ІІІ Топ
1-тапсырма. Кестедегі кейіпкерлердің мінез сәйкестігін табу
Берілген мағына
|
Оның мағынасы
|
Құрмаш
|
Көксеректі асыраған бала. Басты кейіпкер
|
Көксерек
|
Адамдар ауылға әкелген күшік. Құрмаш асыраған қасқырдың күшігі
|
Қасен
|
Аңшы. Қасырды ұстаған жан.
|
Құрмаштың әжесі
|
Құрмаштың әжесі. Зарлап қалған жазықсыз жан.
|
2-тапсырма. Қасқырға байланысты мақал-мәтелдер айту
ІҮ топ. 1-тапсырма. Берілген сурет бойынша ойды жалғастыр (бала мен көксеректің суреті)
2-тапсырма. Венн диаграммасын құру
Қасқыр Ит
Ұқсастығы
Соңғы кезең тақырыпты бекіту болып табылады. Тақырыпты бекіту «Көксерек» шығармасы бойынша тест алу жұмысы негізінде жүзеге асады. Үйге тапсырма ретінде «Қасқырдан сақтанғанша, қасқыр кейпіндегі адамнан сақтанайық!» тақырыбында ойтолғау жазып келу тапсырылады. Сабақ соңында оқушыларға «Жазушыға бұл туындыны жазуға не әсер етті деп ойлайсыңдар? Өз ойларың қандай?» деген сұрақ қойылады.
Қорыта айтқанда, әдебиет сабағында көркем мәтінді талдаудың орталығында шығарманың композициясы мен тілін талдау, суреттеу тәсілдерін анықтау, кейіпкерлерге мінездеме жасау міндеттері тұрады. Талдау сабақтарында оқушылардың белсенділігі есепке алынады. Оқушылардың өздігінен және топпен талдай білу қабілетін дамыту мақсатында пән мұғалімі көркем шығарманы оқушылармен бірлесе отырып талдап, мәтін талдаудың толық үлгісін көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Байтанасова Қ.М., Айтуғанова С.Ш Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.-Астана:Фолиант, 2008.-160 б.
Құрманбаева Г., Дүйсебаев С. Әдебиет сабақтарының үлгілері.-Алматы: Білім, 1999.-14 4 б.
Әдебиет сабағында әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту
ҚарМУ, 4-курс студенті Б. Халманова
Ғылыми жетекшісі ф.ғ.к., доцент Ж.А. Рүстемова
Оқушыларды көркем әдебиетті оқып-үйренуге баулу белгілі бір мөлшерде әдеби-теориялық ұғымдарды жете меңгерту жұмысымен тығыз байланысты. Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту, ең алдымен, көркем мәтін құрылысына қатысты болып табылады. Мәтіннің композициялық құрылысынан тыс тұратын әдеби-теориялық ұғым болмайды. Әр сыныпта әдебиет теориясына байланысты ұғымдар әр түрлі деңгейде оқытылады. Оқушының базалық білім курсында алған әдеби ұғымдары жоғары сыныптарда жекелеген ақын-жазушы шығармаларының әр түрлі көркемдік қырларымен танысуы арқылы тереңдей түседі.
Әдебиетті жете түсінудің негізі – шығарманы оқушының қабылдауында және оның көркемдік әсерін сезіне білуінде. Мұғалімнің оқыту тәжірибесіндегі әдіс-тәсілдерінің бәрі де көркем шығарманы, әдеби-теориялық ұғымдарды жете меңгертуді көздейді.
Жалпы әдебиет теориясынан білім беру жеке жүргізілмейді. Әдеби-теориялық білім көркем шығарманы оқып-үйрену негізінде беріледі. «Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын көркем шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері белгіленген. Оқушыларға оқылатын материалдар ерекшелігіне байланысты әдебиет теориясы ұғымдарына түсінік беріп отырады»[1,195].
Көркем шығарманы оқыту, ауызша мазмұндау, талдау, жинақтау жұмыстарының негізгі мақсаты – оқушыға шығарманың идеялық мазмұнын ұғындыру, ол мазмұн көркем сөздер, суреттеулер, көркем бейнелер арқылы жасалатынын таныту болып табылады. Әдебиет – сөз өнері, сөз – шығарманың негізгі материалы(Федин) екені, сөзді құбылту арқылы сурет, бейне жасалатыны оқушыларға әр сабақта түсіндіріліп отырады[2,13].
Оқырман сезімін оятатын суреттер, таңғажайып әрекеттер, оқиға, көркем бейнелер сезімді баурайды. Мәселен, «Кендебай көкжал қасқырды құйрығынан ұстап алып, бұлғап-бұлғап лақтырып жіберіпті» деген шағын суреттеудің оқушы зердесіне бірден әсер ететіні шындық.
Сондай-ақ,
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды...
- деген өлең шумағындағы ақынның «ақ сақалды» деп отырғаны шал емес, көркем сөзбен ауыстырыла бейнелеген қыстың суреті екенін оқушы біліп, кейіптеу үлгісімен танысады. Әдеби-теориялық ұғымдарды берудің бір жолы салыстырмалы жұмыстары болып табылатындықтан, бұл ұғым Т.Ахтановтың «Боран» атты шығармасын оқуда дамытылып, кеңейтіле түседі.
Қап-қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген,
- деген шумағындағы ақсақ киік суреті, оның аянышты тағдыры оқушының аяушылық сезімін туғызбай қоймайды. Осындай бейнелеу, теңеу суреттерін таныта түсу сол шығарма туралы алғашқы түсінік беруге жол ашады[3,47].
5-сыныпта халық ертегілерін оқыту негізінде әдеби-теориялық ұғымдар төмендегідей жүйеде беріледі:
Ертегі кейіпкерлері мен әрекеті жайында бастапқы ұғым.
Әдеби ертегі кейіпкері және әрекеті жайлы ұғым.
Кейіпкер мінезі мен жағдай ұғымын білгізу.
Көркем мәтіндегі кейіпкерлер қарым-қатынасы мен сюжет белгілерін білгізу.
Бірінші кезекте, «ертегі» жанрынан берілген шығармадан кейін «ертегінің» басты сипаттамалары туралы анықтама ұсынылады. Өйткені, ауыз әдебиеті, ертегі туралы жалпы ұғым ертегіге арналған алғашқы сабақта беріледі. Ал, халық ертегілерінің кейіпкерлерін ашып көрсету – жалпы әдеби кейіпкер ұғымын қалыптастырудың алғашқы сатысы. «Керқұла атты Кендебай», «Алтын сақа», «Қаңбақ шал», «Қырық өтірік» ертегілеріне арналған сабақтарда оқиғалар қандай кейіпкердің басында болғанын атап көрсетуге көңіл аударылады. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде оқиғалар Кендебай іс-әрекеттерімен байланысты болып келеді. Сол себепті алдымен «кейіпкер», «әрекет», «оқиға» деген ұғымдарды меңгерту қажеттігі туады. Қандай оқиға болса да, әрекет оқиғаның алдында жасалады. Кейіпкердің әрекеттері оқиғаға алып баратыны жөнінде қарапайым ұғым беріледі.
Кендебайдың әке-шеше, халық үшін арқар мен киікті, құлан мен маралды аулауы, жетім баланың әке-шешесін іздемек болуы – өмір үшін күрес пен әрекет. Кейіпкердің қасқырды өлтіріп, құлынды аман алып қалуы, жеті басты дәу мен арыстанды жеңуі – ерекше оқиғалы әрекеттер. Ертегідегі әрекеттер мен ғажайып оқиғалар – адамға қас күштерді жеңіп шығу, табиғаттың жұмбақ сырларын ашу, сөйтіп адам өмірін жеңілдету мақсатынан туған халық арманы екені түсіндіріледі. Кендебай – сол халық қиялы туғызған батыр, мерген, қайырымды жан, халық қамқоршысы ретінде жасалған бейне екендігі жөнінде оқушыда ұғым қалыптасуы керек.
Ертегі кейіпкері және оның әрекеті туралы ұғым «Қырық өтірік» ертегісіндегі тазша баланың бейнесін ашу арқылы дамытыла түседі. Ханның елге қандай жарлық таратқаны, ханның жарлығын орындамақ болғандар қандай жазаға ұшырағаны, Тазша баланың хан алдына келуіне не себеп болғаны, Тазша баланың сыртқы түрі, кейпі қандай екендігі жөнінде оқушы ұғымын анықтайтын сұрақтар ұсынылады. Жылқы бағу, суат ою, жоқ іздеу, қайықпен судан өту, тезек теру, етік майлау, табақ тарту әрекеттері кімге тән екендігі анықталады. Бұның бәрі шаруа баққан еңбек адамының атқаратын істері екендігі дәлелденеді. Кейіпкер сөзінен оның қазақ өміріндегі шаруа жайлы мол білімі, батылдығы, тапқырлығы, сөзге шешендігі, алғырлығы танылады. Баланың өмірде болатын шындыққа сәйкеспейтін өтірігі оқушыны ақиқатты білуге, еңбек процесін тануға баулиды.
«Күн астындағы Күнікей қыз» ертегісіндегі «Кімде-кім алтын мүйізді киікті ұстап әкеп берсе, адам айтқысыз сый беремін» деген хан жарлығы оқиғаның басталуына себеп болғанын дәлелдейді. Балаға сый бергісі келмеген ханның қайта-қайта тапсырмалар беруіне уәзірлердің қулығы себеп болса, баланың хан тапсырмаларын орындауына шешесінің, ақ сақалды шалдың және Таусоғар, Тыңшы, Көлтауысар, Желаяқ, құмырсқалардың көмегі себеп болады.
Орта сыныптарда халық ертегілерімен бірге, «Толағай», «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар» сияқты әдеби ертегілер де оқытылады. Халық ертегісі мен әдеби ертегінің айырмашлығын көрсету мақсатында «Толағай» ертегісін «Керқұла атты Кендебай» ертегісімен салыстыру тиімді болмақ. Кендебай ертегісі ауызша баяндау үлгісінде айтылса, «Толағай» жыр үлгісінде және суреттеулермен беріледі.
Ел күйзелгенде Толағай да күйзеледі, қиналады, көп ойланады, анасынан ақыл сұрайды. Ос тұста пән мұғалімі оқушылардың есіне Кендебайды түсіреді. Кендебайдың психологиялық көңіл-күй сезімдері айтылмайды. Оның барлық ісі сәтті, ойдағыдай аяқталады. Дәуді, арыстанды табу, өлтіру жайында ол басқа кейіпкерден ақыл сұрап та жатпайды. Оған Керқұла аты ақыл береді. Қаскөй жауыз күштердің адамға қарсы тұрып, жауыздық қайрат жасауы, олардың қимыл-әрекеті «Толағай» ертегісіндегідей суреттелмейді. Ертегі кейіпкерінің әрекет нәтижелері ғана тізбектеледі. Бұл ерекшелік халық ертегілеріне тән сипат екені танылады. Сөйтіп кейіпкер әрекетін баяндау халық ертегісіне, ал кейіпкер портретін, сөзін, ой сезімін, әрекетін суреттеп елестету әдеби ертегіге тән болып келетіні жөнінде оқушыларға қорытынды жасатуға болады.
Әдеби ертегі жанры жөніндегі ұғымды «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар» ертегісі арқылы дамытуға болады. Ара ханы, көбелек, маса, инелік, құмырсқалардың адамша сөйлеуі, өнер көрсетуі ертегі кейіпкерлерінің аллегориялық сипатын аңғартады. Осындай, әдеби-теориялық ұғымдар беру арқылы сынып оқушылары әдеби ертегі жөнінде белгілі бір түйінді пікірге келеді. Әдеби ертегінің халық ертегісінен айырмасы – авторының белгілі болуы, әдеби ертегінің өлең не қара сөз түрінде де жазылатыны, кейіпкері тек адам ғана емес, жәндіктер кейпінде немесе жезтырнақ сияқты қаскөй күштер бейнесінде де берілуі.
Кейіпкер мінезі мен жағдай ұғымын М.Әуезовтің «Абай жолынан» алынған «Әжемнің әңгімесі» атты үзіндісін оқыту кезінде Абай бейнесіне көңіл аудартатын сұрақтар беруге болады. Абайдың сырт келбеті қалай суреттеледі? Оның көңіл-күйі, пейілі, ықыласы нені қызықтауға ауды? Абайдың сырқатынан айығуына кімдер, қандай жағдай себеп болды? Абайдың аналары қандай адамдар деп ойлайсыңдар? Осындай сұрақтардың жауабында жас Абай бейнесі, оның портреті, ішкі сезімі мен жан дүниесі, көңіл-күйі, мінезінің өзгеру себептері ашылады. Жас Абайдың ермегі, тапқан досы – әже әңгімесі болып, оны ықылас қоя, ынтыға тыңдауы жас Абайдың психологиялық көңіл-күйін суреттеу болып танытылады.
Т.Ахтановтың «Боранда» әңгімесінде дүлей боран суретіне көңіл аударудың ерекше мәні бар. «Жел осып-осып жібереді», «тына қалады», «ішін тартады», «Қоспанды төмпештейді», «жас қарды былш-былш соғады», «Қоспанды айдап кетті», «үйіріп жүр», «жеңгісі келетін сияқты», «шым-шымдап ішке кіреді», «жылуын сорады», «демін ішіне тартады», «жуаси қалды», «қуып әкетеді, жау әскеріндей шегеріп тастайды», «шегініп барды» т.б. осындай бейнелі сөздер арқылы жазушы Қоспан басындағы ауыр жағдайды шиеленістіре түсетін желді, ақ-түтек боранды адамның қимыл қозғалысты іс-әрекетіндей етіп көркемдей суреттейді. Бұл суреттен оқушы алатын әсер мол. Осыдан бұрын оқылатын Абайдың «Қыс» өлеңінің көркемдігімен салыстыру да өз нәтижесін бермек. Оқушылар мәтінді көркемдеп оқу, мазмұндау арқылы кейіпкер мінезінің қалыптасуына, өзгеріп құбылуына белгілі бір жағдайдың ерекше ықпалы болатынын түсінеді. Оқушыларға әдеби-теориялық ұғым берудің өзіндік күрделілігі бар. Дегенмен, әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру әр мұғалімнің жеке ізденісіне, қабілеті мен шеберлігіне байланысты.
Сонымен, әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту дегеніміздің өзі – оларды көркем шығарманы талдау барысында кеңінен пайдалану болып табылады. Демек, әдебиет сабағы барысында әдеби-теориялық ұғымдар жүйелі түрде, көркем туындының басты ерекшеліктерін танытатын құралдар ретінде үздіксіз оқытылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. –Алматы: Мектеп, 2003. -336 б.
2.Қабдолов З. Сөз өнері. -Алматы: Санат, 2002. -359б.
3.Әдебиет:жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған оқулық. -Алматы:Атамұра, 2001.-303 б.
МАЗМҰНЫ
Ғалым мұрасы ғылым және білім үдерісінде
Зиядиев М.Ф. Профессор С.М.Исаев - қазақ әдеби тілін терең зерттеуші..................................................................................................3
Ерғали Гүлден. Профессор С.М. Исаев қазақ тіліндегі атау септігі мәселесі жайында..............................................................................10
Молданиязова А.А. Ғалым С.М. Исаев профессор Қ.Жұбановтың зерттеулері туралы..................................................14
Қайырбекова Аида. С.М. Исаев Абайдың қара сөздеріндегі функциялық жұрнақтар жайында....................................................21
Қазақ тіл білімі мен түркітану мәселелері
Әбдіманап Шыңғыс. «Қу бастан қыурдақтық ет алатын» тіркесінің мәні мен қолданылуы.............................................................................27
Қайратқызы Ұлпан. Қазіргі қазақ тіліндегі метатеза.......................34
Нұрмат Бағдәулет. Аббревиатуралар плеоназмы...................................38 Мырзаәлі Ботакөз. С. Торайғыров дискурсындағы «оқу» концептісі......................................................................................................43
Өтеуова Айнұр. «Жер» концептісінің номинативтік өрісі ...................50
Қамырхан Айжан. М. Шаханов дискурсындағы афоризмдер……………………………………………………….............55
Аділбаева Аружан. Медициналық терминдердің жасалуы..............…. 62
İkbal Yürekli, Oteuova Ainur. Kazak türkçesi ve türkiye türkçesinde filolojik terimler - Қазақ және түрік тіліндегі лингвистикалық терминдер…………………………………….........................................….67
Бәкен Әйгерім, Özlem Durmaz. Қазақ және түрік тілдеріндегі басқа тілдерден енген терминдер……………………………........................…..73
Қазебек Ләйлә, İbrahim Özkan. Қазақ, түрік тілдеріндегі туыстық атауларға байланысты мақал-мәтелдер………...........................………80
Elif Merve ŞAHİN. Zubaira Zhorabek. Тürk dili ve kazak dilinde bulunan bilim ile ilgili ortak atasözleri………………………………….86 Нұрмахан Майра. Қазақ тіліндегі сөздердің мәні мен мағынасы................................................................................................92
Еркінбекова А. Байтұрсынұлы еңбегінен бастау алған “жиылыңқы қиысу» мен қазіргі қазақ тіліндегі ыңғайлас (мезгілдес) салаластың айырмашылығы…………………………………........................…….....96
Сүгірова С. Е. Қазақ тілі дыбыстары құрамының зерттелу жайы……………………………………………….............................…100
Ешмагамбетова Н.А. Функционалды грамматиканың .
негізгі ұғымдары…………………………………………........................106
Жұмақаева Аделя. Мерзімді баспасөз тілінің ерекшелігі…................112
Қазебек Ләйлә. Сөзжасамдық тип пен үлгі терминдерінің ғылыми жұмыстардағы сипаты..........……………………..................................…118
Шерімбетова С. Әнуар Әлімжанов повестеріндегі салт етістіктердің меңгеріле байланысуы..........................................................................123
Манап Сымбат. «Қырымның қырық батыры» жырындағы туыстық атаулардың лингвокультуремалық сипаты.........................................129
Тоқтасын Ұлжалғас. Қазақ тіліндегі модаль сөзді
сөз-сөйлемдердің қолданылуы..................................................................136
Зарқымова Ф. Бейнелі сөздер прагматикасы...................................141
Кайимов М. «Астана» астионимінің лексикалық мағынасы ..............144
Мұқанова Ә.Т. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың жіктелу ерекшеліктері………………………………………..................................152
Оңалбек А.А. Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі мен стилі ........158
Тұрғынов Еркінбек. Мұхтар Шаханов шығармаларындағы
«шындық» концептісі……………………………………….....................168
Иманмəди Мөлдір. Ünal Sari. Қазақ және түрік тілдеріндегі антонимдердің стильдік қызметі……………………………...................173
Sümeyya Gökbudak, Алдабергенова Ләззат. Қазақ және түрік тілдеріндегі фразеологизмдердің лингвомәдени және танымдық сипаты………………………………………….....................................….178
Кеңесова Сәния.Ә.Қайдардың және тіл білімінің өзекті мәселелері………………………………………………….................…..181
Ардабеқызы Айым. Қазақ мақал-мәтелдеріндегі әке, ер жігіт концептісі....................................................................................................185
Бұғыбаева Әсем. «От» концептісінің семантикалық ..........................194
Tuğba Özenç. YY’dan günümüze kazak türkologlari.....................200
Ақсұңқар Әбиден. Eмrе Аtаsоy. Қазақ және түрік тіліндеріндегі қыз балалар тағатын әшекей бұйым атаулары.............................205
Бакиева А.А. «Сан-мөлшер» концептінің морфологиялық репрезентациясы...............................................................................212
Албекова Ғалия. «Отбасы» концептісін талдау..........................................218
Кенешева Г. Тілдегі атаулар құпиясы .........................................223
Babatayeva K. K. Socio-cultural context and its impact on the construction of business correspondence texts................................229
Мұзапарова Ә.Д. Түбірлес сөздердің мағынасы мен құрылымдық жүйесі..........................................................................................................235
Өтеміс Айгүл. Қазақ тіліндегі соматикалық фразеологизмдердің бағалауыштық коннотациясы........................................................242
Қуатбекова. Қазақ тілі синтаксисінің зерттелу тарихын жүйелеудің мәселелері....................................................................252
Қиқымбаева Диана. Жай сөйлемнің типтері және оның зерттелуі...........................................................................................256
Қазақ Және орыс әдебиеті мәселелері
Манатай Елдана, Әлімханова Мерей. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа............................................. 259
Ахметова Амина. Қазақ поэзиясындағы Көкшетау
табиғаты ..............................................................................................266
Нурланова Асель. Некоторые особенности перевода детской литературы..........................................................................................275
Мамирова Асем. Образ дерева в творчестве Л.Толстого и М. Ауэзова.........................................................................................279
Ізбасарова Қ.С. Жамбыл және Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлының айтыс өнері................................................................. ......................285
Құдасова Ш.О. Тұрсынжан Шапай әңгімелерінің көркемділігі туралы.................................................................................................290
Абдыкалыкова Асель. «Абай жолы» эпопеясындағы эпизодтардың салыстырмалы үзінділері …………………………….....................295
Таңжарықова Айдана. Кейіпкер мінезіндегі вестемалар мен кинемалар...........................................................................................302
Мамиров Нұрсұлтан. Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні............. 308
Сисенбаева А.С. Ж. Молдағалиев поэзиясының («Мен – қазақпын» поэмасы) лингвостилистикасы.........................................................312
Таңатарова А.Х. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуындағы ежелгі дәуір (Ислам дәуіріндегі) әдебиетінің ролі...............................................318
Бажикеев Қ. С.Аққұлұлы, Ж.Смағұлов зерттеулеріндегі әлихантану мәселелері.........................................................................................325
Сүлеймен Дана. «Гүлстан би-т-түрки» дастанындағы ел басқарған билеушілер бейнесі.........................................................333
Сұраубай Г. Қараменденің шешендік өнері........................................337
Педагогика, тіл мен әдебиетті оқыту мәселелері
Cоветова Анар. Синтаксистік бірліктерді ірілендіріп оқыту технологиясының теориялық негіздері.......................................... 344
Жалғасбаева Гулфайруз. Шетел тілін үйретуде инновациялық технологияны пайдалану әдістемесі..................................................348
Кеңесова Б.О. Әдебиет пәнінде «диалогтік оқытуды» қолдану тиімділігі..........................................................................................355
Мухамедьярова Д.М. Оқу үдерісінде жаңа ақпараттық қатынастық технологияларды қолдану.................................................................360
Жаулыбаева А. Тілді меңгеру – негізгі мақсат...........................366
Сүлейменова Ә. М.Мағауиннің «Аласапыран» романындағы бала тәрбиесі................................................................................................371
Дәулетбек Э.Қ. Өзге тілді оқушылардың тілдесім дағдысын қалыптастыруда мәтінмен жұмыстың маңызы....................................377
Жамалова А. Әдебиет сабағы және көрнекілік...........................382
Оралканова Ж.А., Мухамедьярова Д.М. Развитие и формирование познавательных интересов учащихся на уроках...................................388
Артукматова З.М. Оқыту әрекетін дұрыс ұйымдастырудың бір формасы – өздік жұмыс........................................................................393
Айымбетова Әсел.Анa тілі негізінде пайда болған үштілділік - игілікті құбылыс.......................................................................................398
Дүйсембекова А.Е. Әдебиет сабағында көркем мәтінді
талдау ......................................................................................................402
Халманова Б. Әдебиет сабағында әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту .......................................................................................................407
Достарыңызбен бөлісу: |