___________________________________________________________________________
Халықаралық рейтингтер: ЖОО-ны интернационалдандыру
INSEAD халықаралық бизнес-мектебі. The Global Innovation Index22 - инновацияларды дамыту көрсеткіші бойынша әлем елдеріне зерттеу және рейтинг өткізу.
Менеджментті дамытудың халықаралық институты (Institute of Management Development). The IMD World Competitiveness Yearbook23 - экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бойынша әлем елдеріне зерттеу және рейтинг өткізу.
Шетелдік студенттердің үшіншілік білім беру деңгейіндегі үлесі бойынша
әлемдік рейтингтегі Қазақстанның позициясы
The Global Innovation Index
The IMD World Competitiveness Yearbook
Шетелдік студенттердің үшіншілік білім беру деңгейіндегі үлесінің көрсеткіші мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі индикаторларының бірі болып табылады. Қазақстан бұл көрсеткіштің ұдайы төмендеуін көрсетеді.
Ресейлік ЖОО 213 мың шетелдік студенттердің 49 252 (23%) Қазақстанның азаматы болды. Ресейдің шетелдік студенттерінің саны бойынша қазақстандықтар 1-орынды алып отыр.
ЖОО қызметі тиімділігі және нәтижелілігі көрсеткіштерінің бірі контингенттің қозғалысы болып табылады. 2015 жылы оқудан шығарылған студенттердің саны 2014 жылғы көрсеткіштен асты (+0,6%)(2.4.13 - сурет).
2.4.13 - сурет. Оқудан шығарылғандардың динамикасы, %
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Білім алушылардың қаржылық қиындықтары оқудан шығудың жылдан жылға жалғасып келе жатқан негізгі себебі болып отыр (26%). Оқудан өз еркімен шығудың жоғарғы көрсеткіштері (20%), оқыту нысанын ауыстыру (17%) және басқа ЖОО-ға ауысу (12%) кәсіптік бағдар беру жұмыстарының жеткіліксіздігін дәлелдеуі мүмкін. Әртүрлі бұзушылықтармен - оқу орнының тәртібін, ішкі тәртіптің және Жарғының ережелерін бұзу (8%) және сабақ үлгерімнің нашар болуы (7%) оқудан шығарылудың себептері де бар (2.4.14 - сурет).
2.4.14 - сурет. Студенттердің оқудан шығу себептері, %, 2015 жылы
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Жоғары білім беру жүйесінде оқудан шыққандардың 2/3 бөлігі жеке меншік ЖОО-ға тиесілі екенін атап өткен жөн. Оқудан шыққандардың мемлекеттік ЖОО-да 26,4% өз еркімен, ал жеке меншік ЖОО-да 28,1% қаржылық қиындықтар себебінен оқудан шығады.
Оқудан шығудың жоғары көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан облысында және Алматы және Астана қалаларында тіркелді. 2014 жылмен салыстырғанда Жамбыл және Маңғыстау облыстарында оқудан шыққандардың саны шамамен екі есе аз тіркелді (2.4.15 - сурет).
2.4.15 - сурет. Оқудан шығудың өңірлер тұрғысынан көрсеткіштері, адам
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Кадрлар даярлығы магистратура бағдарламалары бойынша 106 және докторантура бағдарламалары бойынша 56 ЖОО-да жүзеге асырылды. 2011 жылдан бері докторанттар мен магистранттар саны өсуінің оң үрдісі тіркелді. Дегенмен, 2014 жылмен салыстырғанда соңғы жылда олардың саны 8,1% немесе 2 645 адамға азайды (2.4.16 - сурет).
2.4.16 - сурет. Магистратураның және докторантураның контингенті, адам
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Магистранттардың жалпы санының ½ бөлігі мемлекеттік білім беру тапсырыс негізінде білім алды (14 381 адам). 15 816 магистрант түлек болды.
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (24,6%), «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (24,1%), «Білім беру» (16,2%) және «Құқық» (10,5%) бағыттағы мамандықтар магистратурадағы контингент бойынша саны ең жоғары болды. «Өнер», «Ауылшаруашылық ғылымдары», «Қызмет көрсету» және «Әскери іс» бағыттағы мамандықтар бойынша білім алушылардың пайызы тұрақты төмен (2.4.17 - сурет).
2.4.17 - сурет. Дайындық бағыттары бойынша магистратура және докторантураның контингенті, адам, 2015 жыл
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Докторантурадағы оқыту мемлекеттік тапсырыс негізінде «Техникалық ғылымдар, экономика және бизнес» (27,1%) және «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (15,5%) бағыттағы мамандықтар бойынша басым болды. 2015 жылы докторанттардың жалпы саны 2 288 адам болды. Соның ішінде бейінді докторантурада 122 адам,
PhD докторантурада 2 166 адам білім алды. Түлек-докторант саны 533 адам болды, оның ішінде 175 адам диссертация қорғады (32,8%).
Қазақстандық жастарға жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алу мүмкіндігін «Болашақ» бағдарламасы да ұсынады. 2012 жылдан бері магистратура (БХЖС 7), докторантура (БХЖС 8) және ғылыми тағлымдама деңгейлері бойынша кадрларды даярлауға қайта бағдарланды. Бұл кәсіптік тағлымдамалар санын азайту есебінен (2014ж. 298-ден 2015ж.
122-ге дейін) докторантура бағдарламалары бойынша стипендиялар саны 2014 жылы 25 бастап 2015 жылы 40 дейін өсуіне ықпал етті.
2015 жылы «Болашақ» стипендиясына үміткерлердің 1 508 өтінімінен Республикалық комиссияның шешімімен 601 стипендия тағайындалды. Үміткерлердің тобының көп саны Астана (42,7%) және Алматы (18,6%) қалаларында тіркелді. Еліміздің қалған өңірлері жалпы байқауға үміткерлердің жалпы санының 1 пайыздан 6% дейін ұсынды. Стипендияға үміткерлердің арасында ең азы Қостанай (0,2%) және Солтүстік Қазақстан (0,7%) облыстарының тұрғындары болды.
Электрондық үкімет және Халыққа қызмет көрсету орталықтары көмегімен автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету арқылы берілген өтінімдер саны жыл сайын көбеюде. 2015 жылы бұл қызметті үміткерлердің 37% пайдаланды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда екі есе артық (2.4.18 - сурет).
2.4.18 - сурет. «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттары және үміткерлері санының ара қатынасы, адам, 2015 жылы
Дереккөз: «Болашақ» ХБО
«Болашақ» ХБО деректері бойынша 2015 жылы 2 110 стипендиат білім алды (2014ж. - 2 308). Басым саны магистратура бағдарламалары бойынша болды (1 412 адам немесе 66,9%) (2.4.19 - сурет).
2.4.19 - сурет. «Болашақ» бағдарламасының контингенті, %, 2015 жыл
Дереккөз: «Болашақ» ХБО
«Әлеуметттік ғылымдар, экономика және бизнес» дайындық бағыты бойынша білім алушылар стипендиаттардың жалпы санының 40,8% құрады (2.4.20- сурет).
2.4.20 - сурет. «Болашақ» бағдарламасының дайындық бағыттары бойынша контингенті, адам
Дереккөз: «Болашақ» ХБО
2015 жылы «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары үшін оқытудың неғұрлым әйгілі мемлекеттері болып Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Германия және Ресей Федерациясы қалды (2.4.2 - кесте).
2.4.2 - кесте. «Болашақ» бағдарламасының оқыту мемлекеттері бойынша контингенті, 2015 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |