Қысқаша түйіндеме


Халықаралық рейтинг: ЖОО түлектерін жұмыспен қамту



бет7/11
Дата05.02.2022
өлшемі1,77 Mb.
#23203
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Халықаралық рейтинг: ЖОО түлектерін жұмыспен қамту

The Global Employability University Ranking25-2015 рейтингісінде америкалық ЖОО басым. 10 алғашқы орындарының 7 соларға тиесілі. Ұлыбритания және АҚШ-тан кейін рейтингте Францияның ЖОО ұсынылған.


АҚШ және Ұлыбританиямен қатар үздік ондыққа Торонто Университеті (Канада) жатады.
QS Graduate Employability Rankings26 топ-ЖОО-ға АҚШ (6), Ұлыбритания (2), Қытай (1) және Франция (1) кірді.
The Global Employability University Ranking және QS Graduate Employability Rankings екі халықаралық рейтингтің бағалаудың негізгі критерийлеріне түлектердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі кірмейді.
ЖОО-лар түлектерге жұмысқа орналасуға қолдау көрсету инфрақұрылымы бағаланады:

  • Жұмысшылар арасында ЖОО беделі;

  • ЖОО-ның жұмыс берушілермен ынтымақтастығы;

  • Студенттер мен жұмыс берушілердің бірлескен жобалары;

  • Жұмыс беруші кеңсесінің университет базасында болуы.



«Дипломмен ауылға!», «Жастардың практикасы» және «Жастардың кадрлық резерві» бағдарламалары ЖОО түлектерінің сәтті әлеуметтенуіне бағытталды. Бірмезгілді көтерме ақы (70 АЕК көлемінде), 15 жылдық мерзімге арналған бюджеттік несие және еңбекақыға қоса берілетін үстемеақы (25%) қаралған. ҚР ҰЭМ деректері бойынша бағдарламаның
5 жылда жүзеге асырылуы барысында 30 мыңнан астам жас маман таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды
(2.4.23 - сурет).


2.4.23 - сурет. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтылу салалары бойынша мамандар саны, адам, 2011-2015 жылдар



Дереккөз: ҚР ҰЭМ


«Жастар практикасы» бағдарламасы өзін-өзі көрсетуге және бұдан әрі жұмысқа орналасумен кәсіптік тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Еңбекақы 6 ай бойы мемлекеттік бюджет есебінен төленеді (2015ж. - 18 АЕК немесе 35 676тг.). Жұмысберуші үшін бұл әлеуетті қызметкердің қабілетін анықтауға және оны ұйымның талаптарына бейімдеуге мүмкіндік береді. Бағдарламамен оқу орындарының шамамен 25 мың түлегі қамтылды27.
«Жастардың кадрлық резерві» жобасы жас әрі талантты қазақстандықтардан еліміздің басқару кадрларын анықтауға, іріктеуге, даярлауға және тәрбиелеуге бағытталды. Жобаның 6 жылдық жүзеге асырылуы мерзімінде 300-ден астам адам кәсіптік деңгейін жоғарлатты28.
Экономиканың талаптарына, оқытудың практикалық бағыттылығына жауап беретін мамандарды даярлау мақсатында алғаш рет барлық мамандықтар бойынша екінші курс студенттерінің кәсіптік практикадан міндетті өтуі заңнамамен бекітілді29.
Түлек курстары студенттерінің оқу жетістіктерінің деңгейін ОЖСБ мониторингтік бағалауы анықтайды. Білім сапасын бағалаудың тәуелсіз рәсіміне 104 ЖОО күндізгі (46 631 адам) және сырттай (3 023 адам) оқу бөлімдерінің студенттері қатысты.
Бағалау 98 мамандық және дайындықтың 8 бағыты бойынша жүргізілді (білім беру, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдар).
ҚР бойынша орташа балдың төмендеуі тіркелді (2014ж. - 81 балл, 2015ж. мүмкін болатын 200 балдан - 79). Қазақ тілінде оқитын студенттердің тиімділігі 78 балды, орыс тілінде - 80,8 балды құрады. Орташа балл көрсеткішінен 17 балға жоғары нәтижені «күндізгі» бөлімнің студенттері көрсетті (80 баллов)30. Орташа есеппен студенттер сұрақтардың тек 40% ғана дұрыс жауап берді, бұл базалық пәндер бойынша академиялық білімнің төмен деңгейін дәлелдейді.


Материалдық-техникалық база
Білім, ғылым және өндірістің үштұғырлылық қағидатын жүзеге асыру еліміздің жоғарғы мектебінің инфрақұрылымдық оңтайландыру процесінің басталуына ықпал етті. Еңбек нарығының білікті кадрларды даярлауға қоятын жоғарғы талаптары ЖОО МТБ жетілдіруді көздейді.
Еліміздің 37 мемлекеттік ЖОО инновациялық құрылымы 541 ғылыми-зерттеу құрылымдық бөлімшелермен, 16 коммерциялау кеңсесімен және 7 бизнес-инкубатормен ұсынылған. Еліміздің 10 технопаркінің үшеуі ЖОО базаларында орналасқан (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ). Бұл жоғары технологияларды құру және инновациялық мәдениетті жетілдіруге, ЖОО, ғылыми-зерттеу институттары және бизнес-құрылымдар арасындағы білім мен технологиялардың ағымдарын басқаруға ықпал етеді (2.4.4 - кесте).
2.4.4 - кесте. ҚР ЖОО базасындағы бизнес-инкубаторлар туралы деректер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет