Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2013ж.
Руководство для учителя (ЦМП АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2012).
Mercer, N, and Littleton K. (2007, Диалог и развитие мышления. Социокультурный подход).
4.Alexander R. (2004, Преподавание диалогической речи: переосмысление бесед в классе).
Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық қатынастық
технологияларды қолдану
ҚазМемҚызПУ 2-курс магистранты Д.М. Мухамедьярова
Ғылыми жетекші:п.ғ.к., доцент Г.К.Мустафина
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасалынады. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу үрдісін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі кезде коледжімізде шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог- психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Орта техникалық білім беру коледждерінде информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген педагогикалық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауына алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі заманғы оқыту зияткерлік ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді кажет етеді. [1,34б]
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге физикалык, химиялық, математикалық формулалар, шамалардың өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалық және химиялық кұбылыстардың динамикалык бейнесі, тәжірибеге арналған құрылғылардың тізімі, аспаптардың сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, студенттер өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті ақпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын көтеріп, ақпараттық-анықтамалық жүйе құрамында электрондық құрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Окыту бағдарламасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көңіл бөлген жөн. Компьютердің сызбалық мүмкіндігінің молдығы дәрістік сабақтарды бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелермен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады. [2,78б]
АҚТ құралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, студенттің шығармашылық, зияткерлік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасау студенттердің алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:
- өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
- құбылыстарға модельдер құра біледі.
Бағдарламалау арқылы оқыту студенттердің логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, студенттердің еңбек ету дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.[3,24б]
АҚТ мақсаты:
- ақпараттық-қатынастық технологияны оқу үрдісіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасау және оны жүйелеу;
- білім беруді ақпараттандыру кезеңіне педагог мамандардың біліктілігін көтеру.
Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:
- білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;
- педагог мамандарды ақпараттық-қатынастық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасау;
- ақпараттық-қатынастық технологияны білім мекемелерінің оқу үрдісіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесін тарату. [4,36б.]
Бiлiм берудi ақпараттандыру үрдісі пән мұғалiмдерiне, әдiскерлерге, бiлiм мекемелерiн басқарушыларына жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау бойынша Политехникалық коледжде бастауыш және негізгі топтар бойынша даярлық курстары ұйымдастырылды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениеттіліктің қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу үрдісіне пайдалану студенттердің өз мамандықтарына сай пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда. [4,36б.]
Ақпараттық-қатынаслық технологияны оқу-тәрбие үрдісiне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктерiн жүзеге асыруға жағдай жасайды:
- студенттердің дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту үрдісiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
- оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын көрсету (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.);
- проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
- жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу үрдісінің материалдық-техникалық қорын жетiлдiру.
Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде ақпараттық және қатынастық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi бар:
- ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру: информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу;
- информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау;
- бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;
- облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресурстарын қалыптастыру;
- оқу үрдісі мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.
Педагог мамандарды ақпараттық-қатынастық технология негiзiнде дайындауда келесi негiзге алынған:
- вариативтiлiк — әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;
- рефлексивтi-креативтi — жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;
- iзгiлiктiлiк — бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;
- тәжiрибеге бағытталған — оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қолдану идеясы жүзеге асырылады және нақтылы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық үрдістерiнің өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;
- жекелеген кеңес беру - тыңдаушыларға кеңес беру ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге байланысты игерiлетiн мәселелердiң мазмұны мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер. [5,25б]
Ақпараттық мәдениеттi дамыту дегеніміз - өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану; жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру үрдісінің ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық бағдарламалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану. Мұғалiм – ақпараттанушы емес, студенттің жеке тұлғалық және зияткерлікті дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, студенттерді қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi.
Үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесi - бұл көп деңгейлiлiгiмен, iзгiлiктiлiгiмен, көпсатылығымен және ашықтығымен ерекшеленетiн динамикалық даму жүйесi. Сонымен, ақпараттық қатыстық технология саласында білімді жетілдіру, кәсіби шеберліктерді ұштау ақпараттық мәдениеттi қалыптастырумен қатар жүргізіледі. Басқаша айтқанда, әрбір мұғалімнің өздiгiнен бiлiм алуына және өзiн-өзi дамуына жағдай жасау арқылы бiлiм сапасын көтеру негiзгi шарттардың бiрiне айналып отыр.
Сондай-ақ педагогтың компьютерлік сауаттылығы АҚТ пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады. Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды талап етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер алатыны хақ. Интернетті пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз.
Жаңа қатынастық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының тәжірибелік жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары, оқыту бағдарламалары сияқты бағдарламалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқу үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерде қолдану үшін жұмсалалы. Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолданумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек.
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері қалыптасу үстінде. [6,120б]
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығымен өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда мектеп.
АҚТ-ны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады.
Мектеп оқушыларының білім сапасын тексеру жүйесіне арналған компьютерлік педагогикалық құралдарды пайдалану, бақылау, өзін-өзі бақылау, жаттығу, бақылау нәтижелері бойынша түзету, тіркеу, жинау, сақтау, зерттеліп отырған обьектілер туралы ақпараттарды өңдеу және түрлі формада көрсетілген ақпараттардың жеткілікті үлкен көлемін беруді іс жүзіне асыруға мүмкіндік береді.[7,87б]
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұхамбетжанова С.Т. Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту.- Алматы, 2002.
2.Ермеков Н., Караев Ж. Информатика.-А., 2007.
3.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.-Қазақстан жоғары мектебі, 2004
4. Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы. -2007 ж.
5.Бөрібаев Б., Балапанов Е., Жаңа ақпараттық технологиялар,- Алматы, 2001 ж.
6. «Әдіскер жаршысы» №5, 2006 ж.
7. «Информатика негіздері» №4 2005 ж.
Тілді меңгеру – негізгі мақсат
М.Тынышпаев атындағы Қазақ Көлік және коммуникация академиясының студенті Жаулыбаева А.
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Г.Н. Досжанова
Қазіргі заманда алып елдердің алдына қарай адымдап бара жатқан егемендігіміздің ертеңі еркін ойлы, көп тілді жастарымыздың қолында, - деген сөз елбасымыздың Жолдауында айтылды. Жастар бұл артылған үлкен сенімді атқаруға бар күш-жігерін салуда. Әрбір жастың алға қойған игі мақсаты - терең білім алу, мемлекетімізді гүлдендіру, негізгі тілегі - көп тіл білу. Яғни, әлемді біліммен бағындыру. Шет тілін еркін білу - өркениетке жол бастаған еліміздің жарқын болашақты жастарының біліміне білім қосатын негізгі бастама. Заманның талабына сай, жастарды ең бастысы алдыңғы қатарлы 50 алып елдердің тіршілігі, салты, тілі қызықтырады.
Жоғары мектеп жүйесінде болып жатқан өзгерістер шетел тілдерін оқыту үдерісіне жаңа өзгерістер, жаңа талаптар қоюда. Қазіргі таңда шет тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияны көп пайдалану маңызды жұмыс болып табылады. Бұл дегеніміз, тек қана жаңа техникалық құралдар ғана емес, сонымен қатар, оқытудың жаңа әдістері мен түрлері, оқыту процесіне жаңаша қарау. Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат - шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Шет тілі - қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда .
Осыған байланысты мына міндеттерді шешу көзделініп отыр. Олар: компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электронды оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдаланып білім берудің әр түрлі аспектілерін дамытуға болады. Мәселен, электронды оқулықпен жұмыс жасағанда, компьютерлік бағдарламада таңдап алған тараудың барлық тақырыптардың теориялық материалдары, есеп шығару үлгілері, өз беттерімен жұмыс істеуге арналған жаттығулар, әр тақырып бойынша орындалатын зертханалық жұмыс тапсырмалары, оқушылардың білім сапасын тексеруге арналған тест тапсырмалары беріледі және білім алушының әрқайсысына жеке-жеке нұсқаулар бойынша жұмыс жүгізуге қолайлы. Бұндай бағдарламалардың ерекшелігі сол, әрі уақытты да үнемдейді, әрі тілді меңгеруді жеңілдетеді.
Студент оқытушымен бірге жұмыс істеп оқу процесінің нағыз қатысушысы болып табылады. Бұл студентердің өз бетінше дамуымен тікелей байланысты, сонымен қатар сабаққа дайындалған кезде студенттің шығырмашылық белсендігімен, оның оқу нәтижесіне жауапкершілігімен байланысты. Ағылшын тіліне оқыту басқа пәндермен тығыз байланыста жүреді.
Тілді білу бағдарламасы оқу және есту әдеттерін, жазу және ауызекі сөйлеу әдеттерін дамытуға және қалыптастыруға бағытталады. Ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге: оқу материалын терең түсінуге; оқу мотивациясының артуына; алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына т.б. қол жеткізеді.
Оқуды дамытуда студент мүмкіндігінше көп және жиі оқу қажет; студент мәтіннің құрылымын және мазмұнын түсінуі тиіс және өз ойын жеткізе алуы қажет. Тыңдауды дамытудың негізгі принциптері: студент ағылшын тілін көп естісе, онда ол ағылшын тілін жақсы түсініп, ағылшынша тез сөйлеуге үйренеді; бір мәтінді 2 немесе 3 рет тыңдауы керек; бейне материалдарды көре отыра, ол ағылшын тілі ана тілі болып есептелетін адамдардың әңгімелерін түсінуіне мүмкіндік алады. Жазу жаттығуларын жиі жасау арқылы немесе сөздік жазба жұмыстарын жиі жазу арқылы өте жақсы нәтиже шығаруға болады. Ауызекі сөйлеуде студент әр түрлі жағдайларды талқылайды, өз пікірлерін білдіреді, әңгімелеседі.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Интерактивті әдістемелерді пайдалану студенттің жаңа сабақты неғұрлым жете түсінуіне үлкен әсер етеді. Бұл әдістемелер дәстүрлі түрдегі лекциялар мен семинарларда кеңінен пайдаланылады. Қазіргі таңда инновациалық әдістемелерді пайдаланудың мақсаты – студенттердің тілді білуге деген құштарлығына жан-жақты әсер ету, қызығушылығын арттыру. Интерактивті сабақта студент өз пікірін дұрыс жеткізуге, өз көзқарасымен пікірталастарға қатысып, басқа адамның пікірі мен көзқарасын тыңдап, басқа да альтернативті пікірді сыйлауға үйретеді. Осындай жұмыс нәтижесінде интерактивті сабақта әрбір студенттің өз пікірі мен көзқарасы қалыптасады .
Кез-келген оқыту технологиясы терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, білім алушының жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан рухани өсуге жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алу ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр білім алушының үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Оқытушының міндеті - білім алушының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру. Білім берудің түрлі тәсілдері әртүрлі білім жетілдіру курстарында оқытылып отырады.
Білім беру – жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Бағдарлама жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, білім алушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Бағалау – одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, білім алушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.
Білім алушының ширақтылығын, өзгерімпаздықты айқындайды, білім алушының қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Сол себепті білім алушының сергіту сәтін жүргізу қажет.
Білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес. Бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Жұмыстың бағдарламасына білім алушыларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді. Осы модульдерді тиімді пайдалану арқылы құзыретті мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре түспек. Құзыретті мұғалімнің міндеті білім алушының жеке тұлғалық ерекшелігіне мән беру. Құзырлы білім беруде ұстанатын факторы білім алушының өздігінен білімнің мәнін меңгеруі және бағалай білуі.
Жоғарыда көрсетілген тапсырмалар студенттерге тіл дамыту жұмысын іске асырады. Бағдарлама нәтижесінде - тәуелсіз, ғылымға қызығушылығы оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен еркін тіл табысатын, сандық технологияларда құзыреттілігін көрсететін білім алушылар дайындалады.
Инновациялық технология - ақпараттандыру технологиясы жүйесінде арнайы білім болуды қажет етеді. Ақпараттандыру - инновациялық технологияның пайдаланылуы, өңделуі және олардың іс жүзінде көрінуі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Дмитриева Е.И. Основная методическая проблема дистанционного обучения иностранным языкам через компьютерные телекоммуникационные сети Интернет // М., ИЯШ, 1998, №1, C. 27-32.
Андреев В.И. Проблемы педагогическою мониторинга качеств. образования // М.Известия Российской академии образования, 2001, №1, C.86-90.
Маткин В.А. Обоснование ценностно-синергетического подхода к подготовкам специалиста-профессионала // М., Вестник высшей школы, 1999, №6, C. 63-67.
М.Мағауиннің «Аласапыран» романындағы бала тәрбиесі
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ. Ә.Сүлейменова
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Ж.А.Рүстемова
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты – балада» деген. Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, iрiктеп алған озық тәжiрибесi мен iзгi қасиеттерiн бойына сiңiру, өмiрге деген көзқарасын және соған сай мiнез-құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Бұл қоғамға қандай адам тәрбиелеп, өсіру керек деген сауалға толыққанды түсінік береді. Осы жерде ұлттық ерекшеліктерді меңгеру үшін, ең алдымен, ұлттық сана-сезімнің басым болуы керек екендігін баса айта кету керек. Яғни, бүгінде қоғам алдында ұлттық сана сезімі оянған, қалыптасқан, ұлт дегеннің не екенін сезінетін азаматтарды тәрбиелеу міндеті тұр. Бұл жөнінде белгілі тарихшы-ғалым Қойшығара Салғараұлы «Ұлттық сана деген абстракт ұғым емес, ол – ұлт тірлігінің тұрмыстық көрінісі, былайша айтқанда, сол ұлтты құрайтын халықтың бүкіл ғұмырнамасының, әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, әдебиеті мен мәдениетінің, өнерінің, тұрмыс-тіршілігінің тарихын білу дәрежесін, яғни халықтық өзін-өзі жете танып, түсінуі. Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға негізделеді. Ал ұлттық дүниетаным дұрыс таным-түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дәстүр арқылы өз болмысын танытады» - дейді[1,58]. Демек, ұлттық сана-сезімді ояту үшін халықтық дәстүрді, әдебиеті мен мәдениетін, өнерін келер ұрпаққа дұрыс түсіндіре алу, жеткізу, үйрету керек. Жастардың ұлттық дүниетанымын халықтық ерекше қасиеттері арқылы кеңейтіп тәрбиелеу, оны әрі қарай дәстүрге айналдыру бүгінгі күннің еншісінде.
Бұл ретте адам тәрбелеуші бірден-бір құрал – көркем әдебиеттің алар орны бөлек. Әдебиетіміздегі бітімі бөлек тұлға, ұлттық рух, ұлттық сана, ұлттық тәрбие мәселелері жайында үзбей қалам тартып жүрген суреткер –М.Мағауин. М.Мағауин көптеген туындыларында ұлтттық тәрбиенің озық үлгілерін көрсетеді. Ол не туралы жазса да, қандай тақырыпқа қалам тартса да негізгі түйіні қазақ тағдыры, ұлттық болмыс, бабалар өнегесі, ұрпақ болашағы, тіл мен діл жайындағы ойларға барып тіреледі.
Қаламгердің «Аласапыран» роман диологиясы ұлттық тәрбиенің сан түрлі үлгілеріне тұнып тұр. Бұл мәселені жазушы Нұрқасым Қазыбеков «Суреткер биігі» мақаласында жан-жақты зерттеген: «Осы уақытқа дейін азды-көпті оқыған қазақ совет әдебиетінің төл тума кітаптарын үш топқа бөлер едім. Біріншісі – әлі сен естіп, білмеген нәрселеріңді айтып, оқытып отыратын; екіншісі – сол солай дегізіп, өзіңді бұлтартпай мойындатып отратын; үшіншісі – миыңды ашытып, қан қысымыңды көтеретін. «Аласапыранның»әлгі айтылған бірінші топқа жатары даусыз. Өйткені ол оқушысын тарих арқылы тәрбиелеп, оқытып отырады екен. Қысқасы қадам басқан сайын, не атам заманда тарих қойнауына сіңіп кеткен халқыңның бір жақсы салты; Қадау-қадау тарихи тұлғалардың өздеріне ғана тән нақты сипаттары мен мінез-құлқы, заманына лайық ұғым, өмірге көзқарасы ... баяу жылжып өтіп отырады. Автор бұл тарихи фактілерді жай ғана тізе бермей, солар арқылы ауық-ауық ғибратты ой түйіп, оны бүгінгі өмірімізге жанастыра келіп, болашақты меңзейді»[2,87].
Қашанда да, қай заманда да, қандай халықтың болмасын, оның тұрмыс-тіршілігінде салты басты рөл атқарған. Бүгінде солай. Роман диологияда қазақ халқының бала тәрбиесіне қатысты ой-тұжырымдары, салт-санасы шебер тілмен портреттер, диалогтер арқылы берілген.
«Жеке адамның портретін жасағанда да ата салтқа сүйенеді. Айдар қою, тұлым, кекіл қою салты қазақта күні кешеге дейін болды. Дәл биыл сексенге келіп отырған әкемді жеңгелерінің «Кекілдім» дейтінін мен өз құлағыммен естіп өстім. Ендеше шашты тақырлатып қарап тастау – мұсылман рәсімімен кейін келген ақиқат. Елшілердің құрамын: «Мұсылман рәсіміне түскен тақыр бастардан гөрі, ата салтын бұза қоймаған қос өрім, үш өрім тұлымдылар мен бітеу өрілген айдарлылар көбірек», - деп таныстыруы да содан»- деп таныстыруы да содан[2,89].
Бұған тағы бір дәлел Ораз-Мұхамедтің інісі, Одан сұлтанның екінші әйелі – Шүйім-ханымнан туған Көшек сұлтанның портреті: «Сәлден соң есіктен жасы жеті-сегіздер шамасындағы, жайнаң қаққан кішкентай сары ұл келіп кірді. Аузына су толтырып алғандай, ұрты томпақ, беті жалпақ. Тақыр қырылған басы күнге күйген қара құйқа, екі шекесіндегі жалбыраған қысқа тұлым да күнге қурағандай қоңыр күлгін. Жасыл, мысық көздері күлімдеп, тәмпіш танауын бір тартып қойды да, иіс иіскегендей сәл бөгелді. Содан соң дастарқаннан қарғып өтіп, Ораз-Мұхаммед пен Ай-Шешектің арасына топ етіп отыра кетті»[3,36].
Сонымен қатар Ораз-Мұхамедтің інісіне айтқан ақылы сұлтан тәрбесінің өзгешелігін, сұлтанның ортада өзін қалай ұстау қажеттілігін аңғартады. Автор мұны ағасы мен інісінің арасындағы диалогтер арқылы шебер жеткізген:
«- Сұлтанның жалаң аяқ жүруі жарамайды, - деді Ораз-Мұхамед Көшектің қара табан болған, жарылып кеткен аяғына қарап.
Ыстық. Кісілер келе жатқанда киіп алам ғой.
Мынауың не? Дабы көйлек, кенеп шалбар...
Шалбарым бар, - деді Көшек. – Екеу. Бұқар мақпалы. Көйлек те... көп. Кеше ғана біреуін жырттым. Содан соң Асыл-ханым тәтем осыны кигізіп қойды. Бұл түріңмен ордаға кісі келгенде жалаңаш отырасың дейді. Түркістан мен Сауранды алған соң күніне екеуден және ылғи жібектен киесің деді тағы.
Жарайды, - деді Ораз-Мұхамед. – Ер – кебенек ішінде танылады»[3,37].
Бұл диалогтен Ораз-Мұхамедтің інісіне көрсеткен ағалық тәрбиесі, жеті-сегіз жастағы бала болса да, жай баладан өзгешелігін, сұлтан екенін есіне салады, сұлтанның киім-киісі, жүріс-тұрысына мән берілетінін астарлап жеткізеді. Осы кезде тағы да баланың кісілерге ұшына түйе құмалағы қадалған ши оқ атып жүрген бұзықтығын сұлтанға жараспайтын, жат қылық екенін байыппен түсіндіреді:
«- Торғай атқаның жөн. Бірақ сен кісі де атып жүрсің ғой.
Аламан атаулының бәрі кісі атады, - деді бала.
Жауды атады. Жауды ату керек. Ал сен мені аттың ғой. Сен – мені атасың, содан соң мен барып хан ағаны... жоқ, Әз-әжеңді атсам... не болады?
Ши оқтан кісі өлмейді, - деді бала төмен қарап.
Өледі, - деді Ораз-Мұхаммед. – Қазір сен маған ши оқ аттың. Ертең үлкен жігіт болғанда кәдімгі кез оқтың өзін атасың. Осы бастан жаман үйренсең, әрине. Ақылың аз болса.
Момын-Сары сұлтанның ақылы көп, - деді Ай-Шешек.
Мен көкем сияқты батыр болам! – деді Көшек.
Батыр болу үшін ең алдымен ақыл керек, - деді Ай-Шешек»[3,37].
Шағын эпизодта ұлттық салт-дәстүр, таным-тәрбие тұнып тұр. Баламен дұрыс сөйлесу әдебі айқын көрініс тапқан, яғни «Баланы бастан...» деп болмашы ғана бұзықтығы ертеңгі күні немен аяқталары сыпайы сөзбен жеткізілген, керек жерінде мақтап та қою, бала болса да үлкен адаммен сөйлескендей сөйлесу, тіпті жаңадан келін болып түскен Ай-Шешектің Көшек сұлтанға ат тергеп «Момын-Сары сұлтан» дегеніннің өзінде тәрбиелік мән жатыр.
Қазақтың игі жақсылары жиылған жиындағы Сұлтанның баласы Көшектің мына бір портреті назар аударуға тұрарлық: «Көшек... сәби жүзінде ерекше бір қатаңдық бар, алдында қымызы жартылай ғана ішілген үлкен көк ала шара, тапжылмастан безірейіп отыр. Шатыр астындағы игі жақсыларға да, әудем жерде, көк шалғын үстінде «Айгөлек» ойнап асыр салып күресіп жүрген балалар жаққа да қарамайды. Кішкене пұт құдай сияқты»[10,53]. Бұл –Ораз-Мұхамедтің Көшекке қарап отырып түйген ойы. Көшектің тентек те болса, ақылы бар бала екенін барлығы да мойындайтын. Оған романдағы мына жолдар дәлел: Осы кіші шешеден туған жалғыз іні Көшек мүлде басқа анадан жаралғандай. Мінезі де, бітісі де бөлек. Бірде Шүйім-ханымның әлдебір ісіне кейіген әженің: «Ақылы аз, жатыры асыл шіркін!..» дегені бар»[10,48].Яғни, бұл қазақ ұғымындағы тектілік дегенді аңғартады.
Қазақ менталитетінің бір қыры болған тектіліктің мәні тереңде жатыр. Тек – адамның түп нәсілін, арғы атасын білдіретін тарихи ұғым. Ежелден, ата-бабаларымыз тектіліктің деңгейлерін тұқым мен қан тектілігі, халықтың тектілігі деп ажыратқан. Қазақи шежірені зерттеуші ғалым, Дәуірхан Айдаров: «ғылыми тек (ген) – адамның шыққан негізі, нәсілін, тұқымын білдіреді. Ал, қазақы танымдағы тектіліктің мазмұны тереңде» - деп тек пен тектілікті ажыратады. Сөздің қысқасы, мыңның біріне ұя салатын тектілік құбылыстың тәрбиеге көнбейтінін, ол атаның қаны, ананың сүтімен дарып, сүйекке бітетін асыл қасиет екенін қазақ халқы алыстан аңғарды.Сайып келгенде, ұлттың тектілік қорын (генофондын) күшейту мақсатында жеті атаны сақтау, құдандалы болу, атастыру, полигамия (көп әйел алу), әмеңгерлік т.с.с. ата дәстүрлерді сары майдай сақтап, шынжырлы-текті тұқымдардың тамырын үзіп алмай, ұрпақтарға сабақтастыруда бай тәжірибе жинақтады. Бұған қазақ ауыз әдебиетіндегі «Тегін құл мен қу жасырады», «Дөңгелектің шегі жоқ, көргенсіздің тегі жоқ», «Жабыдан тұлпар шықпайды,тексізден текті тумайды», «Тегін білмеген теріс бағады» деген мақал-мәтелдер дәлел. Осы мәселеге қатысты, «Аласапырандағы» келесі мысалға назар аударайық: «Сұлтан тобы отауға тұмсық тіреп, аттан түсісімен, бәрі де түк болмағандай, жамырай тарап, еркектер найза саптап, қылыш қайрап немесе қайыс тіліп, өрім өріп, ағаш жонып әртүрлі бұйымдар жасап, әйелдер киіз басып, арқан есіп, немесе іркіт пісіріп, май айырып, құрт қайнатып, бір сөзбен айтқанда, барлық жұрт күнделікті тіршілік қамына кіріскен. Әуестігі тарқамаған – қара құйқа тақыр бас, келте жейде, шолақ дамбал, жалаң аяқ балалар ғана. Әдепкідей жамырап шуламай, анадайдан торуылдап жүр. Сұлтанмен дастарқандас болған бек әкелері жол көрсін, жөн танысын деп өздерімен бірге ертіп жүрген, тақырбас емес, тұлымды, жалаң аяқ емес, етікті балаларға – өздері күнде асықты бірге ойнап, реті келсе, ептеп төмпештеп те алып жүрген достарына қызыға қарайды. Ал тұлымдылар өздерінің ерекше екендерін жаңа ғана түсінгендей, тегіс мардымси қалған»[3,78-79].
М.Мағауин шығармасының бұл жолдарында қара құйқа тақырбас қара халық балалары мен тақырбас емес, тұлымды бек балаларының айырмашылығы мұндай үлкен жиындарда көзге түртіп көрінетінін айтады.
Сонымен қорытындылай келе, М.Мағауиннің қай шығармасын алмасақ та ұлттық рух, ұлттық тәрбие мәселелері – қаламгер шығармашылығының өзегі екенін түйсіне береміз. «Аласапыран» роман-диологиясы да бұдан шет қалған емес. М.Мағауин бұл шығармада көшпелі қазақ жұртының бала тәрбиесіне ерекше мән бергені, тәрбиеге қатысты көптеген салт-дәстүрлерді қалыптастырғанын қисынды сөзбен жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |