Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Сананы жаңғыртудың жоғарыда аталған бағыттарын жүзеге асыруда Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА



бет24/184
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#89342
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   184
Байланысты:
О у жылында аза стан республикасыны жалпы орта білім беретін м

Сананы жаңғыртудың жоғарыда аталған бағыттарын жүзеге асыруда Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА «Рухани Жаңғыру»бағдарламасының критерийлері негізінде тәрбиелік іс-шаралардың педагогикалық талдау жұмысын ұйымдастыру бойынша әзірленген әдістемелік ұсынымдамалары: «Тәрбиелік іс-шара»: алға қойылған мақсатқа жету деңгейінің өлшеу критерийлері (бәсекелік қабілет; прагматизм; ұлттық бірегейлікті сақтау; білімнің салтанат құруы; Қазақстанның революциялық емес эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы») сондай-ақ «Мектеп білім алушысының кітап оқу іс - әрекеті»әдістемелік ұсынымдамалары мүмкіндік береді.
Ел Президентінің мақаласында білім сапасын жақсарту жалпы орта білім беретін мектептерде гуманитарлық пәндердің оқу процесін жаңғырту мәселесіайтылған.
Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қала мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі.
Президент «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынады. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Білім, экология және абаттандыру, өңір тарихын зерделеу, жергілікті деңгейдегі мәдени-тарихи ескерткіштер мен мәдениет объектілерді қалпына келтіру саласындағы маңызды өлкетанулық жұмыстарды ұйымдастыру қажет.
Патриотизмнің ең жақсы көрінісі – туған жердің тарихын орта мектептерде оқыту. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның сайтына мұғалімдерге көмек ретінде мына әдістемелік ұсынымдамалар орналастырылған:

  1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы білім беретін ұйымдарда өлкетанулық жұмыстарды жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдамалар, 2017 жыл;

  2. «Өлкетану»: мәдени-генетикалық кодтың негізі (мәдени мекемелердегі өлкетану сабақтары) (5-7 сыныптар) , 2018 жыл;

Сондай-ақ, 2018-2019 оқу жылы «Айналаға қара» («Ауыл өмірі», «Қала өмірі»): әлеуметтік-тарихи тәжірибе»атты әдістемелік ұсынымдамалар мен «Туған жер» бағдарламасы арқылы білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру үшін әдістемелік ұсынымдамаларәзірленетін болады.
Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі.«Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты арнайы жобасы арқылы халықтың санасына басқа да – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз қажет. Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа да жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыру қажет. Мұның бәрі де ұлттық бірегейлікті қалыптастырады.Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі - неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы.
2017 жылы Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары мен кешендерінің 100 нысанының тізімі дайын болды. Жергілікті өңірлердің киелі орындардың тізімі қалыптасуда. Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары мен кешендеріне Қазақстанның табиғи ландшафт объектілері, археологиялық және архитектуралық ескерткіштер, ерекше ардақ тұтатын діни нысандар және тарихи тұлғалардың және саяси оқиғалармен байланысты киелі орындары жатады. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды орын алатын ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны ретіндегі нысандар, сондай-ақ ұлттық бірлік пен жаңғыру символы ретінде көрінетін мемлекеттің әлеуметтік-саяси өмірінде маңызды орын алатын нысандар мен кешендер кірді.
Көрсетілген аспектіде білім берудің жаңа парадигмасы негізінде музейлерде «жанды» сабақтар ұйымдастыруға бағытталған «Ұлттық қазына»: мұражайлардағы  «жанды» сабақтар» атты әдістемелік ұсынымдамалар, сонымен қатар «Қазақстанның киелі орындары - Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша тәрбие жұмысының құрылымдық жүйесін ұйымдастырудың модельдері» атты, Академия әзірлеген, әдістемелік ұсынымдамаларын қолдану ұсынылады.
Мемлекет басшысы ұсынып отырған тағы бір жоба «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқысаясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек. Мыңжылдық тарихымызда біздің мәдениетіміз алғаш рет әлемнің барлық континентінде, жетекші тілдерінде айтыла бастады. Мұғалімдердің назарына «Жас ұрпақты «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының рухани-құндылық бағдарлары негізінде тәрбиелеу бойынша әдістемелік ұсынымдар» ұсынылады.
Елбасы үш міндетті орындауға бағытталған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асыруды ұсынды.

  1. Өздерінің ақылымен, еңбегімен және дарынымен қазіргі Қазақстанды жасап жатқандардың шынайы бейнесін көрсету.

  2. Танымал замандастарымызға ақпараттық қолдау көрсететін және елге әйгілейтін жаңа мультимедиалық алаңқұру.

  3. Тек ұлттық деңгейдегі ғана емес, өңірлік деңгейдегі «100 жаңа есім» жобаларын жасау. Біз ұлтымыздың алтын қорын құратын отандастарымызды білуіміз қажет.

2017 жылдың 1 желтоқсанында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының ақтық кезеңі аяқталды. Көпшіліктің онлайн дауыс беруі нәтижесінде жобаның 102 жеңімпазы анықталды. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА жобаны жүзеге асыру үшін«100 жаңа есім» жобасының қаһармандары –«ұлттың «алтын» қоры» әдістемелік ұсынымдамаларынәзірлеу үстінде.
Адами капиталдың сапасын жақсарту мақсатында, ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі керек, онда президент кәсіби білім беруге, жастар патриотизмін тәрбиелеуге және мұғалімдердің сана-сезімін жаңғыртуға аса ерекше мән береді. Аталған бағыттарды жүзеге асыруда Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген «Ұстаз – өзгертуші тұлға. Педагогтердің санасын жаңғырту» және «Саналы азамат»: білім алушының білім алуы мен кәсіби дамуының жеке бағыты» атты әдістемелік ұсынымдамалары көмек болады.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын зерделеу барысында жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқытуда білім алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеру, тұлғаны оның рухани мәдениеті, танымдық қызығушылығы, әлеуметтік ақпаратты объективті қабылдауға мүмкіндік беретін сын тұрғысынан ойлау және әлеуметтік рөлдердегі практикалық қызмет көзқарас жағынан дамытуға назар аудару қажет.Сынып сағатын және басқа да тәрбиелік іс-шаралар өткізген кезде, жаңа технологияларды және тәрбиелеудің белсенді формаларын қолдануға болады. Ресурстар ретінде ұлттық әдебиет, кинематография, публицистика, поэзия, өмірлік ұстанымдары туралы өздерінің эсселерін пайдалану ұсынылады.
Заманауи жас қазақстандықты қалыптастыруда оның түрлі бағыттағырухани мәдениеті, танымдық қызығушылығы, әлеуметтік-коммуникативтілігі, сөйлеу мәдениеті, эстетикалық-көркемділігі, спорттық сауықтыру жағы маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында білім беру және құқықтық тәрбие беру саласындағы басты бағыттардың бірі ретінде балалардың бос уақыттарын қамту бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет. Балаларды шығармашылық жұмыс түрлеріне тарту білім алушылардың мектептегі оқу үдерісімен, сонымен қатар сабақтан тыс жұмыстармен тығыз байланысты. Мұнда аптаның алтыншы күнінде немесе мәдени мекемелермен келісім-шартта көрсетілген уақытта; өлкетану сабақтар, факультативтік сабақтар, үйірмелер, секциялар, мәдени-бұқаралық, спорттық іс-шаралар сияқты негізгі және қосымша білім беру мүмкіндігін ұтымды пайдалану қажет. Жалпыұлттық қоғамдық сананы жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру аясындағы экскурсия,туристік-өлкетанулық экспедициялар тәрбие процесінде баланың таным көкжиегі мен мәдениетін кеңейтеді, патриот азаматты қалыптастырады,тұлғаны өзін-өзін танытуға ықпал ететін педагогикалық күш-қуат, әлеует болып табылады.
Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысы адамгершілік бағыттарды, азаматтылықты, патриотизмді, ұлттық танымды, көшбасшылық қасиетті қалыптастыруда, заманауи жастардың жеке бастамасын ұсынып, жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруда едәуір ықпал етеді. 2011 жылы 11 ақпанда Қ. Р. Президенті Н.Ә. Назарбаев «Жас Ұлан» біртұтас қозғалысын және «Жас Қыран» балалар ұйымының жаңа жүйесін құру арқылы еліміздің жастарын біріктіру қажеттілігін атапөтті.
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының басым міндеттері:Тәрбие жұмысына әдістемелік инновацияны енгізу, балалар мен жасөспірімдер ұйымының жарғылық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыру,тәрбие мәселелері мен тәрбие жұмысының тиімділігін бағалау мониторингінің жүйесін жасау және қолдау, Қазақстандағы балалар қоғамдық қозғалысының бірыңғай тәрбие кеңістігінде қоғамдық бірлестіктер мен білім беру мекемелерінің арасындағы ынтымақтастық болып табылады.
«Жас Ұлан» жас ерекшеліктері принциптеріне сай екі деңгей бойынша құрылған. 1-4-сынып білім алушылары (6-10 жас ) «Жас Қыран» мүшелері, 5-10-сынып білім алушылары (11-16 жас) «Жас Ұлан» мүшелері болыпбөлінеді.
«Жас Ұлан» ұйымымен қатар мақсат-міндеттері ортақ басқа да ұйымдар бар. Олардың қатарына «Ұлы Дала Скауттары» (ҰДС) ұйымы, «Қазақстандық жас патриоттар Академиясы» ұйымы және Республикалық «Жұлдыз» Республикалық Одағы жатады.
Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысын қалыптастыру және дамыту кезеңдеріне сараптама Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысы: тәжірибе, бастамалар, әлеуметтендіру» («Жас Ұлан», «Ұлы Дала скауттары», жас патриоттар Академиясы және т.б.) әдістемелік ұсынымдамаларында жүргізілген.
Қазіргі қазақ мектебінде тәрбиелеудің идеологиялық мазмұны жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында барлық санаттағы білім алушыларды толық қамтудың маңыздылығын ескереді. Мұндай жұмыстың тиімділігі үшін қажетті жағдай оның жүйелілігі, сабақтастығы мен дәйектілігі болып табылады. Оны оқу процесіне қатысушылардың барлығы (білім алушылар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар) мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жүзеге асыруы керек.
Тәрбие әрбір педагогтің идеологиясын, стратегиясы мен тактикасын анықтай отырып кәсіби қызметінің негізін құрайды. Мұғалімнің кәсібилігі тәрбиеші сияқты білім алушының жасына, жынысына, субмәдениетіне, коммуникациясының жеке ерекшеліктеріне және білімділігіне негізделген. Тәрбиелеу процесі оқу пәнінің мазмұны арқылы жүретіні сияқты сабақтан тыс қызметті ұйымдастырудың әрқилы түрлері арқылы дажүреді.
Мұғалімнің тәрбиелеудегі рөлі білім саласындағы ағымдық үрдістерді ескере отырып, білім алушыға қажетті білім деңгейін хабардар ету ғана емес, оларды меңгеруге, өз күшімен қол жеткізуге және практикада қолдануға ынталандыру қажеттілігімен күшейеді.Мұғалім белсенді, тәуелсіз және шығармашылық ойлауды дамытуға бағытталған білім беру және тәрбие процестерін үйлестіре білуі керек.
Сабақ барысында мұғалімнің тәрбиелік белсенділігі білім берудің жаңартылған мазмұндағы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына құндылықтарды енгізуде айтарлықтай маңызға ие болады. Мұғалімдердің жеке қасиеттері, кәсібилігі, білім алушылармен қарым-қатынас жасау қабілеті оқу-тәрбие процесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз етудің міндетті шарты болып табылады.
Осыған байланысты пән мұғалімінің тәрбие беру функциясын оның жан-жақты дамуы мен шығармашылығын танытуы үшін жағдай жасау арқылы нығайту қажет. Заманауи мұғалім қоғамның идеологиялық, адамгершілік құндылықтарын тасымалдаушы болып табылады.
Тәрбие процесіндегі басты тұлға - педагогикалық кеңістікте баламен тығыз байланыста болатын сынып жетекшісі болып табылады. Сынып жетекшісінің міндеті кең, оның басты міндеті әрбір баланың барынша дамуы үшін жағдай жасау болып табылады. Бұл ұжымның және оның мүшелерінің күнделікті өмірін, ата-аналар мен басқа педагогтермен өзара әрекеттесуін, іс-шараларды ұйымдастыру және оларға жеке қатысуын бақылау мен талдау. Сынып жетекшісі жұмысының тиімділігі өз мүшелерінің әрқайсысын өз бетінше тәрбиелеу қабілеті бар осындай ұжымды құруда жеке қызметі мен шеберлігінің жүйелілігімен танылады.
Жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып жетекшілерінің жұмысын ұйымдастыруға арналған ұсынымдамалар Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтына орналастырылған.
Қазіргі жағдайда өскелең ұрпақты тәрбиелеу мектеп пен отбасының тығыз қарым-қатынасы жағдайында жүргізілуі тиіс. Отбасы - адамның бастапқы әлеуметтенуінің негізі. Мектептің ата-аналармен өзара әрекеттесуі баланы тәрбиелеуге, сенімге, сыйластыққа, шыдамдылыққа және бір-біріне қолдау көрсетуге өзара мүдделілік қағидаттарына негізделуі керек. Мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастығы тәрбиелеу міндеттерін және баланың даму бағдарламасын айқындау, сондай-ақ осы міндеттерді бірлесіп жүзеге асыру болып табылады. Ата-аналардың интеллектуалдық және материалдық деңгейдегі айырмашылықтары, олардың отбасында және мектепте балаларды тәрбиелеудегі ұстанымы, отбасымен қарым-қатынас жасауда жекелеген әдіс-тәсілдері мұғалімдер мен сынып жетекшісінің қызметі үшін негіз болуға тиіс. Бұл үшін отбасылар және ата-аналармен жұмыс істеудің топтық және жеке түрлері пайдаланылады: тәжірибе алмасу конференциясы, тренингтер, ең табысты ата-аналардың шеберлік сабақтары, пікірталастар, сұрақ-жауап кештері, мұғалімдер, психологтер, мектеп әкімшілігімен кездесу, ата-аналар жиналысы, сондай-ақ, ата-аналар мен балалардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастыру.Осының барлығы отбасылық тәрбие мәселелері бойынша ата-аналық жауапкершілік пен құзыреттілік деңгейін көтеруге ықпал етеді. Сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде ата-аналармен сабақтарды ұйымдастыруда әлеуметтік педагогикалық және психологиялық қызметтер мамандарына ұсынылған әдістемелік ұсынымдамалар Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған.
Қатысушылардың педагогикалық процесіндегі өзара іс-қимылын мектептегідей сынып, клуб, үйірме сияқты әрбір бастапқы бірлестіктерде жоспарлап ұйымдастыру керек.
Білім алушылардың құқықтық тәрбиесі қоғамдағы әлеуметтенудің табысты басты факторларының бірі болып табылады. Ол білім аушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін, азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, дербестігін, бастамашылдығын, толеранттылығын қалыптастыруға бағытталған.
Нәтижесінде білім алушы негізгі моральдық-құқықтық нормаларды меңгеруі тиіс: өзгелердің пікірін құрметтеу, күнделікті өмірде мінез-құлық ережелерін сақтау, мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүлікті,табиғатты қорғау, өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың денсаулығына құрметпен қарау.
Құқықтық білім берудің маңызды міндеті - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау. Оқыту мен тәуекел факторларының, түзеу-ағарту жұмыстарының, жасөспірімдердің мектептен бос уақытында жұмысқа орналасуын қамтамасыз етудегі проблемаларды анықтау диагностикасын қамтуы тиіс.
Балалардың азаматтық-құқықтық нормаларын сақтауға жауапты ата-аналар, сонымен қатар, олардың құқықтық мәдениетін жетілдіру үшін жұмыспен қамтуы тиіс.
Әдетте тәрбиелік іс-шараларға қатысудан тартынатын «қиын» балалардың ата-аналары ерекше санатта тұрады. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықтары - бұл мектептегі маңызды мәселе, ол жеке адамға да, басқаларға да қауіп төндіреді. «Қиын» балалардың пайда болуының басты себебі отбасыдан шығады: балаларға назар аудармау, қақтығыстар, ата-аналардың тәрбие туралы білімінің жетіспеушілігі, авторитарлық тәрбие т.б. Қазіргі кезеңде отбасымен жұмыс істеу қиынға айналып, жаңа тәсілдерді қажет етеді.
Жасөспірімдер арасындағы деструктивті құбылыстардың алдын алу және дер кезінде түзету ең алдымен, мектеп пен отбасы арасындағы тығыз қарым-қатынасты, сондай-ақ социологтардың, педагогтердің, психологтердің, дәрігерлердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өзара іс-қимылына барып тіреледі. Баланың әлеуметтік бейімділігін дамытуға әсер ететін факторларды үнемі қадағалау және талдау, тәуекел топтарына назар аудару, қажетті әлеуметтік тәжірибені алу, білім беру процесін жүйелі ұйымдастыру, оның сабақтастығы мен үздіксіздігі үшін балалардың осындай іс-шараларға қатысуы маңызды.
Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы мектептерде айтарлықтай қиындық туғызады, ол тек сол тұлғаның өзіне ғана емес, сонымен бірге айналасындағыларға да қауіпті. «Қиын балалар» немесе «педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған» балалардың пайда болуының басты себебі көбінесе отбасынан басталады: әлеуметтік қиын орта, балаларға көңіл бөлінбеуі, жанжалдасу, ата-аналардың тәрбие туралы білімдерінің аздығы, авторитарлық тәрбие және т.б. Қазіргі кезеңдегі ата-анамен жұмыс жаңа тәсілдерді қолдануды қажет етеді.
Бұл контекст бойынша ата-аналар жиналыстары өз маңыздылығын жоғалтпайды, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдерінің ата-анамен қарым-қатынасындағы қажетті және тиімді жұмыс нұсқасы болып қала береді. Бұл жерде қалыптасқан үлгіден, жиналыстарды ұйымдастырудың бірізді нұсқаларынан ауытқу керек.
Көп жағдайда ата-ана өз баласы жайлы бәрін білем деп ойлайды. Бұл жағдайда педагог ата-аналарды білім алушылардың мәселелерін және оқушыларда туындаған қиындықтарды талқылауға тарту жолдарын, оларды қызықтыру тәсілдерін білуі тиіс.
Материалдарды таңдауға шығармашылық тұрғыдан қараған дұрыс, сонымен қоса ата-аналардың да қызығушылығы ескерілгені жөн.
Ата-аналармен жұмыс барысында тиімді қолданылып келе жатқан тәсілдер: байқаулар ұйымдастыру, көрме, «дөңгелек үстел», психологиялық тренингтер, отбасы жайлы презентация, отбасы тарихы мен дәстүрлерін баяндау, іскерлік ойындар.
Білім беру ұйымының жергілікті актілерінде оқу жылының барысында ата-аналар жиналыстарының неше рет өткізілетіні көрсетіліп жазылуы тиіс (сыныпта, мектеп бойынша). Қалыпты жағдайда сынып жетекшісі 4 ата-аналар жиналысын өткізеді, тоқсанына бір рет. Бұл ата-аналар жиналыстарының ең аз мөлшері. Сонымен қатар, ата-аналар жиналысы қажеттілігіне қарай өткізіледі. Бастауыш білім беру деңгейінде ата-аналар жиналысын жиі өткізу ұсынылады.
Білім беру ұйымдарында ата-аналар жиналысын өткізу жоспарын бекіту қажет. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының хаттамасын жүргізеді (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №32 бұйрығы).
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы, өзін-өзі басқарудың жоғарғы ұйымы, жылдық жұмыс жоспарына сәйкес оқу жылының барысында кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі. Оның шешімдері ата-аналар қауымының, олардың заңды өкілдерінің және мектеп ұжымының 50-70% астамы қатысқан жағдайда заңды болады. Жиналыстардың арасында өзін-өзі басқару ұйымының өкілеттілігін жалпы мектепішілік ата-аналар комитеті жүзеге асырады.
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес мектептің қамқоршылық кеңесі білім беру ұйымының миссиясын жүзеге асыруында, және де басқаруында, оқу-тәрбие жұмыстарына қолдау көрсетуде белсенді роль атқарулары тиіс.
Қамқоршылық кеңесінің жұмыс бағыттарына сәйкес тәрбие жұмыстары жөніндегі мектеп директорының орынбасары аз қамтылған білім алушылар мен талантты балаларға қолдау және көмек көрсету шараларын, әлеуметтік-мәдени, салауаттылықты насихаттау және дамытушы іс-шараларды бірлесіп атқарулары тиіс. Қамқоршылық кеңеспен бірлесе отырып, тәрбие жоспарын сәтті жүзеге асыру үшін оқушылық деңгейдегі өзін-өзі басқаруды дамытуға қажетті жағдай туғызу маңызды.
Алдын алу жұмыстары және жасөспірімдердер арасындағы деструктивті құбылыстарды дер кезінде түзету, алдымен, отбасы мен мектептің тығыз байланысын, сонымен бірге әлеуметтік педагог және мектеп педагог-психологының, медицина, құқық қорғау салаларының мамандарының (шақыру арқылы) әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмыстарына жұмылдырылуын көздейді.
Әлеуметтік педагогтардың және мектеп педагог-психологтарының жұмыстары баланың әлеуметтік ортадан оқшаулануының өрістеуіне жол бермеу мақсатындағы үздіксіз бақылау мен осыған әсер етуші факторларды саралауға бағытталуы тиіс: қатер тобына назарды күшейту, қажетті оң әлеуметтік тәжірибеге икемдеу және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында мұндай балаларды олар үшін маңызды болып табылатын шараларға тарту.
Девиантты мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасын әзірлеу және оны жүзеге асыру әлеуметтік ортасымен қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастыру арқылы «қиын балаларды» игеруге бағытталған: коммуникативтілік, өзін-өзі ұйымдастыру, жанжалдарды шешу, мәселелерді жалпыға бірдей, заңды әдіс-тәсілдермен шешу, «салауатты өмір салты» моделдері арқылы және т.б. Аталған бағдарламалар әрбір жасөспірімнің жеке траекториясын анықтауға дейінгі жеке тәсілдерге құрылуы тиіс. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ата-аналардың қамтылуын қарастыру маңызды.
Сынып жетекшісінен басқа, девиантты мінез-құлықтың алдын алу бағдарламасын жүзеге асыруға құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі мектеп Кеңесінің мүшелері кіреді.
Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігіне байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі мектеп Кеңесіне ұсынылады:
- әлеуметтік және педагогикалық-психологиялық көмек көрсету;
- «қатер тобын», «педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балаларды», сәтсіздік себептерін анықтау мақсатында мониторинг жүргізу;
- психологиялық-педагогикалық кеңес беру.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Кеңеске ерте жастан жаман әдеттерге үйір болу, қатігездіктің үдеуі фактілерінің орын алуына жол бермеуге назар аудару қажет.
Әлеуметтік педагогте балалармен және отбасымен жұмыс істеу алгоритмі бар жұмыс жоспары болуы тиіс, баланың әлеуметтік ортадан оқшаулануының алдын алу бойынша субъектілердің мекемеаралық байланысы болуы шарт. Сонымен қатар, әлеуметтік педагог тәрбие жұмыстарының бағытындағы барлық нормативтік құжаттарды білуі тиіс.
Мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметіне ҚР денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген «Бір-бірімізге жақын, жаман әдеттерден аулақ болайық» профилактикалық бағдарламасына сүйену ұсынылады.
Зорлық-зомбылық көрген, девиантты мінез-құлыққа және суицидке бейім балалармен жүргізілетін жұмыстар туралы әдістемелік ұсынымдамалар Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған («Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік бейімдеуді педагогикалық қолдау моделі: оралман балалар; мигрант балалар; өмірлік қиын жағдайда қалған балалар»).
Білім беру ұйымдарында «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ сынақтан өткізілген ұзақ мерзімді тәрбие жобаларын жалғастыру ұсынылады: «Туған елге тағзым», «Шаңырақ».
Еліміздің білім беру ұйымдары бес күндік оқу аптасына көшірілуде. Сағаттарды қайта бөлу сынып сағаттарының тұрақты өткізілуі мен сапасына әсер етпеуі тиіс. Сынып сағаттарын оқу бағдарламаларына бағыттай кіріктіріп, сонымен қатар, сенбі күндері өткізуге болады.
«Өлкетану» (краеведение) бағытының негізгі контекстінде мектеп кітапханасы мен мектеп мұражайының тәрбие құралдарын пайдалану ұсынылады. Маңызды іс-шаралардың бірі: «Кітап – білім бұлағы» (оқуды насихатттау).
Білім беру ұйымдарының кітапхана қызметкерлері «100 кітап» жобасына белсенді ат салысулары қажет, балалардың әрқайсының кітап оқуына ықпал жасау, сонымен қатар білім алушылардың ата-аналарының арасында кітап оқуды насихаттау ұсынылады.
«Орта білім беру ұйымдарының жеке санаттағы педагог қызметкерлері жүргізу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін анықтау туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №32 бұйрығына және осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес сынып жетекшісінің функциясын орындайтын мұғалім тәрбие жұмысында келесі құжаттарды толтырады және жүргізеді:
- сынып журналы;
- білім алушылардың жеке іс-қағаздары (соның ішінде, білім алушылардың сабақ үлгерімі туралы табелі);
- тәрбие жұмысы жоспары (жылына бір рет толтырылады, оқу жылының басында );
- ата-аналар жиналысының хаттамалары;
- білім алушылардың күнделіктері.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, бөлінген қызметтік міндеттеріне сәйкес:
- оқу жылына арналған жалпы мектептік жұмыс жоспары;
- оқу жұмыс жоспары;
- тарификация;
- сағаттар есебі;
- жұмыс уақытын тіркеу табелі;
- сабақ кестесі;
- емтихан қорытындыларының хаттамалары;
- ата-аналар жиналысының хаттамалары;
- бітіруші түлектерді жұмыспен қамтуды есепке алу журналы;
- «білім алушылардың мақтау қағаздарын және мақтау грамоталарын, сабақ үлгерімі туралы табельдерді беруді есепке алу кітабын»;
- «босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналын» жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   184




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет