Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы) Алматы, 2016 ббк пікір жазғандар



бет27/28
Дата09.04.2018
өлшемі5,26 Mb.
#40093
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Литература.

  1. Дмитриев В.А. “Воспроизводящая и творческая познавательная деятельность учащихся” 2001 г.

  2. Есипов Б.П. “Самостоятельные работы учащихся на уроке”, 1999 г.

  3. Щукина Г.И. “Активизация познавательной деятельности учащихся в учебном процессе”, 1997 г.


Оқыту әрекетін дұрыс ұйымдастырудың бір формасы – өздік жұмыс

ҚазМемҚызПУ-дың 1-курс магистранты З.М.Артукматова

Қазіргі таңдағы білім берудің негізгі талаптарының бірі – білімді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін интенсивтендірумен қатар, өсіп келе жатқан жас ұрпақ бойында өмірлік ұстаным қалыптастыру қажеттілігіне байланысты дидактиканың басты мәселесі – мұғалім мен оқушы арасындағы жағымды қарым-қатынас пен іс-әрекет болып отыр. Оқушыны танымдық әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің басшылығы арқылы оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізінде әрекетке көшу үшін жағдайлар жасау міндеті тұрады.

Атаулы үрдіс білімі терең, мәдениетті, зиялы азамат тәрбиелеудің сапасын арттыруда атқарылып жатқан істер екені даусыз. Бұл міндеттердің шешімі оқыту үрдісін жалпы қайта құру тұрғысынан жүзеге асырылмақ. Әрбір білім алушы сабақта белсенді ой әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды өздігінен табуға ұмтылыс жасаса, танымдық белсенділігін және дербестігін қалыптастыру мүмкін болады.

Оқушылар белсенділігінің осындай сипатын көрсететін қажетті шарт – жекелік танымдық әрекет. Ол ұзақ уақыт ішінде оқушылардың әртүрлі жұмыстарын өз бетімен орындаумен көбірек байланысты болып келеді. Өздік жұмыстар мұғалімнің тиімді ұйымдастырып, жүргізудің мазмұнын және әдістемесін оқу материалын меңгерудің түрлі кезеңінде, әртүрлі дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге байланысты дайындауды мақсат етеді.

Ғалым П.И. Пидкасистый дербестік таным әрекетін талдауда оның ішкі мәніне назар аударады. Дербестік деген ұғымға ол оқушының мұғалім басшылығымен қажетті құрылымның барлық элементтерін қамту арқылы түйінді шешілген әрекетін жатқызады. Ал ғалым Т.И.Шамова әуелі «жеке жұмыс», «өзіндік жұмыс» және «дербестік әрекет» деген ұғымдарды сараптаудың қажеттілігін айтады. Қорытындысында, оқудың тек дербестік әрекет үдерісінде ғана өтетінін, бірақ ол оқуды оқушының өздік жұмысына жатқызуға болмайтынын көрсетеді. Өздік жұмыс түрлерін орындауда оқушының іскерлігі қалыптасатындай әрекеттердің орын алуы, нәтижесінде практикалық қолданыстарды игеру құзіреттілігі жүзеге асады. Өздік жұмыстар танымдық ізденімпаздықты қалыптастыруда және ақыл-ой мен жаңа эмпирикалық, практикалық білімді игеруде маңызды рөл атқарады.

Өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда негізгі шарттарды ескерген жөн.

-Мұғалімнің нақты тапсырмалар беруі;

-Жұмысты өз еркімен және мұғалімнің қолдауымен жасауы;

Өзіндік жұмыстардың маңызын түсіну үшін өзіндік жұмыстардың негізгі міндеттерін атауға болады:

-Жеке тұлғаның дербестік қасиетін мейлінше арттыру;

-Оқушылардың таным, ақыл-ой қабілетін дамыту;

-Жеке тұлғаның дербестік қасиетін мейлінше арттыру; [1]

Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мәселесіне көптеген зерттеулер арналған. Өзіндік жұмысқа берілетін анықтамалардың әртүрлілігіне қарамастан, оларды бірнеше шағын топқа бөлуімізге болады.

Мұғалім сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Танымдық құзіреттілікті тежейтін үш нәрсе бар: біреуі-«сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген қорқыныш сезімі, екіншісі-өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшіншісі-жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу көздері, мысалы: оқушылардың танымдылық құзіреттіліктерін қалыптастыруына мектепте, сабақ үстінде қолайлы жағдай жасау; танымдылық бағытта баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру керек. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу жеке тұлғаны шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілдерін байытуға, қиялын ұштауға,өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізетіні сөзсіз.

ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті 12 жылдық білім беру стандартында білім беру жүйесінің мақсаттарына байланысты «Білім, білік, дағдылардың, қалыптасқан құзіреттіліктердің, әлеуметтік дағдылардың негізінде тұлғаның алдына қойған мақсаттарына жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді пайдалануға дайындығынан көрінетін құзірет-білім берудің негізгі нәтижесі болып табылады» делініп, оқушының проблемалық шешімін табу құзіреттілігі, ақпараттылық құзіреттілігі, комунникативтік құзіреттіліктерді меңгеруге ерекше назар аударылған [2,12].

12 жылдық мектептегі жаңа мазмұнда оқыту, оқушының осы шешуші құзіреттіліктерін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, білім мазмұны мемлекет тапсырыстарын оқушының қажеттілігін қанағаттандыратын, шешуші құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Нәтижесінде, әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге тырысып, оқушының жеке қабілеттілігі айқындалады; іштей бір-бірінен қалмауға ұмтылады, әр бала шамасына қарай бағаланады да, кез келген қиыншылыққа төзуге, жеңуге икемденеді.



Қазақ халқының рухани көсемі А.Байтұрсыновтың "әр жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытуы керек,"[3]- деген пікірі қазіргі кезде қазақ тілін оқыту және тіл дамыту үрдісінде өміршеңдігін жойған жоқ.
Мектепте оқушылардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі олардың өздік жұмысты орындай білу біліктілігі болып табылады. Өйткені, өздік жұмыс оқушыдан белсенді ой қызметін, танымдық іздемпаздықты талап етеді. Өзіндік жұмысты оқушының оқу нәтижелеріне жету құралы деп есептеуге болады. Жұмыстың бұл түрі оқушының білімділігін, біліктілігін бекіте отырып, оның белсенділігін, дербестігін дамытады [4,52].
Оқушылардың өздік жұмыстары педагогикалық процестегі екі жақты мәніне байланысты сабақты дұрыс ұйымдастырудың формасы ретінде де, оқушылардың саналы білім алу мен қажетті жұмыс дағдыларына үйренуінің тәсілі және мінез-құлықты қалыптастыру жолы ретінде де қызмет атқара алады. Бұған дейін мектеп тәжірибесінде өздік жұмыс жеке пәндер аясындағы білім мен білікті дамытуға ғана бағытталып келгені мәлім. Оқушының жалпы белсенділігін, дербестігін біліктілікті дамыту арқылы қалыптастыру тиімді екенін көптеген зерттеушілеріміз дәлелдеген болатын.
Педагогикалық зерттеулерді, еңбектерді талдау барысында, біз өздік жұмысқа әр қырынан берілген анықтамалар бар екеніне көзіміз жетті. Мысалы: кейбір зерттеушілер өзіндік жұмысты тапсырма берушінің нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырса (Р.А.Низамов, т.б.), басқалары өз бетімен жұмысқа оның мақсаты тұрғысынан баға берді (Н.Д.Хмель) осыған байланысты өзіндік жұмыс оқытуды ұйымдастырудың формасы ретінде сипатталады.
В.П.Беспалько өздік жұмыс ұғымын адамның белгілі бір жұмысты өз бетімен, ешкімнің көмегінсіз орындауы деп біледі. Г.П.Семеновтың пікірінше, өздік жұмыс – оқытудың ұйымдастыру формасы да, әдіс-тәсілі де емес, өз бетімен жұмыс – алдын-ала берілген бағдарлама немесе нұсқау арқылы мұғалімнің қатысуымен орындалатын әрекет. Тағы бір топ ғалымдар Н.В.Кузьмина, А.Г.Ковалев және т.б. өз бетімен жұмысты – оқушыларды үйретудің, оқытудың әдісі ретінде де емес, ол оқушының алдын қойылған мақсатқа сәйкес, белгілі бір іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру құралы болып табылады деді. Б.П.Есипов оқушылардың өздік жұмысының атқаратын міндеттерін айқындаса, Т.С.Сабыров оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарын жан-жақты талдайды. Осы ретте оқушылардың өздік жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру жолдары әрқилы болғанымен, көздейтін мақсаты оқушыларды саналылық, белсенділік, ұқыптылық, дербестікке тәрбиелеу болып табылады.
Соңғы жылдары мектептерде оқушылардың өздік жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп, ол іс жүзінде кеңінен қолданылуда. Осындай оқушылардың ой-өріс қабілеттерін дамытып, оны сабақта дәйекті түрде пайдалану кең түрде қолға алынуда. Бүгінгі таңда оқушы меңгерген білім, білік, дағдыларды біліктілікпен байланыстыра қарастыру негізінде оқушының қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда оқушының өзіндік орындайтын жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Солардың бірі 6-сыныпта қазақ тілі сабағынан оқушылардың өздік орындайтын жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу. Қазақ тілі сабақтарында өздік жұмыс жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алумен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңірек үңіліп, жағымды мінез-құлық қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойына дарытып, тәрбиеге де көңіл бөлу қажет. Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өздік жұмыс түрлері әуелі іріктеуді қажет етеді. Ол жұмыстар оқушылардың ізденімпаздығын, өз бетінше жұмыс жасай алу қабілетін, іскерлік дағдыларын қалыптастыратындай болуы шарт. Өздік жұмыстардың дені оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытатындай деңгейде болуы, жеңілден қиынға қиналмай өтуіне, рухани байлығының молаюына септігін тигізетіндей түрде ұйымдастырылуы негізгі талаптардың бірі.

Өздік жұмыс кезінде оқушылар оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет - журналдармен, интернетпен жұмыс істеуге үйрене бастайды. Өздігінен жұмыс істеуге талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Өздік жұмыстарды жеке оқушымен, топтарға бөлу арқылы, барлық оқушылардың қатысуымен ұйымдастыруға болады. Өздік жұмыстардың түрлері: оқулықпен жұмыс, әр түрлі жаттығулар, тапсырмалар, тәжірибелер, бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, шағын жобалар, ізденімдік-зерттеушілік тапсырмалар ғылыми жоба т. б. Демек, өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру – өте күрделі мәселе. Сондықтан білім алушылардың өзіндік жұмыстарын таныстыру үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру керек. Оқытудың мақсат міндеттеріне және пәннің мазмұнына, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушының даму дәрежесіне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның негізгі жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыстың түрлері. Олар мыналар:


-жаңа білімді меңгеруі;
-жаңа білімді бекіту;
-білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру.
Оқушылардың жұмыстарының барлық топтарын мұғалім оқыту барысында жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті және оның бір ерекшелігі – оқыту үрдісінің барлық кезеңіндерінде қолдануға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ахметова А. Бастауыш сыныптардағы өзіндік жұмыстардың маңызы // Бастауыш мектеп, 2008, №3, 4б.

2.Қожагелдина С. Өзіндік жұмыстың маңызы // Бастауыш мектеп,2009, №5, 47б.

3.А.Байтұрсынұлы. Тіл тағылымы. Жинақ. – Алматы, 1992. - 446 б.

4.Баширова Ж.Р. Педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру.- Алматы , 2003-129б.
Анa тілі негізінде пайда болған үштілділік - игілікті құбылыс

ҚазМемҚызПУ,5-курс студенті Айымбетова Әсел

Ғылыми жетекшісі п.ғ.м., аға оқытушы Қ.Ш.Балабекова

Елбасының тіл саясатын жүргізудегі стратегиясы ретінде бағаланған мәдени жоба қоғамда түрлі пікір тудырды. Зиялы қауымның, әсіресе тіл мамандарының «үштілді қоғам» туралы көзқарасында, пікірлерінде бұл күні күдік пен күмән басым. Ол түсінікті де. Сөз жоқ, екі тілді, тіпті үш тілді қоғамның мүмкіндігі де дәл сондай еселі екені рас. Дегенмен, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, унитарлы мемлекеттерде қостілділік саясаты белгілі қиындықтармен жүргізілсе, үштілділік мемлекеттік саясат ретінде әлемдік тәжірибеде кездескен емес. Осы арада төмендегі сұрақтар туындайды. Біздің қоғамдағы нақты тілдік жағдайға ғылыми сараптама, талдау жасалды ма? Жобаны іске асырудың қандай тетіктері бар? Бүлдіршіндерге (5-11 жас) үш тілді қатар үйретудің кейін жас баланың ой-өрісінің дамуына тигізетін әсері


қандай болмақ? Бұл арада әлемдік тәжірибе ескерілді ме? Үштілділіктегі тілдердің мәртебесі мен орны нақты ма? Менің ойымша, ең алдымен, «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасына қатысты мемлекеттік тұжырымдама қажет. Онда тілдердің орны нақты көрсетілуі қажет. Бірінші тіл - мемлекеттік тіл, қазақ тілі, екінші тіл -қоғамдағы қажеттілік пен сұранысқа қарай, орыс тілі, үшінші тіл - шет тілі, ағылшын тілі. Бұл қоғамда, түрлі деңгейдегі жиындарда айтылып қалып жүрген «қостілділіктен екі мемлекеттік тілге», «тілдердің тең құқылығы», «міндетті екі тілді, үштілді білім» идеяларына тойтарыс беру үшін керек. Тұжырымдама негізінде Елбасының төмендегі пікірлері алынғаны жөн: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы - қазақ тілі», «Бұдан былай да Қазақстандағы қазақ тілінің рөлі өсе береді» -дейді Президент өз сөздерінде [1,3].

Айта кетелік, үштұғырлы тіл жай ғана әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде пайда болған жоқ, ол - өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. Өйткені, қазіргі кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, "ақылды" экономиканы енгізіп жатқан елдер қарыштап дамуда. Ал бұл бағыттағы толайым табыстарға, ілім-білімге алып барар жол - ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйрену. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Мысалға, ежелгі дүниедегі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған. Сондай-ақ, бүгінгі Еуропада да көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. Яғни, бүгінгі таңда ТМД мен Орталық Азияның көшбасшы мемлекетіне айналған Қазақстан үшін үштұғырлы тіл -елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.



Атап айтарлығы, көпұлтты Қазақстанның жағдайында "Үштұғырлы тіл" ұлттық жобасы қоғамдық келісімді нығайтудың негізгі факторы болып саналады. Алайда, еліміздегі негізгі үш тілді дамытуға басымдық беру - басқа халықтардың тілдерін назардан тыс қалдыру деген сөз емес. Мәдениеттер мен тілдердің сан алуандығы - бұл біздің ұлттық байлығымыз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ, мемлекет Қазақстандағы халықтардың барлығының мүдделерін ескере отырып, посткеңестік кеңістікте ең либералдық тілдік саясат жүргізді. Соның дәлелі болар, кез-келген этностың өкілі қай тілде білім алатынын, сөйлейтінін, шығарма жазатынын ерікті түрде таңдай алады. Біздің қоғамда барлық этностардың мәдениеті мен тілін дамытудың бірегей формуласы жасалып отыр. Біздің жетістігіміз - басқа этностардың құқықтарына ешқандай да қысым жоқ. Сонымен қоса, біз тағы бір аса маңызды мәселе - мемлекеттік тілді барша қазақстандықтардың меңгеруіне толық жағдай туғызып отырмыз. Өйткені, бұл халықаралық тәжірибеде бар үрдіс. Қарап отырсақ, қазіргі кезде мемлекеттік тілді оқып-үйренуге барлық жағынан жағдай жасалған. Тіпті, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың бәрінде курстар ашылып, ғылыми-әдістемелік материалдар таратылады. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген басқа ұлт өкілдерін материалдық жағынан ынталандыру да дұрыс жолға қойылған. Содан да шығар, көптеген қазақстандықтар қазақ тілін білуді - патриоттық борышым деп санайды. Оған қоса, мемлекеттік тілді үздік меңгеру жеке бәсекеге қабілеттіліктің, кез-келген қызмет саласындағы мансаптық өсудің факторына айналды.[11,6]. Десек те, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс-шаралар бұдан да тереңірек және нәтижелі болуы шарт. Яғни, бізге елімізде тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің ауқымды қолданылуын қамтамасыз ететін тілдік саясат жүргізу қажет. Ол үшін барша қазақстандықтардың мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру бағытында жұмыс ұйымдастырылады. Бұл жүйе ең алдымен, мемлекеттік тілді меңгеру мен оқытудың бірыңғай стандарттарын әзірлеуді және бекітуді, содан соң оларды білім беру жүйесінің барлық деңгейіне - мектепке дейінгі мекемелерге, мектептерге, жоғары және одан кейінгі оқу жүйесіне енгізуді көздейді. Екінші жағынан, отандастарымыздың орыс тілін меңгеру деңгейін сақтап қалуына да көңіл аударуымыз керек. Өйткені, орыс тілі - ұлтаралық қарым-қатынас пен интеграциялық қызметтердің діңгегі. Ақиқатын айтсақ, ақпараттық кеңістігімізде орыс тілі әлі де маңызды рөл атқаратынына ешкім дау айта алмас. Сондай-ақ, әлемдік алты ресми тілдің қатарына кіретін орыс тілін меңгеруге бәсекеге қабілетті ұлттың кез-келген өкілі ұмтылуы тиіс. Бұл мақсатқа жетеміз десек, қашықтықтан оқыту, электронды интерактивті оқулықтар бағдарламасын құру, ұлттық мектептерде орыс тілін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, оралмандарға, шетелдіктерге және халықтың басқа топтарына орыс тілін оқыту курстары мен орталықтарын ашу,халықтың орыс тілін меңгеруіне тұрақты мониторинг жүргізу сияқты іс-шаралар қолға алуымыз қажет[3,22].

Ал "Үштұғырлы тіл" идеясының үшінші құрамдас бөлігі - ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз -ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Оған қоса, ағылшынша білсең - әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігің мол. Тіпті, оқуыңды тәмамдаған соң, біршама уақытқа шетелде қалып, еңбек етуің үшін де бұл тамаша мүмкіндік. Ең бастысы, ағылшын тілін білу - бұл іскерлік қарым-қатынас және әлемнің кез-келген нүктесінде бизнеспен айналысу үшін міндетті талап. Қазақстандықтардың ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге жәрдемдесу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарында шет тілінің болашақ оқытушыларын оқыту жүйесі мен процесіне қойылатын талаптарды күшейту керек. Сонымен қоса, жаратылыстану мен математиканы ағылшын тілінде оқытатын оқытушыларды дайындау, шетелдермен тәжірибе алмасу, шет тілдерде сөйлейтін мамандарды тарту саласындағы ынтымақтастықты жандандыру, арнайы орта және жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларын шетелдерде тіл үйрену мен тәжірибе жинауға жіберу сиякты бірқатар іс-шараларды жүзеге асырған жөн. Жоғарыдағы мақсаттар тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында тайға таңба басқандай етіп жазылыпты.

Жалпы алғанда, тілдерді меңгерудің тиімділігін сөз еткенде біз бұл жұмыстың жүйелі түрде жетілдірілуіне батыл қадам жасағанымыз жөн. Әсіресе, инновациялық әдістерді іздеуіміз қажет. Түптеп келгенде, Қазақстандағы үштұғырлы тіл саясаты - бұл елімізді, оның әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған тұтас тұжырымдама. Іс жүзінде тілдердің үштұғырлылығы идеясы бәсекеге қабілетті Қазақстанның ұлттық идеологиясының бір бөлшегі болып табылады.

Қорыта айтқанда, адамның дамуы үшін ана тілінің орны, әлбетте, бөлек, сонымен қатар көптілді қоғамда біртілділік те, қостілділік те, үштілділік те керек құбылыстар. Біртілділік – әлеуметтік-этникалық құбылыс, ал қостілділік, үштілділік – әлеуметтік құбылыстар. Оларды игеру – азаматтық парыз, көптілділік жағдайында, әсіресе тілдік ғаламдандыру тұсында, ол әбден керек.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ә.Назарбаев, «Егемен Қазақстан» , 2016 қаңтар .

  2. Н.Хасанұлы Б.Қ.Ана тілі – ата мұра.А.,1992.

  3. Хасанұлы Б.Қ. Тілдік қатынас негіздері.А.,2006

  4. Ж.Смақова «Үштілділік мәселесі», «Ел»,15 мамыр, 2011.


Әдебиет сабағында көркем мәтінді талдау

ҚарМУ, 4-курс студенті А.Е. Дүйсембекова

Ғылыми жетекшісі ф.ғ.к., доцент Ж.А Рүстемова

Талдау сөзінің алғашқы терминологиялық мағынасы – «зат пен құбылысты танып, білу» дегенді білдіреді. Әдеби шығарманың мазмұны меңгерілгеннен кейін оған талдау жасалады [1,22]. Көркем шығарма оқылған соң оқушылар сол туындыдан алған әсерімен бөлісуге міндетті. Әр шығарманың әр оқушыға әрқилы әсері бар.

Көркем шығарма – жаратылысты қайта жаңғыртушы. Оның шын болмысы – екінші жаратылыс. Әдебиет пәні мұғалімнің осы екі жаратылысты жіті пайымдап, жігі мен шегін, даралық бөлек бітімін, қос әрі егіз дүниенің өзара сабақтастығын, сол сабақтастықтың, үндестіктің күштілігінен біртұтас иллюзиялықтың пайда болуын оқушыларға да аңғарта білуі шарт[2,82].

Қарағанды қаласы С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінде мемлекеттік іс-тәжірибеден өту барысында 7 «Ә» сыныбында қазақ әдебиетінен М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесіне арналған «Адамдардың табиғатқа жасаған қиянаты» тақырыбында сабақ өткізген едім. Сабақтың мақсат-міндеттері төмендегіше белгіленді: 

Білімділік: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнын қорытындылау, шығарма мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасату. Табиғат пен адам арасындағы тартысты суреттеу арқылы тіршілік үшін күрестің өте күрделі де қиын әрекет екенін дәлелдеу.

Дамытушылық: Іскерлікке, оқушылардың бір-бірінің пікірін тыңдай білуге, өз ойын толық ашық айта ілуге баули отырып, біліктілік қасиеттерін арттыру;

Тәрбиелік: Адам мен табиғат арасындағы байланысты, тепе-теңдікті, қайшылықты байқата отырып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақ мақсатынан байқалғандай, типі – бекіту сабағы да, түрі – қорытынды сабақ. Қорытынды сабақта ой қозғау, сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау, Джигсо әдісі, өзіндік шығармашылық жұмыс әдіс-тәсілдері қолданылып, көрнекілік есебінде М.Әуезовтің портреті, жазушы өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар пайдаланылды. Қазақ тілі, биология, география, бейнелеу өнері пәндері пәнаралық байланысты жүзеге асырды.

Сабақтағы негізгі жұмыс – көркем мәтінді талдау жұмысы. Мәтінді талдау топтық жұмыстар арқылы жүргізілді. Сынып оқушылары төрт топқа бөлінеді. 

І топ 

1-тапсырма. Қасқыр ұғымын ашу

1.Анықтама. Қасқыр – сүт қоректілер класына жататын, баласын сүтпен асырайтын, жоғарғы сатыдағы жыртқыш жануар.

2.Сөзтаным.

А) Арлан, көкжал, бірішек – қасқырдың еркегі.

Б) Абадан – қасқырдың көсемі.

В) Бөлтірік – күшігі.

Г) Шулан, құртқа – қаншығы.

Ғ) Ұлыма, бөрі, итқұс – табу сөздер.



3.Таралуы. Барлық құрлықта таралған.

4.Сезім мүшелері. Иіс сезу, көру, есту мүшелері жақсы жетілген.

5.Көбеюі.  Көктемде күшіктейді.

6.Пайдасы. Қасқырлар санитарлық қызмет атқарады. Терісі пайдалы.

7.Зияны. Адам өміріне қауіп төндіреді.  

8.Қорытынды. Қасқыр – жыртқыш аң.

2-тапсырма. Көркем шығармаға сатылай кешенді талдау

Көксерек

1.Әңгіменің басталуы: Қараадыр  қасқырлар мекені. Тағылар тірлігі

2.Әңгіменің дамуы: Көксеректің ауыл тұрғыны болуы. Қаталдық.

3.Әңгіменің байланысы: Көксеректің бірнеше рет жоғалып кетуі. Қасқырларға қосылуы.

4.Әңгіменің шиеленісуі: Көксеректің Аққасқырмен қосылып ауылды шулатуы.

5.Шарықтау шегі: Ұяластарымен тез  табысуы.

 6.Әңгіменің шешімі: Құрмаштың қазасы. Әже зары.

ІІ Топ

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

1.Мал атаулары: қозы, қой, тайынша, сиыр, бұзау, жылқы

2.Географиялық атаулар: Қарадыр, Ащы көл, Ақсораң, Тастықұдық

3.Өсімдік атаулар: Бозқараған, тобылғы, итмұрын, сасыр, жуа, ши

4.Әңгіменің тілі, көркемдік ерекшелігі: табиғат суреті-пейзаж, монолог, диалог, еліктеуіш сөздер, күрделі сын есімдер, теңеу сөздер, синонимдер

2-тапсырма. Семантикалық кестемен жұмыс

Кейіпкер сөзі

Ауыл адамдары

Жұмаш

Әжесі

Әкесі

Бейсембай

- Қуарған –ай,неңді алып ем? Не жазып ем?

 

 

+

 




- Кәпір қырыс, неме, кеудесін бермейді, жасымайды.

+

 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет