3-тапсырма: Төменде
берілген
мінездемеге
назар
аударып,
стилистикалық талдаулар жасаңыз.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Е.Е. Түйтеге М І Н Е З Д Е М Е Жасы 28-де. Педагогикалық өтілі – 6 жыл. 2005 жылы осы университеттің филология факультетін «қазақ тілі және әдебиеті, шет тілі» мамандығы бойынша үздік дипломмен Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
103
бітірген соң, қазақ тіл білімі кафедрасында оқытушы болып қалдырылды. 2005 жылы 10.02.02-қазақ тілі мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөліміне түсіп, 2008 жылы аяқтады. Осы жылдан бастап қазақ тіл білімі кафедрасында оқытушы қызметінде жұмыс істейді. Орыс және француз тілдерін еркін меңгерген. Компьютермен пайдаланушы деңгейінде жұмыс жасай алады. Е.Е.Түйте «Когнитивті лингвистика», «Тіл біліміне кіріспе», «Ахметтану бастамалары» т.б. пәндерінен дәріс оқып, практикалық сабақтар жүргізеді. Сабақтарына әрдайым лингвистика ғылымының жаңалықтарын, иновациялық технологияны қолданып отыруға тырысады. Студенттік кезінен университетте өткен ғылыми- теориялық, ғылыми-әдістемелік конференцияларда баяндама жасап, бірнеше мақаласы жарық көрген. Факультеттің, кафедраның қоғамдық шараларына жауапкершілікпен қатысады. Кафедра бойынша тәрбие жұмыстарына жауапты. Е.Е.Түйте – студенттер алдында, кафедра ұжымының алдында ізденушілігімен, еңбекқорлығымен танылған оқытушы, өзіне де өзгелерге де қатаң талап қоя білетін білікті педагог. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы бойынша әр түрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасады. Сегіз мақаласы конференция материалдарында жарық көрді. Сонымен қатар ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тізіміндегі басылымда алты ғылыми мақаласы жарияланды. 1 оқу- әдістемелік кешені, 1 оқу-әдістемелік нұсқауы жарық көрген. Жалпы 23-тен аса ғылыми, бірнеше публицистикалық мақалалардың авторы. Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша 2009 жылдың 30 маусымында Астана қаласының Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Д 14.29.02 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде «Адамның психикалық жай-күйіне қатысты лексиканың құрылымы мен семантикасы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Е.Е.Түйте 2009 оқу жылынан бастап қазіргі уақытқа дейін филология факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқаруда. Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
104
Е.Е.Түйтенің қызметтік міндеттерін орындау сапасының жоғары екендігін ескере отырып, оны байқаулық лауазымға лайықты деп есептейміз. Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі Мажитаева Ш.М.