2.3.Колледж студенттеріне тыйым салынады: 2.3.1. Колледж және оның аумағында:
- жарылғыш немесе тез тұтанғыш заттар, механикалық тозаңдатқыштар, аэрозолды және басқа да құрылғылар, жарылатын, сындыратын, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен (газ баллондарды) және қарудың басқа да түрлерін;
- спирттік ішімдіктерді, есірткі, уытты заттар кез келген тәсілмен әкелуге және пайдалануға.
2.3.2. Оқу аудиторияларында сабақ уақытында ұялы телефондар мен басқа ұялы құрылғыларды пайдалануға; ұялы телефондар мен басқа ұялы құрылғылар әр түрлі дыбыстық әсерлерді сабақтар арасындағы үзілістерде қолдануға.
2.3.3. Колледж ішінде және жақын аумағында темекі шегуге.
2.3.4. Колледж ішінде және аумағында, сондай-ақ Колледж мәдени және көпшілік ісшараларды өткізу орындарында, алкогольдік, есірткілік немесе құмарлық масаң күйде келуге.
2.3.5. Колледж аумағына ақ халатпен шығуға.
2.3.6. Сабақ басталғанға дейін, үзілістерде және аяқталғаннан кейін сырт және бас киіммен жүруге, шулауға және әдепсіздік танытуға.
2.3.7. Колледж ішінде және аумағында фото-бейнетүсірілім жүргізу, сондай-ақ көрсетілген бейнелері бар фото-бейнематериалдарды мессенджерлерде, әлеуметтік желілерде және интернет желісінде орналастыруға.
2.3.8. Оқу үрдісі кезінде колледж асханасынан тыс жерде (аудиторияларда, кітапханада) тамақ пен сусын ішуге.
2.3.9. Колледждегі оқу сабақтарына балаларын ертіп келуге.
2.3.10. Электр аспаптарын, оқу және клиникалық аппаратураны, компьютерлерді, көбейту және басқа да ұйымдастыру техникасын өз бетінше (оқытушының бақылауынсыз) пайдалануға.
2.3.11. Колледж қабырғасында студенттерге қандай да бір дін мен діни сенімнің нышандарын көрсетуге, соның ішінде діни киім киюге, колледж қабырғасында қандай да бір дінді қолдануға тыйым салынады, бұл Еуропалық соттың ұстанымына сәйкес басқа адамдардың нанымына қол сұғу болып табылады.
Киімге қойылатын талаптар: хиджаб киюге, орамал тағуға тыйым салынады, өйткені кез-келген атрибутика, символ, элемент қандай-да бір жолмен олар сілтеме жасайтын дінді насихаттауды білдіреді.
Барлық діндердің заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ететін зайырлылық принциптері кез-келген діннің артықшылығына жол бермейді.
Колледж қабырғасында хиджаб киюге, орамал тағуға тыйым салу зайырлылық қағидаттарына сәйкес оқу орнының ішкі тәртібін сақтау мақсатында енгізілді. Колледжден тыс бұл мәселе бойынша тыйым салулар қолданылмайды.
Мынадай ережелерді ұстану қажет:
- колледж ережесіне сай қабылданған үлгідегі медициналық халатты міндетті түрде киіп жүру, медициналық бас киім;
-практикалық сабақта, базалар жағдайында-тек қана медициналық халат немесе костюм және қабылданған үлгідегі медициналық бас киім кию.
2.4. Колледж басшылары, оқытушылар аудиторияға кірген кезде студенттер тұрып қарсылайды. Сабақ кезінде студенттер оқытушылар мен білім алушылардың түсініктемелері мен жауаптарын мұқият тыңдауға, сөйлеуге және басқа істермен айналыспауға, оқытушының барлық нұсқауларын орындауға міндетті. Сабақ уақытында оқытушының рұқсатымен ғана қойылған сұрақтарға жауап беруге, отыруға, тұруға болады. Сабақ кезінде аудиториядан оқытушының рұқсатымен ғана шығуға міндетті.
2.5. Сабақ уақытында оқу аудиторияларында белгіленген режимін, жабдықтармен, құрал-саймандарды және қауіпсіздік техникасы ережелерін ұқыпты сақтауға. Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз заттар мен түрлі құрал-жабдықтарды шығаруға тыйым салынады.
2.6. Сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептер бойынша сабаққа келмеген кезде, студент үш күндік мерзімде топ жетекшісіне немесе бөлім меңгерушісіне хабар етуі, содан кейін медициналық анықтама немесе басқа ақтаушы құжатты ұсынуға міндетті.
2.7. Әр студент өзін-өзі басқару органдарының жұмысына қатысуға.
2.7.1. Әрбір оқу жылына оқу тобында ең үздік, тәртіпті және ұйымдастыру қабілеті бар студенттер ішінен староста тағайындалады. Топ жетекшісі басшылығымен старостасы жұмыс істейді. Староста өз тобында әкімшіліктің барлық өкімдері мен нұсқауларын іске асырады.
2.7.2. Староста міндетіне:
студенттер арасында тәртіп сақтауды қадағалау;
белгіленген нысандағы күнделікті оқу сабақтарына қатысу журналын жүргізу;
ай сайын топтың сабаққа қатысуы туралы старостатта есеп беру;