ЖОО атауы
|
бизнес-инкубатор ұсынатын қызметтер
|
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
|
Жастар арасында кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту, университетте кәсіпкерлік бағыттағы ғылыми, инновациялық және білім беру процестерді жетілдіру, бизнес жобаларды әзірлеу және коммерциялауға студенттердің практикалық қатысуымен оқытуға жүйелі тренингтерді енгізу есебінен жас мамандарды даярлау сапасын жоғарылату
|
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
|
Студенттік ұжымдардың ғылыми және шығармашылық жобаларын шынайы нарыққа шығару және түлектердің кәсіптік қызметте бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру
|
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ
|
Студенттердің бизнес-бастамаларын кәсіпкерлермен дамыту
|
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
|
Озық инновациялық бизнес-бастамаларды және ғылыми-зерттеу әзірлемелерге мониторинг жасау, инновациялық жобалық қызметке қабілеттерді танытатын талантты магистранттарды және докторанттарды анықтау
|
А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
|
Инновациялық жобаларды жүзеге асыруға көмек көрсету, әртүрлі бизнес салалары кәсіпқойларының кеңес беруі және тренинг өткізуі
|
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
|
Жаңа кәсіпорындардың барлық деңгейлерде құрылуы (бастамадан олардың өнімін жүзеге асыруға дейін) және инкубацияға қолайлы (жылыжай) жағдай жасау арқылы шағын және орта бизнесті дамыту (инновациялық салада артығырақ)
|
«Мирас» университеті
|
Студенттік кәсіпкерлікті қолдау
|
Дереккөз: ЭЫДҰ жоғары білім саясатына шолу. 2015 жылғы қорытынды есебі.
Экономиканың маңызды салалары бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау еліміздің жетекші университеттерінің жанында инженерлік бейінді және ашық типті 15 ұлттық ғылыми зертханаларының базасында жүзеге асырылады.
2013 жылдан бері ЖОО МТБ-сы зерттеу жобаларын («Отын-энергетикалық кешеннің мәселелерін зерттеу», «Энергетикалық мониторинг және сараптама», «Өнеркәсіптік экология», «Энергия», «Наноэлектроника», «Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері», «Ақпаратты және ақпараттық қауіпсіздікті криптографиялық қорғау құралдары» және т.б.) жүзеге асыруға арналған инновациялық зертханалармен жетілдірілді.
ЖОО оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді күшейтуге Республикалық ЖОО-аралық электронды кітапхана ұлттық білім беру ресурсының қызметі ықпал етеді31. Қазақстандық университеттерге Thomson Reuters (АҚШ), Springer (Германия), Elsevier (Нидерланды) провайдерлерінің ресурстары арқылы әлемдік рейтингтік баспалар қолжетімді.
Еліміздің ЖОО кітапханалық қорын жабдықтау көрсеткішінің өсімі (+7%) тіркелді. Қазақстанның жоғары мектебінде кітаптардың 86,7 млн. астам данасы бар.
Басқа қалалардан келген студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету еліміздің жоғары мектебінің өзекті мәселесі болып қалып отыр. ЖОО білім алушыларының жалпы санының 44,6% басқа қаладан келген студенттер құрайды. Өз кезегінде олардың жалпы санынан студенттердің 49,6% жатақханаға мұқтаж болды. Жатақханаға мұқтаждардың жалпы санынан студенттердің тек 66,7% ғана орынмен қамтамасыз етілді.
Жатақханаға мұқтаж және жатақханада тұрмайтын студенттердің анағұрлым көп пайызы (36-дан 44%-ға дейін) Қарағанды облысы, Алматы және Астана қалаларының университеттерінде тіркелді (2.4.24 - сурет).
2.4.24 - сурет. Жатақханаға мұқтаж студенттердің үлесі, адам, 2015 жыл
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Достарыңызбен бөлісу: |