Жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер


«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы жұмысының



бет3/16
Дата27.02.2020
өлшемі255,38 Kb.
#58527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы жұмысының

жылдық есебі.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Тәрбие және Білім» кіші бағдарламасының «Туған жер» жобасы негізінде өңірлік жер-су атауларына байланысты мектеп-лицейінде 7 шаңырақ оқушылары қауымдастығы құрылды. 2018 - 2019 оқу жылында 7 шаңырақ аптаның әр күнінде «IT day», «Қазақтың 100 әні», «Дара тұлға», «Қазақтың 100 кітабы» жобасы аясында «Reading time» сияқты жобалармен жұмыс атқарды.


Шаңырақтар

Сыныптар

Қоғамдық іс – шаралар

«Zeren»

5 «Г», 10 «А», 11

Ұстаздар күні , Жаңа жылғы маскарад

«Жұмбақтас»

7 «А», 7 «В», 9 «А»

Халықаралық әйелдер күні, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні

«Turan»

5 «А», 5 «Ә», 10 «Ә»

Түлектер күні

«Бурабай»

5 «Б», 6 «Б», 9 «Ә»

Отан қорғаушылар күні , Жеңіс күні

«Оқжетпес»

6 «В», 8 «Ә», 8 «Б»

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні, Наурыз мейрамы

«Көкшетау»

7 «Ә», 7 «Б», 5 «В»

Қазақстан халқының бірлігі күні

«Жеке Батыр»

6 «А», 6 «Ә», 8 «А»

Алғыс айту күні



Дүйсенбі

08:55-09:00



Сейсенбі

15:00-15:20



Сәрсенбі

15:00-15:20



Бейсенбі

15.00-15:20



Жұма

15:00-15:20



Жалпы мектеп-лицейішілік сап түзеу

IT day

«Қазақтың 100 әні»

«Дара тұлға»

«Reading time»

«Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші. Бұл адамның биологиялық табиғи қасиеті емес. Ол тек қана адамның әлеуметтік орта жағдайында ғана пайда болады, яғни ол белгілі бір топта, бірлікте өмір сүреді, мұнсыз болмайды, сөйтіп ол адам қоғамдағы барлық қатынастарды, тәжірибені, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сіңіріп, меңгеріп, өмірде қолданады. Сөйтіп қоғамды одан әрі жетілдіріп, дамыта отырып, өзі жаңа сапа, қасиетке, яғни тұлғалыққа ие болады.

Осындай өз-өзіне сенімді, ой-өрісінің тәуелсіздігімен ерекшеленетін, құндылықтарды бойына сіңіре білген, сыни тұрғыдан ойлана білетін тұлға тәрбиелеу мақсатында Көкшетау қаласы білім бөлімінің ІТ мектеп-лицейінде «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы құрылды. «Шаңырақ» ұғымы қазақ үшін қашанда киелі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Шаңырақ – бірліктің, ынтымақ пен берекенің символы іспеттес.

«Шаңырақ» атауымен құрылған оқушылар қауымдастығы – жоғары және төмен сынып оқушылары арасындағы бірлік, өзара сыйластық, ынтымақтастық,сенім,қамқорлық сезімдерін қалыптастыруға негізделген жоба. Оқушылар қауымдастығының мақсаты - бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбірлікке, біртұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, қамқорлық қарым-қатынас қалыптастыру болып табылады. Мектеп-лицейінде жеті шаңырақ құрылып, әр шаңырақ үш сыныптан тұратын болды. Шаңырақтарға кураторлар жетекшілік етеді. Оқу жылының басында Шаңырақтардың презентациясы, өздерін таныстыру шарасы өтті, Онда әр шаңырақ өздерінің атауымен, эмблемасымен, ұранымен таныстырды.



«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы әр аптаның сәрсенбі күні «Бір әннің тарихы», бейсенбі күні «Дара тұлға», жұма күні Reading time, Көп оқып, көп білуге ұмтыл жобаларын қолға алып, жүзеге асырды. Бір әннің тарихы жобасының тұсау кесерін «Көкшетау» шаңырағы Ақан серінің «Балқидаша» әнінің шығу тарихымен ашып, «Оқжетпес» шаңырағы Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында», «Тұран» шаңырағы Шәмшінің «Ана туралы жыр», «Жеке батыр» шаңырағы Қадыр Мырзалының «Қазақтарды шет елдік қонақтарға таныстыру», 16 желтоқсан тәуелсіздік мерекесі аясында «Бурабай» шаңырағы «Желтоқсан желі» әнінің шығу тарихымен таныстырып жалғастырды. Үшінші тоқсанда «Жұмбақтас» шаңырағы Нұрғиса Тілендиевтің тамаша әні «Құстар қайтып барады» әнінің, «Зерен» шаңырағы Мұқағали Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» әнінің, «Көкшетау» шаңырағы Т. Рахимовтың» «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнінің, Ұлы Отан Соғысы жеңіс Күніне орай «Жеке батыр» шаңырағы Ж.Сейловтың «Ана туралы баллада» әнінің шығу тарихымен таныстырды. Бір әннің тарихы» жобалары оқушылар мен мұғалімдердің қазақ әндерін білуін және орындалуын қарастырады.Бұл жобада оқушылар әнді орындап қана қоймай, сол әннің тарихын баяндап, қойылымдар арқылы көрсетіп те береді. «Дара тұлға» жобасында оқушылар өз жеріміздің, Көкшетау, Ақмола аумағындағы белгілі аты шыққан қоғам және өнер қайраткерлерінің өмірбаяны мен шығармашылығы және еңбек жолдары жайлы баяндап береді. Не болмаса көзі тірі тұлғаларды кездесу кештеріне қонаққа да шақырып, балалармен етене танысуға мүмкіндіктер ашады. Бұл жобада балалар енді аты шығып келе жатқан жаңа есімдермен де таныса алады. «Дара тұлға» жобасын «Жұмбақтас» шаңырағы Көкшетау қаласының құрметті азаматы, ақын, жазушы, драматург Төлеген Қыжыбаевтың шығармышылық жолымен таныстырумен бастады. «Бурабай» шаңырағы балаларға арналған ертігелер кітаптарының авторы Серкешбаева Гүлжанат Нұрмағамбетқызының шығармашылығына тоқталып, ертегіден үзінділер қойды. «Зерен» шаңырағы елімізге енді танылып аты шығып келе жетқан дарынды жас ақын Мерген Тоқсанбаймен кездесу кешін өткізіп, жас ақынның өлеңдері оқылып, ақынмен сұхбат жүргізілді. Мерген Тоқсанбай мектеп-лицейінің әнұранының сөзін жазып беруге балаларға уәде етті. «Дара тұлға» жобасында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Тұран» шаңырағы Ауған-Тәжік Соғысының ардагері, отставкадағы полиция капитаны, ерлігі үшін ордендер мен медальдардың иегері Журунтев Ербол Қайноллаұлымен кездесу кешін өткізді. Кеш барысында сол сұрапыл соғыс жылдары туралы өлеңдер оқылып, әндер орындалды және балалар ауған жерінде тұтқында болған қазақ боздақтары туралы қойылым қойды. Ербол Қайноллаұлы соғыс кезінде бастан кешкендері мен ерлік істері жайлы жайлы әңгімелеп берді. Дара тұлға аясында «Жұмбақтас» шаңырағы Біржан сал Қожағұлұлының шығармашылығымен балаларды таныстырды.

«Оқжетпес» шаңырағы 7 мамыр Отан қорғаушылар Күніне орай «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты Тәжік – Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешін өткізді. Кездесуге Көкшетау қалалық Тәжік - Ауған соғысы ардагерлер Одағының төрағасы Бакиров Қайдар мен ардагер жауынгер Нуркасимов Талғат қатысты. Кеш барысында балалар театрландырылған қойылым арқылы және өлеңдер мен әндер орындау арқылы зұлмат соғыс жайлы баяндаса, кеш қонақтары соғыс ардагерлері өздерінің соғыс жылдары бастан кешкендері мен ерліктері жайлы әңгімелеп берді. Жыл бойы әр аптаның жұма күні Reading time, Көп оқып, көп білуге ұмтыл жобасы жүзеге асып келді. Жұма күні сағат 15.00-ден 15.20 аралығында мектеп-лицей оқушылары, ұстаздары мен қызметкерлері жаппай кітап оқуды қолға алды. Бұл жобада кейбірі жеке өзі кітап оқыса, көбіне шаңырақ оқушылары бір шығарманы оқып, талқылап отырды. Мысалы Мұқтар Әуезовтың «Жетім» әңгімесін, Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» кітабы, Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасы, Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабы, Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» және де мектеп кітапханашылар тарапынан С.Д.Бойн «Мальчик в полосатой пижаме», М.Бреннан «Естественная история драконов» атты кітаптары оқырманға ұсынылды.

Сонымен қатар Еліміздің мемлекет деңгейінде аталып өтілетін мерекелік іс-шараларды өткізу жауапкершілігі де шаңырақтарға жүктеліп, «Мұғалімдер Күні» мерекесін «Зерен» шаңырағы, «Тұңғыш Президент Күні» мерекесіне арналған концертті «Оқжетпес» шаңырағы, «Тәуелсіздік Күні» мерекесіне арналған іс-шараны және «Тәуелсіздік – тірлігімнің айғағы» дөңгелек үстелді «Жұмбақтас» шаңырағы ұйымдастырып өткізді. Жаңа жылдық шырша ертеңгіліктерін «Зерен» шаңырағы өткізді. 1 наурыз алғыс айту Күніне орай «Жеке батыр» шаңырағы «Жүректен –жүрекке атты» мерекелік концерт ұйымдастырды. «Тұран» шаңырағы «ІТ аруы – 2019» атты байқауды ұйымдастырып өткізді. Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесін тойлауға барлық шаңырақтар белсенді түрде атсалысып мереке жоғары деңгейде тойланды. Көкшетау қаласы білім бөлімі мекемелері арасында Жастар жылына арналған «Ақмола жұлдыздары -2019» көркемөнерпаздар байқауына барлық шаңырақтардың балалары белсенді түрде қатысып, ІТ мектеп-лицейінің ұжымы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Шаңырақтарда «Ұлы даланың жеті қыры», «Алғыс айту – ризашылық», «Алғыста шек болмайды», «Кешегі күн – бүгінгі тарих», «Тіршілік тірегі – Ана», Әдеп әлемі»,«Әдепті бала-арлы бала» , «Жер кіндігі – Байқоңыр», «12 сәуір – Ғарышкерлер күні», «Бірлігі жарасқан – көпұлтты Қазақстан», «7 мамыр – Отан қорғаушы күн», «9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 74 жыл», «Ер есімі ел есінде» атты тәрбие сағаттары өтті. «Парктер шеруі – 2019» акциясы аясында «Көкшетау» шаңырағы «Табиғат – адамзатқа аманат» атты ашық тәрбие сағатымен қалалық байқауға қатысып, педагог ұйымдастырушы Сыздыкова Бақтыгүл Сматовна ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Зерен» шаңырағының оқушылары «Әулет» МТЖО өткен «Қысқы каникулды тиімді ұйымдастыру» атты іс-шараға қатысып, «Алғырлар» номинациясы бойынша бойынша «Зерен» шаңырағының оқушылары 1 орынды, «Восходящие звезды» номинациясы бойынша «Оқжетпес» шаңырағының оқушылары 1 орынды иеленді. «Көкшетау» шаңырағының оқушылары «Әулет» МТЖО өткен «Тіл парасаты» іскерлік ойынына қатысып командалық 1 орынға ие болды. «Достар» мәдениет үйінде өткен қалалық «Егіздер - 2019» сайысында «Зерен» шаңырағының оқушылары Темірлан, Алихан Смағұловтар 2 орынды иеленіп, «Жеке батыр» шаңырағының оқушылары Мағжан, Махаббат Телпекбаевтар белсенді қатысқаны үшін сертификатқа ие болды. Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапханасында өткен шығармалар байқауында «Зерен» шаңырағының оқушысы Рахметтолла Аққу «Менің алғашқы кітабым» атты шығармасымен ІІІ орын алды. «Мейірімділік мекені» республикалық акциясы аясында «Мейірімділік – асыл қасиет» концерттік бағдарламамен «Жеке батыр» шаңырағы Аналар үйіне, «Оқжетпес» шаңырағы «Мейірім» орталығына, «Зерен» шаңырағы «Үміт Шаңырақ» қарттар мен мүгедектерге арналған орталыққа барып қайтты. Ақмола облыстық ішкі істер департаментінде өткен «Ашық есік» іс-шарасына «Жеке батыр» шаңырағының оқушылары қатысып, ішкі істер органдарының жұмысмен танысып қайтты. Шаңырақтардың жоғары сынып оқушылары Ш. Құсайнов атындағы қазақ драма театрында қойылған Жабал Ерғалиевтың «Жан шырылы» спектаклін, орта буын оқушылары Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филормониясының «Ұлы дала жастары» атты танымдық концерттік бағдарламасын тамашалап қайтты.

Жазғы каникул кезінде «Екі апта ауылда» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылады.

- Психологиялық қызметті талдау.

2018-2019 оқу жылының жылдық жоспарға сәйкес келесідегі іс-шаралар жоспарға сәйкес орындалды:

8-10 сынып оқушылар аралығында «жасөспірімдер арасында денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын-алу» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша сауалнама өткізілді. Қорытынды нәтижесі талданып тәуекел қатарына енген оқушымен психологиялық жұмыстар жүргізілді.

1. «Жасөспірімдер арасында денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын-алу» бағдарламасы бойынша ата-аналар жиналысы жүргізілді. Жиналысқа барлық ата-аналар толығымен қатысты.

2. «Жасөспірімдер арасында денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын-алу» бағдарламасы бойынша вахтерлар оқытылды.

3. 8-10 сынып оқушылар аралығында 17.01.2019 жылдан бастап 01.02.2019 жыл аралығында It мектеп-лицейінде 3-құрлымнан тұратын «Мектептегі жасөспірімдердің физикалық және психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлқының алдын алу бағдарламасы» бойынша жасөспірімдердің хабардарлығын арттыру тақырыбында дәрістер өткізілді.

4. «Мұғалім – мектептің жүрегі» тақырыбында It мектеп-лицейінде педагогтар арасында тренинг жүргізілді.

5. Педагогтармен «өмір тартысы» тақырыбына байланысты психологиялық тренинг; арттерапиясы «дүниеде тіршілік етпейтін жануар» тақырыбына сурет салу арқылы мінез-құлқын анықтауға арналған диагностикалық әдістемесі және тыныштық сәтті жүргізілді. Барлық педагогтар атсалысып қатысты.

6. «Отбасында әкенің рөлін арттыру» шағын әкелер жиналысы өтілді.

7. 8,9,10,11-сынып оқушылар аралығында №1 қалалық емханадан психолог Н.Ж.Инкарова және акушерка Н.С.Филатова «Ерте жүктілік және оның жасөспірім қ

ыз балалардың денсаулығына зияны» тақырыбында слайдтар, нақыл сөздер, бейнероликтер көрсетілді. Слайдтар, бейнероликтер көрсетілгеннен кейін тақырып бойынша талқыланды.



8. 11-сынып оқушыларымен қорытынды аттестатциялауда дайындығын нығайту және педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету тақырыбында «Педагогикалық-психологиялық педконсилиум» өтілді.

9. Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында 8,9,10,11-сынып оқушыларына аутодеструктивтік мінез-құлықтың алдын алу тақырыбында психологиялық бейнеролик, сауалнама алынды. Қорытынды нәтижесі талданып шығарылды.

10. Көкшетау қаласының психология саласындағы мамандары үшін эксперттің қатысуымен «Жалған діни және экстремистік бағыттағы деструктивті діни ағымдардың жақтаушыларымен және құрбандарымен психологиялық жұмыс» тақырыбында семинар-практикумға қатыстым.

11. 5-11 сынып оқушыларымен «Алғыс жүректен шығады» тақырыбында тренинг жүргізілді.

12. 5,6,7-сынып қыздарымен «Үлгілі үйдің қыздары» тақырыбында жиналыс өткізілді.

13. 8-10 сынып оқушылар арасында мектеп медбекесімен Есмагулова У.Т. және мектеп педагог-психологымен «Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау» тақырыбында жиналыс жүргізілді.

14. 10 «А» сынып оқушыларымен «Достық қарым-қатынас» тақырыбында психологиялық тренинг сабақтары өткізілді.

15. 5 – сынып оқушылар аралығында «мектепке бейімделу деңгейін» анықтау; «мектеп мазасыздығын анықтау»; «пәнге деген қарым-қатынасын» анықтауға арналған психологиялық әдістемелер өткізілді. Оқушылардың сенімділігін, белсенділігін арттыру, қарым-қатынас шеберлігін нығайтуға байланысты ойындар мен жаттығулар жүргізілді. Барлық оқушылар белсене қатысып өздерін жан-жақты көрсете білді.

16. 11- сынып оқушыларымен «Жеке адамның типін анықтауға байланысты» Голланд әдістемесі; «Мазасыздық деңгейін анықтау» Ю.Л.Халинің және Филипстің психологиялық тест; «Қызығушылық картасы»; «Бұлшық ет релаксациясы» жаттығуы өткізілді. Психологиялық тестің қортынды нәтижесі талданып шығарылды.

17. 9 – сынып оқушыларымен «Жеке адамның типін анықтауға байланысты» Голланд әдістемесі; «Көңіл-күйді көтерейік» жаттығу; «Өз-өзімізді сендіруді үйренеміз» жаттығуы өткізілді. Психологиялық тестің қортынды нәтижесі талданып шығарылды.

18. 5-10 сыныптарымен оқушылардың әлеуметтік ортасы. Сыныптағы, жанұядағы қарым-қатынастарын, мектепке көзқарастарын анықтауға байланысты В.Ф.Ряховскийдің «қарым-қатынас компетенттілігін анықтауға арналған» психологиялық тест әдістемесі өткізілді.

19. 5-10 сыныптар аралығында жеке диогностика «үй, адам, ағаш», «өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй» әдістемесі және мектепке бейімделу қабілетін арттыруға байланысты тренингтер мен жаттығулар өткізілді.

20. 5-10 сыныптар арасында үлгерімі төмен оқушыларымен жеке жұмыстар жүргізілді.

21. 5-6-7 сынып оқушылармен «жасөспірім шақ-өтпелі кезең» тақырыбына байланысты шағын әңгіме сұхбат өткізілді.

22. Олимпиадаға қатысатын оқушыларға психологиялық кеңестер ұсыныстар жүргізілді.

23. 9-11 сынып оқушыларымен ОБЖС, мемлекеттік емтихан кезінде өзін қалай ұстау керек тақырыбында оқушыларға психологиялық кеңестер таратылды.

24. It мектеп-лицейінде 5-11 сынып оқушылар арасында қалалық ПМПК-ға ұсынылатын оқу үлгерімі төмен және психологиялық дамуында кідірісі бар оқушылар анықталған жоқ.

25. 8-сынып оқушылармен «Көңіл-күйді» жақсартуға және сынып арасында қарым-қатынасты нығайтуға байланысты психологиялық ойындар жүргізілді.

26. Мектеп қарауында алынған 5 в, 6 ә, 7 ә, сыныптарымен «оқушының пәнге деген қарым-қатынасы бойынша психологиялық әдіснама және қарым-қатынасты жақсартуға байланысты психологиялық ойындар, оқушы бойындағы жаман қасиеттерден арылуға байланысты психологиялық тренингтер; психологиялық тыныс алу жаттығулары жүргізілді. Қорытынды нәтижесі талданып шығарылды.

27. 3-6; 8 – сынып оқушыларына жаңартылған білім беру бағдарламасына бейімделуіне бақылау жүргізілді.

28. Оқушылардың жеке қауіпсіздігін сақтау тақырыбында ақпараттар таратылды.

29. 5,6,7,8,10 - сынып оқушылармен «Жүрек түкпіріндегі қорқыныш»; «Сіз қай ағашты таңдайсыз» психологиялық әдіснама «Көңіл-күйді» жақсартуға және сынып арасында қарым-қатынасты нығайтуға байланысты психологиялық ойындар жүргізілді.

30. 5 және 9-сыныптар аралығында қосымша жұмыстар жүргізілді. 5,6,7 сынып оқушыларымен Н.Г.Лускановтың «Оқу мотивациясын» тексеруге байланысты психологиялық тест; 8,9 сынып оқушылар аралығында «Сабырлы және сенімді »тренингі өткізілді.

31. «Жасөспірімдер арасында денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын-алу» бағдарламасы бойынша тәуекел тобындағы оқушымен де жұмыстар атқарылды.

32. Нұрғали Сайфуллаh Берікұлы 11-сынып оқушысы отбасылық жағдай бойынша психологиялық жұмыстар атқарылуда.

33. Таласбек Әділ 10-сынып оқушысы және Анафина Айнель 8-сынып оқушысы, Зейнолла Алдияр Бахытұлы 6-сынып оқушысына сұраныс бойынша психологиялық сұхбат жүргізілді.

34. Серік Аружан Бауыржанқызы, Сеилхан Аружан Нұрғазықызы, Жасұлан Ақбота Ерболатқызы, Жанбаева Жасмин Асетовна, Какимова Дильназ Мейрамовна, Сергали Нейла Дуатқызына психологиялық эмоционалдық көңіл-күйді жақсартуға байланысты психологиялық кеңестер берілді.

Көрсетілген іс-шаралар жылдық жоспарға сәйкес орындалған.

- Әлеуметтік-педагогикалық қызметті талдау.

«Жаппай біліммен қамту» қоры бойынша оқушылардың ыстық аспен қамтамасыз ету мақсатында азқамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың ата-аналарынан қажетті құжаттары жиналды.

Мектепішілік арнайы комиссия құжаттарды қарап, айлық табысы адам басына 28.284 тг аспаған жанұядан шыққан балаларды тегін ыстық тамақпен тамақтандыру керектігін шешті. Құжаттары сәйкес келген 61 бала 2018 жылы қазанның 1-нен бастап тегін ыстық тамақпен қамтыла бастады. Ал ата-ананың қамқорынсыз қалған 3 оқушы (Канатова Жансая 4 «Ә» сынып, Канатова Аянат 7«Ә», Касимов Архат 6 «Ә» сынып) қыркүйектің 11-нен бастап тегін ыстық тамақпен қамтыла бастады. 1-ші сыныпқа қабылданған барлық оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылды. Азқамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан тағы қосымша 11 оқушы 2018 жылы 5 қараша күннен бастап тегін ыстық тамақпен қамтыла бастады. Дәл сондай себеппен желтоқсанның аяғында 3 сыныптан қосымша екі балаға құжат жиналып тапсырылды. Арнайы комиссия құжаттарды тексеріп, осы 2 бала 2019 жылдың қаңтар айынан бастап тегін ыстық тамақпен қамтыла бастасын деп шешті.

Оқушыларға сапалы ыстық тамақ беруді қадағалайтын арнайы комиссия құрылып, өз қызметін атқаруда. Мысалы, қараша айында осы комиссия асхананы жоспар бойынша тексерді, хаттамасы мен актісі жасалынды.

21 желтоқсан күні «Достар» МҮ әкімнің тарабынан ұйымдастырылған жаңа жылдық шырша мерекесіне азқамтылған отбасынан шыққан 6 «Ә» сынып оқушысы Ахметкалиева Сарбиназ қатысты. Сарбиназ сыйлыққа қысқы куртка мен тәтті сыйлық алды. Ал «Мерей» мейрамханасында ҚР Президентінің атынан ұйымдастырылған жаңа жылдық шырша мерекесіне Республика деңгейде жетістіктері бар Сулейменова Айина 4 «А» сынып оқушысы қатысты. Бұл оқушы тәтті сыйлық пен 100 мың теңгеге ақшалы сертификатқа ие болды.

Оқушылардың сабаққа қатысуы бойынша ескертулер жоқ. Себепсіз сабаққа қатыспай жүрген оқушылар анықталған жоқ. Оқушылардың сабаққа қатысуы күнделікті қадағаланып отырды. Қатыспаған оқушылардың барлығында анықтама бар.

Ай сайын қалалық қамқоршылық бөліміне ата-ананың қамқолығынсыз қалған балалардың тізімі тапсырылды.
«Жаппай біліммен қамту» қоры бойынша оқушылардың ыстық аспен қамтамасыз ету мақсатында азқамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың ата-аналарынан қажетті құжаттары жиналды.

Мектепішілік арнайы комиссия құжаттарды қарап, айлық табысы адам басына 29.698 тг аспаған жанұядан шыққан балаларды тегін ыстық тамақпен тамақтандыру керектігін шешті. Құжаттары сәйкес келген 4 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тізіміне қосылды.

Ата-ананың қамқорынсыз қалған 3 оқушы (Канатова Жансая 4 «Ә» сынып, Канатова Аянат 7«Ә», Касимов Архат 6 «Ә» сынып) қыркүйектің 11-нен бастап жылдың соңына дейін тегін ыстық тамақпен қамтылды.

1-ші сыныпқа қабылданған барлық оқушылар жыл бойы тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Оқушыларға сапалы ыстық тамақ беруді қадағалайтын арнайы комиссия құрылып, өз қызметін атқарды.

Аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан 5 «В» сынып оқушысы Айболқызы Айбибіге, 7 «Ә» сынып оқушысы Серикова Гүлнәзға «Жаппай біліммен қамту» қорынан қысқы үстіңгі киім берілді.

Мамыр айында қамқоршылық бөлімінен ата-ананың қамқорынсыз қалған 2 оқушыға (Канатова Жансая 4 «Ә» сынып, Канатова Аянат 7«Ә») циркке тегін 2 билет берілді. 31 мамыр күні «Динамо» спорт кешенінде Ювеналды полиция өткізген іс-шараға аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан 8 оқушы қатысты. Олар Дүйсенбай Әділжан 7а сынып, Тусвалиев Рустем, Торғай Әзімхан 7ә сынып, Қабжан Әлия 4а сынып, Егинтаева Дилара 4а сынып, Едіге Амина 4а сынып, Серик Даниал 4б сынып, Торғай Асылхан 2б сынып. Балалар қаламыздағы түрлі спорт мектептерінен жас спортшылардың өнерін тамашалап түрлі сыйлықтарға ие болды.

1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан оқушылар үшін Қызыл Жарты ай «Мерей» мейрамханасында концерттік бағдарлама мен тәтті дастархан ұйымдастырған. Бұл мерекеге мектебімізден 4 оқушы қатысты. Олар: Алмаз Фатима 3а сынып, Ермек Шынболат 2б сынып, Халамхан Мадина 2б сынып Жұмабаева Диана 5ә сынып. Балалар әдемі жасалған дастарханның тәтті тағамдарын жеп, түрлі ойындарды ойнап, аниматорлардың қызықты көріністерін тамашалады. Мерекенің соңында Қызыл Жарты ай оқушыларға сыйлықтарды сыйлады.

Мектеп алды алаңда тегін ыстық тамақпен тамақтану үшін 14 баланың ата-анасы құжаттарын тапсырды. Оның ішінде 8 бала көп балалы, 6 бала аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар.

5-8 сыныптар аралығындағы оқушылар үшін жаз бойы палаталық және киіз үйлі лагерьлер ұйымдастырылып, 16 оқушы қамтылды.

Айыртау ауданының аймағында орналасқан «Чайка» лагеріне мектебімізден аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан 10 оқушыға жолдама берілді. Олар: Нағымбай Нурислам 8б, Серік Сұлтан 8а, Бақыт Алина 5в, Жумабаева Диана 5ә, Камалиева Тамила 5ә, Қабжан Әлия 4а, Егинтаева Дилара 4а, Алмаз Фатима 3а, Қанатқызы Жансая 4б, Муфтахадинова Айша 6б сынып оқушысы.

Оқушылардың сабаққа қатысуы бойынша ескертулер жоқ. Себепсіз сабаққа қатыспаған оқушылар анықталған жоқ. Оқушылардың сабаққа қатысуы күнделікті қадағаланып отырды. Қатыспаған оқушылардың барлығында анықтама бар.

Ай сайын қалалық қамқоршылық бөліміне ата-ананың қамқолығынсыз қалған балалардың тізімі тапсырылды.
- Педкадрлармен жұмыс істеу жағдайы.


Каталог: public -> files -> 2019
2019 -> Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне арналған 5-18 кыркүйек аралығында өткен онкүндік аясындағы іс-шаралар есебі
2019 -> Көрнекілігі: слайд Мұғалімнің кіріспе сөзі
2019 -> Оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі» кмм І жартыжылдыққа оқу-тәрбие үрдісі бойынша есебі 2018 жыл 2018 -2019 оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі»
2019 -> «Ел тірегі-тіл» тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шараның қорытынды есебі
2019 -> І тоқсан бойынша тәрбие жұмысының есебі Тәрбие жұмысының жазбаша есебі
2019 -> Киров негізгі мектебі бойынша Республикалық қайырымдылық "Қамқорлық"акциясы айлығына орай өткізілген іс-шаралардың есебі
2019 -> Тақырыбы: Әділет сұлтанның шешімі Білім беру саласы: «Коммуникация»
2019 -> Сабақ «Ананың аялы алақаны»
2019 -> Сабақтың тақырыбы: ХҮііі ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет