Жаңа өнімнің бағасын қалыптастырғанда қандай стратегиялар қолданылуы мүмкін?


Инновациялық жобалардағы тәуекелділікті азайтудың қандай шаралары бар?



бет10/43
Дата13.11.2022
өлшемі127,54 Kb.
#158019
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
Байланысты:
УП БАЗА все вопросы

13. Инновациялық жобалардағы тәуекелділікті азайтудың қандай шаралары бар?
Инновациялық қызмет тәуекелмен өте тығыз байланысты қызмет түрі. Нарықтық экономика жағдайында өмір сүру үшін кәсіпкер батыл әрі жаңа істер атқаруы тиіс. Ал, бұл өз кезінде тәуекелді одан әрі арттырады. Сондықтан нарықта жақсынәтижеге жету үшін, тәуекелдің деңгейін бағалап, басқара білу қажет.
Тәуекелді басқару мақсаты тәуекел жағдайын 100% жою емес, тәуекел жағдайын, күтпеген кездейсоқ пайда болатын шығындар деңгейін төмендету болып табылады. Ол үшін алдымен инновациялық жоба тәуекелін жіктеп алуымыз керек
Тәуекелдерді негізгі 2 топқа бөледі:
1. Таза тәуекелдер. Басқару шешімдерін қабылдауға бірнеше факторлар әсер етеді. Олардың әсерін өзгерту мүмкін емес. Бұл факторларға салық заңнамасы, табиғи-географиялық жағдай, қоғамдық сана, әлеуметтік құндылықтар және т.б жатады. Осы факторлар таза тәуекелді тудырушы болып табылады.
2. Спекулятивті тәуекелдер.Спекулятивті тәуекелдер толығымен басқарушылық шешімдермен анықталады. Спекулятивті тәуекелдер көбіне анықталмаған көрініс береді, олар аналитикалық бағалау негізінде уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Бұл тәуекел түріне кәсіпорын өзгертуге шамасы бар, алдын ала шара қолдануға мүмкін жағдайларды жатқызуға болады. Мысалы, қаржы, еңбек, шикізат ресурстары тапшылығын шешу


Тәжірибе жүзінде тәуекелге әсер етудің келесідей әдістері бар:
- Тәуекелден қашу (Avoidance) – тәуекел немесе жоба мақсаты мен нәтижелеріне әсерді жою мақсатында жоба жоспарын өзгерту.
- Тәуекелдерді беру (Transference) – тәуекел салдарларын үшінші жаққа аудару. Тәуекелді аудару оны жоймайды, тек тәуекелді басқаруды үшінші жаққа береді. Əдетте тәуекелдерді аударғаны үшін сақтандыру сыйақысы ұсталынып алынады. Мысалы, негізгі қорларды сақтандыру, опциондар сатып алу.
- Тәуекелдерді азайту (Mitigation) – тәуекелдің жағымсыз салдарларының орын алу ықтималдылығын азайту, мысалы, шаруашылық қызметті әртараптандыру көмегімен.
- Тәуекелді қабылдау (Acceptance) – мұндай әдіс кезінде тәуекел ескерілмейді, ал жоғалтулар болған жағдайда оны жабуға қорлар қалыптастырылады. Мысалы, венчурылық жобалар
Инновациялық қызмет тәуекелге өте жақын болғандықтан, инновациялық жобалардың тәуекел деңгейін анықтау, бағалау және басқару өте күрделі. Осыған байланысты инновациялық жобалардың тәуекелін басқару тәжірибе жүзінде белсенді түрде жүргізілмейді. Сондықтанда инновациялық қызметпен айналысуды тәуекелділік бизнеспен баламалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет