Зерттеу нысаны: физикада білім беруді ақпараттандыру.
Зерттеу пәні: орта мектептерде физика пәнін оқытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану.
Зертттеу мақсаты:ақпараттық коммуникативтік технологияларды физика пәнін орта мектептерде оқытуда электронды оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділігін арттыру, мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
Зертттеу міндеттері:
мектеп оқушыларына физика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың ерекшеліктерін айқындау;
физиканы оқытуда электрондық оқулықты пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.
Зерттеу әдістері: білім берудегі ақпараттық технологиялар жөніндегі психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді зерделеу және оларға талдау жүргізу; физика пәні бойынша Delphi ортасында жасалған электрондық оқулықтарға, әдістемелік құралдарға ғылыми-әдістемелік негізде талдау жасау; үйретуші мультимедиялық бағдарламалар жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
мектеп оқушыларының және студенттердің білім сапасын арттыру үшін ақпараттық технологияларды физиканы оқытуда қолданудың ерекшеліктері айқындалды;
физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемесі мен электрондық оқулық жасалды.
Зерттеудің жетекші идеясы: ақпараттық технологиялардың әдістемелік мүмкіндіктерін анықтау негізінде оларды оқыту процесінде тиімді түрде пайдаланса, орта мектептерде физиканы оқыту нәтижелері жоғары болады.
Зерттеу кезеңдері: зерттеу үш кезеңде жүргізілді.
Бірінші және екінші кезеңде білім беруді ақпараттандыру және ақпараттық коммуникативтік технологиялық құралдардың дамуы мен оқытудың ақпараттық технологияларының негізгі бағыттары мен бастапқы түсініктері анықталды; психологиялық-педагогикалық, арнайы әдебиеттерді оқып-үйрену мен теориялық талдау процесінде және функционалдық негіздеу арқылы физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың негіздері айқындалды; физика курсының мазмұнды-әдістемелік бағыттарын IT-технологияларды пайдаланып оқытудың мүмкіндіктері теориялық тұрғыда негізделді.
Үшінші кезеңде анықталған әдістемелік шарттарға сәйкес физиканы оқытуда 11-сыныпқа арналған электрондық оқулықтар жасалып, алынған нәтижелер талданды; жұмысты рәсімдеу аяқталды.