Жакаева к. А. Жакаева с. А «музыка пəнін оқыту əдістемесі»


ТАРАУ. Музыка сабағындағы іс-əрекет түрлері



бет12/47
Дата13.09.2022
өлшемі149,31 Kb.
#149337
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47
Байланысты:
Жакаева К.А. Музыка пәнін оқыту әдістемесі

3 ТАРАУ. Музыка сабағындағы іс-əрекет түрлері




    1. Музыканы қабалдау жəне тыңдау кезеңдері.


Музыка сабағының мектепте жүргізілетін басқа пəндік сабақтарға тəн ерекше айырмашылықтары бар. Жалпы сабақта қолданылатын музыкалық материалдарды таңдай білудің мəні зор, өйткені, ол шығармалар арқылы балалар өмірдің сан қилы оқиғаларынан хабардар болады, сондықтан да музыкалық материалдар уақыт өткен сайын өзгеріп отырады, толықтыры- лады немесе алынып тасталынады. əн айту барысында кездесетін қиын- дықтарды балалар оны əдемі, мəнерлі орындауға қажетті бірден-бір жол деп түсінуі қажет.
Балалардың эстетикалық сезімін қалыптастырып, əрі қарай дамытуда, музыкалық ой өрісін кеңейтіп, талғамын тəрбиелеуге тыңдауға арналған репертуардың мəні зор. Музыка туралы əңгіме тыңдай отырып, балалар композитордың өмірі мен творчествасынан мағлұмат алып қана қоймай, шығарманың сипатын, оның образын ашуда қолданылған мəнерлік құрал- дарын анықтап олардың шығармаға қандай көрік беріп тұрғанын қалып- тастырады.
Осылайша музыкаға қызығушылығын, оған эмоциялық көзқарасы қалыптасады. Əр шығарманың мəнерлі құралдары болатынын ажырата алатын болады. Балалармен тікелей жұмыс істеген музыкант-ғалымдар, ұстаздар, зерттеушілер музыканы қабылдаудың əртүрлі жақтарын жан- жақты дамыту керектігіне айрықша назар аударды.
Ең негізгісі-оларды қызықтыра білу. Музыка сабағындағы болып жат- қан əрекеттерге эмоциялық қарым- қатынасын дамыту. Орыстың ұлы жа- зушысы Д.Кабалевский былай деп жазған болатын.
«Музыка деген қызығушылық, музыкамен əуестену, ұнату- оның ға- жайып сұлулығынтүсіну үшін қажетті шарт. Сонда ғана ол өзінің тəр- биелік жəне танымдық ролін атқара алатын болады. Ал музыкаға қызық- паған, онымен айналыспаған адамға білім жəне тəрбие беремдеу сəтсіздік- ке ұшшыратпай қоймайды. Бұдан шығатын қорытынды: балалардың му- зыкаға деген қызығу сезімін оятпай, олармен музыкалық сабақ өткіземін деу- бос əурелік. Ал, музыканы ұнату, оған қызығу сезімдері балалар музыкалық өнердің нағыз көркем, үлгілерін сезінгенде ғана пайда болмақ»
деп жазды.
Сабақтың өз дəрежесінде өту əрине, мұғалімдерге байланысты. Мұға- лім тұлғасы сабақ үстінде жан-жақты əрі қырынан байқалады: ол тек бір шығарманы орындап немесе айтып қана қоймай, ол туындылар жөнінде əңгіме жүргізеді, өзінің композиторға деген көзқарасымен пікір алысады, музыканың əсер ету күшінің мүмкіндігін жеткізе түсуге жағдай жасайды.
Əрине мұғалім жұмысында ұйымдасытрушылық қабілетінің үлкен рол атқаратынын атап айтқан жөн.
Музыкалық іс-əрекет түрлері музыка сабағы құрылымының компо- ненті ретінде, оқушылардың музыкалық өнермен өзара əрекеттесуінің түр- лі тəсілдерін жəне оны тануға бағытталады. Оқушылардың музыкалық іс- əрекет түрлеріне: музыканы тыңдау, хормен əн айту, музыкаға қозғалыс, музыкалық аспаптарда ойнау, балалардың музыканы импровизациялау жəне шығару немесе басқаша музыкалық-шығармашылық қызмет, музы- калық-танымдық қызмет жатады.
Музыкалық іс-əрекеттің барлық түріне балаларды еліктіріп əкету үшін мұғалім өзі отты жігерлі болуы тиіс. Мұғалім сабақтың қызықты жə- не нəтижелі өтін қамтамасыз етеді. Музыка сабағының басқа пəндік сабақ- тармен ұқсастығына, айырмашылығына таңдана отырып, əр сабақтың өзінің бір-бірін қайталамайтын өрнектермен ерекшеленетінін айта кетек жөн. Бұл, əрине, музыка мұғалімінің шеберлігіне шығармашылық қасие- тіне байланысты.
Əнді үйреткеннен бұрын оқушы оны өзі орындап, көрсетеді. Бұл көр- некілікке жатады. Дирижерлік қимыл, түрлі суреттер, иллюстрациялар пайдалануда солай. Сабақ қызықты өту үшін мұғалім оның жан-жақты əдіс-тəсілдерге бай, түсінікті болуын қадағалап, үйретілетін əн мен тыңда- латын музыкалық шығармалардың ерекше құндылығын ескеруі тиіс. Егер балалар сабаққа қызықса, олардың белсендігі де артады.Мұндағы ең негіз- гі мəселе қайталау мен пысқтау. Ол балалардың ойлауын, есте сақтау мүм- кіндіктерін жетілдіруге жағдай жасайды. Əрбір үйретілетін əн балалардың жас ерекшеліктеріне қарайтаңдап алынады.
Музыка сабағы арнаулы жоспармен жүргені тиімді .Сабақтың негізгі мақсаты-əн үйрету мен қатар, хор айту, музыка тыңдап оның сауатын үйрету. Сол себепті оқушы сабақ өтуге берілген 45 минутты тиімді ұтым- ды пайдаланған жөн. Ол үшін алдын –ала жоспарлап алған жөн. Сонымен қатар музыка сабақтарында оқытылатын тақырыптар күні бұрын жоспар- ланып, əр тоқсанға бөлініп қойылуы керек. Əн үйретуде, музыка тыңдауда есте сақтайтын жай, əр тоқсанның мазмұнына сай əнді үйретіп, музыка тыңдауды осы тəсілмен жасаған жөн. Дегенмен мұғалім оқу барысында əртүрлі жағдайға сəйкес кейбір əндерді музыкаларды қосымша етіп бергісі келгендіктен бағдарламадан тыс əндер береді. Мысалы:əртүрлі мереке- лерге қатысты, жаңа жыл, наурыз, аналар күні, жеңіс күні т.с.с.
Бағдарламаға енгшен əндердің көркемдік жағын оқушының түйсігіне жеңіл жастық дауыс ерекшеліктерін еске алып іріктеп алған жөн. Апта сайын сабақ қайталанып тұратындықтан, мұғалім келесі сабақты қайталай бермей, соңғы сабақты соның жалғасы ретінде жоспарланса, əртүрлі мето- дикалықтəсілдермен сабақ ұтымды, нəтижелі болуы сөзсіз.
Музыканы тыңдауға дайындаудың маңызды міндеттерінің бірі-оқу- шылардың музыкалық шығарманы мұқият жəне қызығушылықпен тың- дауына аудиторияда қажетті əрі қолайлы жағдай жасау.
Əдетте музыканы тыңдау шартты түрде келесі қадамдарда жүргізі- леді:

  • оқытушының дайындық жұмыстары;

  • кіріспе немесе кіріспе əңгіме;

  • жұмысты орындау (тыңдау);

  • тыңдалған жұмыс туралы əңгімелесу;

  • қайта тыңдау;

  • жалпылау.

Мұғалімнің дайындық жұмысы-музыкалық шығарманың ноталық жə- не əдеби мəтінін зерттеу жəне талдау, авторлар туралы мəліметтерді ірік- теу, көрнекі-дидактикалық материалдарды дайындау.
Кіріспе сөз немесе кіріспе əңгіме тиісті эмоциялық көңіл-күй қалып- тастыруға, оқушылардың қабылдауын белсендіруге бағытталған. Кіріспе əңгіменің негізгі мақсаты – балалардың назарын аударып, шығарманы тыңдауға қызығушылығын арттыру, балалардың назарын аудару үшін мұ- ғалім олардың дайындығына байланысты олардың алдына түрлі міндеттер қояды. Кіріспе əңгіме барысында мұғалім композитор туралы, шығарма- ның құрылу тарихы туралы қысқаша айтып бере алады, орындаушы тура- лы мəлімет жəне музыкалық шығармаға сипаттама береді, мəнерліліктің негізгі құралдарын анықтай алады, шығарманың басты музыкалық бей- несін анықтай алады.
Шығарманы орындау (музыка тыңдау) – музыканы қабылдаудың бі- рінші сатысы. Музыканы тыңдау барысында музыканың əр түрлі дыбыс- талуын (дыбыс жазу, тірі орындау) пайдалануға болады. Оқытуға ұсыныл- ған шығарманы соңына дейін немесе аяқталған фрагментін ғана тыңдау керек.
Музыканы тыңдаудың алғашқы күнінен бастап мұғалім орындау ке- зінде тыныштыққа қол жеткізуі тиіс. Бастауыш сынып балалары үшін жанды сипаттағы музыкалық шығарманы орындау кезінде тыныштықты сақтау өте қиын.Бұл мақсатқа жету үшін олардың қиялымен жұмыс жасау (олар концертте отырады) ойын əдісін қолдану қажет (би, марш, өздігінен іштей əн айту, сырттай емес).
Тыңдалған шығарма туралы əңгіме – мұғалім мен оқушылардың бел- сенді əрекеттестігі, сұрақ-жауап əдісі.
Музыка туралы əңгіменің негізі – сұрақтардың толыққанды жүйесі. Əңгімелесудің басты мақсаты – музыкалық шығармалардың көркемдік бейнесін анықтау. Жас ерекшеліктеріне қарай əңгіме қол жетімді, қызық- ты, тыныш жəне жанданған болу керек. Əңгіме барысында мұғалім бала-
лардың қате жауаптарына қатты назар аудармауы қажет жəнеол үшін оларды кінəлауға болмайды.
Талдау, əңгіме нəтижесі бойынша барлық балаларда тұтастай алғанда, оның авторы, сипаты, музыкалық өрнектің құрылымы туралы дұрыс түсі- нік болуы керек.
Музыканы қайта тыңдау – музыканы тұтас қабылдаудың соңғы саты- сы. Жаттығу кезінде жұмыс толығымен басынан аяғына дейін көрсетіледі. Қайталанатын тыңдау өте маңызды, ол білім мен əсерді нығайту үшін өткізіледі.
Жалпылау жұмыстың тыңдалу барысында алған əсерлерін синтездеу жəне кіріспе сөзден жəне музыкамен əңгімелесуден, музыканы қайта тың- даудан алынған білімнің талдауы болып табылады. Алынған білім негі- зінде жалпылама үрдісте қорытынды жасалады. Жалпылама диалог түрін- де (сұрақтар мен жауаптар), оқушылардың жауаптары негізінде құрасты- рылады, мұғалім қорытынды (қорытынды) тұжырымдамасын береді.
Музыка тыңдату сабағын тиімді дəрежеде өткізу үшін арнайы жаб- дықталған музыка бөлмелері міндетті түрде болуы керек. Музыка кабине- тінде композиторлар портреттерің, музыка ұжымдарының яғни, оркестр- лердің (ұлт-аспаптар, симфониялық, үрлемелі аспаптар), хор ұжымдаары- ның суреттері, оркестр құрамына енетін аспаптар суреттері, т.б. болғаны балалардың тыңдау кезінде музыкалық сауаттылықтарын толықтырып отыруларына əсері бар.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет