117
жауып тұрады. Мантия мен денесінің аралығындағы мантия
қуысында желбезектері (тыныс алу органдары)
кейбір сезім
мүшелері орналасады, онда жыныс ж
ән
е
зәр
шығару
органдарының сыртқы тесіктері, аналь тесіктері ашылады.
Мантияның сыртқы қабатынан бақалшақ түзіледі. Ол: сыртқы
(органик, заттан), ортаңғы (қалың ізбестен), ж
ән
е ішкі (жұқа,
жылтыр) қабаттардан тұрады [53].
Моллюскалардың тіршілік етуіне ж
ән
е атқаратын
қызметіне қарай аяғының құрылысы да
әр
түрлі.
Қозғалмай
тіршілік ететіндерде (мыс, устрица), кейбір паразит
бауыраяқтыларда аяқ мүлдем болмайды. 1 моллюскалардың
басқа омыртқасыздардан ерекшелігі – ас қорыту жүйесіндегі
жұтқыншақ бөлімінде қоректі ұсақтайтын ерекше аппарат
радуланың (үккіштің) болуы. Қан айналу жүйесі ашық.
Жүрегі қарыншадан ж
ән
е екі жүрекшеден тұрады. Тыныс алу
жүйесі алғы желбезектер (ктенидия), бірақ кейбір түрінде
олар жойылып тыныс алу қызметін мантияның жұка қабаты -
өкпе атқарады.
Зәр
шығару жүйесі, көбінесе қос бүйректен
тұрады.
Жүйке жүйесі шашыранды-түйінді. Жыныс диморфизмі
байқалмайды. Басаяқтылардың, бауыраяқтылардың көпшілік
түрі іштей ұрықтанады, қалғандары сырттай ұрықтанады.
Даму жұмыртқалары спиральді бөлшектеніп, детерминативті
жолымен жүреді. Төменгі сатыдағыларында жұмыртқасынан
трохофора дерн
әсіл
і, ал көпшілігінде трохофоралык дерн
әсіл
-
велигер (желкен) шығады.
Моллюскалар балық, кұс,
сүтқоректілердің
қорегі
болып
саналады.
Кейбір
моллюскалар адам мен мал гельминтоздарын тудыратын
паразиттер, ауыл шаруашылык дақылдарының зиянкестері.
Өрмекші
тәр
ііділер - омыртқасыздардың бір класы.
Өрмекші
тәр
ізділердің класына тыныс алатын мүшелері
жапырақшалау келген өкпелері мен кеңірдектері бар
құрлықта тіршілік ететін хелицералылар жатады. Денесі
көкірекпен құрсақтан, бірақ бұлары жоғары сатыдағы
өрмекші
тәр
ізділерде - кенелерде (Асаrіnа) - жалпы бір бөлім
бірігіп кетеді. Бас көкірегі
әд
етте сегименттенбейді,
бірақ
өрмекші
тәр
ізділердің кейбір отрядтарында оның кейінгі
118
жағы дербес екі-үш сегментке бөлініп келеді (сольпугалар).
Бас - көкіректің алты жұп аяқ-қолдары болады, бұлардың
бірінші жұбы ауыздың үстінгі жағында жатады да, қалған бес
жұбы ауыздың кейінгі жағында жатады. Аяқ - қолдардың
бірінші жұбы хелицералылар (сһеlісеrа) қысқарып, 2-3
мүшелігі ғана қалған. Олардың ұшында тырнақ сияқты
болып біткен мүшелік, яки ен сезімі мүшесінің
жұмысын
атқарады. Бұл - пелипальпалар (реdipalpus). Бас көкіректің
аяқ-қолдарының қалған басқа төрт жұбы жүру аяқтары.
Өрмекші
тәр
ізділердің денесінің артқы бөлімі - құрсағы -
әд
етте сегменттелген. Құрсақта аяқ - қолдардың рудименттері
де болуы мүмкін. Құрсақтың алдыңғы жағында, екінші
сегментте, сыңар жыныс тесігі жатады.
Шаян
тәр
ізділер (лат. Crustacea) – буынаяқтылардың бір
класы.
Зерттеушілердің
бір
тобы
шаян
тәр
ізділер
трилобиттерден, екіншілері буылтық құрттардан шықкан
деген болжам жасайды. Бұлардың қазба қалдықтары
кембрийден белгілі.
Жер шарында кең тараған, негізінен
тұщы су қоймаларында, теңіздерде кездеседі. 6 класс тармағы
(желбезекаяқтылар,
цефалокаридалар.
Бақалшақты
шаян
тәр
ізділер,
жоғары
сатыдағы
шаян
тәр
ізділер,
максиллоподалар ж
ән
е ремпедиялар), 30 мыңнан астам түрі
белгілі. Олардын арасында бентосты, планктонды, паразиггі
ж
ән
е құрлықта тіршілік ететін түрлері бар.
Құрлықта тіршілік ететін шаян
тәр
ізділер ылғалды
жерлерде,
дымқыл ортада мекендейді ж
ән
е желбезекпен
тыныс алады. Осы белгілері олардың суда тіршілік ететін
түрлерден шыққанын д
әл
елдейді.
Шаян
тәр
ізділер Жер шарында кең тараған. Тұщы су
қоймаларында, теңіздерде, барлық мұхиттарда кездеседі. 30
мыңнан астам түрі бар. Құрлықта тіршілік ететін шаяндар
"құршаян" деп аталады. Олар ылғалды, дымқыл жерде мекен
етеді.
Бұршақ таңқышаян - таңқышаяндардын ең майдасы. Ең
ірісі - жапон таңқышаяны. Оның аяктарымен қосқанда көлемі
екі метрге жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: