Джон Локк (1632-1704 жж.) – Бэкон және Гоббс бастаған ағылшын философиясының эмпирикалық тұрғыдан ізбасары. Бұл ғалым саясаткер және дипломат. Біздің кезімізде 30 том болып жарияланған көлемді 10 трактаттың авторы. Ф.Энгельстің баяндауынша, «әйгілі» (буржуазиялық) революциядан кейін ол жоғарғы және төменгі таптың, яғни буржуазия және дворян арасындағы таптық компромисс теоретигі ретінде танымал болды.
Локк онтологиялық және гносеологиялық көзқарасын «Адам ойы туралы тәжірибе» трактатында баяндаған. Адам танымының әдісін қарастыра келе, декарттық «тума ой» теориясын сынап, жоққа шығарады, ол «басында ой әртүрлі идеялармен толықтырылмайды» деп тиянақтайды, адам туылғанда оның жаны таза парақ беті сияқты (tabula rasa) болады және өмірлік тәжірибе өзінің жазбасын жазады.
Локк бірдеңені зерттеуден бұрын, біз танымның шектерін білуіміз қажет деп тұжырымдайды. «Мен шындықты іздеймін, оның қашан және қайдан болмасын келетініне қуаныштымын». Сыртқы әлем жайлы білім алуда басты рөлді – эмпирикалық тәжірибе, қоршаған ортаның адамға деген әсері алады, сондықтан сезім кез келген танымның негізі болып табылады.
Ол сыртқы және ішкі тәжірибені сенсуалист секілді айқындайды, сезімді, ойларды (сыртқы танымнан алынған), туындаған рефлекстерді (сезім біздің жанымыздың жұмысының нәтижесі) ажыратады. Бұл «ойларды» ол жай деп атайды, ал «ортақ ойларды», ойластыру процесінде туындаған ой сипаты (жанның) деп айқындайды. Тәжірибе түрлерін бөлу негізінде Локк бастапқы және кейінгі қасиеттерді ажыратып көрсетеді. Екеуін де сыртқы тәжірибе салдарынан алынған идеяларға қосады. Олардың арасындағы айырмашылықты Локк былай көрсетеді: сыртқы әлемнің ықпалымен пайда болғандықтан «бастапқы қасиеттер» объективті болады, ал «кейінгі қасиеттер» субъективті, ол біздің ағзамыздың сыртқы әлемге деген реакциясына қатысты: бұл заттардың иісі, түсі, дәмі жайлы түсінік. Кейінгі қасиеттер идеясы – бұл сыртқы әлемнен алынған деректердің «ойластырылуының» нәтижесі, олар біздің санамызда ғана өмір сүреді, сондықтан олардың сапасы барлық уақытта «бастапқы қасиеттерге» сәйкес келеді.
Ол: «біздің барлық біліміміз тәжірибеге негізделген, ақыр аяғында ол содан туындайды. Бірақ ақыл барлық істе біздің соңғы қазымыз (сот) және басшымыз болуы тиіс» деп атап өтеді. Локк ақылдың таным процесіндегі рөлін «қарапайым эмпирикалық пікірлермен» шектейді. Локк мынадай қорытындыға келеді: «Таным ешқашан барлық сұрақтардың және мәселелердің шешімі таппайды..., таным идеялардың сәйкестігі мен сәйкессіздігінің қабылдануы... басқа танымдарға қарағанда сезімдік таным шектеулі».
Әлеуметтік-саяси көзқараста Локктың ойлары Гоббстың көзқарасынан әлдеқайда өзгеше. Ол өз ойларын «Мемлекетті басқару туралы екі трактатында» баяндаған. Локк бойынша қоғамның шынайы жағдайы – бұл «барлығына қарсы соғыс емес» (Гоббс айтқаны секілді), ал «теңдік жағдайы, яғни біреу екіншіге қарағанда көбірек мүлікке ие бола алмайды. Бұл еркіндік жағдайы, бірақ өз бетімен кеткендік емес». Адамның қоғамдағы еркіндігі абсолютті бола алмайды. Оны Локктың ойынша, «шынайы заң» (шынайы құқық) шектеп отырады, ол капиталистік қоғамның негізгі табы жас, прогрессивті буржуазияның мүддесін қорғайды. Прогрессивті буржуазия-капиталистік тұрғының басты құрамы. Бұл заң бәріне ортақ – басшыларға да және қоластындағы жұмысшыларға да.
Осы тұжырымдаманы дамыта отырып, Локк мынаны баяндайды: әрбір заңды үкімет «басқарушылардың келісіміне» арқа сүйейді, және басшы шынайы құқық шарттарын қолданбаса, онда қоластындағы жұмысшылар келісімшарттан бас тарта алады.
Локктың «шынайы құқыққа деген» және қоғамдық келісімге көзқарасы Гоббсқа қарағанда әлдеқайда прогреcсивті болды. Ол өз көзқарасын биліктің үш бұтағын бөлу туралы ілімімен толықтырды (заң шығарушы, атқарушы және федеративті).Сол арқылы болашақ демократиялық мемлекеттің теориялық іргесі қалыптасты.
«Таптық компромиссті» орнатушы ретінде Локк қоғамның түрлі таптарының арасындағы қарым-қатынасты реттеу жолын тапты. Ол жаңа заман философиясы өкілдерінің арасынан бірінші болып биліктің легитимділігі мәселесін шешу жолдарын ұсынды, ол қоғам еркіндік пен теңдік жағдайында болуы керек деп қарастырады. Адамның еркіндігін тек қана шынайы заң ғана шектей алады, оған сәйкес біреу басқа біреудің өмірін, денсаулығын, мүлігін шектей алмайды. Бірақ, бұл Локк бойынша бірнеше талапты орындағанда мүмкін болады: басшылық бұтағын бөліскенде; басшы мен қоластындағы жұмысшыларының арасындағы келісім болған жағдайда, табиғи заңды, табиғи құқықты құрметтеу кезінде. Барлық осы қоғамдық шешімдерге уақыт әсерін көрсетеді, – деп жазады Локк, – бұлардың барлығы диалектикалық байланыста, бірі басқасынан туындайды және басқаларын қолданған кезде ғана мағынасы болады.
Ол мына эпитафияда жазылғандай, өз уақытының білімді және дарынды адамы болды, Локк ғалым ретінде алдына қойылған мақсатқа жетті: «... ол ғалым ретінде тәрбиеленген, барлық күндерін және еңбектерін шындыққа жетуге арнаған. Бұл жайлы сен оның шығармаларынан біле аласың».