Кадрларды даярлау 2015 жылы университеттің алғашқы прототипі - Византия Империясындағы Пандидактерионның («Pandidakterion») негізі қалануына 1590 жыл толды8. Жоғары білімнің 1,5 мыңжылдықтан асқан тарихында
ол адам өркениеті дамуының негізі болды.
ХХI-ғасырда жоғарғы мектептің Академиялық білімнің қайнаркөздерінен инновациялар мен технологиялық үрдістің орталықтарына екпінді өзгеріп жатқанын байқаймыз.
2015 жылғы 11 маусымда жетекші халықаралық сарапшылардың бірі Джамиль Салми Назарбаев Университетінде өткен Жоғары білім көшбасшыларының Еуразиялық Форумында сөйлеген сөзінде әлемдік жоғарғы мектеп дамуының өте қызықты әрі күтпеген перспективаларын атады. Оның пікірі бойынша, «диплом қажеттілігі жоғалады. Студент кез-келген жерде, кез-келген уақытта білім ала алатын болады».
Вашингтон Университетінің профессоры Стэфэн Джоелдің пікірінше, 2030 жылға қарай жасанды интеллект оқытушыны алмастыра алады. Дәреже алу өз мәнінен айрылады. Оқыту сертификаттары, жұмыс орнында оқыту, қызығушылықтар бойынша клубтарға қатысудың мәні артады9.
Стэнфорд Университеті Білім берудің жоғарғы мектебінің деканы Дэн Шварц емтихандар оқу үлгерімін бағалаудың негізгі құралы болудан қалады деп санайды. Алған білімін тексерудің орнына студенттерге жаңа материал ұсынылады және олардың оны талдау мүмкіндігі бағаланады7. 2015 жылғы қазанда Сингапур Білім министрлігінің жауапты хатшысы Чан Лэй Фунг: «Жоғары білімнің болашағы» конференциясында «дәстүрлі ЖОО болашақта жойылады. Топтар мен факультеттер болмайды, студент өз курстарын және бағдарламаларын өзі таңдайды. Дараландырылған оқыту пайда болады. ЖОО осындай өзгерістерге дайын болуы керек. Өмір бойы оқу құбылысы жоғары білім берудің негізгі принципіне айналады», - деді10.
2015 жылы АҚШ талапкерлерінің 91%-ы ЖОО-ға әлеуметтік желілер арқылы түсті (2014 жылы - 59%-ы)11.
Бұл жаңа шарттарда сұрақтар туындайды. Қазақстандық ЖОО сол заманның осы жаһандық сын-қатерлеріне жауап беруге қаншалықты дайын? Қазақстанның бәсекеге ең қабілетті 30 елдің қатарына кіру міндетіне қол жеткізуге олар қандай үлес қоса алады?
Университеттердің әлемдік тарихымен салыстырғанда қазақстандық жоғары мектебінің тәжірибесі айтарлықтай қарапайым, оған небәрі
87 жыл. Оның өз артықшылықтары бар. Көпғасырлық негізінің болмауы біздің ЖОО әлемдік өзгерістерге икемді және алғыр етеді.
ҚР БДМБ жүзеге асырылған 5 жылда кәсіптік білім беру қолжетімділігінің жаңа механизмдері іске қосылды. Мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесі (МБЖЖ) - отбасыға баланың елімізде және шетелде білім алуына қаржы жинауға мүмкіндік беретін қаржылық құрал. МБЖЖ жобасын ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ серіктестік банктердің («Халық банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Fortebank» АҚ) қатысуымен жүзеге асырады. Жетім балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балалар, көпбалалы және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балалар үшін мемлекеттің сыйақысы жоғарылатылған (7%). 2013 жылмен салыстырғанда МБЖЖ салымшыларының саны 20 есе артты (2013ж. - 720, 2015ж. - 14 135).
2014 жылы «Бөбек» Қорының Президенті Сара Алпысқызының бастамасымен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 5 млрд. теңгеден астам соммаға жинақ депозиттері ашылды. Мұндай мүмкіндік 7 692 жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаға берілді. 2015 жылы «Өзіңнен баста» республикалық науқаны тендессіз бастаманың жалғасы болды. Науқанды жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдар (ҚР БҒМ, ҚР ИДМ, ҚР ӘМ, ҚР ҚМ, ҚР ДСӘД, Алматы және Павлодар облыстарының әділет департаменттері, Алматы қаласының 92 569 әскери бөлімі) жалғастырды12.
Халыққа 15%-дан басталатын жылдық мөлшерлемесімен (білім беруге арналған нарықтағы қарыздан 2-3%-ға төмен) 12 жылға дейінгі несиелеу мерзімімен білім беру несиесін алу мүмкіндігі беріледі. Жас маман несиені оқуды аяқтағаннан кейінгі 6 айдан соң және жұмысқа орналасқаннан кейін төлей бастайды. Кәсіптік білім беру әлеуметтік қолдау құралы ретінде шағын табысты жастар үшін қолжетімді.
2014 жылы мемлекеттің бастамасымен «Серпін - 2050» «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» әлеуметтік жобасы іске қосылды, ол Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының жастарын оқытуға және еліміздің шығыс, солтүстік және батыс өңірлеріне жұмысқа орналастыруға бағытталды. Жоба қатысушыларына тегін жатақханада тұру, тамақтану және шәкіртақы беріледі.
2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы жобаға қатысушы ЖОО саны 7-ден 19-ға дейін және мамандықтар тізбесі 19-дан 61-ге дейін өсті. Студенттердің контингенті 2015 жылы 5 000 адамды құрады (2.4.1 - сурет). Оқуға түскендердің жалпы санынан «Серпін» гранты иегерлерінің
ең жоғарғы көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында тіркелді (80%). Алғашқы түлектер 2018 жылы болады деп күтілуде.
2.4.1 - сурет. «Серпін-2050» жобасы, 2015 жыл
Дереккөз: ҚР БҒМ
Жоба жас мамандарды жұмысқа орналасуда қолдау көрсетуді қарайды. Дегенмен олардың өңірде тіркелу және одан кейінгі кәсіптік сүйемелдеу механизмдерін егжей-тегжейлі қарауы тиіс. 2015 жылы экономиканың өңірлік бағыттылығын, кәсіпорынның ресурстық және кадрлық қамтамасыз етілуін ескерумен ИИДМБ-2 үшін 11 базалық ЖОО анықталды. Техникалық мамандықтардың жоғары білікті кадрларын даярлау бейінді магистратурада жүргізіледі. 2015-2016 оқу жылының мемлекеттік тапсырысы 1 900 адамды, одан кейін 2016 жылы 2 800-ге дейін және 2017 жылы 3 500-дан кем болмайтын адам санынқамтыды (2.4.2 - сурет). 2.4.2 - сурет. ИИДМБ-2 үшін 11 базалық ЖОО
Дереккөз: ҚР БҒМ ИИДМБ-2 басымдылықтарын ескерумен (металлургия, химия, мұнайхимия, машина жасау, материалдар құрылысы, тамақ өнеркәсібі) және шетелдік серіктес ЖОО тартумен 24 жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді. Бағдарламалардың мазмұны Қазақстан өңірлерінің салалық мамандандыруын айқындайды (2.4.1 - кесте).
2.4.1 - кесте. ИИДМБ-2 бойынша кадрларды даярлау шеңберіндегі
жаңа білім беру бағдарламалары