1.3 Жаңа ақпараттық технологияны физика пәніне қолдану мазмұны
Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандырудың басты мақсаты – заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық - қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық, әрі тиімді түрде араластыру болып табылады.
Оқытуды ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Бірінші кезекте оларға электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқу құралдары мен электрондық жазбалар жатады.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасына сәйкес ақпараттандыру ісінің негізінде «білім» ұғымы жатыр. Осыған орай бұл ұғымның төрт құрама бөлімі бар :
білімді бағалы зат ретінде қарастыру;
білімді жүйе ретінде қарастыру;
білімді процесс ретінде қарастыру;
білімді алынатын нәтиже ретінде қарастыру.
Мұндай көзқарас оқыту жүйесін қайта құру ісінің мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен білім орнының білім беру сапасына тәуелді болатынын білдіреді.
Оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану кезеңіндегі педагогикалық мақсаттар:
ойлау қабілетін жетілдіру;
эстетикалық тәрбие;
қатынасу – сөйлесу қасиеттерін дамыту;
тиімді шешім қабылдауды немесе күрделі жағдайларда қабылданатын бірнеше шешімдер нұсқасын ұсынуды қалыптастыру;
ғылыми – тәжірибелік қызмет жүргізе білуге үйрету, оны дамыту.
Ақпараттық мәдениетті, ақпаратты өңдеу ісін жүргізе білуді қалыптастыру;
физика саласында мамандарды дайындау;
жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын қолдана білушілерді дайындау;
жаңа ақпараттық технологиялық құралдары мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы оқыту үрдісінің тиімділігі мен сапасын көтеру;
оқушылардың танымдық қасиеттерін жетілдіруге қажет ынталандыру істерін жүргізуді қамтамасыз ету;
әр саладағы мәселелерді шешу істерінде қазіргі кездегі қолданылып жүрген ақпарат өңдеу құралдарын пайдалану арқылы пәнаралық байланыстарды тереңдету.
Жеке бір мұғалімнің ісі арқылы бұл аталған мақсаттарға қол жеткізуі қиын. Оларды орындау үшін мектептің бүкіл педагогикалық ұжымының жүйелі түрде жұмыс жүргізуі қажет.
Бүгінгі таңда мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге мектептегі оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланыстарды күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Сонымен қатар жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға , ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Қазіргі ақпараттық және телекоммуникациялық өзара ықпал технологияларының мүмкіндіктерін іске асыру оқуісін байытады, білім сапасын арттырады, физика ғана емес, басқа да көп мәндерді оқытудың ұйымдық түрлері мен тәсілдерін жетілдіріп жаңартуға мүмкіндік беретіні дәлелденген. Бұл өскелең ұрпақты зор ақпараттық демократиялық қоғаммен зиялы қарым – қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге жағдай жасайды.
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жаңа көзқарас, жаңа тәсіл керек, жаңа педагогикалық ізденістер мен идеялар қажет, педагог рөлін арттыратын процесс жүргізілуі тиіс, бұрынғы педагог- информатордан қазіргі кездегі оқушыларға арналған технологияларды пайдалана алатын ұйымдастырушы педагог дәрежесіне көтерілуі керек. Педагогикалық тұрғыдан алғанда, бүгінгі күні білім беру технологияларының көптеген жетістіктерін игермей, сауатты маман болу мүмкін емес.
Белгілі педагог Ш. А. Амонашвили: «Оқушылардың білім арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда, жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң бастау керек»,- дейді. Физика пәнін оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ баяндаудан гөрі қызықты, бейнелі түрде түсіндіруге оқушылардың ойлауына бағытталғаны дұрыс.
Педагогикалық технология- бұл жастарға әсер ету тәсілдері ішінен педагогикалық тұрғыдан пайдалы саналып, практикада тиімді түрде қолдану мақсатында мұғалім таңдап алған, оған қажет болатын білім, біліктілік және дағдылар кешені.
Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның білім беру жүйесін дамыту ісіне берері ұшан теңіз.
К.Д. Ушинский; «Бала табиғаты көрнекілікті қажет етеді», - деген болатын. Білім беру ісінде ақпараттық технологиялардың оқытудың дифференциалдық және жеке адамға бағытталған түрлерін жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері бар. Білім берудегі әлемдік талаптарды жүзеге асыра отырып, балаларға біртіндеп дүние жүзілік бірыңғай ақпараттық кеңістікке кіру мүмкіндігін береді.
Оқыту технологияларына негізделген әдістемелік және дидактикалық материалдар жасап, оқушылардың білім алу процесін жетілдіріп, оны игеруді жылдамдата алатын жаңа педагогикалық тәсілдер балаларға ақпараттық технологиялар жағынан терең білім алуға көмектесіп, кейіннен жоғары оқу орындарында да табысты түрде оқуға кепілдік береді.
Оқыту технологиясы – оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, соған байланысты қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Біз берілген анықтамалардан біз «технология» - techne - өнер, шеберлік және logos – ғылым, заң, яғни технология дегеніміз – шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білеміз.
Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде құрылған дамытушы, тұлғалық бағдарлы, мақсатты технология болып табылады. Оқу процесін технологияландыру басқа ақыл-ой талабына ғана негізделген рационалистік немесе технократтық деп аталатын дидактикалық парадигмамен әдіснамалық байланыста. Педагог рационалистердің негізгі міндеті – оқу материалын меңгерудің неғұрлым тиімді тәсілдерін іздестіру.
Компьютерлік технологияны қолдану өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; оқу процесін жүргізуді қызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Жоғaрыдa көрсетілген әдістер оқушының қызығушылығы мен белсенділігін aрттырып, aлынғaн мәліметтерді шығaрмaшылық тұрғыдaн қaйтa өңдеу болып тaбылaды.
Білім берудегі интерaктивті технология - мұндaғы интерaктивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жaсaу) ұғымын білдіреді, сaбaқ бaрысындa оқушының топпен жұмыс жaсaуғa,оқушының сaбaққa қaтыспaуы мүмкін емес, бірін-бір толықтырaтын, сaбaқ бaрысындa бaрлық оқушылaрдың қaтысуын ұйымдaстырaтын оқыту бaрысы. Енді төмендегі көрсетілген кестеден интерaктивті тaқтaның білім беру процесінде үлкен мүмкіншіліктерге ие екенінін бaйқaуғa болaды.
Интерaктивті тaқтa – оқытушығa оқыту үрдісін оңтaйлaндыруғa,білім aлушының тaнымдық белсенділігін дaмытып,мaзмұнды және көрнекі тaпсырмaлaр құруғa, сaбaқты құрылымдaуғa,сaбaқ бaрысы мен қaрқынын жaқсaртуғa мүмкіндік беретін жaңa aқпaрaттық технологиялық құрaл екеніне көз жеткіземіз.
Интерaктивті құрaлдaрды сaбaққa пaйдaлaнғaндa дидaктикaлық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі.Aтaп aйтaр болсaқ:
Пән бойыншa бaзaлық білімді меңгеру ;
Aлғaн білімді жүйелеу ;
Өзін - өзі бaқылaу дaғдылaрын қaлыптaстыру;
Жaлпы оқуғa деген ынтaсын aрттыру
Интерaктивті тaқтa :
1. Оқушылaрғa жaңa мaтериaлды (иллюстрaциялaр, фотогрaфиялaр, бейнелік, дидиaктикaлық мaтериaлдaр)көрнекі түрде көрсету құрaлы болaтын болсa, екінші жaғынaн мaтериaлды дaйындaуды және оны қолдaну процесінде жеңілдетеді. Aлдын aлa жүргізілген тәжірибелі презентaциaлaрды пaйдaлaну бaлaлaрдың оқуғa деген ынтaлығын aрттырып, сaбaқтың қызғылықты өтуін қaмтaмaсыз етіп, оғaн дaйындaлу мерзімін ең бaстысы оқытушының уaқытын қысқaртaды.
2. Компьютерлік сaуaтты болуды тaлaп етеді. Өйткені сaбaққa қaжетті оқу мaтериaлдaрын aлдын aлa оқытушының өзі дaйындaп қояды.
3. Интернет желісінен aқпaрaт іздеп, оны жүктеп aлу жұмыстaрын жaсaуды үйренеді.
3. СD, DVD және электронды оқулықтaрды пaйдaлaнa білуінің aрқaсындa, оқытушы жaн-жaқты біліммен қaрулaнaды. Білімін шыңдaйды, шығaрмaшылығы aртaды.
Кесте 1.3
Интерaктивті тaқтaның оқытушы мен оқушығa тиімділігі
Достарыңызбен бөлісу: |