Пайдаланылған әдебиеттер
1 А. Байтұрсынов. Әдебиет танытқыш. А., 1998
2. Серғалиев М. «Көгілдір экраннан айтылар сөз немесе осы төңіректегі кейбір ойлар». Халық кеңесі, 1994ж, 5 наурыз.
3. Р. Сыздықова , «Сөз сазы» Алматы, 1983ж.
4. Балақаев М., Серғалиев М. "Қазақ тілінің мәдениеті.Оқулық. Алматы, 2004ж.
5. «Жас Алаш» газеті,№136,2009.
6. Омашев.Н. Мерзімді баспасөздің дамуы мен қалыптасуы. Алматы: Арыс,2003.
7. Қазақ журналистикасы. ІІІ томдық. Алматы,2008.
Мұхтар Шаханов шығармаларындағы
«шындық» концептісі
Тұрғынов Еркінбек
Абай атындағы ҚазҰПУ-дің ІІ курс магистранты
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к. Қоқанова Ж.А.
Шындық кәусар ақындыққа болу керек асыл ән,
Шындықты айтып ер Махамбет айырылған басынан...
Шындық. Бұл ұғым туралы әркімнің түсінігі әр түрлі. Индивидтің «ғаламның бейнесін» тануы сан алуан болуы заңды. М.Шаханов жай ақын ғана емес, қоғам және мемлекет қайраткері сондықтан да оның тілдік тұлғасын анықтауда ізденісті кеңінен алу керек. 1989 жылы ол Жоғарғы Кеңес депутаты болып тұрғанда қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебісін алуға үлкен азаматтық танытқан түлға. Одан бөлек Шаханов қазақ тілінің дамуымен көркемдік жағынан баюына өз шығармалары арқылы да мол үлес қосты. Ақын өз жырларында қазақ тілінің түрлердіріп, ерекше сөз жасай алады. Бұл күнде біз ауызекі тілімізде ақпарат құралдарында жиі қолданып жүрген «космополит» және «мәңгүрт» «Қазақстандық ұлт», деген сөздердің ең бірінші болып қолданып және әлгі сөздердің мән-мағынасын айқындап берген М.Шаханов қолданды емес? Одан басқа тек Шахановтың шығармаларынан оқуға болатын сөздер де бар. Олар: «Қарын мүддесі», «Ырбигүл мен Жырбибай», «Тымпибай», «мордиясы ғана қазақ -МҒҚ», «шындық рухы», «рухи мүгедектер» т.с.с. Мұнан бөлек ақынның тіліндегі қысқарған сөздердің орны тіптен бөлек.
Өткен ғасырдың аяғынан бастап, қоғамдық өмірде өзіндік бітім-болмысымен түрен салған М.Шахановтың сюжетке құрылған 3,4 романның жүгін арқалайтын поэмаларымен қоғамдық өмірдегі қазақтың зиялыларының басын топтастырып қол жинап жасаған мәлімдемелерімен келген М. Шахановтың жолы басқалардан мүлдем бөлек. Шығармашылық жолында тудырған концептілерінің жөні тіптен бөлек. Қоғамдық-саяси жұмыс пен мемлекеттік қызметтегі жасаған істері арқылы жасаған азаматтық борышы негізде қалыптасқан ұғымдар жинағы мен концептісі де зерттеуде үлкен еңбек. М.Шахановтың шығармашаларын зерттей келіп, когнитивтік лингвистика бойынша концептілерін төмендегідей топшаладық: 1. Рух, 2. Ұлт 3.Ұлтжандылық, 4.Шындық, 5.Елдік, ұлттық мүдде, 6. Мемлекеттік тіл концептілері деп топшаладық. Соның ішінде біздің ерекше топталатынымыз «Шындық» концептісі. Бүгінгі күні қазақ халқының көбісі жағымпаздыққа бой ұрып, ақты ақ деп, қараны қар деп айтудан қалып бара жатыр дейді ақын.
Оның қазақ ұлтының бір бөлшегі ретінде ұлтына қызмет ету мәнінен көрінеді. М.Шаханов шығармаларында ұстанған ең басты кредосы - «ұлтжандылық», ұлтына жаны ашу.
М.Шахановтың тіліндегі жеке дара сөздермен өзіндік сипаттағы ұғымды саралалық. ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап қолына қалам алған бұл күнде әлемге аты мәшкүр Алаштың аяулы ақыны М.Шаханов леңнің техникасына ерекше мән беріп, лирикалық шығармашарымен қалың көпшілікке бірден танылды. Лирикалық жырындағы ой мағынаның берілуі бір поэмада бірнеше романның мән-мағынасын сыйдыруы ақынның Құдай берген ерекше таланты демесекке болмайды.
Ақынның ең үлкен байлығы гиманисттік ойлау жүйесі. Сол арқылы ол жеке адамның тағдырына терең үңіле отырып, жалпы адамзаттың болмысқа құлақ ұрады. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жастарды ақтап алу үшін, Кремлдегі сөзі ақынның азаматтығын еселеп арттырғаны сөзсіз.
Тәуелсіздік жылдарында М. Шаханов барлық уақытта халықтың мұң мұқтажын айтумен жүр. Қазақ тілінің қолданыс аясын арттыру елдегі орыс тілінің негізсіз үстемдік құруына жол бермеу үшін талай жиын өткізіп, қаншама мәлімдеме жасап, қазақ тіліне ашық қарсы шығатын орыстілді қазақтардың мысын басумен келеді.
Қай жағынан алып қарайтын болсақ та М.Шаханов өз ісінің білгірі және өрге сүйреуші алыбы. Оның осызамандық философиялық, тілдік тағыдыры туралы ойтолғамдарын саралап көрелік.
«Ақындықтың міндеті мен азабы» деген жырында тек ақынның сөз қолданысы екенін аңғартып тұратын «аузы ғана белсенер», Ұлттық рухи мүдде шыңы – шындық үшін күрескен. «уақыт көшкіні», «мінезсіздер қаптады», «ой-санамда жаңғырар». «Шыншыл ақын болу деген – азаптың ең азабы. Сол азапқа төзе білу – ғажаптың ең ғажабы.» деген екі қатар жол арқылы бүкіл ақындық ұғымының анықтамасын беріп отыр десекте болады.
Мұндағы басты ұстаным ақын әз кезеңде де шындықты айту керектігі және том-том кітап шығарған ақындар уақыттың өздері өмір сүріп отырған дәуірге сай ғана өлең шығару ақындық мінезге жатпайтынын анықтайды. Ақын деген ұғымды иеленген адамнің «басты мақсаты өз халқының сан ғасырлық» тарихын, ділін, тілін құрметтеуге әркез бас иіп, қызмет ету – дейді. Бұл ісіңді ашық шындықпен көрсету. Ол үшін мінезің шындықты ту ете білуі керек. Егер олай істей алмасаң, сенен үлкен ақын шығуы және күтілуі бос әуре тірлік дейді.
М.Шаханов шығармашылық саласында да Қазақстанның қоғамдық жұмысы саласында да талай іс атқарды. Шындық, әділдік туралы оның түсінігі басқалардан мүлдем бөлек. Ақты ақ деп қараны қара деп ашып айтып әрбір іске тігінен (вертикально) келмей ойға алған ісіміз оңбайды. Қаншама жылғы білімі мен аса мол тәжірбиесі арқылы ойқорытуымен ақпаратты тануы мен шындық дитекторынан өткізіп саралай ақынның өте сезімталдық қасиетін одан әрі арттығандай. Ғылым тілімен айтар болсақ, адамның өмірде жиған тәжірбиесі мен ғаламды тану түйсігі арқылы түрлі концентілер туындайды. Аталған өлеңінде ...Ешқашанда шыншыл ақын шыққан емес қорқақтан» – дейді. Бұған дейін «шыншыл ақын», «қорқақ ақын» деген теңеу әдебиетте көп кездеспегендіктен, М.Шахановтың ақындыққа жалпы адамзатқа қатысты талап тілегіөте жоғары. Және ол көп дүниені өзінің дәрежесінде көргісі келеді де қоғамнан сондай ірілік пен парасаттылыққа үндейді.
Әрбір қазақ білуге тиісті жаңа ұстанымды ақын «Шындығын жоғалтып алғандар мен ұлттық мүддеден бойын аулақ салғандар туралы» деген поэтикалық жырэссесінде де шындықты жоғалтудың орасан залалын айтады. Бұл өлеңдегі ақынның өзіндік қолтаңбасын аңғартатын сөздерді теріп көрелік. «Дарын жеткен қарынға», «жүрегінің шындығын», «рух қуатын», «шындығы өлсе», «Шындық кейдеқалың «арпа ішіндегә бір бидай» жұрттың бәрі өз қызметі деңгейінде шындығын сақтап, елдік, ұлттық мүддеге қызмет етпесе оның құны көк тиын. Шындығынын жоғалтқан талай пенде құнсызданып, жағымпаз адамға айналуы қоғам үшін қауіпті екенін осындай отты жырға арқау етіп, кең астармен ашық оймен берілген өлеңнің фәлсафалық мәні зор.
Концепт – дегеніміз адамның білімі мен тәжірбиесін бейнелейтін ақпараттық құрылымының және біздің санамыздағы психикалық ресурстардың бірліктерін түсіндіру үшін қолданылатын термин; адам жадының менталдық лексиконыңы, мидағы концептуалдық жүйе мен тілдің, сондай-ақадам психикасында таңбаланып-бейнеленген бүкіл ғалам бейнесінің шұғыл түрде жұмсалатын, әрекет ететін мазмұндық бірлігі». Концепт ұғымы адамның ойлау әрекет барысында пайдаланатын және оның тәжірбиесі мен білімдерінің мазмұнын көрсететін, адам баласының бүкіл тіршілік әрекеті мен ғаламды тану процесінде қол жеткізген нәтижиелерін білдіретін білім кванттары түрінде болатын мәндер туралы түсініктерге сәйкес келеді.
Ғалымның бұл тұжырымдамасынан түйетін ойымыз адамның өмірлік тәжірбиесі мен білім арқылы автордың айтар оқырманға жеткізер айтар ойның ортақ мәні. М. Шаханов Қазақстанның саяси-қоғамдық істеріне араласа жүріпте талай дүниелер жазды. Сол жолда біршама атағы елге кеткен ақын-жазушылардың елге, ұлтқа сатқындығын көрді. Сол көрген түйген өміріндегі басынан өткерген жағдайын жазуы және оны қалың оқырманға жеткізуі және сол оқырманның автордың ойын ұғына білуі концептуалдық жүйе.
Өзіміз талай ісіне куә болған Бекқал Әбіш деген жазушы, сценарист, режиссер апайымыз жол көлік апатынан қазаға ұшырағанда М.Шахановтың оған арнаған «Шындық тауына шыққан қыз» атты өлеңінен үзінді келтірелік.
Әйелдердің көпшілігі «пәйел» болған заманда,
Біз шындығын жойғандарды санамадық адамға...
Ұлттық мүдде мұңайса егер пенделіктің дауынан,
Тіке қарап тұрасың сен қайсар Шындық тауынан!
Шындығынан айырылыған адам адам әділдікке болыса алмайды. Сондықтанда әділгі жоқ адам шындығы жоқ, рухы жоқ адам деп таразылайды азамат ақын.
Ю.С. Степанов концепт құрылымы үш компоненттен тұрады дейді:
1. Негізгі, актуалды белгісі.
2. Қосалқы немесе пассив белгілері.
3. Сырттай сөз формасында берілетін ішкі форма. Концептінің негізгі актуалды «қабаты » бүкіл тіл ұстанушыларға белгілі, ал қосалқы (қосымша) пассив қабат белгілі бір әлеуметтік топтар үшін ғана маңызды болса, ішкі формаға тек арнайы зерттеушілер ғана назар аударады.
Жоғарыда айтылған ойларды жинақтай келе, мынадай тұжырым жасауға болады: концепт – аса күрделі құбылыс. Ол бір жағынан сөз мағынасын сөйлеушінің тәжірибесін қамти, іске қоса отырып ашады, яғни «Тіл мен ойлау» қостағанымен байланысады, екінші жағынан «Өзіндік ассоциациялар шеңбері, мағыналық реңктері бар, сонымен байланысты концептінің әлеуметтік мүмкіндіктеріне қатысты ерекшеліктері бар адамның мәдени тәжірибесі неғұрлым бай да кең, көп болса, ол қолданатын концептінің әлеует-қуаты да соғырлым кең және зор, терең болмақ» деген Д.С.Лихачевтің сөзі анықталып, дәлелдене түседі.111
Концепт – әмбебап кодтың бірлігі, яғни индивидулады сезімдік-заттық бейне(образ) ретінде туындайды. Ол образдың негізінде сезімдік, яғни сезу арқылы жинақталған тәжірбие жатады. Ол бейне мейлінше нақты болады. Ақынның «Рух мектебіндігі мұң» өлеңі осы оймен жымдасып жатқандай.
Күллі рухсыз биіктердің парқы, даңқы сұйықтау,
Біз шыққан тау – Шындық тауы, барлық таудан биік тау! Адамның өмір сезінуі мен қабылдау үлкен құбылыс. Және кей сәттерде ол өзгеріп отыру мүмкін десек те негізгі қағидасы сол қалпында қалуы керек. Мәселен, жоғарыдағы өлең жолдары адам өзінің іскерлігі мен біліміне сай түрлі биіктерден бой көрсетуі мүмкін. Ол заңдылық. Ал, ол сіздің адами болмысыңызға көлеңке түсірмеуі керек. Шындық барлық нәрседен құнды. Бәрінен биік. Ерте ме кеш пе шындық өз дегеніне жетеді. Мейлі кешігіп болса да... Енді қазақтың сөз қорының асыл маржаны мақал-мәтелдердегі шындық туралы тоқталып, тақырыпты ары қарай тарамдасақ.
Молданың айтқанын істесең де, істегенін істеме. Бір қарағанда Құдай жолындамыз деген молдаға қатысты мұндай мақалдың айтылуы өту ауыр. Мақалдың екінші қатарына аса мән беретін болсақ, «істегенін істеме» молданың істегенін істемеу мұсылман баласына тән қылып па еді деп те ойланып қалатынымыз бар. Бұл жерде біздің тоқталып таразылайтын ұғымыз «шындық» болмақ. Молда да Құдайдың жаратқан пендесі. Ол да адам. Әрине бұл мүлдем басқа мәселе бірақ бастағаннан кейін айта кетейік, «молда» бұл қызметтің бір түрі. Қызметте болғаннан кейін әр түрлі жағдай болатын тағы бар. Біз бұл мәселеге тоқталған себебіміз, «Шындық» концептісін мейдінше тереңдетін түсіндіру. Әбдуәли Қайдардың «Халық даналығы» кітабында: қазақ ауылындағы ертеректігі молдалар мұсылман діні туралы әр жерден оқып та естіп білгенін айтып, кеңеісін берсе де кейде олардың пердешілікке бой ұрып, діннен хабары аз қарапайым жұртты алдап-арбап, әр түрлі ырым-кәделерді сылтауратып пара алып, пайда түсіруге машықтанғандығы да белгілі. Дана халық мақал арқылы бұрынғы молдалардың осы қылығын әшкерелеп, оның «істегенін істеме» деп тиым салып отыр.
Біздің алып қосарымыз көп емес. Академиктің түсініктемесінің соңғы сөйлемінде «бұрынғы» деген сөз қолданыпты. Хош! Мақалдың осы уақытта да өзектілігін жоймай келе жатқанын ескерсек, онымен қоса елдегі қазіргі діни ахуалға қарап қазіргі молдаларға қатысты да айтуымызға бек болады.
Концепт негізінде қоғамдық санамен тығыз байланысты болады. Сондықтан да жеке тұлғаға тән бейнелер этномәденитүсініктермен байланыса отырып, түптеп келгенде не жалпы этникалық немесе топтық бейнеге айналады, не болмаса жеке күйінде қалады.
Біз жоғарыда мысалыға келтірген М.Шахановтың «Ақындықтың міндеті мен азабы» деген өлеңіне қайта айналып келіп отырмыз.
Шындығы жоқ пенделерді басар уақыт көшкіні.
Даңққа мойын созғанымен,
Том-том өлең жазғанымен,
Шындығы өлген ақындардың ақын емес ешбірі
Шындығы өлген мінезсіздік болмақ кімнің мақтаны? – дейді. Ал, Халық даналығында: «Шындық бар жерде өтірік, байқап жүреді, Шындық жоқ жерде шіреніп, шайқап жүреді.» деген мақал бар. Қазіргі қоғамда шындық ұғымы жалпы қоғам деңгейінде қабылдануы өзгеріп бара жатыр. Мсәелен, ерте кезде қазақ айтылған сөз атылған оқ деп, бір сөзде тұрған, берген уәдесін орындамауы өзінің азаматтығы сын болған. Біз қазіргі кезде «шындық»ұғымын мүлдем қабылдаймыз. Мемлекет адамдары қабылдаған заңмен немесе олардың күштік құрылымен жасалған дүниені мойындау арқылы шындыққа жететіндейміз. Яғни, бағанығы сөзінде тұрмайтын, берген уәдесін орындамайтын адамның бұрыс ісін дәлелдеу заң арқылы мойындатамыз. Заңды да адам жасайды. Жалған дүниеде өмір сүріп жатқан адамның бәрі құбылмалы, соған сәйкес заңды да айналып өтуге болады. Қазақта «бас кеспек болмаса да тіл кеспек жоқ» деген мақал бар. М.Шахановтың айтатыны да осы азаматтық күшіңе, рухани болмысынның темірқазығы болатын шындығыңды жоғалтып алмау өмірлік ең ірі қасиетің болуы керек. Әлем әдебиеті классиктерінің бірі Оноре де Бальзак: «Шындық - ащы болса да денсаулығымызға оң әсерін тигізетін дәрі іспетті.» – дейді. М. Шахановтың шындыққа қатысты ұстанымы бойынша мың жерден мықты саясаткер болсын, ақын-жазушы болсын, ғалым болсын кім болса, ол болсын шындығын жойып алған адамның құны көк тиын. О.Бальзактың ойын осы тұжырым бойынша тереңдетсек, қазір біздің қоғамда шындығын жоғалтып алған адамдардың санында есеп жоқ. Сондықтан да біздің қоғам жағымпаздық пен жалпақ шешейлікке бой ұрып, елдің, ұлттың негізгі даму бағыттары ақсап жатыр.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, М.Шаханов түсінігіндегі шындық бостандық рухы, азаттық пен адамның өзін әрдайым еркін сезіну мен ойын ірікпей ашық айта білу.
Пайдаланған әдебиеттер:
М.Шаханов «Ұлт анасы – тіл» Алматы 2010ж. «Жедел басу баспаханасы» ЖШС
Ниятова Ш.С. Махамбеттің тілдік тұлғасы Алматы, 2010ж. «Дарын-Л» баспаханасы
М.Шахановтың әндері мен жұрт жатқа айтып жүрген жырлары Алматы, 2014ж. «Дәуір» РПБК ЖШС
Воркачев С.Г. Концепт счастья: понятийный и образный компоненты
Кубрякова Е.С. Демьянков В.З. Панкрац Ю.Г. Лузина Л.Г. Краткий словарь когнитивных терминов Москва 1996.
Әмірбекова А.Б. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі КДА Алматы 2006ж.
Қазақ және түрік тілдеріндегі антонимдердің
стильдік қызметі
Мөлдір Иманмəди, ҚазМемҚызПУ, 3- курс студенті
Ünal Sari (Үнал Сары), Nığde Üniversite öğrencisi,
Ғылыми жетекшісі: Б.М.Сұлтанова
Антонимдер – көркем шығарма тілінде қарама-қарсылық мағына тудырып, үлкен стилистикалық қызмет атқарады. Кез келген көркем шығарма – қандай да бір тілдік құралдар арқылы жазылып, оқырман сезіміне, танымына, ақыл, ойына әсер ететіні белгілі жағдай.
Тілдегі антонимия құбылысы психолингвистикалық, семантикалық, гносеологиялық аспектлерде кеңінен зерттелді. Тұрақты сөз тіркестері, троптар, мақал мәтелдер де антонимдік қасиетке ие бола алады. Тіл біліміндегі қарсы мәнді фразеологизмдердің туындауына адамның ой-санасында шындық дүниедегі заттар мен құбылыстар, табиғат құбылыстары туралы ұғымдарды салыстыру және осы ұғымдарды бір-біріне қарсы қою секілді ойлау нәтижесінде қл жеткізген. Дегенмен, антоним фразеологизмдер лингвистиканың кешірек зерттеле бастаған, әлі де болса тереңірек зерттеуді қажет ететін дүниесі. Антоним фразеологизмдер - мән- мағынасы жағынан бір-біріне қарама- қарсы қолданылатын тұрақты тіркестер. Қазақ тіліндегі қарсы мәндес мағынадағы тіркестердің жасалу жолдарының төмендегідей үш түрін ұсынамыз:
1. Тұрақты тіркестердің бір немесе екі компонентін тіркестен тыс жеке алғанда өзара қарсы мағыналы болу керек: жақсы атты көріну – жаман атты болу;
2.Қарама-қарсы мәнде жұп құрайтын фразалық тіркестерде мағынаға
өзек боларлық бір сөз қайталанып келіп отырады: ант ішті – антын бұзды;
3.Тұрақты тіркестердің компоненттерін антонимдік мағына түгел қамтуы керек: ындыны кепкен – бейілі тоқ. Антонимдік қатарлар негізгі қызметінде жұмсалумен қатар, өздеріне қосалқы міндет те жүктейді. Ол - жай нәрсенің астарына қосалқы міндет те жүктейді», - дейді ғалым Б.Шалабай [1].
Қазақ тіл білімінде антоним фразеологизмдерді зерттеудегі өзекті мәселелердің бірі – олардың контексте көрінуі. Сондықтан фразеологиялық бірліктердегі антонимияны контексте қолданылу аясына қарай анықтау маңызды деп танимыз. Контекст – тұрақты тіркестердегі қарама-қарсылықты анықтаудың негізгі критерийлерінің бірі болып табылады. Антоним фразеологизмдерді контекст ауқымында қарастыру, олардың стилистикалық қасиетін анықтауға, фразеологиялық бірліктердің арасында болуы мүмкін антонимдік өзара қатынастардың формаларын ажыратуға негіз бола алады. Фразеологизмдердің антонимдік қатынасын көркем шығарма тілінде айқын және нақтырақ болып келеді.
Контексте антоним фразеологизмдерді ұтымды қолдана білу жазушы шеберлігімен тығыз байланысты.
Ақын жазушылар өз шығармасында фразеологизмдерді молынан пайдалана отырып, шығарма тіліне мәнерлегіштік, бейнелегіштік нәр береді. Ақын, жазушылар фразеологизмдерді талдап, таңдап кейіпкердің образын сомдауда, мінезін ашу, портрет жасау, шығарманың идеялық көркемдік жақтарын жетілдіруде тағы басқа толып жатқан мүмкіндіктеріне сай етіп, белгілі бір стильдік мақсатпен қолданады. Фразеологизмдерді қаламгерлердің өз қажетіне сай талғап жаңғыртып қолдануы, оның ой-пікіріне, эстетикалық талғамына, қоғамдық-саяси, философиялық көзқарасына сәйкес болып келеді. Жазушы халық тілінің бар байлығын, сөз айшықтарын өз шығармасында творчестволық тұрғыда жұмсай отырып өзіне ғана тән стиль құрады.
Е. Раушанов адам жанының суреткерi бола бiлген ақын. Суреткердің дүниенi танудағы ешкiмге ұқсамайтын өз жұмбағы бар. «Періштелер мен құстар» жыр жинағында ақынның өмiрдi танудағы сол жұмбағы асқан шеберлiкпен сомдалған. Суреткер ретінде өмірдің қарама-қайшылығын тану бір басақа да, ал жазушы ретінде сол өмір құбылыстарында орын алған қайшылықтарды сөз иірімдеріне арқау етіп үндестіре білу бір басқа.Мысалы,
Көктем кешiктi
Көңiл жабырқау. Көктайғақ
Көше талдары көкке қол жайған көп бейбақ
Көп керек емес Алматыға да, маған да
Сәл ғана мейiрiм, аз ғана шуақ жетпейдi-ақ.
Шаршаңқы көңiл, шашыраған ой тарыдай,
Өтер ме екенбiз жылылыққа бiр жарымай.
Қадекең кеттi, Тұмағаң кеттi өткен жыл,
Түсiм болса екен осының бәрi, а, құдай.
Дүние жаңа едi, қалайша жылдам көнердi
Сен мұндай емес едiң ғой бұрын, Алматы
Сен мұнша суық емес едiң ғой, не болды?
Қош дейтiн кез де келедi-ау ертең фәниге
Қиналмай өлсем деп армандайсың, қор болмай
Қиналмай өлсем ...... (тап қазiр емес, әрине). (Қарға жазылған сонет)
Немесе,
Қуан дейдi, тойла дейдi ол маған,
Жоқ сияқты түк қайғым.
Алматыңыз толған думан, толған ән, (Бұл үкiмет белгiлеп берген мереке)
Немесе,
Бұл не дырду – ұқпаймын.
Абай даңғылымен,
Жуынып сәуiрдiң жаңбырымен
Келе жаттық жыр оқып жiгiт пен қыз. (1974 жыл, Алматы)
Қорыта айтқанда, тілдегі қарама-қарсы мәнді фразеологизмдер – тілдік бірліктердің ішінде қызметі ерекше байқалатын, сан ғасырлар бойында пайда болып, дамып, қалыптасқан, әдеби тіл даму кезеңдерінің тілдік ерекшелігін айқындайтын тілдің ажырамас бір бөлігі. Сол себепті де әрақын, жазушы да өз керегіне қарай тілдің фразеологиялық қорынан қажетін, керегін алады да, өз кезегінде әдеби тілдің дамуына үлесін қосып отырады. Жалпы, тіліміздегі контраст мәнді фразеологизмдердің түрлерін, олардың көпті- аздығын зерттеу барысында әр жазушының фразеологизмдер аясындағы қазынаны қаншалықты игергендігін және қаншалықты жаңа түрлерін ұсынғандығын, ол арқылы әдеби тілге қосқан үлестерін айқындауға болады. Антонимияға қатысты “қарама-қарсылық” “қайшылық” ұғымдарының мәнін ашып саралай келе, қарама-қарсылық универсалды тілдік категория, қарама-қарсылық тек ұғымда ғана емес, табиғатта да, болмыста да болатын объективті құбылыс екеніне көз жеткіздік. Сапа мен қасиет бірдей емес, сондықтан қарама-қарсы мағына уақытша категория, ал мағына қарама-қарсылығы нақты категория болып табылады.
Белгілі зерттеуші-ғалым А. Жұмабекова: «қазақ тіл білімінде антонимияны зерттеудегі аз қарастырылған аспектілердің бірі – контекстуалды антонимдер болып табылады. Антоним болмайтын сөздер мәтінде қарама-қарсы қойылып, олар стилистикалық антонимдер деп аталады», – дейді [2, 24].
Тілші-ғалым, академик М.С. Серғалиев антонимдердің стильдік қызметі жөнінде былай дейді: «Қазақ тіліндегі антонимнің стилистикалық қызметіне қатысты зерттеулер жоқтың қасы. Тілдік факторларға қарағанда, ондай қызмет баршылық [3, 48-б.].
Ғалым Ж. Мусин стильдік антонимдердің жасалуының мынадай түрлерін атап өткен:
1) Тіліміздегі мағыналары бір-біріне қарсы болсада үнемі жарыса, қатар қолданылып, антоним ретінде қалыптасқан кейбір сөздерді осы стильдік антонимдер қатарына жатқызуға болады;
2) Стильдік антонимдер сөздің синонимдік қасиетін пайдалану арқылы да жасалады. Көркем әдебиетте стильдік антонимдердің мұндай түрлері жиі кездесіп отырады;
3) Сөздің ауыс мағынада қолдану мүмкіндігін пайдаланып та стильдік антонимдер жасауға болады;
4) Сөздің синекдохалық қасиетін пайдаланып та стильдік антонимдер жасала береді;
5) Стильдік антонимдер кейде, бірде, біресе, не, немесе, яки сияқты сөздердің көмегі арқылы да жасалуы мүмкін. Стильдік антонимдер жасау үшін аталған сөздер сапалық ұғымдарды білдіретін сөздермен тіркесіп, бір сөйлем ішінде немесе көршілес сөйлемдерде қайталанып келулері тиіс. Бұлайша қайталап келу сапалық ұғымдарды білдіретін сөздер арасындағы аз ғана мағына қарама-қарсылығын күшейтіп жібереді. Сөйтіп, антонимдік мән береді [4, 22-24].Мысалы,
Жалғыз көздi,
Жалмауыз басты,
Жез тырнақты,
Темiр тұяқты,
От тынысты,
Көк құрышты,
Дию тектес бiр нәнсоқ құж келедi.
Сен секiлдi балапан iздегенi,
Менi болса ерте ұстап алып кеттi
Қаракесек сол пәле мұз денелi.
Оның аты – Жалғыздық. Ол дегенiң –
Оман дария бойында шөлдегенiң
Өмiр бақи ол қуып, сен қашасың
Ең абзалы бiлмеген, көрмегенiң. (Қаш, қаш бала, қаш бала, қаш, қарағым),
Несiн қазбаладың,
Өшкем де жоқ, жоқ және маздағаным,
Қателердi жасауға мен жасаған
Бiр кiсiнiң ғұмыры аз, қарағым. (Интервьюден соң)
Антонимдер сапаның бағасын білдіргенде, олардың мағынасы объективтегі дүниедегі заттар мен құбылыстардың арақатысына байланысты болады. Егер бұл қатынас өзгерсе, антонимдердің мағыналары да өзгереді. Бұл өзгеріс антонимдердің қолданылуына тікелей әсер етеді. Келтірілген антонимдік контекстердің көпшілігіндегі қарсы мағыналас сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшесінің қызметін атқаратындығын байқатады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Шалабаев Б. Көркем проза тілі. – Алматы: Білім, 1994. – 128 б.
2 Жумабекова А.К. Оппозитивный анализ антонимических единиц казахского и русского языка: дис.... докт. филол. наук. – Алматы, 1995. – 161.
3 Серғалиев М. С. Стилистика негіздері. Оқулық. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006. – 273 б.
4. Мусин Ж. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі. – Алматы: Мектеп, 1984. – 176 б.
5 Раушанов Е. Періштелер мен құстар. –Алматы, 2005. – 265б.
Достарыңызбен бөлісу: |