Байланысты: Дипл БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Дипломдық жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
«Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар» деп аталатын бірінші бөлімде білім беруді ақпараттандыру мәселесі қарастырылып, оқытудағы ақпараттық технологиялық құралдардың даму жағдайы зерттелді. Ақпараттық технологиялардың негізгі түсініктері мен анықтамалары анықталды.
«Физиканы оқытуда IT-технологияларды қолданудың теориялық негіздері» атты екінші бөлімде физиканы оқытуда IT-технологияларды қолданудың психологиялық-педагогикалық негіздері, әдістемелік ерекшеліктері баяндалып, физиканы оқыту формаларын, әдістері мен құралдарын таңдауға IT-технологиялардың тигізер ықпалы айқындалды.
Үшінші бөлімде компьютерлік бағдарламаларды қолданып физикадан электрондық оқулық дайындаудың сипаттамасы мен әдістемесі баяндалған.
1.1 Қазіргі замандағы ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологиялар
Жалпы білім беретін орта мектептің алдына төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады:
Білім беру;
Тәрбиелік;
Дамытушылық.
Мектепте физика оқытудың мақсаты − әрбір оқушыға физика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальді білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Физикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл-ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілетін, нығайтуға әсер етеді.
Сонымен, физиканы оқытудың білім беру, дамытушылық мақсаты – оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға бағытталған.
Мектептегі физика курсының практикалық мақсаты − оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын іскерліктермен қаруландыру.
Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде.