістік+ етістік туындылары. Зат есім түбірден етістік етістік үлгісімен жасалатын туынды сөздердің негізгі түрлері сөзжасам жұрнақтарының бірінен соң бірінің қосылуы арқылы жасалады: -ла+у// -ле+у, -да+у //-де+у, -та+у//-те+у: арқандау ( арқан+да+у). Жирен биенің арқандауы, суарылуы кер қүлынның маймағы түзелгенще, Ерденге тапсырылды (С.Бегалин). Ардақтау ( ардақ+та+у). Еңбек адамын ардақтау біздің өміріміздің берік заңы ғой (Дала қырандары); -лан+у//-лен+у, -дан+у//-ден+у, -тан+у//-тен+у: әжімдену ( әжім+ден+у) Жұрт әсіресе, шешем сұлу деп атайтын бұл мосқал жасты әйелге енді ғана көз тоқтатып байқасам, бетінің әжімденуі болмаса, түрі де, тұлғасы да аса көрікті адам екен (С.Мұқанов); -лас+у//-лес+у, -дас//-дес+у, -тас+у//-тес+у: кезектесу ( кезек+тес+у) Біздің жақта жалғыз кесемен ішу сән емес. Тек ілуде бір сыйлы қонағымен осылай кезектесуші еді (Т.Иманбаев).


Жоғарыда атталған жұрнақтарға қарағанда сөзжасамдық қабілеті төмен құранды жұрнақтар да бар. Олар: -сын+у//-сін+у; -сыра+у //-сіре+у; -бын+у; -дет+у; -тыр+у; -жи+у; -ши+у; -а+у: жерсіну, ойсырау, кекжию, қансырау,сусыраү, талмаусырау, әндету, жүздесу, сәлемдесу т.б. Зат есім + зат есім+ зат есім туындылары. Тілдің сөздік қорындағы түбір сөздерге белгілі сөзжасамдық жұрнақтарды жалғау арқылы туынды сөзді жасау – ежелден келе жатқан дәстүрлі сөзжасамнық тәсіл. Сондықтан бұл тәсіл тілде жаңадан туынды сөз жасау үшін қызмет атқарады. Бірінші лексикалық бірлік ретінде зат есім негізді сөздер, екінші күрделі құрамды сөзжасамдық жұрнақтар қатысады. Оларға: -шы+лық//-ші+лік, гер+лік, маш+тық, дас+тық, паз+шы т.б. әр түрлі мәнді заттық ұғымның атауын жасайды. Мысалы, егіншілік, оқушылық, тіршілік, адамшылық, адамгершілік, аспазшы, жолдастық, мұрагерлік, қарындастық, замандастық т.б.

Зат есім+сын есім+сын есім туындылар. Зат есім түбірлі негізге сын есімнің сөзжасамдық және сөзтүрлемдік жұрнақтары арқылы жасалады. Мсыалы, әлдірек, бойшаңдау, сөзшеңдеу т.б. Зат есім+зат есім+етістік туындылар. Зат есім түбірінен және етістік тудырушы жұрнақтар тілімізде онша көп емес. Олар: -уар+ла, -ақ+та, -тай+ла, -шық+та, -шең+де. Зат есімге қосылу арқылы етістіктің сөзжасамы қалыптасады. Бірақ кез келген зат есімге жалғанып, етістік жасала бермейді. Мысалы, белуарла, ағатайла, адырақта, айшықта т.б.Аспанды белуарлап нар түйедей шөгіп жатқан Қаратау қазақ тарихын арқалаған қарт музей секілді (С.Мәуленов).

Зат есім +зат есім +сын есім туындылар. Зат есім түбірден зат есім, оған сын есім үлгісіндегі жасалатын туынды сөздердің негізгі түрлері: -қ+ты, -лық+ты, -тық+ты; -ға+лы; -ім+ді; -ім+шіл; -лық+сыз; -хана+сыз; -лық+сыз, -тық+сыз; -шек+сіз; -ім+сіз; -дасын, -шік+сіз. Мысалы: бұтақты, кіршіксіз, ауыздықты, қабырғалы, мейірімді, астықсыз, айлықсыз, қырдасын, құмдасын,үйірмешіл, асханасыз, шөпшексіз, мейірімшіл т.б.

Зат есім+сын есім+зат есім туындылар. Қазақ тілінде зат есім+сын есім+зат есім үлгісіндегі туынды сөздер өте көп деп айтуға болады. Оған мына сөзжасамдық күрделі құранды жұрнақтар жатады: -дес+тік; -сыз+дық, -сіз+дік; -ты+лық, -ті+лік, -ды+лық, -ді+лік; -қор+лық, -и+лық; -ы+лық; -шіл+дік; ды+хана т.б.

Туынды сын есімнен зат есім жасайтын -хана жұрнағының этимоны парсы тілінде (хане – дом, жилище) дегенді білдіреді, ал қазақ тілінде о бастағы тұлғасы дыбыстық өзгеріске ұшыраған да, мағынасы солғындау арқылы қосымшаға айналған. Жын+ды+хана: Иә, сен егер ол тұтқын қызды бүгін түске дейін босатпасаң, мен кешікпей жындыханаға түсетін (Ә.Әбішев).



Зат есім+етістік+сын есім туындылар. Негіз сөз зат есімдерден болып, оған етістіктің және сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары жалғануы жасалады. Оған: -де+гіш, -ға+ғыш; -ең+гір жұрнақтары жатады. Осы -ғыш жұрнағы етістіктен сын есім тудыратын -ғыр қосымшасына синоним. Ол жайында: «Бұл жұрнақ әрі экспрессивті, әрі эмоциялы, я тілек, я қарғыс реңін білдіретін жалаң және күрделі тұлғалар да тудырады» деген пікір де бар [3] Мысалы, өртеңгір ( өрт-тен+гір), іздегіш ( із+де+гіш).

Кейбір түбірлес сөздердің шығу тегі:

Жөргем // жөргек // жөрмелеп түбірлес сөздер. Ақымақ шал иесіз үйге кіріп келсе, Жөргекте Қозы жатыр айдай болып (Қозы Көрпеш Баян Сұлу, 20 б.). Өшін баладан алатұғын болды, Баланы бөлегенде жөргегіне шеңгел төсеп бөлейтұғын болыпты; Кім біледі, жөргегіне шеңгел араласып кетті ме, сондықтан жыламаса, дені сау, ауруы жоқ, дейді (М.-Ж.Көпеев, 2 т: 82). Жұртқа көзім сүздірген, Жөргекті соққан – жетімек! (М-Ж. Көпеев, 2003: 91). Осы орайда, М-Ж.Көпеев: Күмістен бесік идірді, Алтыннан түбек қойдырды сияқты (М-Ж. Көпеев, 2 т: 179) бесік әбзелдері кездеседі. Жөргем: Тек Жетісудағы Найман рулары ғана табаққа «жөргем» деп аталатын ащы және тұщы ішектердің өрілген бір бумасын, қарын, өкпе, жүрек сияқтылардан бір-бір тілімін, алдыңғы және артқы үйітілген сирақтардың бір-бірін табақтың алды-артына қояды (С.М., 108 б.). Жүргенге жөргем ілінеді (Мақал). Йөр // жөр: М. Рясянен мен К. Менгес йөрге – йөр шешу, жазу, тарқату мағынасындағы түбірінен өрбіген дейді. Йөрге туынды түбір *йөр етістік түбірінің -ге аффиксі, саха тілінде (якут) сөрүө «шөптен, қамыстан тоқылған жерге төсегіш, төсеніш, жайма, шөптен не аттың қылынан тоқылған» сақталған. Демек, жөргем // жөргек түбірі йөр > жөр > өр. Өру, тоқу мағынасындағы етістіктер. Өр > өру: өрме // өргем // өре (құрт жаятын) айналдыру, орау, тұмшалау, қымтау, домалақтау мағынасын береді. -ге, -м; -гек (інгек, ілгек) көне түркілік жұрнақтар. Йөрме түрк. диалек; йөрме құмық., ноғай., йурмә баш., йурма баш. диал. йерме қар., жөрме қар бал., жүрмө қыр., чөреме тоба., с`үрме чув., жөргөм қыр., жөргем қаз., д`өргем алт., тöргöм. Жөргем мал ішегін ет қосып өру арқылы дайындалған тағамның түрі. «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде» (1966) жөргем мен жөргек сөзін жөр өлі түбірден туындаған дейді. Егер соңғы деректерді ескерсек, қазақ тіліндегі ора етістігі фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде қалыптасқан түбір. Ора > өр. М.Томанов: Ұршық сөзінің бастапқы дыбыстық қалыптасу сипатын: йу (о)р –шық. Осындағы ійір мен ұршық екеуінің ежелгі ізі (йі/у), етістік жасайтын жұрнақ дейді. Ол көне түркі тілінде йіг – веретено (ДТС, 260), йігне – ине (ДТС, 261) дейді де йерге туынды етістіктің қимыл есім тұлғасы (-ге). Орда. Келісімен отау үйі ордадай боп, үй болып, кетіп еді, берекелі (М.-Ж., 129); Жібек жатқан ордаға Аллалап жалғыз ұмтылды (ҚЖ, 36). Тілшілер «Орда» сөзін ор+да (түбір+қосымша) деп қарастырады. Себебі, С.Е.Малов: ор `класт`; зур орса йемес-тро `если положишь (в рот) ягоды «зур», - не есть`; см. ур-. Ср. Ору-. РСл, 1, 1048: ора -; шорск., койб., кач., сагайск., кирг., уйг.-таранч., чаг. `завертывать, пеленать, обвивать`. Ор `в древности`, `когда-то`: ор ахқа `в древности (был) старик`- древний старец - деп жазды [5, б.82]. В.В. Радлов: орда – нора животныхъ 1) дворецъ, палатка султана, ханская ставка, лагерь хана десе; ода, одау комната, жилище, домъ, одау – отау, шалаш, балаганъ, станъ сияқты түрлерін атайды [Радлов,1072, 1120 б.]. Этимологиялық сөздікте: Орда сөзі орын (орна, орнау, орналасу) сөзімен түбірлес. Тайпа бір жерге «орналасты, орнады» дегенді М.Қашқаридің заманында ordulandi: beg bir уerig* оrdulandi деген көрінеді (МК., т. I, 296). *Өрік зат. Майлы дәні бар, қызғылт сары түсті шырынды жеміс және сол жеміс өсетін тікенекті ағаш (ҚТТС. 206) (ҚТҚЭС. 1966,153 б.). М. Қашқаридің уerig* (өрік) сөзіне мән берілмегенге ұқсайды. Уerig > өрік > урыг > ұрық. С. Маловтың жазған аузына дән (ұрық) салу сөзі шындыққа жуық келеді. М.Қашқари (өрік орға салынды ~ өрік орналастырылды ~ өрік орнады) уerig оrdulandi – деп тілдік дерек берген. Ор -1.зат. Терең қазылған жер (ҚТТС, 179). Ор // шұқыр баламасына зер салсақ Л.З. Будагов: тат. глубокий; яма, ровъ, рытвина, оврагъ, лунка, деп түсіндіреді [Будагов, 496 б.]. Ойдолина, степь; участок земли; населенное место; паро, пэг оиға йетпі – тро `идя путем – дорогой, доехали до жилья` (обычное выражение в рассказах о едущих и идущих) дейді (Малов, ЯЖУ: 81). Ор//шұқыр о баста мағынасы бір болғанға ұқсайды.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ибатов.А. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі. – Алматы: Мектеп, 1988. –136 б.

  2. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі.– Алматы: Ғылым, 1989. –368б.

  3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1974. – 407б.

  4. Қасым Б. Қазақ тілінің сөзжасамы. – Алматы: ЖК Волкова И.А., 2014. –206 б.

  5. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. – Москва: Наука, 1951. – 451 с.


Қазақ тіліндегі соматикалық фразеологизмдердің бағалауыштық коннотациясы

Өтеміс Айгүл, Абай атындағы ҚазҰПУ 3-курс студенті

Ғылыми жетекші: ф.ғ.д., профессорБ.Қ.Қасым

Тіл мен халық – біртұтас. Тіліне қарай ұлтын тану – ежелгі дағды. Ұлттық ерекшеліктің бастысы да тіл. Халқымыздың ұлттық санасын, сапалық белгілерін айқындай түсетін неше алуан әдет – ғұрып, салт – сана, мінез – құлық, қасиет – қалыбы тілдік танымында тікелей көрініс тапқан. Өмірдің барлық саласын қамтитын ішкі мазмұн байлығымен  көзге түсетін, тілімзге бейнеліде мәнерлі рең үстейтін, күрделі құрылым – құрылысы бар фрозеологизімдер – ана тіліміздің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін тұлғалар. Олар тіл элементтері ішінде өзінің ұлттық нақышы мен көзге түседі.

Тілде көкейге қонымды көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Тіл қатынасына жататын қат-қабат тіркес тізбектерді халық орынды пайдаланады. Мақал-мәтелдер мен барабар жоғары бағалап оларды қастерлей сақтап келеді.

Фразеологизмдер-кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица. Олардың қатарына мысалы, қас қаққанша, тайға таңба басқандай, ат үсті қарау, үріпауызға салғандай, көзді ашып-жұмғанша тәрізді тұрақты сөз тіркестері енеді. Бұл фразеологизмдердің әрқайсысы сөздердің бір-бірімен тіркес жұмсалуынан жасалғанмен мағынасы жағынан біртұтас, құрамы мен құрылым жағынан тұрақты единица ретінде ұғынылады. Қазақ тіл білімінде, тюркологияда, фразеологияның жалпы проблемалары бұл күнге дейін түбегейлі зерттеліп, өзінің тиянақты шешімін тапқан жоқ. Фразеологизмдер түркі тілдес халықтар тіліндегі түрлі фразеологизмдерді талдап, даму бағытын саралау өзге ұлттардағы тілші ғалымдардың үлесіне тиді (Чернов, Ураксин, Кеңесбаев)



Соматикалық фразеологизмдер. Адам өмірдегі барлық құбылыстың өзегі бола тұрып, өзін-өзі танып-білуге ұмтылады, өз істеріне баға беріп, өзіндік ерекшелітерін ашуға тырысады. Срның нәтижесінде тілімізде адамға байланысты, адамның дене мүшелеріне, қимыл іс-әрекетіне, мінез-құлқына байланысты сан алуын сөз тіркестері мен фразеологизмдер қалыптасады. Тіл біоімінде анатомиялық атауларға негізделген фразеологизмдердің түрлерін соматикалық фразеологизмдер деп атайды. Соматикалық фразеологизмдер – тілдегі ең көне, лексика-семантикалық қатпарлардың бірі. Себебі, адам қоршаған табиғи ортаны сезініп білуді, тануды өзінен бастайды. Дене мүшелері тұлғаның біртұтас жүйесін құрайтын бір-бірімен өзара тығыз байланысты, бір-біріне тәуелді бөлшектері мен бөліктері ретінде танылады. Бұл жөнінде орыс және түркімен тілдеріндегі соматизмдерді салыстырған О.Назаров: «Адам алғаш өмірге келген сәтінен бастап әрқашан өз бақылауында болады, оның дене құрылысы мейлінше қарапайым, әрі меңгерілген «болмыс» ретінде танылады», - дейді [1 б.]. Тілдік қорымызда қалыптасқан соматикалық фразеологизмдер әуел бастан-ақ адамдардың өзін-өзі тануға ұмтылуынан пайда болған дүиелер деуге болады. Яғни дүниені тануды, жаңа білімдер жинауды адам өзін танудан бастайды. Сол себепті фразеологиядағы соматиклық код ғасырлар бойы адамның ойлауы мен дәстүрлі түсінуін өзінің бойына сіңірген тілдің өзіндік ерекшеліктері мен әмбебаптығын айқын көрсетеді. Мінеғ сол себепті Қазақ ұлтына тән ерекшеліктерді айқандау үшін де соматикалық фразеологизмдерді зерттеуді мақсат еттім. Ә.Болғанбаев: «Анатомиялық атаулар негізгі сөздік қорға жататындықтан, көп мағыналы, туынды жаңа сөз жасауға соншама бейімділігімен ғана сипатталмайды, сонымен бірге тұрақты тіркестер жасаудағы белсенді қызметімен де айрықша көзге түседі»,-деп, соматизмдердің фразеология жасаудағы маңызын айтады [2, 107 б].

Адам баласы басынан небір күйлерді кешіреді, олар қуанады, шаттанады, күледі, ашуланады, күйінеді, ренжиді, жақсы көреді, жек көреді. Бір сөзбен айтқанда адам бойындағы қасиеттер әр түрлі. Осындай қасиеттер қазақ тіліндегі соматикалық фразеологизмдерден де мол көрініс табады. Көркем шығармаларды соматикалық фразеологизмдер жиі ұшырап отырады.



Фразеологизмдердің семантикалық құрылымындағы коннотация ұғымы. Бағалау-тілдік қарым-қатынаста өмір сүретін, қолдану аясы кең ерекше лингвисикалық категория. Фразеологизмдерге қатысты баға, бағалауыштық сипат ғасырлар бойы қалыптасқан төл, табиғи ұғымдармен байланысты. Өзінің көнелену жағынан да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан да, стилі жағынан да өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Фразеологиялық тұлғалардың эмоционалдылығы дегеніміз – бұл олардың түрлі сезімдерді, эмоцияларды білдіру мүмкіндігі. Прагматикалық функцияларды білдіретін тілдік амалдарға экспрессивтілік пен бағалауыштықпен сипатталатын фразеологиялық тұлғаларды жатқызуға болады. Сондықтан оларды жоғарғы ақпараттылық пен эмоционалдылық реңкті білдіретін мазмұны бай, тұлғасы ықшам құралдар болып табылатындығы фразеологизмдердің эмоционалдылығын анықтай түседі.

Фразеологиялық тұлғалар мағынасының эмоционалды компоненті – олардың семантикалық құрылымындағы негізгі коннотациялардың бірі. Образды метафоралық, экпрессивті және стилистикалық мағыналармен қатар бұл коннотация фразеологиялық тұлғалардың стилистикасында маңызды орын алады. Түсіндірме, фразеологиялық сөздіктерде фразеологизмдердің мағыналық құрамының маңызды бөлімі қамтылу керек. Шындығында, бұл мәселе жеріне жеткізіле берілмей жүр. А.И.Молотков «Орыс тілінің фразеологиялық сөздігіне» кіріспе мақаласында: «Сөздікте фразеологизмдердің эмоционалды-экспрессивті бағасы өте шектеулі түрде беріледі... Бұл шектеу әр фразеологизмнің айқын эмоционалды-экспрессивті сипаттамасы туралы айтылған негіз жоқтың қасы және осы қатынаста белгіні қалыптастырудың қиындығымен түсіндіріледі. Әйткенмен де, кейбір фразеологизмдер сөздікте әзіл, мысқыл, тұрпайы, жақтырмау, дөрекі т.б. белгілермен көрсетілген. Мұндай белгілердің қойылуы фразеологизмдердің эмоционалды-экспрессивті реңктері туралы мәселенің шешілуіне практикалық жақтан келуін ғана білдіреді» [3, 125 б.]. Кез келген фразеологизмдер нақты бір коммуникативтік қарым-қатынасқа түскен кезде айтушының сөйлеуін құруға байланысты коннотаттық не денотаттық мағынаға ие бола отыра, эмотивті семалармен күшейтіледі және жағымды, жағымсыз бағалауды білдіреді.

Коннотация негізгі мағынаға үстеме түрде әсер ете алуымен қатар тілдегі экспрессиялық нұсқаны жүзеге асырушы құрал болып табылады. Коннотаттық мағыналардың компоненттеріне эмоционалдық, экспрессивтілік, бағалауыштық, образдылық категориялары тән. Қазақ лексикологтарының ішінде бұл мәселені арнай қарастырған М.Оразов конноттаттық мағына әлі зерттелмей келе жатқан мәселе деп есептеп, бағалау, қабылдау белгілерін эмоциялық мағына аясында қарастырады. Коннотаттық мағына бөліктеріне эмоция мен баға жатады. Адам айналасындағы заттар мен құбылыстарды қабылдағанда, адам санасында сол заттардың өздерінен эмоция тууы мүмкін және сол заттар мен құбылыстарға баға қалыптасуы мүмкін. Коннотаттық бағалаудың нәтижесінде фразеологизмдерде эмоционалды-бағалауыштық коннотатқа ие болады. Эмоционалды-бағалауыштық сөздерге адамның моральдық-этикалық сезімін, көңіл күйін білдіретін сөздер жатады. Әдетте барлық бағалар абсолютті (жақсы, жаман), салыстырмалы (жақсырақ, жаманырақ) болып екі түрге жіктеледі. Соматикалық фразеологизмдердің бағалауыштық коннотацясына мән берсек былай жіктеледі:


  • Адамның жағымды, жағымсыз әрекеттеріне негізделген соматикалық фразеологизмдердерге үстейтін бағалау мәні. Адам іс-әрекеттерінің жағымсыз түрлері. Әдетте адам өмірінің өзіндік даму жолы оның белгілі бір жағымды немесе жағымсыз әрекеттерге құрылуы мүмкін. Жағымсыз әрекеттерді бейнелейтін қатар тізбектері сан алуан. Адам өзінің өмірлік қажеттерін өтеу үшін ұдайы әрекет жолында болады.

Қазақ тіл білімінде бағалауыштық мағына жайында біртұтас ғылыми көзқарас жеткілікті қалыптаспаған. Сондай-ақ бағалау мағынасының ішкі құрылымы да толық анықталмаған. Казіргі қазақ тілінде сөз таптарына қатысты бағалауыштық мағына жан-жақты, жүйелі түрде ғылыми сипатталмаған. Сөз таптарының лексика-семантикалық топтарын жіктеуде бұл мәселенің назардан тыс қалатынын көреміз. Бағалауыштық, бағамдауға қатысты ой-пікірлер лексика аясында экспрессивтілікке қатысты сөз болып келді. Қазақ тіл білімі деп бағалауыштық категорияға қатысты мәселелердің жан-жақты зерттелуі сөз мағынасындағы бағалауыштық сипатты кеңінен ашуға үлесін қосатыны сезіледі [3, 1 б.].

Әр адамның қоршаған орта, құбылыстар, іс-әрекеттер, мінез-құлық туралы түсініктері әр түрлі болады. Әркім іс-әрекеттерге, мінез-құлыққа құбылыстарға өзінің ойлау өресі жеткенше өз түсінігі шеңберінде баға береді. Мәселен, құралайды көзге атқан деген тұрақты сөз тіркесі адамның мергендігін, яғни бағытталып айтылған адамға жағымды баға беріп, мақтау мәнінде қолданылады. Сол сияқты төрт түлігі сай адам немесе мал біту деген сөз тіркестері байлық, бай, баю мағыналарын береді. Бұдан қазақ халқы байлықты төрт түлік малмен өлшегендігін көруімізге болады [3, 4 б.].

Контекстегі баға негізгі және қосымша элементтерден тұратын өзіндік құрылымымен сипатталады. Бағалаудың логикалық құрылымы бағалау субъектісі, бағалау объектісі, соның негізінде баға берілетін пікір, көзқарас- бағалау негіздемесі, нақты баға, оның сипаттамасы сияқты бөліктерден тұрады[3, 4 б.].

Бағалау-тілдік қарым-қатынаста өмір сүретін, қолдану аясы кең ерекше лингвисикалық категория. Фразеологизмдерге қатысты баға, бағалауыштық сипат ғасырлар бойы қалыптасқан төл, табиғи ұғымдармен байланысты. Өзінің көнелену жағынан да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан да, стилі жағынан да өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Фразеологиялық тұлғалардың эмоционалдылығы дегеніміз – бұл олардың түрлі сезімдерді, эмоцияларды білдіру мүмкіндігі. Прагматикалық функцияларды білдіретін тілдік амалдарға экспрессивтілік пен бағалауыштықпен сипатталатын фразеологиялық тұлғаларды жатқызуға болады. Сондықтан оларды жоғарғы ақпараттылық пен эмоционалдылық реңкті білдіретін мазмұны бай, тұлғасы ықшам құралдар болып табылатындығы фразеологизмдердің эмоционалдылығын анықтай түседі.

Фразеологиялық тұлғалар мағынасының эмоционалды компоненті – олардың семантикалық құрылымындағы негізгі коннотациялардың бірі. Образды метафоралық, экпрессивті және стилистикалық мағыналармен қатар бұл коннотация фразеологиялық тұлғалардың стилистикасында маңызды орын алады. А.И.Молотков «Орыс тілінің фразеологиялық сөздігіне» кіріспе мақаласында: «Сөздікте фразеологизмдердің эмоционалды-экспрессивті бағасы өте шектеулі түрде беріледі... Бұл шектеу әр фразеологизмнің айқын эмоционалды-экспрессивті сипаттамасы туралы айтылған негіз жоқтың қасы және осы қатынаста белгіні қалыптастырудың қиындығымен түсіндіріледі. Әйткенмен де, кейбір фразеологизмдер сөздікте әзіл, мысқыл, тұрпайы, жақтырмау, дөрекі т.б. белгілермен көрсетілген. Мұндай белгілердің қойылуы фразеологизмдердің эмоционалды-экспрессивті реңктері туралы мәселенің шешілуіне практикалық жақтан келуін ғана білдіреді» [4, 125 б.]. Кез келген фразеологизмдер нақты бір коммуникативтік қарым-қатынасқа түскен кезде айтушының сөйлеуін құруға байланысты коннотаттық не денотаттық мағынаға ие бола отыра, эмотивті семалармен күшейтіледі және жағымды, жағымсыз бағалауды білдіреді.

Коннотация негізгі мағынаға үстеме түрде әсер ете алуымен қатар тілдегі экспрессиялық нұсқаны жүзеге асырушы құрал болып табылады. Коннотаттық мағыналардың компоненттеріне эмоционалдық, экспрессивтілік, бағалауыштық, образдылық категориялары тән. Қазақ лексикологтарының ішінде бұл мәселені арнай қарастырған М.Оразов конноттаттық мағына әлі зерттелмей келе жатқан мәселе деп есептеп, бағалау, қабылдау белгілерін эмоциялық мағына аясында қарастырады. Коннотаттық мағына бөліктеріне эмоция мен баға жатады.


  • Абсолютті бағалар: Оларды тұжырымдауда жақсы, жаман, талғаусыз (бәрібір) сияқты терминдер қолданылады.

  • Салыстырмалы бағалар: жақсырақ, жаманырақ немесе артық, кем, бірдей сияқты терминдер көмегімен білдіреді.

  • Рационалды бағалаудың мақсаты – субьектінің көзқарасы бойынша обьектінің бағалауының мөлшері. Рационалды баға бағалауыштық пайымдауларды және олардың бағалауыштық сипатын ескеретін амал-тәсілдерді, аксиологиялық предикаттарды қажет етеді. Мысалы, Бұл істі жақсы бастама деп санаймын. Барлығының ойынша ол жаман қылық жасады. Рационалды бағалауға экспрессивтілік тән емес.

Эмоционалды және рационалды бағалау бір-бірімен тығыз байланыста болады [3].

Эмоционалдық. Сөз мағынасының аспектісінде бағалаумен тығыз байланысты категориялар ретінде ең алдымен эмоционалдылықтыжатқызуға болады. Қазіргі тіл білімінде эмоционалды, экспрессивті ұғымдарын бір немесе екеуін екі бөлек тілдік категория деп қарастыратын көзқарастар бар.

Бұлардың өзара байланысы сөздің екі мағынасында да байқалады. Бірі коннотаттық мағынада болса, енді бірі денотаттық мағынада. Коннотаттық мағынада экспрессивтіліктің семасы эмотивтіліктің семасына тәуелді болады. Бұған мысал келтірер болсақ, Қарны шермиіп, борбайы шыт-шыт боп, тек жыл сайын бір баладан қоздата беруді білуші еді (Ж.Аймауытов).



Эмотивтік. Адамның қоршаған болмысқа деген әртүрлі көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөздерді «эмотив» деп, адамның қоршаған ортаға деген әртүрлі әсерін білдіретін эмоцияның (кейде олар қатыспайды), сезім, ерік қатысуы арқылы, тілдің көркемдегіш құралдары арқылы бейнеленетін сөздерді «экспрессив» деп, қоршаған ортаға деген өзіндік баға беруде қолданылатын сөздерді «бағалауыштық» деп атадық. Бағалау мен эмотативтілік - бір-бірімен тығыз байланыста болатын категориялар.

Экспрессивтік. Бағалауыштықпен тығыз байланыста болатын категорияның бірі-экспрессивтілік.Экспрессивтілік – ойды ойнату, елестету, жеткізудің жолы. Ол мәнерлілік, көркемділік негізінен дыбысқа байланысты болып келеді. Мұның міндеті тек атын атау емес, көрнекі – сезімдік қабылдауға әсер ету болып табылады. Мысалы: Еламаннның онсыз да қатты соғып тұрған жүрегін осы арада әлдене аямай сығып жіберді (Ә.Нұрпейісов). Қазақта да мұндай жетік, орысшаға судай кісі болады екен-ау!- деп таңданған (Ж.Аймауытов). Осындағы айқындалған сығып, судай сөздері экспрессия бояуына ие болған сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет