Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының



бет10/36
Дата22.12.2021
өлшемі1,41 Mb.
#828
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
Астана қаласы.

Талғат Қонақбайұлы НАЗАРОВ,

«Монтажспецстрой» АҚ президенті
ПАРЫЗЫН АДАЛ АТҚАРДЫ
Заман ыңғайына қарай кәсіпкерлікпен шұғылданған соң бір орында байыз тауып отырудың реті жоқ. Ұдайы іссапарда жүресің, шаруаны оңтайлы шешу үшін әрқилы ортада болып, алуан адамдармен жүздесесің. Шаршаған сәттеріңде әуен тыңдап, жан сергіткің келеді. Сапардан Алматыға қарай оралып келе жатқанда автокөліктегі радиоқабылдағышты іске қостым. Жұртшылық ұнатып тыңдайтын «Әке туралы жыр»:

Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор адам қайда маған?
Сүрінсем сынай қарап от жанарың,

Сен мені жақтамадың, ақтамадың.

Әрдайым осы қатал мінезіңнен

Күш алып, мақсатыма аттанамын.

Ән әуелеп барады. Еріксіз тебіренесің, жанарға жас іркілгендей. Балалық пен жастықты кейінге қалдырып, ғұмырдың бел ортасына таяп қалған, Алла берген перзенттеріміз ержету сатысына жеткен менің көз алдыма ең қымбатты адамым – Әкемнің асыл бейнесі тұра қалды. Ақ жол тілеп, маңдайымнан сипағандай сезімдемін. Шынында ол – біздің ғана емес, замандастарының санасына өшпес әсер қалдырған адам.

Таяуда апайым Елнұры мен аға-жеңгем Болат пен Майра Ресейдің Подольск қаласына арнайы сапар шегіп, Ресейдің Қорғаныс министрлігіне қарасты Орталық әскери мұрағатынан Әкеме қатысты көптеген құнды құжаттар көшірмесін алып келді. Қан майданда ол кісімен бірге соғысқан талай боздақтар жайында мағлұматтар бар екен. Солардың бірі Рахымжан Қилыбаевтың қызы Миян апаймен кездесіп, әңгімелескенімде маған әкесі жазып шығарған «Өмір өткелдері» деген кітапты көрсетті. Кітаптағы өз әкем жайлы үзіндіні сол қалпында беріп отырмын:

«Ал батальон комиссары Қонақбай Назаров таңдап алған он үш жауынгерімен түн ортасында қалаға енеді. Олар қаланың бұрынғы тұрғыны С.Кабановтың жол көрсетуімен шеткі үйге кіреді. Ойда жоқта кіріп келген совет жауынгерлерін көріп, тығылып жатқан алты неміс сасқалақтап қолдарын көтеріп, өздері беріледі.

Олар енді екі қабатты үйге жетіп, ішке кіріп тінтеді. Бірінші қабаттың ішінде обер-лейтенанты бар бір топ неміс табылады, оларды да у-шусыз тұтқындайды. Ал екінші қабаттағы немістер біліп қалып, бұлармен атысады. Бірақ бұрын қимылдаған Қонақбайлар мұнда да бір офицер мен бір солдатты қолға түсіреді. Немістердің ішінен бір офицер екінші қабаттың терезесінен қарғып түсіп қашып кетеді. Оның өз әскеріне барып хабарлауынан сақтанған Қонақбай өзінің отрядын екіге бөледі. Бір пулеметпен алты солдатты астыңғы қабатта қалдырып, қалғанымен өзі үстіңгі қабатқа орналасып, терезе-терезеге тосқауыл қояды.

Көп ұзамай жаңағы неміс офицерінің хабарлауымен бір взвод неміс солдаты келіп үйге шабуыл жасайды. Немістер үйге таяу келген кезде бұғып жатқан біздің солдаттар атқылап, ешқайсысын да жақын жолатпайды. Үйді ала алмасын білген немістер көмекке тағы да бір взвод адам әкеліп жабады. Олардың бұнысынан да ештеңе шықпай, көптеген адамдарынан айырылып, кері шегінеді. Қонақбай осыны пайдаланып тұтқынға түскен офицерді бір солдатпен тағы да полкке жіберіп үлгерді. Оған көмекке адам әкелуді тапсырады. Ол фашист офицерін айдап бара жатқанда иығынан оқ тиіп жарақат алады. Бірақ сонда да болса оқиғаны хабарлайды.»

Осындай батыр тұлғадан туғаның көкіректе мақтаныш ұялатады екен. Әттең, тіршілікте парызын адал атқарған аяулымызға жетімдік, өз уақытының ауыр зардаптары, соғыс жарақаты әсер етті-ау дейміз, ғұмыры тым келте болды. Біз отағасына мейлінше адал пейілімен бәрімізді баулып, ұядан ұшырған анамызға алғысымызды жаудырамыз. Үш ұлдың кенжесі болғандығымнан қара шаңырақ зайыбым екеумізге бұйырды. Жарықтық мамам әкеміздің әрбір жақсы қасиетін жыр етіп айтатын. Маған: «Балам, тоқырап қалма, оқуыңды жалғастыр, сонда папаңның әруағы риза болады» деуші еді. 1984 жылы Алматы теміржол көлігі институтын бітіріп, үйге келін түсірдім. Аллаға шүкір, келіншегім екеуміз мамаммен ширек ғасыр бірге тұрып, үш немере сыйладық. Әжесінің аялы алақанында өскен олар заман көшінен қалмай келеді.

Бақұл болыңдар, папа-мама!



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет