Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ Әдістемелік кабинеті 9-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет49/62
Дата14.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#196754
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62
Байланысты:
9 сынып Т2 Замира (1)
Урок 3, 9 сынып Мырзабекова Қ, бұйрық, ГИПЕРС3ЛТЕМЕ, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, екі Жобаға идея 2
Оқылым
А мәтіні

«.... Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға,өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз.Бұл мәселеде біздің халқымыз оңды емес. Осы күні орыс школы мен татар мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілін елеусіз қылып, хат жазса өзге тілде жазып, қазақ тілінен алыстап барады. Бұл,әрине, жаман әдет. Егер тілге осы көзбен қарасақ,табиғат заңына бағынбай, біздің ата-бабаларымыз мың жасамаса, ол уақытта тілмен де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен де мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек. Егер оны істегіміз келмесе, осы бастан тіл, әдебиет жұмысын қолға алып, өркендететін уақытымыз жетті.» (102 сөз) Ахмет Байтұрсынұлы




Ә мәтін

Кеше батыр – бүгін қорқақ,бұғады.


Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суыған, жүрек солғын тартады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды,


Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр ,хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат,бақ, ардың


Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың (63 сөз) Мағжан Жұмабаев

1. Берілген кестені толтырыңыз.





А мәтіні

Ә мәтіні

Стилі, себебі





Жанры, себебі





Ұқсастығы





Айырмашылығы





Жазылым

Берілген 4 сұрақтың біреуін таңдап, жазба жұмыстарында ыңғайлас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді; шартты, мезгіл, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.


[10]
1.ЭКСПО – 2017 – Қазақстан белесі


2017 жылдың жазында Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесіне барғаныңызды еске түсіріп, көрмеден алған әсеріңіз (не көрдіңіз? не істедіңіз?) туралы газетке шағын мақала жазыңыз.
2.Биотехнологиялықжаңалықтар
Сіз мектеп телестудиясында жас тілшісіз. Мектебіңізде биотехнология саласындағы ғылыми жобалар сайысы өтіп жатыр. Бұл шараға қонақ ретінде NASA жанындағы университетті бітірген жас ғалым қазақстандық Дәмелі Мектепбаева да келді. Іс- шараның өту барысы туралы шағын репортаж мәтінін жазыңыз.
3.Болашақ энергия көздері
Сізге «Болашақтың энергиясы» қалалық эссе байқауына қатысу мүмкіндігі туды.
«Қазақстан үшін жел мен Күн энергиясын өндірудің тиімділігі неде? тақырыбында шағын эссе жазыңыз.
4.Алаш идеясы мен қайраткерлері
Сабақ тақырыбы: Алаш идеясы мен қайраткерлері. Мұғалім сынып оқушыларына мынадай тапсырма ұсынды: Егер сізде бұрынғы кезеңге өтуге мүмкіндік болса, қай Алаш қайраткерімен кездесіп, сұхбаттасар едіңіз? Ол адамды не үшін таңдайсыз? Кейіпкермен шағын сұхбат мәтінін жазыңыз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Айтылым
Бір тақырыпқа таңдау жасап, сол тақырып бойынша жұбыңызбен 8-11 сөйлемнен тұратын диалогке түсіңіз.
Ұсынылатын тақырыптар:
1. ЭКСПО – 2017 көрмесі қандай деңгейде өтті деп ойлайсыз?
2. Соңғы уақытта қандай биотехнологиялық жаңалықтар туралыбілдіңіз?
3. Еліміз болашақ энергия көздерін тиімді пайдалану үшін қандай кедергілерге тап болуда?
4. Алаш идеясының мақсаты қандайболды?Қандай Алаш қайраткерлерінің еңбектерімен таныссыз? Не туралы?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет