Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ Әдістемелік кабинеті 9-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет51/62
Дата14.12.2023
өлшемі0,49 Mb.
#196754
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62
Байланысты:
9 сынып Т2 Замира (1)
Урок 3, 9 сынып Мырзабекова Қ, бұйрық, ГИПЕРС3ЛТЕМЕ, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, Аманова Фйым, екі Жобаға идея 2
Оқылым
А - мәтіні
Менің бар қазынам — қазақ тілі. Өйткені, басқа ұлттар қиын-қыстау кезеңдерде өздерін қолтықтарынан сүйеп, барын алдына тосқан, қолпаштаған қазаққа қарыздар. Сондай мейірімділіктің арқасында осы күнге жетіп отырмыз. Сондықтан да, өз басым өле өлгенімше қазақтың маған жасаған жақсылығына қайтарымым ретінде оның тілін барынша қорғап өтемін. Қазақты болмысынан адал, арамдықтан ада, жаны да, қаны да таза, ешкімді бөліп-жармайтын, алысты — жақындататын, аразды — татуластыратын, баршаның баласын жат деп жатырқамай, бауырына басатын, данышпан Абайдың сөзімен айтсақ, толық адам деп санаймын.. Өзі дәмін татып, суын ұрттаған елдің тілі мен мәдениетін білмеуді сол халықтың топырағының киесін сыйламау деп білемін. Тас тозады, темір мұқалады, адам өмірден озады, жоғалмайтыны — ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын тіл мен көмейдегі сөз ғана. (107 сөз )
Асылы Осман
Ә – мәтіні
Қазақ тілі
С.Мәуленов
Орта жолда бүріп тастап оқ құзғын,
Құлап жаттым құшағында көк мұздың,
Қасіретімді —қазақ тілін қанат қып,
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.
Көкірегінен атылса да оқ күздің,
Жаз етіп мен күздің өзін өткіздім.
Шаттығымды — қазақ тілін қанат қып
Төрт бұрышты дүниеге жеткіздім.
Сол тілменен дүниені атадым,
Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.
Жатты онда уыз сүті ананың,
Жатты онда аманаты атаның.
Сол тілменен махаббатқа тіл қаттым,
Сол тілменен талай гүлді жырлаттым.
Сол тілменен сәбилерді сөйлетіп,
Талайлардың көз жастарын құрғаттым.

  1. Берілген кестені толтырыңыз.




А мәтіні

Ә мәтіні




Стилі, себебі











Жанры, себебі











Ұқсастығы











Айырмашылығы















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет