Жакаева к. А. Жакаева с. А «музыка пəнін оқыту əдістемесі»


Балалардың музыкалық аспаптарында ойнауы



бет14/47
Дата13.09.2022
өлшемі149,31 Kb.
#149337
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
Байланысты:
Жакаева К.А. Музыка пәнін оқыту әдістемесі

Балалардың музыкалық аспаптарында ойнауы.


Музыкалық аспаптардың əрқайсының өзіне тəн дыбыс бояуы(тембр), динамикалық мүмкіндігі(ырғағы), белгілі бір диопазоны болады. Музыка- лық аспапатардың дыбыс шығару сапасы апаптарды жасауда қолданыла- тын материалдардың түрі мен қасиеттіне, дыбыс шығару тəсіліне байла- нысты.Қай халықтың музыкалық аспаптары болмасын өмірге жайдан жай келмеген. Ол адамның жан дүниесі, ішкі сезім иірімдерін білдіру қажетті- лігінен əр халықтың тұрмыс-тіршілік, салт-дəстүр, əдеп-ғұрпына орайласа туындап пайда болған.Адам болмысының сөзбен жеткізе алмайтын күр- делі сезімдерін сыртқа шығару үшін музыкалық аспаптарды ойлап шы- ғарған.
Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері хайуанаттар- дың құстардың,желдің дауысына еліктеуден шыққан. Ол "халықтық" жə- не "кəсіби" музыкалық аспаптар болып бөлінеді.Əр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары дауыс ерекшелігі, жасалуы, қолданылуына байланысты мынан- дай топтарға бөлінеді

  1. Шертпелі аспаптар.

  2. Ыспалы аспаптар. 3.Үрмелі аспаптар.

4.Ұрмалы-cілкімелі аспаптар. 5.Ұрмалы-соқпалы аспаптар.
Домбыра – қазақ халқының арасына өте ерте жəне кең тараған, ғасыр- лар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тəн ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Дом- быра əр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады.
Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады, арнайы құлақ күйге келтіріледі. Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.
Қыл қобыз – ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адам- ның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жа- салады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер жəне
«нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол ды- быстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы – балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады.
Жетіген – қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құры- лысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтседе, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылады. Аспаптың үні өте нəзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде : өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айрылған қасіретті қайғысынан туындаған əуен- деседі. Бізге «жетіген» деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.
Адырна – қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Са- дақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Əуелде адырна садақ пішін- ді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлға- сына ұқсастырып жасады. Əуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті терімен қапталады.Мүйізге жағалай құлақтар бекіті- ліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.
Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске
салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір ба- сы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, əн, ертегі- лерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Қазақ- тың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тəсі- лінебайланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді. Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып, шанағы көнмен (терімен) қапталған.
Шаң қобыз – бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне му- зыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау ке- зінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңда- та дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады. Аспап- та жеке əн- күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық əуендерін сүйемелдеуге болады. Шаң қобыз аспабының құры- лысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.
Саз сырнай – алты тесікті үрлеп ойналатын аспап. Саз балшықтан күйдіріліп жасалады. Мұның бетіне өрнек ойылып, ол жыланкөзбен көм- керілген
Сыбызғы – үрмелі аспаптардың ішінде кең тарағаны. Бұл аспап бақ- ташы-малшылардың өмірімен тығыз байланысты болғандықтан, ел ішін- дегі қариялар оны «жылқы малының азаны» деп атаған. Сырты жылтыр сары қурайдан жасалатын сыбызғының сырты малдың ішегімен кейде мал өңешінің ақ шелімен қапталады. Бұл оның жауын-шашынға төзімді болып сақталуына, қурайдың жарылып кетпеуіне жəне үнінің таза сақталуына байланысты қолданылатын əдіс-тəсіл. Сыбызғы аспабының үні самал жел- дей майда, тембрі жұмсақ, ерекше əсер береді. Мұның бетіне өрнек ойылып, ол жыланкөзбен көмкерілген
Ұран – өзегі алынып, қаққа бөлінген іші қуыс екі ағашты қайта бірік- тіріп, сырты қайыспен орап жасалады. Дауысы күшті, жуан, алайда 1-2 дыбыстан артық дыбыс бермейді. Ертеде жаугершілікте ұран шақырып, құс салып, аң қамауға қолданылған.
Сақпан – өзіндік үнімен ерекшеленетін сілкімелі қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі. Ертеде үй тұрмысында, əсіресе мал шаруа- шылығында кеңінен қолданылған. Қойшылар көктемгі төл кезінде бұл аспаптың дыбысымен қой қайырған. Шаруалар егістікке қонған құстарды үркіту үшін де пайдаланған. Кейбір өнерпаздар сақпанмен өзінің əуенін сүйемелдеген.Сөйтіп, сақпан музыкалық аспап дəрежесіне көтерілді.
Аса таяқ – сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзын- дығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып,
өрнектермен əшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспап- ты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы музыка- лық аспаптар тобына қосылады.
Дауылпаз – халықтық нұсқада жасалатын көне аспап. Ертеде аңшы- лық, саятшылық, құсбегілік салт-дəстүрлерде қолданылған. Шанағы өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан жасалып, сыртына ғаныштау əдісі- мен ою-өрнектер салынады. Аспапты таяқпен ұрып ойнайды. Көбінесе ха- лықтық мерекелерде жəне үлкен оркестр құрамында ойналады.
Дабыл – ұрып ойнайтын аспап. Оның екі жағы да терімен қапталады. Құлақшалары бар. Ол теріні керіп тұру үшін жасалады. Дабылды саусақ- пен немесе арнайы жасалатын басы жұмыр шағын таяқшамен ұрып ойнай- ды. Даусы – терінің жұқа немесе қалыңдығына, терінің қатты немесе орта- ша керілуіне жəне арнайы жасалған қорапта сақталуына байланысты бо- лып келеді. Дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді иілуге көнетін ағаштардан жасалады.
Шыңдауыл – ертеде аң-құстарды үркітіп, көптеп үйіріп, қаумалап аулау үшін немесе қуып тосынға түсіру үшін қолданылған. Шыңдауыл- дың шанағы тұтасымен металдан жасалып, бір жақ беті мал терісімен қап- талады. Тері қапталмас бұрын шанақтың ішіне шулы үн беретін сылдыр- мақ-қоңыраулар немесе темір шығыршақтар тағылады.
Балалар осы аспаптардың түрлерін дауыс ерекшелігіне жəне құрылы- сына, аспапта ойнау тəсіліне орай ажырата біледі.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа өнегелі тəрбие беру ісі маңызды мəселелер- дің бірі болып табылады. Тəлім-тəрбиенің негізгі бөлігі болып табылатын эстетикалық тəрбиенің балалардың əсемдікті түсініп, ұға білуі жəне олар- дың дүние танымының қалаптасып дамуы жолында атқарар маңызы зор.
Музыка мектептері мен жалпы білім беретін мектептер, балалбақ- шалар мекемесіндегі əуесқой оркестрлер мен ансамблдердің жұмысы оқу- шыларды жəне мектепке дейінгі жас бүлдіршіндерді əсемдік əлеміне же- телеп, оларға эстетикалық тəлім-тəрбие берудің бірден-бір тиімді тəсілі болып табылады.
Сондықтан да бұл жағдай мектеп, балабақшаларда əуесқой оркестр- лер мен ансамбльдер үйірмесін батыл түрде ұйымдастырып, оларды оқу процесінде жəне сыныптан тыс жүргізу барысында кеңінен пайдалану қажеттігін тудырады.
Баланың шығармашылық қабілетін қалыптастыру даму бағытыңдағы іс-əрекетке көшу заман талабы. Шығармашылық, бұл тіршілік көзі.Адам баласы сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетіс- тіктерінің өзі шығармашылықтың нəтижесі болып табылады.
Музыка аспапатарына үйретудің негізгі мақсаты: балаға музыканың құдретті күшін таныту, сүйтіп білімгерлердің санасын еркіне əсіресе олар- дың сезімі мен ұшқыр қиялына пайдалы əсер ету.
Балалар аспаптарының топтасуы:
1.Ішекті: балалайка, мандарин. 2.Үрмелі: флейта, саксафон 3.Түймелі тілшікті: баян, акардион 4.Ұрмалы тілшікті: күйсандық
5.Ұрмалы: бубен үшбұрыш, барабан, металлафон, румба, маракас, трещотка т.б.
Металлафон – латын тілінен «металл дыбыстылық» дегенді білдіреді. Темір тілшіктен құралған музыкалық аспап. Басына мата оралған таяқша- мен ойнайды. Қатты ойнағанда ашық үн естіледі., ақырын ойнаса таза мөлдір, сыңғырлап естіледі.
Румба – латын американдық сəндік биден шыққан. Бишілер қолдары- на қос-қостан сылдырмақ тағылған ағаш аспапты ұстай жүріп билейді. Бұл аспап румба деп аталады. Оны сілкіп не оң қолға ұстап, сол қолмен соғу арқылы түрлі ырғақтық үн шығарады.
Маракас – латын америкасынан шыққан, какос жаңғағы сияқты фор- масы, ішіне тастың ұнтағы зəйтүн ағашының дəндерін салады. Қазіргі кез- деағашиан, металлдан жасайды да ішіне əртүрлі ұнтақ салып сілкіп, қоз- ғап ойнайды.
Ұшбұрыш – ұрмалы музыкалық аспап. Оны темірден ұшбұрыштап иіп жасайды. Дыбысы нəзік, əрі ашық болады. Аспапты металл таяқшамен ұру арқылы үн шығарады.
Бубен – ежелгі елдерде ертеде пайда болған ұрмалы аспап. Ағаштан жасалған шанақ үстіне жұқа былғары керіледі. Шанақтың жан-жағына темір шылдырмақ тағылады. Бубенді сілку арқылы қолмен соғу не саусақ- пен дірілдету арқылы ойнайды.
Трещотка – сылдырмақ ойыншық, орыс халқының аспабы. Жоғары жағын жіпке тізілген таяқшалар құрайды. Ойнаушы жіпті 2 жағынан ұстап, сілку арқылы құрғақ дыбысты əртүрлі дыбыс шығарады.
Бастауыш сыныптарда қарапайым музыкалық аспаптарды, яғни ойнауға жеңіл асатаяқ, тайтұяқ, үшбұрыш, бубен, маракас т.б. қолдану ба- лалардың музыкаға деген ынтасын, сүйіспеншілігін, белсенділігін, жауап- кершілігін арттырады. Олардың музыкалық қабілетін дамытуға, шығарма- шылық дербестігін қалыптастыруға ықпал тигізеді. Шығармашылық əре- кет кезінде музыканы қабылдау, бірігіп орындау (ансамбль), сезімі жəне дағдысы дамиды. Балалар үшін сабақта қолданылатын музыкалық аспап- тар көлемі, салмағы жағынан ыңғайлы, құрылысы қарапайым, əрі мықты болуы керек.
Аспаптарды таратып берген соң мұғалім оның шығу тарихы, тембрі туралы түсінік бере отырып, оны сабақта пайдаланудың тиімділігін, мақ- сатын əңгімелеп, ойнау тəсілдерін көрсеткені жөн. Мұғалім балалардың одан əрі қызығушылығын арттыра түсуі үшін Құрманғазының «балбы- рауын», Дəулеткерейдің «Қос алқа», халық күйі «Келіншек» т.с.с. жеңіл, ойнақы күйлерден үзінділер алып қолдарына аспап беріп бірге ойнатуына болады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет