Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандырудың басты мақсаты – заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық - қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық, әрі тиімді түрде араластыру болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге мектептегі оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланыстарды күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Сонымен қатар жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Оқытуды ақпараттандыру ісі жаңа оқыту технологияларын дайындауды талап етеді. Бірінші кезекте оларға электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқу құралдары мен электрондық жазбалар жатады.
Технология грек сөзі «техне»-өнер, кәсіп, ғылым, «логос» ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді. Яғни, өндірістік процестерді жүргізудің тәсілдері мен құралдары жайындағы білімдердің жиынтығы. Бұл термин әдетте өндiрiстiк үрдiстi сипаттауда кеңiнен қолданылып келдi. Ал педагогика ғылымы тұрғысынан қарастырғанда “шеберлiк пен iлiм қосындысын” бiлдiредi.
Смыковская Т.К., Руденколардың пiкiрiнше: “Әдiстеме тек бiр ғана оқыту үрдiсiне көңiл бөлсе, ал технология бiр мезетте оқу, оқыту үрдiсiмен қатар жұмыс iстейдi және технология алға қойылған мақсаттың нақты соңғы нәтижесiне кепiлдiк бередi”.
Қазіргі таңда білім беру жүйесін ақпараттандыру процесіне байланысты «ақпараттық-білім беру ортасы», «ақпаратты-пәндік орта», «кәсіби-ақпараттық білім беру ортасы», «оқытудың компьютерлік технологиясы», «оқытудың ақпараттық технологиялары», «мультимедиа», «мультимедиалық технологиялар», «білім берудегі мультимедиа», «мультимедианың бағдарламалық құралдары», «мультимедиалық өнімдер», «гипермедиа» секілді бірқатар терминдер оқулықтар мен ғылыми мақалаларда қолданыла бастады.
Осының ішінде мультимедиаға зерттеуші ғалымдар түрліше анықтама береді:
Мультимедиа – әртүрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология.
Мультимедиа – екі не одан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру.
Мультимедиа – әртүрлі формада ұсынылған ақпараттарды біріктіруге мүмкіндік беретін компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдары кешені.
Мультимедиа технологиясы – визуалды және аудиоэффектілерден құралған электрондық өнімдерді дайындау әдістері.