Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? Олар бір-бірінен несімен ерекшеленеді ?
Геометриялық фигуралар жайлы білімдеріңді күнделікті өмірде қолданасыңдар ма? Мысал келтіріңдер.
Геометриялық фигуралардың қасиеттерін робот қозғалысында қалай қолдануға болады деп ойлайсыңдар?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Техникалық диктант беріп, орындатады.
|
Робот қозғалысы үшін .................блогын таңдаймыз. Роботтың екі доңғалағында алға 30 см/секундпен 2 секунд қозғалыс жасайды.
Робот қозғалысы үшін ................блогын таңдаймыз. Роботтың бір доңғалағы алға 20 см/секундпен ал екінші доңғалағы 20 см /секундпен артқа қозғалыс жасайды. Робот бір орыннан бұрылыс жасауды бастайды.
Роботтың қозғалысы бұрышы .............. градусқа жеткенде, Независимое управление мотором (Моторды тәуелсіз басқару) блогында мотор өшеді.
........... блогы көмегімен робот 1 секунд бұрылыс жасаған бағытқа қарап тоқтап тұрады.
Робот қозғалысы үшін Независимое управление мотором (Моторды тәуелсіз басқару) блогы көмегімен робот бір доңғалағы артқа ............ , ал екінші доңғалағы ......... алға қозғалыс жасап, сол жаққа бұрылады.
Робот қозғалысы бұрышын 270 градусқа жеткенде .................... блогында моторды өшіреді.
Робот кері қозғалысы үшін Независимое управление мотором (Моторды тәуелсіз басқару) блогы мен роботтың екі доңғалағы да артқа қарай ............ 3 секунд қозғалыс жасайды.
|