Оқыту мемлекеті
|
Барлық стипендиаттар, адам
|
Оқыту мемлекеті
|
Барлық стипендиаттар, адам
|
Барлығы
|
2 110
|
Франция
|
20
|
Ұлыбритания
|
1 049
|
Израиль
|
28
|
АҚШ
|
632
|
ҚХР
|
15
|
РФ
|
58
|
Австралия
|
22
|
Германия
|
71
|
Ирландия
|
33
|
Швейцария
|
19
|
Чехия
|
12
|
Канада
|
78
|
Нидерланды
|
9
|
Оңтүстік Корея
|
13
|
Сингапур
|
9
|
Жапония
|
13
|
Басқа
|
29
|
Дереккөз: «Болашақ» ХБО
«Болашақ» бағдарламасының түлектері мемлекеттік құрылымдарға, ұлттық және жеке меншік құрылымдарға, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарына жұмысқа орналасты. ҚР БҒМ деректері бойынша бағдарламаның түлектері маңызды стратегиялық шешімдерді қабылдайтын жоғарғы басқару органдарына ұсынылды. Бағдарлама түлектерінің арасында төрт вице-министр, бес қала әкімі, қала және облыс әкімдерінің үш орынбасарлары, мемлекеттік ұйымдардың 81 басшысы, ұлттық компаниялар мен банктердің 106 бірінші жетекшілері мен басқарма мүшелері бар. 2015 жылдың «Болашақ» түлектерінің ең көп саны мемлекеттік органдарда (54,5%) және жекеменшік секторда (29,3%) жұмыс істейді (2.4.21 - сурет).
2.4.21 - сурет. «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің жұмысқа орналасуы
Дереккөз: «Болашақ» ХБО
Қазақстанның талантты жастарына әлемдік деңгейде кәсіптік білім алудың бірегей мүмкіндігін елімізде Назарбаев Университеті (НУ) ұсынады. Бұнда жетекші қазақстандық ғалымдармен қатар оқытушылық қызметті АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Италия, Қытай, Оңтүстік Корея және т.б. халықаралық профессорлар атқарады. 3 мыңнан астам студент университеталды дайындық, магистратура, және докторантура бағдарламалары бойынша білім алады (2.4.3 - кесте).
2.4.3 - кесте. Назарбаев Университетінің контингенті, адам
Мектептің атауы
|
Студенттер саны
|
Студенттердің жалпы саны
|
3 268
|
Университет алды дайындық бағдарламасы
|
684
|
Инженерия мектебі
|
654
|
Ғылымдар және технологиялар мектебі
|
869
|
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
|
581
|
Бакалавриат бағдарламалары бойынша барлығы
|
2 104
|
Инженерия мектебі
|
63
|
Ғылымдар және технологиялар мектебі
|
42
|
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі
|
50
|
Бизнестің жоғарғы мектебі
|
58
|
Мемлекеттік саясаттың жоғарғы мектебі
|
59
|
Білім берудің жоғарғы мектебі
|
120
|
Медицина мектебі
|
20
|
Магистратура бағдарламалары бойынша барлығы
|
412
|
Инженерия мектебі
|
41
|
Білім берудің жоғарғы мектебі
|
27
|
Докторантура (PhD) бағдарламалары бойынша барлығы
|
68
|
Дереккөз: Назарбаев Университеті
2015 жылы университеттің алғашқы бакалаврлары түлек етілді (380 адам). 142 магистр түлек болды. НУ ұсынған деректер бойынша түлектердің 2/3 бөлігі Массачусетс технологиялар институтында, Стэнфорд университетінде, Лондонның Университеттік колледжінде, Дьюк Университетінде, Сингапурдың Ұлттық университетінде, Беркли Калифорния университетінде, Колумбия университетінде, Лондонның экономика және саяси ғылымдардың мектебінде оқуын жалғастырды.
Өз кезегінде НУ түлектерінң 42% шетелдік ЖОО гранттары бойынша білім алады.
НУ түлектері мансаптары бастамасының старттық алаңы білім және ғылым, консалтинг және аудит, мұнай мен газ, ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, маркетинг және т.б. салалар болды.
Жұмысқа орналасу
ЖОО түлектерінің 2/3 бөлігі білім, техникалық ғылымдар және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес салаларының жас мамандары болды. ЖОО түлектерінің салыстырмалы
аз үлесі ветеринария (0,8%), ауылшаруашылық (1,6%) және өнер (1,6%) мамандықтарына тиесілі болды (2.4.22 - сурет).
2.4.22 - сурет. ЖОО түлектерінің дайындық бағыттары бойынша үлестірілуі, адам, 2015 жыл
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
ЖОО түлектеріне деген сұраныс ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын дәлелдейді. Қазақстан ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуының дараланған мониторингі ҚР БҒМ «ЖБББЖ» АЖ және
ҚР ДСӘҚМ мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының (МЗТО) жүйесі арқылы жасалады (ЗТМО)24.
2015 жылғы ЖОО түлектерінің ЗТМО деректерімен дәлелденген жұмысқа орналасудың көрсеткіші 71,4% құрады (2014ж. - 69,8%). Білім беру гранттары иегерлерінің жұмысқа орналасу үлесі 82,2% құрады
(2014ж. - 84%).
2015 жылы түлектердің оқуды аяқтағаннан кейін бірінші жылы жұмысқа орналасуының көшбасшысы ҚБТУ (98,7%) болды. Сонымен қатар ҚазМЗУ (88%), С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (88%),
М.Өтемісов атындағы БҚМУ (87%) және ҚОХУ (87%) университеттерінің түлектері де сұранысқа ие.
Оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасқан ЖОО түлектерінің неғұрлым төмен көрсеткішін ХГТУ (44,5%), Шетел тілдері және іскерлік мансап университеті (43%), «Астана» университеті (42%), «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениетінің университеті (41%) және С.Торайғыров атындағы ПМУ (31%) көрсетті.
2-КІРІСТІРМЕ.
___________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |