Жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер


Кітап қорын және каталогын ұйымдастыру бойынша жұмыс



бет5/16
Дата27.02.2020
өлшемі255,38 Kb.
#58527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Кітап қорын және каталогын ұйымдастыру бойынша жұмыс

Жаңа оқу жылының қараша айында мектеп кітапханасына ҚАКАЖ (Қазақстандық автоматтандырылған кітапханалық ақпраттық жүйе) бағдарламасы орнатылды. Қазіргі таңда мектеп кітапханасының негізгі жұмысы осы бағдарламаның үш модулінде жүргізіледі. Әр мектеп оқушысы КАБИС бағдарламасының «Оқырман картотекасы» модуліне енгізілді 950 оқушы, мектеп мұғалімдері және қызметшілер. Сонымен қатар «Мерзімді басылымдар картотекасы» модульіне кітапханаға түскен мерзімді басылымдарға қысқаша сипаттама жасалып енгізілді. «Кітап қоры» модуліне кітапханадағы көркем әдебиет сипатталып, әр кітапқа жеке штрихкод беріліп, осы модульге енгізіліп отыр. Бүгінгі күнге 100 кітап енгізілді және бұл бағдарламада кітапхананың мүлік кітабы мен жұмыс күнделігін электронды түрде жүргізуге өте ыңғайлы. Сонымен қатар кітапханаға түскен жаңа оқулықтар мен көркем әдебиеттерге, мерзімді басылымдарға сипаттама жасалып ары қарай модульдерге енгізу жұмысы жалғастырылады.



Көпшілік жұмысы

Оқу жылы ішінде кітапханалық қызмет көрсетумен мектеп оқушылары

100 % қамтылды. 1 сынып оқушылары кітапханамен танымдық экскурсиялар кезінде танысты. 2-3,4 сынып оқушылары белсенді оқырмандар қатарында.

5-7 сынып оқырмандары тарихи, хайуандар, спорт туралы кітаптарға сұраныс көп алады, әдеби кітаптарды оқиды, энциклопедиялар, сөздіктерге де сұраныс көп. 8-9 сынып оқырмандары көбінесе сөздіктер, энциклопедиялар, электрондық оқулықтар пайдаланып оқиды, әдеби кітаптарды мектеп бағдарламасы бойынша оқиды. 10-11 сынып оқушылары да ақпараттармен белсенді пайдаланды. Жоғары сынып оқушыларында сөздіктерге, анықтамалықтарға, есеп жинақтарына, энциклопедияларға сұраныстары болды.

Кітапханада көптеген кітап көрмелері, рухани әңгімелер, ақпараттық сағаттар, буккросингтер, әдеби шолулар, әңгімелесулер, кітапханалық сабақтар өткізілді. Кітапхананың әрбір кітабын оқырманға насихаттауда кітап көрмесінің маңызы зор. Қыркүйек айынан бастап әртүрлі тақырыптарда кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Кітап оқуды дәріптеу, кітап оқуға тарту мақсатында қазан айында «Reading time» жобасы енгізілді.



«Reading time», «Көп оқып-көп білуге ұмтыл» - жобасы аптаның әр жұмасында барлық мектеп оқушылары, мұғалімдері мен қызметкерлері 15:00 ден -15:30 аралығында құрастырылған 100 кітаптың тізімінен немесе өздері таңдаған кітаптарды оқиды. Қыркүйек айынан бастап мамыр айына дейін, 100 кітаптың тізімінен Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне, Құспекова Зүбәйләнің әңгімесіне бастауыш сыныптармен дауыстап оқу, Александр Гриннің шығармасына талдау, Ертегілерге отбасылық оқу сағаты жалпы 100 кітап тізіміндегі басқа да ақын-жазушылардың шығармашылығына әртүрлі қызықты жұмыс түрлері жүргізілді. Енгізілген жоба оқушылар үшін өте тиімді. Себебі: 30 минут ішінде шығармаларды немесе өлеңдерді оқуға үлгеріп оған қысқаша анализ жасауды үйренді, ойларын толық әрі тез жеткізуге тырысып, тіл байлықтары мен сөздік қорларын дамытты. Бұл жоба келесі жылда да жалғасын табады. Сонымен қатар кітапхананың белсенді оқырмандары өздерінің сүйікті кітаптарын толығымен оқып болған соң, басқа оқырман қауымына таныстырып, бөлісу үшін «Redix» жобасы енгізілді. Жоба оқушылардың көңілінен шықты. Алдағы уақытта бұл жоба оқушылар мен мектеп ұстаздары және қызметшілері арасында ұйымдастырылатын болады. Себебі әр адамның оқыған сүйікті кітабы болса, басқа оқырман қауыммен неге бөліспеске.
Жалпы қорытындылар.

1. Кітапхананың барлық жұмысы кітапхананың жұмыс Күнделігінде, мүлік және жиынтық есебі кітаптарында, жыл сайынғы жоспарлар мен есептерде көрсетілген;

2. Пайдаланушыларға қажетті ақпараттық материалдарды ұсыну бойынша мектеп кітапханасы жұмыс көлемін орындайды;

3. Кітапхананың педұжыммен және білім алушылармен өзара байланысы байқалады;

4. Кітапхана қорын көркем әдебиет, оқу әдебиеттер: сөздіктер, энциклопедиялармен толықтыру қажет;

5. Оқырмандар белсенділігін барлық оқушылар арасында пән мұғалімдерімен және ата-аналарымен бірлесе жұмыс жүргізу арқылы жетілдіру;

6. Ақпараттың қолжетімділігі мен сапасына, оқырмандарға қызмет көрсету сапасын арттыру жұмыстарын жалғастыру;

7. Оқушылар мен мұғалімдермен жұмыс барысында көмекке Интернетті кең пайдалану;

1,2,4,5,7,9,10,11 –ші сыныптарға арналған оқулықтарға тапсырыс беру;

9. Қазақстандық ақпараттық кітапхана жүйесі «ҚАКАЖ» бағдарламасымен жұмысты ары қарай жалғастыру.




  • МТБ нығайту жөніндегі талдау

Биология кабинеті бар - гидропоникамен жабдықталған, биология зертханасы-1, физика зертханасы, авиа-машина жасау, химия зертханасы – 1, мультимедиялық кабинеттер – 5, информатика кабинеті – 2, робототехника кабинеті – 2, СТЭМ кабинеті – 1, 3D модельдеу кабинеті – 1.

Робототехника кабинеті, СТЭМ Роботтар – LEGO, Fisher technic, Make bot, Матрешка, 3D принтерлер, Ноутбуктер, СТЭМ жиынтықтарымен жабдықталған. 3D модельдеу кабинеті 3D тұтқалармен, 3D принтерлермен, VR көзілдірікпен жабдықталған.

Оқу үрдісінде 172 компьютер, 42 ноутбук, 11 интерактивті тақта, 3 интерактивті панель, 148 планшет қолданылады.

17 WIFI нүктесі, Интернетке (Қазақтелеком) шығудың 4 нүктесі бар.

Ер балаларға арналған технология кабинеті токарь, қайрау, бұрғылау станогымен, муфель пешімен, беттермен және тискалармен жабдықталған.

Қыздарға арналған технология кабинеті тігін машиналарымен, үтіктермен, өндірістік үстелдермен, тоңазытқыштармен, мультипекаремен, миксерді және манекенмен жабдықталған.

Трибунасы бар 2 спорт залы, 294 орындық акт залы (музыкалық аппаратурамен, сандық подиуммен, интерактивті тақтамен, мінбемен жабдықталған) жұмыс істейді. Оқу залы мен медиатека бар кітапхана. 156 орындық асхана.

Мектеп аумағында зоокөмірлі жылыжайы, футбол алаңы, баскетбол, волейбол алаңы, жүгіру жолы, турникпен ойын алаңы бар.



Жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер.

4-бөлім. Тегін жалпы білім алуға бағытталған мектеп қызметін ұйымдастыру бойынша жоспар.



Жаппай біліммен қамту бойынша жұмыс жоспары

№ р/н

Қызметтің мазмұны

Орындау мерзімі

Жауаптылар

1.




Оқу үрдісінің бағыт-бағдарын есепке ала отырып,1-11 сынып оқушыларын қабылдауды ұйымдастыру.

Құжаттар мен өтініштерді қабылдау.

тамыз

Психолог,

медбике, логопед,

кураторлар


2.

«Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру

Жыл  бойы


IT мектеп-лицей әкімшілігі

3

Мектеп жасындағы балалардың тізімін құру, оқумен жаппай қамту

Жыл  бойы

IT мектеп-лицей әкімшілігі

4

Жетім балаларды, тұрмысы қиын оқушыларды есепке алу,оларға қамқорлық көрсету.

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог


5

Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету.

Тамыз-

қыркүйек

Кітапханашы


6

Оқушылардың сынып бойынша тізімдік құрамын нақтылау, жеке іс-қағаздарын және алфавиттік кітапқа тіркелуін қадағалау,оқушылардың қозғалысы жөніндегі бұйрықтарды шығару.

қыркүйек

IT мектеп-лицей әкімшілігі

7.

Жаппай оқыту бойынша айлық «Қамқорлық» акциясын өткізу.

қаңтар

IT мектеп-лицей әкімшілігі

8

Оқушыларды ыстық тамақпен

қамтамасыз ету.

Жыл бойы

IT мектеп-лицей әкімшілігі, Куратор жетекшілері

9

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру.

Сәуір мамыр

IT мектеп-лицей әкімшілігі

10

Мектептің санитарлық-гигиеналық

тәртібін қадағалау.

Жыл бойы

ДШЖЖ орынбасары

Медбике

11

Оқушылардың сабаққа келуін күнделікті бақылау.

Күн  сайын

IT мектеп-лицей әкімшілігі, Куратор жетекшілері

12

«Мейір»қайрымдылық акцияларын өткізу

Қажет уақытта

Әкімшілік,

қамқоршылық кеңес мүшелері

13

Оқушылардың терең білім алу мақсатында даму диагностикасын жүргізу

Жыл бойы

IT мектеп-лицей әкімшілігі;

Психолог

14

Жыл бойы оқушылардың қозғалысын бақылау.

Жыл  бойы

IT мектеп-лицей әкімшілігі

15

Жетім, мүгедек, нашар отбасы, көп балалы отбасынан шыққан балалармен жұмыс.

Жыл  бойы

Психолог

Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілері

16

Қамқорлыққа алынған

оқушылармен жұмыс.

Жыл  бойы

Әлеуметтік педагог

17

Ашық есік күндерін ұйымдастыру

Жылына

2 рет  

IT мектеп-лицей әкімшілігі Сынып   жетекші-лері, кураторлар

18

Әлеуметтік педагог пен психологтың оқушылармен жеке жұмысы.

Жыл бойы

Психологтар


19

Сабаққа үлгермейтін оқушылардың ата-аналарымен  жеке  жұмыс.

Жыл  бойы

IT мектеп-лицей әкімшілігі Сынып  жетекші-лері

20

Оқушылардың сабаққа күнделікті қатысуын бақылау,сабақ үлгерімін үнемі қадағалау.

Жыл  бойы

IT мектеп-лицей әкімшілігі

21

«Д"тізімінде тұрған, дене шынықтыру сабағынан босатылған оқушылармен  жұмыс

Жыл  бойы

IT мектеп-лицей әкімшілігі

22

Оқушылардың сабақтан  тыс уақытының жүйесін анықтау.

Жыл бойы

IT мектеп-лицей әкімшілігі

Сынып жетекшілері

Кураторлар


23

Оқу жылын аяқтау және емтиханға дайындық мәселелелері, емтиханнан босатылған оқушылар

сәуір

IT мектеп-лицей әкімшілігі Сынып жетекшілері

24

«ҚР білім беру ұйымдарында  қорытынды аттестация және сыныптан сыныпқа көшіру нұсқаулары» туралы 9, 11 сынып оқушылары ата-аналарын, мұғалімдерді таныстыру.

Мамыр

IT мектеп-лицей әкімшілігі

25


Көшеде жүру ережелерін сақтау, өмірқауіпсіздік ережелерін орындауды бақылау.

Жыл  бойы

Сынып жетекшілері;

кураторлар


Каталог: public -> files -> 2019
2019 -> Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне арналған 5-18 кыркүйек аралығында өткен онкүндік аясындағы іс-шаралар есебі
2019 -> Көрнекілігі: слайд Мұғалімнің кіріспе сөзі
2019 -> Оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі» кмм І жартыжылдыққа оқу-тәрбие үрдісі бойынша есебі 2018 жыл 2018 -2019 оқу жылында «Жылымды негізгі мектебі»
2019 -> «Ел тірегі-тіл» тілдері күніне арналған онкүндікті өткізу жөніндегі іс-шараның қорытынды есебі
2019 -> І тоқсан бойынша тәрбие жұмысының есебі Тәрбие жұмысының жазбаша есебі
2019 -> Киров негізгі мектебі бойынша Республикалық қайырымдылық "Қамқорлық"акциясы айлығына орай өткізілген іс-шаралардың есебі
2019 -> Тақырыбы: Әділет сұлтанның шешімі Білім беру саласы: «Коммуникация»
2019 -> Сабақ «Ананың аялы алақаны»
2019 -> Сабақтың тақырыбы: ХҮііі ғасырдағы қазақтардың материалдық мәдениеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет