Жамбыл облысы Шу қаласы С. Сейфуллин орта мектебі. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сариева Жанар Шаймерденқызы Шебер сыныптың тақырыбы



бет5/8
Дата03.06.2022
өлшемі37,29 Kb.
#145863
1   2   3   4   5   6   7   8
Жиі кездесетін қателіктер:
1. проблема ашылмайды;
2. автордың жеке позициясы көрінбейді;
3. теоретикалық негіздемесі жоқ;
4. терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
5. тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;
6. ауызекі сөздер, диалект, жаргон сөздер;
7. келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;
8. қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;
9. логиканың болмауы.
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар:
• Жеке көзқарастың көрінісі;
• Фактілі дәлелдер (аргументтер);
• Теоретикалық негіздеме;
• Терминдерді қолдану;
• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• Сауаттылық (пунктуация., орфография.);
Бағалау межелері:
-эссе жүйесіне қатысты жоспар құруы;
- тақырыптың толық ашылуы; эссе мазмұнының логикалық тұтастығы және ішкі бөліктерінің өзара байланыстылығы, жұмыстың өз бетінше орындалуы;
-талдау-сараптау категорияларын сауатты пайдалана алуы;
-нақты да түсінікті, мазмұнын айқын етіп жаза алуы; алға тартқан деректерін сауатты дәйектей алуы, бейнелі баяндау шеберлігі, ұлттық танымдық құндылықтарға басым мән беруі, стиль біртектілігін сақтауы;
-эссе көлемінің берілген нұсқаға сайлығы;
- қазақ әдеби тілінің лексикалық, грамматикалық, стильдік нормаларын сақтауы, жазу сауаттылығы;
Тапсырма бойынша тұжырым жасап, постер қорғаңыздар.
ІІІ топ Берілген екі эссенің біреусін таңдап, тапсырманы орындаңыздар.
Эссе 1 Тәуелсіз елдің патриотымын!
«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. 

Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толды. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның осы жылдарда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын!
Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу - асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу. 
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін!» - деп өршіл ақын М. Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның өлеңде келтірген көркем сөздеріне лайық болатынымызға сенемін.
Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет