Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы


Ботпай – ауыл орны. Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде. Ру атынан қойылған атау. Бошай



бет6/14
Дата23.10.2016
өлшемі2,27 Mb.
#63
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Ботпай – ауыл орны. Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде. Ру атынан қойылған атау.

Бошай – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстігінде. Ру атынан қойылған атау.

Бөкіш – бейіт. Тұран ойпатында, Сырдария өзеннің аңғарында. Кісі есімінен қойылған атау болу керек.

Босқауға – құдық. Тұран ойпатының шығыс бөлігінде, Арал Қарақұмында. Құдық суының мөлшеріне қарай қойылған атау.

Бұзыққала – ежелгі қала орны. Бұзыққала Арал теңізінің шығысында, Қазалы қаласынан оңтүстік–батысқа қарай 55 шақырым жерде орналасқан. 1946 жылы Хорезм археологиялық және этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С.П.Толстов) зерттеген. Қаланың жобасы төртбұрышты, аумағы – 145х290 м. Қала сыртының ені 10 м ормен қоршалған. Қазба жұмыстары барысында әртүрлі өрнегі бар қыш құмыралар табылды. Деректер Бұзыққаланың 6-10 ғасырлар аралығында болғандығын көрсетеді.

Бұлақ – артезиандық құдық. Жуанқұм өңірінде, Сырдария өзеннің аңғарында. Осы жерде бұлақ шығып жатқандықтан қойылған атау.

Былайбылай – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Сырдария өзеннің аңғарында.

Бірлік – ауыл, Бірлік ауылдық округінің орталығы. Әйтеке би кентінен оңтүстік–батысқа қарай 26 шақырым жерде, Сырдарияның сол жағасындағы Қазалы каналы бойында орналасқан. Ауыл 1977-96 жылдары аудандық мал бордақылау арнайы бірлестік орталығы болды. Бірлестік негізінде ауылда өндірістік кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары құрылды.

Біртөбе – бейіт. Әйтеке би кентінен солтүстік–шығысқа қарай 18 шақырым жерде.

Водокачка – елді мекен атауы, Қарашеңгел ауылдық округінің құрамында. Аудан орталығынан 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Іргесі 1931 жылы құрылған. Елді мекенде 133 адам тұрады, жанұя саны – 26. Елді мекенде Қарашеңгел бастауыш сыныбы бар, оқушылар саны – 11. Негізгі кәсібі – мал, егін шаруашылығы.

Дайрабай – құрғақ арна. Арал теңізінің шығыс алабында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Дайрабай – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Дарбас – құм. Арал Қарақұмының оңтүстігінде, Тұран ойпатында.

Дарбас – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде, Тұран ойпатында.

Дауынбай – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Дәуқазан – арық. Сырдария алабында.

Диісбай – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Дөңқазған – құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Дөңқұт – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Елемес – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Елемес – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Еңбекшіқазақ – темір жол бекеті. Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 43 шақырым жерде. «Еңбекшіл, еңбек сүйгіш, бейнетқор қазақ» мәніндегі атау.

Ербай - құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Ескідариялық – Сырдарияның ежелгі арнасы. Жусанды жазығы мен Жуанқұм құмы көлденең кесіп өтіп, Қуаңдариямен қосылады. Арна Қызылорда облысының Қазалы ауданында орналасқан. Ұзындығы - 130 шақырым, тереңдігі - 1,5–2м. «Бұрынғы, көне Дариялылық» мәніндегі атау.

Ешкіарық – арық. Октябрь ауылында, Сырдария алабында.

Жақайқазған – құдық. Тұран ойпатында, Сырдария өзеннің аңғарында. Құдықты Жақай деген кісі қазғандықтан берілген атау.

Жақсыжармола – көл. Арал теңізінің шығысы алабында, Қыжылқұмның солтүстігінде.

Жақып – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Жалаңтөс батыр – ауыл. Қазалы қаласынан шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан. 1973-1997 жылдары күріш өсіретін «Қызылту» кеңшарының орталығы болып, кеңшар атымен аталған. Жалаңтөс батырдың құрметіне қойылған атау.

Жалмағанбет – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Жалпақ – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Жалпақ, жайпаң келген, кең құдық» мәніндегі атау.

Жалпақ – жер атауы, ескі қоныстар тобы. Сырдария өзенінің сол жағасында орналасқан. 1958 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (жетекшісі С.П.Толстов) зерттеген. Қазба барысында неолит дәуірінің мәдениетін, сол кезде өмір сүрген халықтардың тұрмысын сипаттайтын құмыра ыдыстар, тастан жасалған пышақтар, мыс сынықтары, садақ жебелері, т.б. табылды. Табылған бұйымдарға қарағанда Қызылқұм, Жаңадария арнасын б.з.б. 4-3 мыңжылдықтарда балық аулап, жеміс өсірген тайпалар қоныстанған.

Жалтыркөл – көл. Сырдария өзеннің алабында, Бекбаулы темір жол бекетінен оңтүстікке қарай 2 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 54,4 м биіктікте орналасқан. Көлдің ауданы - 13,3 шақырым. Жағасы жайпақ, аласа жыралармен тілімделген. Көл Сырдарияның суымен (көктемде) және қар суымен толығады. Жаздың ыстық айларында суы кермектеніп, минералдығы артады. Қарашаның 2-жартысында қатып, наурыздың аяғында мұзы ериді. Жайылмасында құрақ, қамыс өседі. Шығысынан 3 шақырым жерден Басықара каналы ағып өтеді. «Мөлдір, тұнық сулы таза көл» мәніндегі атау.

Жаманжармола – сор. Арал теңізінің шығысында, Қыжылқұмның солтүстігінде.

Жаманқостан – төбе. Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзеннің аңғарында. Абс. биіктігі - 65м.

Жанай – ауыл. Қазалы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 39,5 шақырым жерде. Кісі есімінен не ру атынан қойылған атау.

Жанкент – орта ғасырлардан сақталған көне қала орны. Сырдарияның Арал теңізіне құяр тұсында орналасқан. Жувейнидің, Несевидің және Омаридің кейбір еңбектерінде ол «Шаһаркент» деп те берілген. В.В.Бартольдтің пайымдауынша Жанкент 10-11 ғасырларда Оғыз мемлекеттік бірлестігі билеушілерінің қысқы ордасы болған. Жанкентте 1867 жылы П.И.Лерх және М.К.Приоров кішігірім қазба жұмыстарын жүргізіп, жобасын түсірген. Қаланың жобасы шығыстан батысқа қарай созылған, бұрыштары тік келген, көлемі – 375х225 м. Сыртқы қорғаныс қабырғасының сақталған бөлігінің биіктігі – 87 м, оның бұрыштарында орналасқан күзет мұнараларының оқ ататын қуыстарына дейін бұзылмаған. Ортағасырлық деректерде Жанкент қаласын мұсылмандар қоныстанған. Жанкент «Жаңа қала» деген мағынаны береді. Ел аузындағы аңыз бойынша Жанкент қаласының жойылуын Қарабура әулиенің қарғысымен байланыстырады. Аңызда жазықсыз жарын жазалаған Санжар ханның кесірінен (Жанкент қаласының билеушісі) қаланың бүкіл халқын ордалы жылан шағып өлтірген.

Жанқожа батыр ауылы – ауыл, Арықбалық ауылдық округінің орталығы. Әйтеке би кентінен батысқа қарай 32 шақырым жерде, Сырдария жайылмасының қамыс, құрақ басым өскен шалғынды сортаң топырақты шөлді белдемінде орналасқан. 1962-97 жылдары қаракөл қойын өсіретін Қазақстанның 40 жылдығы атындағы кеңшардың орталығы болды. Ауыл 19-ғасырда осы өңірде (Сыр бойында) өмір сүрген ұлт-азаттық көтерілістің басшысы болған Жанқожа Нұрмұхамедұлының есімімен аталған.

Жанши – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Ши маңындағы құдық» мәніндегі атау.

Жаңаарық – канал. Қазалы қаласының оңтүстік-батысында, Сырдария өзеннің аңғарында. Жаңадан қазылған канал болғандықтан осылай аталып кетсе керек.

Жаңакалинин – ауыл орны. Жаңадария өзеннің аңғарында.

Жаңакөсе – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Жаңаталап – ауыл. Қазалы қаласынан батысқа қарай 55 шақырым жерде.

Жаркөл – қыстау. Қазалы қаласының батысында, Сырдария өзеннің бойында. Жар және көл сөздерінен жасалған. «Жағалауында тік жары бар көл» мәніндегі атау.

Жалтыркөл – көл атауы. әйтеке би кентінен солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 54,4 м биіктікте жатыр. Ауданы – 13,3 шаршы шақырым. Жағасы жайпақ, аласа жыралармен тілімделген. Көл Сырдарияның суымен (көктемде) және қар суымен толығады. Жаздың ыстық айларында суы кермектеніп, минералдығы артады. Қарашаның 2-жартысында қатып, наурыздың аяғында мұзы ериді. Жайылмасында құрақ, қамыс өседі. Шығысынан 3 шақырым жерден Басықара каналы ағып өтеді.

Жетімшағыл – құдық. Арал Қарақұмының солтүстігінде.

Жиделі – көл. Қазалы қаласынан оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде.

Жиделі – ауыл. Қазалы қаласынан батысқа қарай 25 шақырым жерде.

Жолдыбай – бейіт. Жуанқұмның солтүстігінде, Сырдария өзеннің аңғарында. Кісі есімінен қойылған атау.

Жуан – ауыл. Қазалы қаласынан оңтүстікке қарай 15 шақырым жерде.

Жуанқұм – құмды алқап. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде, Сырдария өзенінің аңғарында орналасқан. Абс. биіктігі – 80-87 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 80 шақырымға созылған, енді жері – 20 шақырым. Аумағы – 1,22 мың шаршы шақырым. Қырқалы-төбешікті, төбешікті, ұсақ төбешікті келген жер бедері ежелгі Сырдария өзенінің көне атыраулық аллювийлі шөгінділерінен түзілген. Сырдарияның ежелгі арнасы аумағында жатқандықтан Жуанқұмда грунт сулары жер бетіне жақын орналасқан. Құм қырқаларда ақ сексеуіл шоғырлары кездеседі. Алқап көктемгі-жазғы-күзгі жайылым саналады.

Жуантөбе – төбе. Арал Қарақұмының солтүстігінде. Абс. биіктігі - 99 м.

Жусанқатын – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Жұбан ауылы – Сарыкөл ауылдық округіне қарайды. Жұбан елді мекенінің бұрынғы атауы – Көк қатын. Қасында Жұбан деген үлкен көлдің болуына байланысты осы атқа ие болған. Табиғаты мал және балық шаруашылығына қолайлы.

Жұбан – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Сырдария өзеннің аңғарында. Кісі есімінен қойылған атау.

Жұдырық – құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Ру атынан қойылған атау.

Жылқышытөбе – төбе. Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 71,5 шақырым жерде, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Абс. биіктігі - 88 м. Ру атынан қойылған атау.

Жырақұдық – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Жыра және құдық сөздерінен қойылған атау. «Жырадан ойпаң жерде қазылған құдық» мәніндегі атау.

Заңғар – көне қала орны. Қазалы ауданындағы Байқожа темір жол бекетінен 12 шақырым жердегі Кеңтүп елді мекені маңында орналасқан. 1868 жылы құрылып, Заңғар болысы 1920 жылға дейін осы атаумен аталған.

Игілік – құдық. Тұран ойпатында, Сырдария өзеннің аңғарында. Кісі есімінен қойылған атау.

Илемрат – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Ирок – ауыл орны. Әйтеке би кентінен оңтүстік–шығысқа қарай 8 шақырым жерде.

Кәмектің сайы – құрғақ арна. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Кәукей – жер атауы. Сырдария өзенінің сол жағалауында, Әйтеке би кентінен 90 шақырым жерде, Қызылқұмның солтүстік шетіндегі Ақсай өзенінің жағасын алып жатыр. Оны Бозкөл қолтығы деп те атайды. 1950-51 жылдары Бозкөл қолтығы бірімен-бірі жалғасып жатқан тұщы көлшіктердің жиынтығы болған. Ол кезде Қуаңдария өзегі Сырдария өзенінен бастау алып, осы Ақсай қолтығына құйған. Кәукей өңірі агроклиматтық тұрғысынан өте құрғақ әрі ыстық өңір. Өңірде Кәукей елді мекені орналасқан.



Кәукей – ауыл, Қызылқұм ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Әйтеке би кентінен оңтүстік–батысқа қарай 95 шақырым жерде, Сырдарияның ежелгі арнасы – Қуаңдарияның төменгі ағысында, сортаң топырақ жерде орналасқан. Ауыл 1963-1997 жылдары қаракөл қой шаруашылығымен айналысатын «Қызылқұм» кеңшарының орталығы болып келді. Кісі есімінен қойылған атау.

Кенкес – темір жол бекеті. Әйтеке би кентінен солтүстік–батысқа қарай 6 шақырым жерде.

Кеңтүп – ауыл. Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 51 шақырым жерде. «Кең түбек» мәніндегі атау.

Кескенкүйікқала – төбе. Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзенінің аңғарында. Абс. биіктігі – 66 м. Тарихи оқиғаға байланысты қойылған атау.

Киікбай – бейіт. Тұран ойпатында, Сырдария өзенінің аңғарында. Кісі есімінен қойылған атау.

Коммунизм – ауыл. Қазалы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 55 шақырым жерде. Кеңес дәуірінде қойылған атау.

Көкқатын – көл атауы. Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 12 шақырым жерде, Сырдарияның сол жағалық жайылмасында орналасқан. Көлдің ұзындығы – 6,0 шақырым, ені – 1,1 шақырым, аумағы – 3,9 шаршы шақырым, көлемі – 3,2 млн. текше метр. Ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Көлге су Ақсай каналы арқылы құяды. Бұл кезде ені – 3-5 шақырым, ұзындығы – 60 шақырымға жетеді. Жуан Садырбай жайылмасы осы көл арқылы суландырылады. Көл жағалауының 60 пайызға дейінгі жерін қамыс, қоға басқан. Жайылмасы шабындыққа пайдаланылады.

Көкқызқималы – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде.

Көларық ауылдық округі – 1936 жылдары Қазалы арнасының суы Каганович, Төлек ұжымшарларынан ауысып, Томан ұжымшарына келе қоймайтын. Ауыл белсенділері жылда дария тасығанда су толатын Қаракөлден саға алып, 1936 жылдың күзінде арық қаза бастайды. Ол келер жылы көктемде пайдалануға беріледі. 1937 жылы Құмжотаның бойына, Шініке және Қатағар беткейіне егін салып, мол астықтың астында қалады. Ел көркейіп, іргелі шаруашылыққа айналады. 1938 жылы екі пәтерлік отыз тұрғын үй және қойма салынады. Ұжымшар сол жылдардан бастап көлден саға алған арықтың атымен Көларық атанады.

1950 жылы Аманкелді, Көларық, Жаңаталап, Бірінші Май және Каганович ұжымшарлары бірігіп, Аманкелді ұжымшарына ірілендіріледі. Бұның жер аумағы №16 ауылдық кеңеске қарайтындықтан, 1976 жылы Көларық ауылдық Кеңесі деп аталды. 1993 жылдан бастап Көларық ауылдық округі болып өзгертілді.



Көларық аталған арықтың ізі қазіргі уақытта Мырзабек учаскесінің Қазалы-Әлсейіт тас жолына қараған бетінде 50-60 метр ұзындықта сақталған.

Күйікқала – көне қала орны. Жаңадария мен Қуаңдария өзендерінің аралығында, Жанкент қаласынан 18-20 км жерде орналасқан. Күйікқала археологиялық ескерткіштер қатарына жатады. 1946 жылы С.П.Толстов басқарған Хорезм экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Кубин – төбе. Жуанқұм өңірінде, Сырдария өзенінің аңғарында. Абс. биіктігі – 71 м.

Қазалы – ауыл. Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 57 км жерде. 1943 жылы «Комсомол» және «Бірлік» колхозы бірігіп, «Қазалы» асыл тұқымды қой совхозы болған. 1958 жылы «Қазалы» совхозы Арал маңындағы биязы жүнді қой өсіру жөніндегі көп жылдық ғылыми жұмыстардың қорытындысы бойынша асыл тұқымды мал совхозына жатқызылды.

Қазалы каналдары – Қызылорда облысындағы ірі суармалы-суландыру жүйелері. Сырдарияның оң жағалауында орналасқан «оң жаға» каналы, сол жағалауындағысы «сол жаға» каналы деп аталады. «Оң жаға» каналы 1943 жылы іске қосылды. Жалпы ұзындығы – 120 км, табан ені – 10-26 м, тереңдігі – 2,5-6 м, секундына 23-30 куб метр су өткізе алады. «Сол жаға» каналы 1941-43 жылдары қазылып, 1957 жылы техника күшімен кеңейтілді. Оның ұзындығы – 80 км, ені - 20-25 м, су ағымы жоғарғы бөлігінде секундына 34 куб метр.

Қалқабай – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Қалтөбе – артезиандық құдық. Жуанқұм өңірінде, Сырдария өзенінің аңғарында. «Беткейінде ойдым-ойдым таңдақ жері бар төбе» мәніндегі атау.

Қандыөзек – көл. Әйтеке би кентінен солтүстік-шығысқа қарай 5 км жерде.

Қаншықкөл – сор. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстігінде.

Қапшық – төбе. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Абс. биіктігі – 71 м. Ұқсастыру жолымен қойылған атау.

Қарабайбұлақ – артезиандық құдық. Тұран ойпатының оңтүстігінде, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Қарабайдың бұлағы» мәніндегі атау.

Қарадүзген – құдық. Арал Қарақұмының солтүстігінде. Өсімдік атынан қойылған атау.

Қаракөз – көл. Сырдария алабында, Әйтеке би кентінен солтүстік-батысқа қарай 16 км жерде. Әйел кісі есімінен қойылған атау.

Қарақуыс – темір жол бекеті, ауыл. Әйтеке би кентінен солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде. «Қара сай» мағынасындағы атау.

Қарақыз – құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Тереңдігі – 10 м, шығымы – 210 л/с. Ру атынан қойылған атау.

Қараманәуіт – бөген. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Су жинайтын шұңқыр» мағынасындағы атау.

Қарамолда – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Қаратазқұдық – құдық. Арал Қарақұмының солтүстігінде. Ру атынан қойылған атау.

Қаратамақ – сор. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстігінде. «Қара аңғар» мағынасындағы атау.

Қарашеңгел ауылдық округі – 1934 жылы Қарашеңгел ауылдық кеңесі болып аталған. Оған Басықара, Ленин, Қызылту ұжымшарлары қараған. 1934-1939 жылдары №3 ауылдық кеңесі болып құрылған. 1977 жылға дейін Қарашеңгел ауылдық кеңeci болып, бұл кеңеске Басықара, Құмжиек, Қызылту ауылдары қараған. 1977 жылы Қызылту кеңшарының орталығынан кеңсе салынып, 5 елді мекеннен тұратын (Үйрек, Водокачка, Алтай, Ойынды, Көбек) өз алдына Қызылту кеңшарының ауылдық кеңесі болып ашылған. 76 жылдық тарихы бар ауылдық кеңес 1991 жылдан Қарашеңгел ауылдық округі болып жұмыс жасауда. Ауылдық округ аудан орталығынан 12 шақырым қашықтықта орналасқан.

Қарбұлақ – қыстау. Тұран ойпатында, Сырдария өзенінің аңғарында. «Терең бұлақ» мағынасындағы атау.

Қасқа – артезиандық құдық. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Қаттыағар – артезиандық құдық. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде.

Қаттыкөл – ауыл орны. Әйтеке би кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде.

Қожаахмет – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қыжылқұмның солтүстігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Қожабақы – ауыл, Аранды ауылдық округінің орталығы. Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 45 км жерде. Ауыл 1977-97 жылдары мал бордақылау бірлестігі бөлімшесінің орталығы болып келді. Қазіргі уақытта Қожабақыда және округке қарасты Бірлік, Аранды ауылдарында «Қожабақы» ӨК мен АҚ, 11 шағын кәсіпкерлік, 6 шаруа қожалығы жұмыс істейді.

Қожабек – бейіт. Тұран ойпатында, Сырдария өзенінің аңғарында. Кісі есімінен қойылған атау.

Қожақ – бейіт.Тұран ойпатында, Арал Қарақұмында. Кісі есімінен қойылған атау.

Қожақазған ауылы – Арал қарақұмдарының оңтүстігінде Қожа деген бір кісі құдық қазады. Тұрғындар сол құдықтан су ішіп, тіршілік етеді. Уақыт өте келе ол жерді халық «Қожаның қазған құдығы» мәнінде Қожақазған деп атап кетеді.

Қожақазған – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде. «Қожаның қазған құдығы» мәніндегі атау.

Қожан – артезиандық құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде, Тұран ойпатында, Қазалы ауданында. Кісі есімінен қойылған атау.

Қожатақыр – қоныс. Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзенінің аңғарында. Қожа руының атынан қойылған атау.

Қойындық – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде. «Аңғардағы құдық» мәніндегі атау.

Қолдас – бейіт. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Қонысбайқұм – құм. Тұран ойпатында, Арал Қарақұмында. «Қонысбай руының құмы» мәніндегі атау.

Қосқұдық – құдық. Тұран ойпатының шығыс бөлігінде, Арал Қарақұмында.

Қосмола – артезиандық құдық. Әйтеке би қаласының оңтүстік-шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Қатар тұрған екі мола жанындағы құдық болғандықтан осылай аталып кеткен.

Қосшеген – ауыл орны. Шеңгелді ауылынан солтүстік-батысқа қарай 27 км жерде. «Қатарынан қазылып шегенделген екі құдық» мәніндегі атау.

Қосшеген – құдық. Тұран ойпатында, Арал Қарақұмында.

Қосшыңырау – жайлау. Арал Қарақұмының оңтүстігінде. Екі терең құдығы бар болғандықтан осылай аталып кетсе керек.

Қосым қожа қорымы – Басықара су тоспасынан оңтүстікке қарай 60 шақырым қашықтықтағы Адам Атадан шығысқа қарай 6-7 шақырым жерде орналасқан. Қосым Қожа Мүсірәлі сопы әзіз Жәдікұлының кеже баласы.

Мүсірәлі үш жүзге пір болып, Түркістанға хан сарайына келгенде баласы Қосымды Әлімнің Қаракесек тайпасының ішіне өзінің орнына пір қойып кетеді. Қосым да әкесі сияқты аруақты адам. Осы қорымға жерленген келесі бір тұлға – Дәулет бақсы. Қорымда «Мені атам Қосымның әруағы қолдады. Өлгенде де сол кісінің қасына, жақын жерге қойыңдар» - деген өсиетімен жерленген тағы бір тарихи тұлға – Сартай батыр.



Қуанбай – бейіт. Тұран ойпатында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Қуандық – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. Кісі есімінен қойылған атау.

Қуаңдария - өзен. Қызылқұмның солтүстік бөлігінде, Сырдария өзенінің аңғарында. «Кеуіп қалған суы жоқ үлкен өзен» мәніндегі атау.

Қубек – темір жол бекеті. Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 20 км жерде. Кісі есімінен қойылған атау.

Құлдан – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде, Тұран ойпатында. Кісі есімінен қойылған атау.

Құлқұдық – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде, Тұран ойпатында. Тереңдігі – 3 м, шығымы – 400 л/с. Ру атынан қойылған атау.

Құлқын – артезиандық құдық. Арал теңізінің шығысында, Қызылқұмның солтүстік бөлігінде. «Өте терең құдық» мағынасындағы атау.

Құмжиек ауылдық округінің орталығы – Қ.Пірімов ауылы. Аудан орталығынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан. Құмжиек ауылының тарихы 1929 жылы Құмарық ұжымшары болып құрылғаннан басталады. 1950 жылы Жамбыл, Бірлік, 15 жылдық Қазақстан, Бірлік, Комсомол, Кеңтүп аталатын майда ұжымшарлар біріктіріліп, алғашында Сталин кейін Ленин атындағы ұжымшар болып іріленген. 1973 жылы Ленин және Қызылту кеңшарлары біріктіріліп, Қызылту кеңшары болып аталды. 1974 жылы шаруашылықтарды мамандандырылған Құмжиек мал, егін шаруашылығы болып құрылды. Содан бері Құмжиек ауылы болып аталып келеді.

Құмжолқұдық – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде.

Құттыбай күмбезі – сәулет өнері ескерткіші. 18-19 ғасырлар аралығында қазіргі Өркендеу ауылы маңында тұрғызылған. Ескерткіш шаршы пішіндес, биік күмбезді құрылыс. Күйдірілген кірпіштен өрілген. Сыртық ауданы – 11 х 9 м, жалпы биіктігі – 9 м. Үлкен бөлме мен дәліз ретінде соғылған шағын бөліктен тұрады. Орталық Азия аймағына тараған пештақты құрылыс үлгісіне ұқсағанмен, олардан өзіндік композициялық нышанмен ерекшеленеді. 1982 жылдан мемлекеттік маңызды тарихи-мәдени мұралар тізіміне енгізілген.

Қызыләскер – темір жол бекеті. Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 28 км жерде. Кеңес дәуірінде қойылған атау.

Қызылқұдық – құдық. Арал Қарақұмының оңтүстігінде. Құдық басындағы тас топырақтардың қызғылт түсі бойынша қойылған атау.

Қызылқұм ауылдық округі – Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанда мал азығы дайындалмай, ел көп шығынға ұшырап отырған. Осыған байланысты екінші тың игеру мақсатында мал шаруашылығын дамыту үшін Қызылқұм беткейінен 1964 жылы Қызылқұм кеңшары ашылды. Жердің құмы қызыл түсті болғасын Қызылқұм деп аталған. Қызылқұм – Түркіменстанға дейін созылып жатырған шөлді аймақ.

Лақалы – ауыл. Қазалы қаласынан оңтүстікке ұарай 43 км қашықтықта. Балық атынан қойылған атау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет