Жаңа дәуір философиясы


Метафизикалық онтология: субстанция мәселелері (Декарт, Дж. Локк, Т. Гоббс тағы басқалар)



бет4/15
Дата07.03.2022
өлшемі49,07 Kb.
#134514
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
annotation11176
4
Метафизикалық онтология: субстанция мәселелері (Декарт, Дж. Локк, Т. Гоббс тағы басқалар)
Декарт Рене (1596-1650 жж.) «жаңа философияны» бастаушылардың бірі, рационализмнің негізін қалаушы, Голландиялық ғылым академиясының негізін салушы. Бэконға қарағанда, «тәжірибе мен қадағалаудан гөрі, ол ақыл мен өзін-өзін тануға көп көңіл аударған». «Ақылды басқару ережелері», «Алғашқы философия туралы ойлар», «Философия бастамасы», «Әдіс туралы ойлар» еңбектерінде танымдағы сананың рөлі идеясы көтерілген.
Декарттың шешімін табуға бел буған алғашқы мәселелерінің бірі – білімнің қисындылығы. Бэкон тәрізді, ол да заттардың мәні мен байланысы туралы шынайы ой қалыптастыруға мүмкіндік беретін әмбебап таным әдісін жасауға ниеттенді. Алайда, Декарт білімнің басты көзі деп тумысынан ақылға тән болатын ойлар мен түсініктерді санайды (яғни, «тума идеялар теориясы». Ол қазіргі рационализмнің негізін қалаушы, өзі жасаған «ақиқатқа негізделген» әдісті дұрыс деп шешкен.
Шынайы білімді іздеумен айналысып, ойларды заң тармақтарымен (дұрыс шешім қабылдауға, пайдасыз ойлардан аулақ болуға, ақырын-ақырын білімнің дәрежесін көбейтуге, шынайы ақиқат танымына қол жеткізуге көмектеседі) басқару керек.
Декарттың ойлау тәсілдері төмендегідей:
- ештеңені шынайы қабылдамау (барлығынан күдіктен);
- зерттеу мәселелерін шешімін тапқанша бөлімдерге бөлу;
- ой шындыққа қарай ақырындап, оңайдан қиынға, сатылай жақындауы қажет;
- ештеңені ұмытып кетпеу үшін зерттеу тармақтарын толық орындау.
«Бәрінен күдіктену керек» тезисі Декарттың әдіснамасында танымының бастапқы сатысы болып табылады. Ол үшін күмән мақсат емес, ол ғылыми алғышарттардың тәсілдерінен құтылу және тиянақты тексеру, беделділер дәйектеген тексерілмеген ақпараттардан арылу жолы деп есептеген.
«Алғашқы дәйектерді анықтау» (субстанция), шынайы зерттеу бастамасын анықтау үшін Декарт осы әдіснамалық тәсілді қолдану қажет деп ойлаған. Бэкон мысал үшін мұндай алғашқы дәйектерді «сезімдердің шынайлылығы» деп қарастырды. Декарт оны «ойлаушы Мен» санасынан табады және бұл жағдайды «ойлаймын, демек, өмір сүремін» тезисімен бекітті. Бұл тезисті Гегель жоғары бағалады: «Декарт философияны жаңа бағытқа бұрды, сол арқылы философияның жаңа дәуірі басталады. Ол ой өз-өзінен шығу керек деген талаптан бастаған». Декарттың ойынша, «Мен» – бұл барлық жан және табиғат ойлардан құралады деген субстанция (күдіктенуге болмайтын ақиқат).
Бірақ, Декарт ескерткендей, зерттеуші осы ұсыныстарды бұлжытпай орындағанның өзінде, ғылыми ізденіс кезінде қателесулерден құтылу мүмкін емес (қанша ғалым болса, сонша пікір болады). Себебі нағыз ғалым өзінің білімінен күдіктенеді, ол ақырындап тиянақты біліміне жақындап, нақты шыншылдық (ес) бастамасын қолданады.
Декарт талдағыш геометрия негіздерін ашты, айнымалы аумақтың және атқаратын қызметінің ұғымдарын енгізді, импульсті сақтау заңын құрды, рефлекс жайында ойларды еңгізді, аспан денелерінің, материялық бөлшектердің құйынды қозғалысын түсіндірді.
Декарттың сол ынтасы қазіргі физика және математика мәселелерінде метафизикалық «өсімді» қағидаларда ізін қалдырды. «Жаңа білімді» екі әдіспен иемденуге болады деп ойлаған: дедуктивті-математикалық және тәжірибелі-индуктивті. Шынайы білім алуда басты рөл рационалды дедукцияға жатады. Онда зерттеуші ортақ ойлардан өзіндік пікір шығарады.
Осылайша, рационалды метафизиканың орталық ұғымы субстанция болып табылады. Алайда, Декарттың заманында үстем болған «ғылымның патшайымы» – механиканың айқындамасы бойынша, ақыл мен материяның арасындағы байланысты көрсету тәрізді сананы да түсіндіру қиын болған. Сондықтан Декарт дуалист секілді екі түрлі субстанция туралы ілімді жақтаған. Ол дүние екі бастамадан «болмыс және ойлаудан» тұрады деп бекіткен. Басқа сөзбен ол материя мен ойдың тіршілігін мойындаған (ойлаушы «Мен»). Оның түсінігінде «орындалмаған субстанция» (орындалмаған нағыз) өз-өзіне тәуелді, «Орындалған субстанция» (орындалған нағыз), Декартша, өз-өзіне себепші Құдай ғана болып табылады. Қалғаны барлығының тіршілігі үшін «Құдайдың қатысына» мұқтаж болады, – деп «Философия бастамасында» жазған. Декарт бойынша, Құдай – бұл «ұлы уақытшы», оның қызметі «табиғат заңдарын қалыптастыра отырып, өзінің ағымына келістіру...», осы арқылы танымның шындығына кепіл болады.
Ақырында, Декарт Құдай жаратқан дүниені субстанцияның екі түріне бөлген: материалдық және рухани-материалдық. Материалдық субстанцияның ең маңызды атрибуттары (сипаттармен) оның шексіздікке дейінгі ұзақтылығы мен бөлінгіштігі. Декарттың «материалдық субстанциясы» – бұл табиғат. Онда барлығы механикалық заңдылықтарға тәуелді, барлық нәрсенің шешімін математика және механиканың көмегімен анықтауға болады. «Рухани субстанция» (ой, ойлаушы «Мен») бөлінбейді. Оған әуелі (тәжірибеден тыс) тума берілген идеялар тән. Мысалы үшін, Құдай идеясы, уақыт, кеңістік, сан, тұрпат және т.б. ұғымдар. Басқаша айтқанда, ақыл идеялар тудыратын қабілетке ие. Дәл осы «тума идеялар» ғылыми білімнің шынайылығына кепілдік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет