Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті


Оқылым Мәтіндерді оқыңыздар. мәтін



бет25/53
Дата16.05.2023
өлшемі1,61 Mb.
#176910
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігіні білім бас армасыны О У- дістемелік ка
Mupac Añn

Оқылым


Мәтіндерді оқыңыздар.


  1. мәтін


Базарға, қарап тұрсам, әркім барар, Іздегені не болса, сол табылар.
Біреу астық алады, біреу маржан, Әркімге бірдей нәрсе бермес базар. Әркімнің, өзі іздеген нәрсесі бар, Сомалап ақшасына сонан алар.
Біреу ұқпас бұл сөзді, біреу ұғар, Бағасын пайым қылмай аң-таң қалар. Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?
Демекпін жалпақ жұртқа бірдей жағар. Жазған соң жерде қалмас тесік моншақ, Біреуден біреу алып, елге тарар.
Бір кісі емес жазғаным, жалпақ жұрт қой Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар. “Ит маржанды не қылсын” деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар. (84
сөз)


  1. мәтін


Қазақстандағы білім жүйесі туралы не ойлайсыз? Қазір ақылды адамдар азайып кетті дейді Олжекең (Олжас Сүлейменов – ред.). Мен керісінше ойлаймын, қазір ақылды жастар көбейіп келеді. Жастар кітап оқымауы мүмкін, бірақ ақылы көп. Кітап оқығанның бәрі ақылды деген бос сөз. Кезінде біз кітапты көп оқимыз деген атаққа ие болдық. Сонда қандай кітапты оқуға ұсынасыз? Оқу керек бес кітапты айтайын: Абай Құнанбаев, Мұқағали Мақатаев, Лев Толстой, содан кейін Ландау Лифшиц. Дональд Кнуттың “Программалау өнері” деген кітабы бар. Міне, соны оқуы керек.
Бір сұқбатыңызда “шет елге шақыртулар көп болды. Енді бармаймын” деген екенсіз. Себеп не? Себеп, бұрын ақша жоқ болды, қазір ақша жетеді.
Қазіргі жастар шетелге баруға құмар… Ол рас, жастар кетіп жатыр. Оған қарсы емеспін. Қайтып келуі де екіталай… Кезінде әл-Фараби де кетіп, қайтіп келмеген. Ол балалардың шетке кеткеніне аса қайғырмаймын. Өйткені олар қыдыру үшін емес, білім-ғылым іздеп кетті. Қазір мен ешқайда шықпаймын. Маған қызық емес. Бүкіл шет елді көрдім. Мен жақсы көретін Абайдың: “ақсақал айтты, бай айтты, кім болса, мейлі, сол айтты – ақылменен жеңсеңіз” деген сөзі бар. Өз басыңмен жең, өз басыңмен ойланып, айналаңа қара. Қазір оқитын адамға ешқандай мәселе жоқ. Қазіргі ең үлкен мәселе оқитын кітаптың аздығында емес, көптігінде.
(95 сөз)

    1. тапсырма. Мәтіндерді оқып, жанрын анықтаңыз.

  1. Әңгіме, интервью

  2. Интервью, роман

  3. Мақала, роман

  4. Өлең, интервью

  5. Проза, интервью

[1]



    1. тапсырма. Мәтіндерді салыстырып, негізгі ойды анықтаңыз.

  1. базар, ғылым

  2. базар, оқу

  3. білім, базар

  4. өмір, білім

  5. өнер, оқу




    1. тапсырма. Мәтіндердің түрлері, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, себебін түсіндіріңіз.

[1]


1-мәтін 2-мәтін




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет