Үй тапсырмасы: Тапсырма. Еркін жаттығулар



бет4/12
Дата08.02.2022
өлшемі25,33 Kb.
#98490
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дшш

Акрабатикалық жаттығулар.
1. Аяқты алшақ қойып, тұру қалпынан алға домалап түсу.
2. Алға қарай домалап түсіп, жүрегелу және қарсы лақтырылған волейбол добын қағып алу.
3. Қолды тіреп отыру және төмен басылып отыру қалпынан артқа қарай домалап түсу.
4. Артқа қарай домалап түсу, бір тізерлеп тұру, бос аяқты артқа қарай көтеру.
5. Қолды алға қарай көтерілген аяқтың тобығы тұсынан ұстап, адымдап барып алға қарай домалап түсу.
6. Жаттығуды бастар алдында жаттығушының өзі лақтырған волейбол добын қағып, ала отырып, алға қарай бірнеше рет домалап түсуді орындау. 7. Шеңбердің ортасынан алға қарай созыла домалау арқылы өтіп шығу.
8. Жартылай жүрелеп отыру қалпынан адымдап жүріп барып, алға қарай домалап түсу.
9. Денені жиырған қалпында алға және артқа екі рет домалап түсу. Алға және артқа қарай домалап түсу- денені жинап, жиырып алып аударылып түсу деген сөз. Ардарылып түсу түрлерінің ең қарапайымы- қолды жерге тіреп отырып, алға қарай аударылып түру. Ол үшін төмен жүрелеп отырады да, екі аяқтап сәл алшақ ұстап, екі тізені екі жаққа жіберіп, екі қолды екі аяқтың сырт жағынан еденге тіреген қалпында бастайды : Бұл кезде арқа доғаша иіліп, бұлшық еттері қатаяды. Осындай қалыптағы жиырылу аяқтың денеі итеру күші жүрелеп отыру қалпына келгенге дейін созылады. Алға қарай домалап асып түсуді орындаған кезде мынадай қателіктер жіберілуі мүмкін. А) басты еденге тиюі; ә) жиырылған денені уақытынан бұрын жазу; б) домалап түсудің бастапқы кезінде қолды алға жылжытып жіберу. В) домалап түскеннен кейін аяқты жазып,көсілу. Домалап түсудің ең негізгі қажетті элементі –жиырылу. Жиырыла білуді үйрене бастағаннан кейін екінші біреудің көмегімен домалап асып түсуді өз бетінше орындаудан біртіндеп оны қиындатып орындауға көшу қажет: жүрелеп отырудан қолды тіреместен домалап асып түсу; адымдап және жүгіріп келіп домалап түсу; қолға зат ұстап домалап түсу және домалап түскеннен кейін допты қағып алу; төрт тағандап тұрған жолдасының үстінен,жіптен гимнастиакалық орындықтан, ағаш аттан, кіші ағаш аттан домалап асып түсу, т.б. Алға қарай домалап түсуді үйреніп болғаннан кейін қолды тіреу арқылы артқа қарай домалап асып түсу жаттығуын орындауға көшу керек. Бұған ерекше ұқыптылық қажет. Артқа қарай домалап асып түсудегі жүйелілікті шалқадан жатып, қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа серпілуден бастаған жөн.Үйрену жүйесінің келесі кезеңі жұрелеп отырудан артқа қарай домалап асып түзу арқылы қолды тіреп тізерлеп отыру,домалап асып түсіп,аяқты алшақ қойып тіреп туру;артқа қарай домалап түсу арқылы қолды тіреп,отырғаннан кейін жоғары секіру; артқа қарай қатарынан екі үш рет домалап асып түсу. Шынтақты жерге тіреу арқылы жауырынға тұру. Шалқамен жату қалпынан аяқтың ұшын бастан асыра еденге тигізуге тырыса отырып,бел еденнен көтерілген кезде алақанмен мықылды қаусыра ұстап,қолды белге тіреу керек және қолды шынтақтан біріп оны дененің астына қарай көбірек жіберіп,бұдан кейін аяқты жоғары қарай созады да,шынтақты тірей көтерілу арқылы жауырынға тұру қимылы орындалады.Жауырынға тұру тәсілін орнықтыра түсу үшін аяқпен мынадай әр түрлі қимылдан жасау ұсынылады:аяқты бүгу;аяқты алшақ ұстау;бір аяқты алға,екінші аяқты артқа қарай жіберу т.б. Бұл жаттығуды бастапқы қалыпты өзгерту арқылы қиындатуға болады,яғни екі аяқты бірге соға ұстап отырып,жауырынға жұру керек.Аяқты сүймелдеп ұстау қауіпсіздендерудің және оған көмек берудің элементі болып табылады. Акробатикаға тән негізгі міндеттерді ойдағыдай іске асыру үшін және денені дамыту үшін «көпір жасуды»үйренуді шалқамен жату қалпынан бастау керек.Үйрену жүйесінің басында иілгіштікті және иық буындарының қозғалғыштығын дамытатын жаттығуларды негізгі тұрыста тұрған қалыпта еденде гимнастикалық қабырғада жасап жаттыққан жөн.Осылардан кейін барып «көпір жасау» тәсілдерін үйренуге көшу керек. 1.Шалқадан жатып,қолды иықтан асырып жерге тіреп,жолдасының көмегі арқылы белді көтеріп көпір жасау. 2.Бүл да сондай,бірақ көпірді жене өзі жасайды.Қол мен аяқ иықтын кеңдігіндей мөлшерінде түзу ұсталып,бас артқа шалқая береді.Көпірде 3 сек.тұру керек.
Көмектесу киетімен және қауіп сақтау үшін оның жолында бір оқушы тұрып,бір қолмен оның жауырынынан,екінші қолымен белінен демесуі қажет Жіберілуі мүмкін қателіктер:
а)Қол мен аяқтың бүгіліп кетуі.
ә)Қол мен дене аралығындағы бұрыш 180-тан кем болды.
Б)Қол мен аяқтың арасы иық кеңдігінен не кең не тар болды.
В)бастың артқа толық иілмеуі.т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет