«Жаңартылған мазмұндағы «Көркем еңбек» пәнін оқыту әдістемесі» пәні



Pdf көрінісі
бет32/41
Дата15.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#131825
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Байланысты:
Жаңарт мазм Көркем еңбек лекция. docx

 
 
Бақылау сұрақтары:
1. Жапсырмалау /аппликация/ дегеніміз не?
2. Жапсырмалаудың қандай түрлері бар? 
3. Қиып жапсырудағы түстердің мәні, түстерді біріктірудегі үйлесімділік 
туралы
4. Маталардан жасалынған жапсырмалау бұйымдарын астарға бекіту 
тәсілдері қандай? 
5. Табиғи материалдардан жапсырмалау жұмысын жасағанда қандай
материалдар пайдаланылады? 
6. Бастауыш сыныптардағы матадан, қағаздан жапсырмалау жұмыстары 
қалай жүргізіледі?
 
 
 Дәріс 13. Құрастыру бойынша практикалық іс-әрекеттерді 
қалыптастыру әдістемесі 
 
1. Құрастыру - монтаждау операциясы мен технологиялық процесі.
2. Техникалық модель жасау. Жаңа модельдерді құрастыру принциптері. 
3. Қағаз және қатырмақағаздан, табиғи және басқа да түрлі 
материалдардан бұйым жасау.
 
Құрастыру (конструкциялау) балалар үшін әрекеттердің аса қиын 
түрлерінің бірі болып табылады. Ол кӛркемӛнер, конструкторлық-
техникалық әрекеттермен байланысты екенін байқаймыз.
Үлкендердің 
конструкторлық-техникалық 
әрекеттері 
үшін 
конструкциялауды, құрылыстарды іс жүзінде қолдану тән нәрсе. 
Конструкциялауды орындағанда ересек адам алдын-ала ойланады, жоспар 


жасайды, қолдану шараларын, жұмыс техникасын, сыртқы безендірулерді 
ескере отырып материал таңдайды, әрекеттің орындалу жүйелілігін 
белгілейді.
Бұл әрекеттердің барлығы оқушылар құрастыруларында кӛзделінеді. 
Осы жерде сонымен қатар құрастыру міндеттері шешіледі. Оқушылардың 
құрастыру іс-әрекеттері үлкендердің конструкциялық-техникалық іс-
әрекетіне ұқсас болады. Оқушы іс-әрекеті нәтижесінің әлі қоғамдық мәні 
болмайды, дегенмен оқушының еңбек тәрбиесіне ең игілікті әсерін тигізеді.
Құрастыру түрлері қандай материалдан жасалатынына байланысты 
былайша бӛлінеді: 
1. құрылыс материалдарынан құрастыру 
2. қағаздан, қатырма қағаздан, қораптардан, катушкалардан және басқа 
материалдардан құрастыру 
3. табиғи материалдардан құрастыру. 
Құрастыру әрекеттің басқа түрлеріне қарағанда оқушылардың 
техникалық қабілеттерін дамытуға үлкен негіз болады.
Қарапайым операцияларды пайдаланып, бұйымдар әзірлеу, үлгі 
бойынша белгілеу, бүктеп-қаттау және кӛрсетілген сызық бойымен кесу 
жұмыстары жүргізіледі. Чертеждегі берілген кесілетін сызық, бүктейтін жер 
және кӛмекші сызықтарды таба білумен таныстырудың мәні зор. 
Оригами. Қағазды кӛркем бүктеу арқылы «Оригами» жасалады.
«Оригами» жапон тілінен аударғанда «бүктелген қағаз» дегенді білдіреді. 
«Ori» — бұл бүктеу, ал «kami» — қағаз. Осылайша, оригами — фигураларды 
қағаздан бүктеудің кӛне ӛнері. Жапонияда кеңінен дәстүрлі таралған 
тамырына қарамастан, оригами түп-тамырымен алғаш қағаз пайда болған 
ежелгі Қытайға тиесілі.
Оригами үшін тек бір парақ қағаз жеткілікті. Оригами үшін кез келген 
қағазды пайдаланады, бірақ бүктеудің белгілі бір стандарты бар. Оригами 
үшін стандарт қағаз жұқа, мықты, бүктелген қыртысты жақсы ұстау керек.
Әдетте, оның бір жағы ақ, екінші жағы түрлі-түсті және шаршы пішінде (15 
см).
Аяқталған оригами фигурасы модель деп аталады, модельді бүктеу 
әдістері жоба деп аталады, ал модель үшін сызылған инструкция сызба 
жиынтығы деп аталады. 
Құрастыру жұмыстары негізінен бастауыш сынып оқушылары үшін 
техникалық еңбек бӛлімінің бір бӛлігі ретінде ӛтіледі. Құрастыру жұмыстары 
бастауыш сынып бағдарламасының талаптары бойынша ағаш, металл, 
пластикалық материалдардан, құрастыру бӛлшектерінен әр-түрлі кӛліктерді, 
құрылыс жұмыстарын, үй мүліктерімен, жиһаздарды құрастырып үйренеді. 
Қазіргі кездегі қоғам талабына сай мектеп оқушыларын, оның ішінде 
бастауыш сынып оқушыларын әртүрлі техникалық кӛліктердің құрылысын, 
түрлерін, әрбір бӛліктерінің атқаратын қызметтерін біліп, талдай отырып 
меңгермейінше, заман талабына сай мамандық иелерін меңгеру мүмкін емес. 
Осы талаптарды орындау үшін 1-сыныптан бастап құрастыру жұмыстары 
ұйымдастырылып, сыныбы ӛскен сайын құрастыру жұмыстарының 


материалдары ӛзгертіліп күрделене түседі. Құрастыру жұмыстарын атқару 
барысында оқушылардың ой-ӛрісі, түсінігі кеңейіп құрастырушылық 
қабілеттері дами түсіп, техникалық сауаттылықтары молайып отырады. 
Оқушылар сабақтарда тапсырмалар орындауда, күнделікті ӛмірде де жиі 
кездесетін машиналардың атқаратын қызметін айыра білуге үйретіледі. 
Құрастыру бӛлшектерімен оқушылар мектепке дейінгі мекемелерде (бала-
бақшада) және үй жағдайында кезкелген баланың үйдегі қызығып ойнайтын 
ойыншықтары ретінде кездестіруге болады. Дайын құрастыру (конструктор) 
бӛлшектерімен әртүрлі құрастыру жұмыстары кезіңде, кітапша суреттеріне 
қарап, немесе оқулыктағы суреттерге қарап отырып, ӛз бетінше бірнеше 
бұйымдар мен кӛлік түрлерін құрастырып үйренуге үйретіледі. Техникалық 
үлгілерді орындауда, есіресе, ұл балалардың ынтасы жоғары болып келеді 
Құрастыру бӛлшектерін бір-бірімен біріктіру үшін бекіту бӛліктері, бұранда, 
жалғастырма бӛлшектер (планкалар) жалғастырма білікшелері гайкалар мен 
болттар қажет етіледі. 
Құрастыру жұмыстарын орындағанда ең маңызды кезең ұйымдастыру 
кезеңі болып саналады. Соңдықтан құрастыру бӛлшектерімен жұымыстар 
орындағанда жұмыс орнында қажетті құралдар мсн бӛлшектер барынша мол 
болуы тиіс. Бұл жұмыстарды орындау үшін бұрауыш, гайка, бұрайтын кілт, 
болуға тиісті. 
1-сыныпта құрастыру бӛлшегінен қол арбасын, жүк машинасын, мотоцикл 
бӛліктерін құрастыру берілсе, 2-сыныпта экскаватор, тікұшақ, 3-сыныпта 
техникалық үлгілерді құрастыру жұмыстары берілген, 4-сыныпта Лего 
құрастыру бӛлшегінен құрылыстық, техникалық үлгілерді құрастыру 
енгізілген. Кӛбінесе ағаш материалдарынан, табиғи басқа да материалдардан 
сұт қораптарынан, жұқа қаңылтырлардан сусын қораптарынан әртүрлі 
бұйымдар, ойыншықтарды құрастыру енгізілтен. Құрастыру бӛлшектерінен 
басқада материалдардан техникалық модельдердің үлгілерін ағаш, қағаз, 
қатырма қағаз материалдарынан жүк таситын машиналар, кұрылыстық 
техникаларды, ұшатын, суда жүзетін кӛлік түрлерін, жеңіл автомобильдерді, 
әскери техника түрлерін және қарапайым тұрмыстық механизмдерімен 
бұйымдарды үлгілеп құрастыру жұмыстары енгізілген. Мұндай жұмыстарды 
орыңдау үшін оларды кесетін, жонатын, аралайтын, қиятын, біріктіретін кұрал-
саймандармен жұмыс істеу тәсілдерімен танысу бағытталған. Қағаздан 
құрастыру жұмысын орындағанда ең бірінші кезекте орындайтын кӛлік 
түрінің бӛлшектеріне талдау жасалынып, әрбір беліктердің бейнесін, пішінін 
талдап, қағаз бетіне сызбасын түсіре білу, сызбадағы шартты белгілерді оқи 
білуге, орындай білу керек. Бұл тапсырмалар 1-2 сыныптарда кӛбінесе дайын 
үлгі түрінде берілсе, 3-4 сыныптарда ӛлшемдерін ӛз бетінше қағаз бетіне 
түсіріп үлгілерді құрастыра білуге қалыптасу қажет. Егер құрастыру 
жұмыстары күрделілігіне қарай 2 сағатқа жоспарланса, бірінші кезекте 
асықпай алдыңғы сабақта тереңірек талдай отырып жұмысты мұқият орындап 
үйренуге қалыптасу қажет. Жұмыс кезінде сызу кұралының дұрыс ұшталуы, 
сызғыштың, циркульдің тиімді пайдалануы талап етіліп, үйретілуі тиіс. 
Материал түріне байланысты қаламның түрі (қаттылығы, жұмсақтығы) дұрыс 


таңдалынуы тиіс. Ӛйткені жұмсақ қалам ағаш материалына тез мұқалады. Қалам 
кедір-бұдырсыз, теп-тегіс жұмыр болып ұшталуы қажет. Қаламмен түзу сызық 
сызғанда қаламды жылжытпай бағытына қарай аздап кӛлбеу ұстап сызғышқа 
тақай отырып сызу керек. 
Техникалық кӛліктердің дӛңгелектері болғандықтан қатырма қағаздан 
шеңбер сызуға циркульды пайдаланған дұрыс. Циркульмен шеңбер сызып, 
шеңберді тең бӛлікгерге бӛлу жұмыстарын оқушылар үйренеді. 
Қатырма қағаздардан техникалық үлгілерді дайындауда бүктеу, қаттау 
тәсілдерін, сызық бойымен, қию қатырма қағазды қайшымен, пышақпен қию 
тәсілдерін үйренеді. Қатырма қағаз қатты болғандықтаң алдын ала сызық 
бойымен пышақпен із түсіру қажет, соңынан керісінше қатырма қағазды 
бүктеп қайыру тиіс. 
1-сыныптан бастап табиғи заттармен жұмыс істеу ағаш материалы, ағаш 
бұтақтарын, дәндері, бүршіктері, қамыс тектсс (қоға) жұқа қаңылтырлармен, 
ермексазбен, сазбалшықпен жұмыстар орындап үйренеді. Ермексаздан, 
сазбалшықтан кӛкӛніс, жеміс түрлерін, аң, құс, жануарлар мүсіндерін жасап 
үйренеді. 
2-сыныпта құрастыру жұмыстары. Металл құрастырғыш бӛлшектерімен 
кеңінен таныса отырып "Велосипед", "Экскаватор", "Тікұшақ" үлгілерін 
құрастырып үйрену жоспарланған. 
Металл құрастыру бӛлшектернен ұшақ, мотоцикл, арба т. б. техника 
түрлерін де орындауға болады. Алғашқы сабақта 1-сыныпта алған түсініктерін 
ары қарай толықтай отырып оқушылардың түсініктерін кеңейту кӛзделуі тиіс. 
Кезкелген техника түрі, ойыншық үлгісі түрінде жасалып ары қарай 
ӛндіріске (зауытта) енгізіліп отыратындығы түсіндіріледі. 
Кезкелген машинаның кӛлемі жағынан кішкентай болғанмен, олардың 
құрылысы, бӛлшектерінің жұмыс орындау қағидалары (қозғалыс сипаты) 
нағыз машинаға ұқсас келетінін әңгімелеп түсіндіріледі. Модельді 
– улгі 
деп, 
ал оны дайындау процесін 
үлгілеу 
(модельдеу) деп атайды. 
Экскаватор моделін дайындаудың негізгі мақсаты оқушыларға экскаватор 
қандай жұмыстар атқаратындығын таныстыру, әрбір бӛліктің жұмыс сипатын 
түсіндіру, экскаваторшы мамандығын меңгеруге құлшындыру. Шӛмішті рычаг, 
экскаватор жебесі, кабинасы туралы, экскаваторлардың доңғалағы шынжыр 
табанды болып келетінін түсіндіру. 2. Тік ұшақ үлгісін дайындаудың мақсаты 
оқушыларға тік ұшақтың, ұшақтардан айырмашылығын түсіндіру, тік ұшақтың 
қолдану 
мақсаттарымен 
таныстыру, 
тік 
ұшақтың ұшу қағидаларын түсіндіру және тік ұшақты құрастырып үйренуге 
қызықтыру кӛзделеді. 
Киіз үй құрылысын қатырма қағаздан құрастыру, үй жиһазы сандық, 
жүкаяқ, кебеже, стол, орындық үлгісін қағаздан дайындап, әшекейлеуге 
үйретіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет