Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы) Алматы, 2016 ббк пікір жазғандар



бет21/28
Дата09.04.2018
өлшемі5,26 Mb.
#40093
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Мұратқызы Б. «Шынайылыққа шөлдеген қоғамның жалғызы» // Ақжелкен журналы. – 12.03.2012.-№3.

  2. http://qazaqadebieti.kz/ Қазақ әдебиетінің интернет порталы

  3. http://adebiportal.kz/ Т.Шапай. Әулие ағаш

  4. Майтанов Б. Портрет поэтикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006.-127 б.


«Абай жолы» эпопеясындағы эпизодтардың салыстырмалы үзінділері

156 ЖББМ КМ 9-сынып оқушысы Абдыкалыкова Асель



Ғылыми жетекшісі: А.Н. Құдайбергенова

Романдағы көркемдік компоненттердің қай – қайсысы болмасын , пейзаж , портрет , тұрмыстық суреттер , қазақ тіліне ғана тән образдармен берілген , психологиялық мінездемелер , кейіпкерлердің сөздері – бәрі де өздерінің ұлттық сипаттарынан арылмаған. Мәселен , Абайдың Тоғжанға деген алғашқы махаббат сүйіспеншілігі түн көрінісін алып қарайық:

Түпнұсқа: «Түйе өркештен Шыңғыстың жақын биіктері жартылап қана көрінеді екен. Қарақошқыл таулар от астында көкшіл мұнараға оранып жым – жырт қалғып тұр. Тау жақтан ақырын ғана жел желпінеді. Қалың қой қыбыр етпей тыныштық алып , үнсіз ғана тыныс алады. Асылбек , Әлібектер жатуға кетті. Көгал сайда отырған бес алты үйлі ақ ауылдың түңлігі тегіс жабық. Аясында ақ үйлерде мызғып , қалғып тұр. Сүйіндік пен Қарабас қонақтардың аттарының маңында жүр екен. Абай мынадай көктем түнінен соншалық бір тазалық сезіп , таң лебін танығандай. Бұның жүрегі де әдейі арналған таң лебін ерекше ұғынып сезінгендей.

«Махаббат па ? Осы ма ? Осы болса , мынау дүние , мынау маужыраған тынысты нәзік күн ... бесігі ғой. Сол сұлу саздың құлақ күйі ғой».

Сүттей жарық , айлы түн. Таң әлі жоқ. Бірақ жоқ екенін білсе де , Абай әлдеқандай өзгеше «таңды» сезеді. Күдік те , үміт те , қуаныш та , азап та бар – жүрек таңы. Кеуде толған өзгеше ыстық , өзгеше жұмбақ мол сезім. Соның шалқи түсіп , шарықтауы көп. Лыпыл қаққан қанаттай тоқтаусыз , тыныштық ала алмай лепіреді.

«Нені айтады ? Не деп түсінеді ? Не сипатты бұл сезім ? Не боп барам ? Тақат , сабыр қайда ?»

«Таң ... жүрек таңы ... Сол таңым сенсің бе ? Жарығымбысың , кімсің ?»

Көз алдында Тоғжанның аппақ жұмыр білегі , жас баланың етіндей , ақ торғындай мойны!.. Таң осы да ... өзі ғой!

... Ақ еттің аппақ екен атқан таңдай!

Шынымен бар жанымен құлай табылған сұлуға қарап, бар сезіммен үнсіз жырлап тұрған тәрізді. Тоғжанға арналған , ең алғашқы «ғашығым» деген жарына арналған жан жырының тұңғыш жолы осы еді».

Бұл ұзақтау үзіндіден шығармадағы жекелеген фразалардың ойлы , эмоционалды картина үшін толық бере алмайтындығын , оның бірнешесінің комплексті түрде бірлесе келгенде толық картина бере алатынын көреміз. Сонымен бірге одан ұлттық элементтердің бірлігін , олардың өзара қабысып , үлкен бір сурет беретінін де аңғарамыз. Енді осы үзіндінің орыс тіліндегі нұсқасын оқып көрейік:

Аудармасы: «С верблюжих горбов виднелись отроги Чингиса. Лохматые горы, посеребренные лунным светом , замерли в напродвижной дремоте.

Огромные стадо овец вокруг аула лежали спокойно. Они дремали ,беззвучные , утихшие. Асылбек и Абильбек ушли спать. Тундуки юрт были плотно закрыты. Белые юрты дремали в лунном сиянии.

Суюндук с Карабасом хлопатали где – то около лошадей. В свежем дуновении весенней ночи Абай почувствовал приближение утра , необычного , прекрасного , которое должно наступть только для него одного …«Любовь ли это ? Она ли ? … Если это – любовь , то вот колыбель её : мир , объятый спокойствием ночи …» - так говорит взволнованное сердце.

Лунная ночь словно купается в молоке. Грудь Абая не вмещает могучего прибоя чувства. Трепещет и замирает сердце «что же это? Как разгодать ? Что со мной ?».

Перед глазами – белые руки Тогжан , её нежная шея. Она – его утро!

Ты встаёшь в моём сердце , рассвет любви …

Это поёт сердце. Первая песня первой любви посвящена ей , Тогжан … Он повторяет про себя эту песню».

Бұл жерде орысша мәтін қазақшасынан гөрі ықшамдау. Былайша шығу , біріншіден , орыстың әдеби тілінде көркем детальдардың жинақы шығатындығынан , былайша айтқанда бейнелеу мүмкіншілігінің молдығынан болса , екіншіден , аудармашысының түпнұсқаға творчестволық суреткерлікпен келуінен.

Шындығында екі тілдегі мәтінді салыстыра қарағанда аудармашының жеке сөз түгілі , түгел фразаға да бағынышты болмағанын , оларды сөзбе сөз аударуға әуестенбегенін көреміз.

«Тау жақтан ақырын ғана жел желпінеді» , немесе , «тау әлі жоқ» деген фразалар мәтінде нұсқан келместей етіп алғашқы орнынан екінші жерге аударылған. Желге , таңға байланысты бұл штрих «В свежем дуновении ночи Абай почувствовал приближение утра , необычайного , прекрасного , которое должно наступить только для него одного», деп екінші бір қажетті жерге кетірілген.Осы сөйлемдегі «свежее дуновение» , «приближение утра» , - деген сөздер алғашқы абзацтағы қалып кеткен сөздер орнын өзінен өзі толықтырып тұр.

Нағыз қазақша ойды білдіретін қазақ тіліндегі бейнелі сөз тіркестері калька түрімен емес , творчестволық мәнерде ұлттық колоритін сақтай отырып берілген. Сол сияқты «Сүттей жарық айлы түн» деген аудармашы егер «светлое как молоко лунная ночь» деп сөзбе сөз аударса , ол орысша шықпаған болар еді. Сондықтан да аудармашы оны : «Лунная ночь словно купается в молоке» деп алған. «Светлое как молоко» теңеуін «Словно купается в молоке» деген метафорамен алмастыру арқылы бейнелі сөз бойындағы бар қасиетті сақтап қалған. Бұл аудармашының өз бетінше кеткендігі емес , творчестволық шешім тапқаны деп білеміз.

Егер «Ақ етің аппақ екен атқан таңдай» деген өлең жолы сөзбе сөз аударылса : «Белое тело твоё бело – пребело как рассвет утра» боп шығып , ол аударманың өзінен өзі қазақша бейнелі образдың ашық бояуын бере алмаған болар еді. Сондықтан аудармашы бұл жерде де жол тапқан. Келесі фразада Тогжанның ақ білегі айтылатындықтан бұл өлең жолы да қалып қояды , Тоғжанның жарқын бейнесі Абай алдында «рассвет любви» боп көрінеді. Автор Абай ойымен Тоғжан келбетін суреттегенде Абайға «таң ... жүрек таңы ... сол таңым сенсің бе ? дегізеді , сондықтан да ол сөзді аудармашының «Ты встаёшь в моём сердце , рассвет любви» деп аударуы да заңды.

Осындай сәтті аударылған фразаларға ризашылықпен қызыға қарайсың да , кейбір аударылмай қалып кеткен образды сөздерге кездескенде , «әттеген ай» деп қаласыз. Мәселен , «Көз алдымда Тоғжанның аппақ жұмыр білегі , жас баланың етіндей , ақторғындай мойыны» деген фразадағы «жұмыр»эпитеті түсіп қалған. Ал «жас баланың етіндей , ақторғындай»сөзінің баламасын жалғыз ғана «нежная» деген сөзбен тындырған.Осындай келте қайыру салдарынан ол фразаның аудармасы «Перед его глазами – белые руки Тогжана , её нежная шея» болып жұтаң шыққан.

Негізінен алғанда , аудармашылар әріпқойлықтан өзін аулақ сала білген. Олар творчестволық еркіндікті мейлінше ұстап , Әуезовтік түпнұсқаның поэтикалық образды жүйесін , өзіндік әуенді сипатын , ұлттық ажарын орыс тіліндегі эстетикалық әсерлі тепе теңдікпен жатық бере алған.

Романда кейіпкерлердің психологиясы өте жақсы суреттелген.

Түпнұсқа: «Бір сәтке Абай өзі көлденеңнен қарап , шытырман ішіне жалғыз , құралсыз , әлсіз күйде еріксіз кіріп бара жатқан өзін көргендей болды» [4.16])

Аударма: «Ему кажется , что бродит в тёмных , запутанных дебрях , безоружный , беспомощный , втянутый сюда чьей – то суровой воле …»[2.115].

Абайдың көңіл - күйі аудармада өте жақсы берілген.

Түпнұсқа: «Жүз қаралы тұсаулы атты «өрттен қашырғандай» үркітіп , шоқытып ,секіртіп , дүрсілдете қуып , отырып , үлкен ат қора , қой қора , түйе , қоралардың қақпаларына сойылдап кеп тықпалаған» [5.45].

Аударма: «Испуганные криками и ударами , кони шарахались в стороны , стукаясь седлами , наскакивая друг на друга , и наконец кинулись к зимовью , словно гонимые степным пожаром , неловко подскакивая на спутанных передних ногах» [3.42]

Аударма дұрыс емес. Түпнұсқада Оспан мен Сейітқан басқа атқамінерлерге әдейі істейді. Ал аудармада алдын – ала дайындалған іс екенін оқырман білмейді , қастықпен істелген сияқты түсінеді.

М. Әуезов прозасы құрмалас сөйлемдермен күрделі. Синтаксистік құрылымы шығарманың ырғағын сақтайды.

Түпнұсқа: «Бірі байлығына , бірі еліндегі жуандығына , бірі болыстық өміріне , тағы біреулер осы отырыстағы киім сәндеріне мәз болған[(6.13].

Аудармада: «Одни кичились богатсвтом , одни – тучными табунами , одни великолепием своей одежды на этом собрании» [5.89]

Түпнұсқадағыдай темпті сақтау мүмкін емес , бірақ аудармашылар тырысқан және сәтті шыққан.

Түпнұсқа: «… Жиын әлі үн қатпады. Екі жанның өлім азабын өз үстінде арқалап тұрған түйе де үнсіз» [4.41].

Аудармасы: «Народ окаменел в безмловии. И верблюд , поднявший на себе две человеческие смерти , тоже не издавал ни звука» [2.52].

Бұл аударманың ең сәтті шыққан жері «окаменел в безмолвии» легені жиынның үн қатпағанын өте көркем дәл берген.

Түпнұсқа: «Мүкіс тартқан кәрі құлағының үстіндегі кимешегін кейін жиып қойып , басын жоғары көтере бере , құлағын төсей түседі» [5.54].

Аудармасы: «Выростав из – под головного платка уха и подняв голову , она старатся уловить песню . шурясь слезящимися , запавщими глазами и собирая в улыбке глубокие морщины бесцветного высохшего лица» [2.389].

Бұл жерде «кимешек» сөзі – «головной платок» деп аударылып берілгенімен , аудармаға нұсқан келтірмей жақсы шыққан.

Түпнұсқа: «Ауылдан әлі де ән , әсем шырқау ән самғап келеді. Кейде үзіле жаздап , әлсіз баяулап бір кетіп , кейде қайтадан қара үйлер жақ шетке , желі басына , бұлақ жағасына тағы шырқай жетіп , талай жанды әр алуан толқынға салады» [5.58].

Аудармасы: «А песня вес парит над аулом. Она то улетают куда – то ввысь , готовая вот – вот исчезнуть , то спускается на джайлау новой звучной волной и тогда отчетливо слышится и у самых крайних ветхих юрт . где доят кобылиц , и у родника» [2.404].

Аудармада әннің құдіреттілігін жақсы берген.

Түпнұсқа: «Жамырамас деп сенген бала тайымен желі басы тақап кеп , әнді тыңдап тұр» [5.58].

Аудармасы: «Байсугур отвёл сюда ягнат спозаранку , натощак . но сейчас склонившись к гревне стигуня , он слушает песню так внимательно , что забывает о голове» [2.402] Бұл үзінділер өте сәтті аударылған. Қысқа , түсінікті сөйлемдермен аударма жақсы шыққан.

Түпнұсқа: «Шөже осы жайларды күле тыңдап тұрып , бір кезде оп – оңай өлеңдете қоя берді. Ашық даусы саңқылдап:

Болыпты бір ақсақ тазы және соқыр

Құранды мысық сопы молдаң оқыр,

Болғанда ақсақ дария соқыр қарға

Ортасын дарияның қарға шоқыр , - деді» [3.41].

Аудармасы: «Шоже с полуулыбкой слушал новости и вдруг неожиданно запел своим звонким голосом:



Лысый кот и ворон кривой дружбу свели,

Взяли хромого пса: «Бога о нас моли!»

Лысый отдал кривому всё , чем живёт народ,

И все, чем живет народ ворон кривой склюет…» [3.34])

Түпнұсқадағы екі сөйлем аудармада бір сөйлеммен және түпнұсқаның стилистикалық бірлігін , ырғағын сәтті берген.

Түпнұсқа: «Жасына жеткен қыздардың пішіндері сұлу да , сыпайы да емес. Түксиген , сүйкімсіз және шешелеріндей ашушаң , қатқыл адамдар сияқты» [4.173] Аудармасы: «Презревшие девицы , некрасивые , неуклюжие , казались такими же озлобленными , как и их мать» [2.164].

Аударма сөзбе – сөз . «Түксиген, сүйкімсіз» - «некрасивые, неуклюжие» бұл жерде «не обояния , ни кросоты» деген сөз ұтымды болар еді. «Жасы жеткен» - «преаревшие» деген сөз өте тамаша алынған.

Түпнұсқа: «- Жеріміздің түгі етіміздің түгіндеі , бұны орсаң өзімді қоса орасың , қоса жайрат мінекей ! , - деп Әбді шапанын жұлып тастап , балғын денесі мызғымай , ең шеткі озғын орақшыны алдына нық басып тұрып алды» [2.15].

Аудармасы: «- Для нас трава на этой земле – что волосы на голове! Коси нас вместе ! – отчаянно крикнул Абды»[(2.16].

Еркін аударма. Қысқа аударылған, бірақ түпнұсқадағы «жеріміздің түгі – етіміздің түгіндей» - «волосы на голове» деген тіркес түпнұсқадағы ой дәл берілген.

Түпнұсқа: «Бұл ауылдың өз адамы боп кеткен дағдылы қонақтары: Ербол, Көкбай, скрипкашы – әнші. Мұқа, Байғамбеттер бөлек бір топ боп кірді».

Аудармасы: «Появились Ербол, Кокбай, Баймагамбет и Муха – певец -скрипач».

Сөзбе – сөз аударма. «Скрипкашы - әнші» «певец - скрипач».



Пайдаланған әдебиеттер:

1. Алпысбаев Қ., Қазыбек Г. Қазақ аудармасының теориясы мен тәжірибесі. – Алматы: Қазақ университеті, 2001.-216б.

2. Әуезов М. Көркем аударманың кейбір мәселелері.// Уақыт және қаламгер. Алматы, 1962.-430б.

3. Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1975.-285б.

4. Бектурганов Е. Устойчивые состояние в романе эпопеи М. Ауэзова "Путь Абая", 1961.

5. Жантикина А. М. Национальная окрашенность казахских лексико - фразеологических единиц в переводе на русский язык, 1989.


Кейіпкер мінезіндегі вестемалар мен кинемалар

156 ЖББМ КМ 9-cынып оқушысы Таңжарықова Айдана



Ғылыми жетекшісі:Сатоболд Кулайхан, Хуанган Нургул

Портрет – кейіпкер мінез-құлығын танушы амал. Кейіпкер болмысын, мінез-құлқын айқындайтын тәсіл – портрет. Көркем шығармада автор кейіпкерін тікелей өзі суреттейді не кейіпкердің мінез сипатын басқа бір кейіпкерлердің көзқарасы тұрғысынан береді. Қалай болғанда да мұның негізінде автордың өзі тұр. Авторлық мінездеме көркем шығарманың тұрақты компоненттерінің бірі. Авторлық мінездеу құрамына кейіпкердің сыртқы кескін-келбетін, жүріс-тұрысын яғни портретін және мінез-құлқын суреттеу жатады. Көркем шығармада кейіпкер тұлғасы бір ғана тәсілдің көмегімен жасалмайды, барлық амал- тәсілдердің жиынтығы кейіпкер сомдауға қызмет етеді. Авторлық мінездеуді кең ауқымда қарастыруымыздың себебі қазақ тіл білімінде арнайы зерттемелер жоқ. Портрет тек әдебиет ғылымы саласында зерттеліп келген. Әдеби қаһармандардың түрлі мінез-құлқын, бітім-болмысын, ұнамды, ұнамсыз қырларын тануда портреттің рөлі ерекше.

Портрет – кең ауқымды ұғым. Өнердің көп саласында портрет атауы жүреді. Портрет француз сөзі «portrait» «бейнелеу» деген ұғымды береді. Портрет кем дегенде көркем өнердің он саласында қолданылады екен: сурет, мүсін, әдебиет, театр, музыка, көркем фотография, телевидение т.б. Әдебиеттегі портретті өнердің бейнелеу, сурет жанрындағы портретпен салыстыру басым. Сол арқылы «әдеби» портреттің сыр-сипаты, ерекшелігі таныла түседі. Ең ерекше ерекшеленетін тұсы – бейнелеу өнерінде портрет қыл қаламмен бояудың күшімен шықса, әдебиеттегі портрет сөзге сүйенеді. Сөздің сиқырлы күшімен адам кескіндемесі қаланып, қырланады. «суретші жасаған портретте адам бет-пішін, өң-шырайы, келбеті қалайда бүтіндей алынады, ал әдебиет шығармасында портрет бояумен емес сөзбен мүсінделгендіктен, жеке белгілері ойша толықтырылып, көзге елестетіледі... »- дейді З.Ахметов.

Көлемді портретті жұптық, топтық және мінездеме-портрет деп үш топқа бөлдік.

Жұптық портрет – екі кейіпкерді қатарластыра, салыстыра отырып кескіндеу. Аталған портрет түріне екі кейікердің ұқсастығы қарама-қарсы табиғаты бойынша кескіндеме жасалады. Мысалы: Қожақ қара сұр, қыр мұрын, сұлулап қойған қалың қара мұртты, ұзын бойлы, еңгезердей жігіт. Сейіт онымен бой шамасы бірдей болғанымен, сидаң, жіңішке.

Топтық портретте бір топ адамның суреті беріледі. Топтық портрет белгілі бір мақсаттағы адамдарды суреттеуде не болмаса әр түрлі жағдай үстіндегі кейіпкерлердің психологиялық жай-күйін танытуда жұмсалады. Мысалы: Залдың бастығы балтырлы, зор денелі, Рубенс суретінен түсе қалғандай сұлу әйел үш еркекті бастап әкеп, ортадағы жасаулы столға отырғызды. Топ басындағы ербиген бойлы, үлкен көзді, тыртық бетті алпамсадай жігіт ағасы жуан қарнымен столды ұрып, бірінші отырды.

Мінездеме – портрет – жазушы шығармаларында жиі кездесетін портрет түрі. Мінездеме – портрет – кейіпкердің сырт тұлғасы мен мінезінің қатар суреттелген түрі. Тұлға мінез сәйкестігі – портрет мінездемесінің негізгі белгісі. Мысалы: Жел қағып қоңырқай тартқан жүзінде кесек мінез, тәуекелшіл мықты рух танылса, кісіге тура қарайтын өткір көзінде таза, инабатты, мол нұр шұғыласы ойнайды. Даланың сабырлы, кең мінезі сол дала жігітінің бойында еркінше дарығандай

Портрет құрамына енетін сөздер тобының ( соматикалық, вестиалды, кинетикалық) контексте жұмсалу аясы сөз тіркесі мен сөйлемде көрінеді. Микроконтексте сөз тіркесінің түрлері, олардың сөз таптарына қатысы, мағыналық ерекшеліктері, синтаксистік қатынастары айқын танылады. Макроконтексте сөз тіркесінің сөйлемдегі қызметі қарастырылады. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің қатысы, түрлері, жұмсалу деңгейі, портрет жасаудағы қызметі анық көрінеді. Портреттің тілдік көріктеу құралдарымен айшықтауға эпитет, теңеу, метафоралары және синтаксистік қайталаулардың мәні ерекше.

Портрет тілдік талдау түрлі негізде талдау мүмкін. Біз жұмысымызда портреттің лексикалық құрамын талдауды басты міндет етіп еттік. Портрет құрамына енетін үш құрамдас бөлік тілде тілде мынандай терминдермен бегіленеді: соматикалық, вестиалды, кинетикалық лексика.

Соматикалық лексика тобына адам мүшелерін атайтын сөздер енеді. Соматикалық лексика – өте жиі қолданылатын және ертеден келе жатқан лексика түрі. Соматемаларды сипаттайтын сөздерді қазақ көркем шығармаларының ерекшелігене орай он түрлі белгімен топтастырдық. Олардың әрқайсысы әрбір соматемаға қатысты жеке-жеке талданып көрсетіледі. Соматемалардың сөйлемде субьектінің орнында жүру ерекшелігі бар. «Адам, кісі» ұғымын беретін сөздердің орнына бас, көз, сақал, мұрт, ерін т.б. соматемалар жұмсалады.

Вестиалды лексика өш ішіне киім-кешекті атайтын сөздерді қамтиды. Вестемалар тоғыз белгімен топтастырылады. Вестемалар да сөйлемде субьектінің орнына жүреді. Метономия тәсілімен сөз мағынасының ауысуы вестемаларға тән. Сөйлемде субьектілік мағына киім атауларына ауысады: шолақ тонды жігіт – шолақ тонды. Вестемалар ішінде қолданылуы жиілігі жоғары костюм, көйлек, туфли, камзол, тон сөздері.

Кинетикалық лексика бет өзгерісі, дене қимылы, дене қалпын айқындайтын сөздер мен сөз тіркестерін қамтиды. Бұл топқа етістікті және есімді сөз тіркестері енеді. Көркем шығармаларда етістікті сөз тіркестерінің қоданылуы басым. Әрбір сөз тіркестерінің қолданыстағы мағыналары ашылып көрсетіледі. Бір кинетема бір ғана көңіл, сезімді береді. Мысалы: Басын төмен салды – ұялу; көзі бақыраю, аузы ашылу – таңдану.

Сипаттаушы сөздер екі түрлі белгіні анықтай алады. «Сыртқы белгілерді» сипаттайтын сөздер мен «ішкі белгілерді» сипаттайтын сөздер жеке-жеке топтарға бөлініп көрсетілді. «Ішкі белгілерді» кейбір соматемалар ғана бере алады. Олар: көз, бет, қол, қабақ, саусақ, арқа, мұрт, мұрын, алақан. Олардың ішінде көз бен бет өте жиі қолданылады.

Портреттің лексикалық құрамы

Көркем шығармалардағы портреттік суреттеулердің құрамы

негізгі үш құрамдас бөліктен (компоненттен) тұрады: 1)адам денесі мен мүшелері; 2)киген киімі; 3) бет өзгерісі, дене қимылы, дене тұрысы.

Портретті лингвистикалық тұрғыдан зерттеген еңбектерде осы құрамдас үш бөлік нысанаға алынады. Портрет құрамындағы компоненттер жеке қолданылмайды. Олардың алдынан компоненттерді түрлі белгілері жағынан анықтайтын сөздер жүреді. Портрет компоненттерінің белгілері жағынан анықтайтын сөздер жүреді. Портрет компоненттерінің белгілерін анықтайтын сөздерді сипаттаушы сөздер деп атадық. Сипаттаушы сөздер – кейіпкер болмысын, тұлғасын оқушыға айқын танытатын тілдік амал. Мысалы: портрет компоненті көзді алып, үлкен көз, сарғыш көз дейтін болсақ, сипаттаушы сөздер (үлкен, сарғыш) көздің көлемі мен түсін анықтап тұр.

Портреттік суреттеулерде сипаттаушы сөздердің қызметі ерекше. Сипаттаушы сөздер екі түрлі белгіні атап көрсете алады; 1) портрет компоненттерінің сыртқы физикалық белгілерін (ұзын көйлек, тостаған көз, жалпақ бет). Бұл топтағы психикалық, эмоциялық ерекшеліктерін атайтын белгілер (мейірлі көз, ісмер саусақ, қату көз). Бұл «ішкі белгілер» деп аталады. Лингвистикалық әдебиеттерде бұл белгілер басқаша терминдермен де аталады.

1. Соматикалық лексика (грек сөзі – «дене»). Бұл топқа адам денелері мен оның мүшелерін атайтын сөздер жатады. (көз, қас, мұрын, аяқ, қол, шаш, бет т.б). Соматикалық лексика бірлігі соматема болып табылады (мысалы, бас). Мысалы: Жаннаттың үстінде өте қымбат матадан тігілген алқызыл жұқа көйлегі бар екен. Саусақтарында бриллиант жүзіктер жарқырайды. Құлағындағы сырғалар да бриллиант... Шаштарын әр түрлі сәнді үлгімен қидырған сұлу да сымбатты қыз-келіншектер мен жүздеріне күлкі үйірілген сері де сылқым жігіттер топ-топ болып әңгіме-дүкен құрып, бір-біріне әзіл-қалжың айтып, күліп тұр...

2. Вестиалды лексика (латын сөзі – «киім-кешек»). Бұл топқа киім, аяқ киім, бас киімді атайтын сөздер енеді (туфли, шалбар, көйлек,бөрік, бәтеңке, костюм, малақай т.б). Вестикалық лексиканың бірлігі вестема делінеді (мысалы, жемпір). Мысалы: Үстіне киген көгілдір костюмі, кіршіксіз аппақ көйлегі мен қызғыш галстугы сымбатты тұлғасына керемет жарасады екен./9,40/. Жанындағысы жаздыгүні саптама етік киіп, қонышына дейін жезбен шиырлап алыпты.

3. Кинетикалық лексика (грек сөзі – «қозғалысты»). Бұл топқа кейіпкерлердің бет өзгерісі, қимыл-қозғалысын, жүріс-тұрысын, дене қалпын анықтайтын сөздер мен сөз тіркестері кіреді (ернін тістеді, маңдайын тыржитты, өтірік күлді, салқын пішін, қолын сермеу т.б). Кинетиканың лексикалық бірлігі кинетема деп аталады. Мысалы: - Иә, қалайсың?- деді ол Жаннаттың қолынан ұстап, саусақтарын ақырын ғана қасып қойып /8, 152/. – Насыбайшы ағай мойнын бұрып, мен жаққа сығырайып қабағын көтерді /9, 29/. Түсінің ажары кетіп жүдеген, ақсұрланған. Қабағы болымсыз түйіліп уайымның сызынан шытынаған.

Көркем шығармада кейіпкерлердің киім киісін суреттеу аз көлемді болып келеді. Киімге қатысты вестемалар соматемаларға қарағанда саны жағынан аз көлемді болып келеді. Кейіпкер портретін суреттеу әр жазушыда әр түрлі көлемде, әр түрлі құрамда болады. Р.Мұқанованың «Муза» атты шығармасында 41 вестема, 11 сипаттаушы сөз қолданылған. Қолдану жиілігі жоғары вестемалар орамал, көйлек, шапан, галстуг. Орамал 7, көйлек 7, шапан 4, галстуг 4 реттен қолданылған. Сипаттаушы сөздер ішінде жиілігі жоғары шыттан тігілген, ақ, жібек судай жаңа сөздері жиі қолданылған. Р.Мұқанованың шығармасына қарағанда, Н.Ораздың (Даладан қалаға келгендер) әңгімелер жинағында киім киісті суреттеу басым. Осы аталған шығармада 69 вестема, 60 сипаттаушы сөз қолданылған. Қолданылу жиілігі жоғары вестемалар көйлек, пима, шалбар, туфли. Көйлек 11, пима 20, шалбар 4, туфли 4 реттен қолданылған. Сипаттаушы сөздер ішінде қолданылу жиілігі жоғары ақ (20), қызыл (2), ескі (5), су жаңа (3), көгілдір (5) сөздері жиі қолданылған. М.Әуезовтың (Қорғансыздың күні) 25 вестема, 21 сипаттаушы сөз қолданылған. Жоғарыда аты аталған жазушылардың шығармаларымен салыстырғанда М.Әуезов шығармасында вестемалар аз көлемде жұмсалған. Бұл шығарма бойынша қолданылу жиілігі жоғары вестемалар көйлек (6), камзол (5), шапан (5). Сипаттаушы сөздер ішінде жиілігі жоғары ақ (5), жібек (3), шапан (5) рет қолданылған.

Бұл ғылыми жұмысымызға сай мынадай нәтижелер қорытылды.

Портретті тілдік тұрғыдан талдамас бұрын оның көркем шығармадағы элементтерінің бірі ретінде алып, оның кейіпкер мінездемесіне қатысын айқындадық. Портреттің қолдануы өмірдің сан түрлі саласын қамтиды. Соның ішінде әдебиеттегі портреттің орны өзінше бір бөлек. «Әдеби» портрет кейіпкер ұғымымен қатар жүреді. Портрет десе адамның кескін-келбеті бар тұлғасы көз алдыңызға елестейді. Оның негізі тілде жатыр. Тілдің сан қырлы күшімен, сөздердің сырлы бояуымен салынатын жандылығымен, құбылмалығымен ерекшеленеді.

Портретті тілдік талдау түрлі негізде талдау мүмкін. Біз жұмысымызда портреттің лексикалық құрамын талдауды басты міндет еттік. Портрет құрамына енетін үш құрамдас бөлікті тілде мынандай терминдермен белгіленді: соматикалық, вестиалды, кинетикалық терминдері жұмсалды. Негізгі үш құрамдас бөліктен тұрады: 1.адамның денесі мен мүшелері; 2.киген киімі; 3. Бет өзгерісі, дене қимылы, дене қалпы. Портреттік суреттеулердің негізгі осы үш құрамдас бөлігі болып табылады. Сонда портреттің лексикалық құрамы негізгі сөздер тобынан тұрады: 1. Адамның денесі мен оның мүшелерін атайтын сөздер-соматикалық лексика; 2. Киім-кешекті атайтын сөздер-вестиалды лексика; 3. Бет өзгерісі, дене қимылы, дене қалпын атайтын сөздер мен сөз тіркестері-кинетикалық лексика.

Портрет лексикалық құрамының қолданылу ерекшеліктері көркем мәтінде айқындалады. Олардың мән-мағынасы, тілдік қызметі контексте ашылады. Контекс, біздің қолдануымы, тілдік бөлшектермен біріге отырып, шығарма мазмұнына, идеясына, жазушы мақсатына бағынады.

Сонымен, бұл жұмыста портреттің көркем шығармадағы орны, қызметі, құрамы кеңінен сөз етілді. Портреттің әлі де қарастырылмаған қырлары көп, портрет көлемді еңбектердің обьектісі болуы тиіс. Жазушы портреттің көркем шығармадағы орны, қызметі үлкен екенін дәлелдей түседі. Портреттің мазмұны ғана емес, оның құрамының да кейіпкер мінезін берудегі мінезі үлесі бар. Сан сала сәттерде сан түрлі толғаныс билеген ол жандар сан түрлі мінез, қылық көрсетеді. Адам сезімге бай...Осы сәтте көз тұндыра көпшілікке жеткізер әдебиетте бір-ақ қару бар. Ол-тіл. Портрет ұғымының түп тамыры қазақ тілінде жатқаны сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет