Жаңа сабақты түсіндіруде



бет1/18
Дата31.03.2023
өлшемі3,38 Mb.
#173407
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Дипл БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР


КІРІСПЕ

Бүгінгі күн жағдайында білім беру жүйесі оқытудың жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануды қажет етеді. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет – әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыру.


Сондықтан, әр оқытушыдан инновациялық даярлығын өз бетімен арттырып, сабақ барысында жаңа әдіс тәсілдерді кеңінен пайдалану талап етіледі.
Елімізде жаппай компьютерлендіру процесі аяқталды. Сондықтан, еліміздегі әрбір білім мекемесі қажетті деңгейде компьютерлік технологиялармен толық жабдықталған. Осыған орай кез-келген пәнді оқытуда мүмкіндігінше ақпараттық технологияны қолданудың қажеттілігі туындайды.
Физика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың мынадай әдістемелік жолдарын көрсетуге болады:

  • жаңа сабақты түсіндіруде;

  • физикадан есептер шығаруда;

  • зертханалық сабақтар жүргізуде;

  • сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыруда.

Қазіргі кезде мектептерде физикалық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігіне байланысты физикадан сабақтарды жалаң сөзбен түсіндіру оқушылардың білім деңгейінің төмендеуіне, ой-өрісінің тарылуына әкеліп соғады. Осы қиыншылықтардан шығудың бір жолы – ақпараттық технологияларды қолдану.
Оқушылардың білім алу деңгейлерін сапалы ету мақсатында қолданылып жүрген ақпараттық технологияларды физика сабақтарында қолдану кезек күттірмейтін мәселеге айналды. Сабақты ақпараттық технологияларды пайдаланып, физикалық есепті де, зерханалық жұмыстарды да түсінікті және қызықты етуге болады. Оның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол [1].
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында» ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясаты айқын көрсетілген. Бүгінгі күні жаңа ақпараттық технологиялар білімде, өндірісте, кәсіпорындарда, құжат өңдеу іс-әрекеттерінде кеңінен қолданылуда, оның қамтитын іс-әрекет саласы зор қарқынмен өріс алуда. Өңделетін ақпараттың көлемі мен күрделілігінің тұрақты өсуіне орай қоғамға оны бейнелеудің жаңа түрлерін ойластыру талап етілуде. Осыған байланысты физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Физика саласында білім беру процесін ақпараттандыруда басты элемент ақпараттық технологиялардың құралдарымен жабдықталған ақпараттық ресурстарды меңгертуге негізделген жоғары, орта білім беру жүйесін құру болып табылады.
Физика курсын оқыту барысын зерттеуде ақпараттық технологияларды қолдану негізінде білім беруді жетілдіруге Ресей ғалымдары И.К.Турышев, А.А.Кузнецов, И.Н.Антипов, И.В.Роберт, И.Е.Вострокнутов, В.В.Лукин, И.А.Трубина, И.А.Румянцева, Ю.А.Первин, М.П.Лапчик, В.М.Монахов, А.Г.Кушниренко, А.Г.Гейн, М.В. Вяльдин, Н.А. Мансуров, Қазақстан жас ғалымдары Д.А.Исаев, С.Е.Алдешов, Н.Н.Керімбаев аталған салада бірқатар диссертациялық зерттеулер орындалды, және т.б. зертттеушілер шұғылданғаны анықталды. Олардың зерттеулері осы курста ақпараттық технологияларды қолданудың стратегиялық мәселелеріне, сол сияқты, пәнге тән қиындықтарды шешуге арналған.
Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы жағдайында еңбек сапасына қойылатын талаптың күшеюіне байланысты еліміздегі білім беру саласының жетілдірілуі жөніндегі бірқатар еңбектерді атап өтуге болады. Атап айтқанда білім беру жүйесін ақпараттандыру, физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі саласында бірқатар еңбектер жарық көрді. Қазақстанда білім саласында компьютерді, ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мәселесіне: Е.Ы.Бидайбеков, Д.С.Байғожанова, І.Ж.Есенғабылов, А.О.Алдабергенова, Г.К.Нұрғалиева, Д.М.Джусубалиева, Б.Б.Баймұханов, С.Е.Шакликова, С.С.Үсенов, Р.А.Ильясова, Г.Б.Ахметова, С.Қариев, А.И.Тажигулова, Ш.Х.Құрманалина, Ж.А.Қараев, А.Қ.Бекболғанова, Р.С.Шуақбаева және т.б. ғалымдардың еңбектері арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет