Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы (оқу құралы)



Pdf көрінісі
бет82/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#87883
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
кітап 2

Екі нүктелі қанқызы.
 
Шоғырланып мекендейтін кең 
таралған түр. Еуропа, Орта Азия, Қазақстан, Сібір, Қиыр 
Шығыста таралған. Сымырлармен қоректенеді, олардың 
санын реттейді, зиянкестерді құрту үшін табиғи күресте 
пайдаланады. Бақтар мен орман алқабын химиялық өңдеу 
н
әти
жесінде саны күрт азайып кеткен, тіпті кейбір жекелеген 
топтары жойылып та біткен. Түрдің сақталған жерлерін 
анықтап, оларға үнемі бақылау жасап, осы жерлерде 
химиялық өңдеу жүргізуге тиым салу қажет.
 
Нүктелі қанқызы –саны күрт азайып бара жатқан түр. 
Еуропа, Орта Азия, Қазақстан ж
ән
е Сібір территориясында 
таралған. Өсімдіктермен қоректенетін зиянды кенелермен 
қоректенуге бейімделген, сол арқылы олардың санын бірден-
бір негізгі реттеуші болып табылады. Қазіргі кезде таралу 
аймағының жекелеген аудандарында жерге химиялық 
өңдеулер жүргізу, оларға жоғалып кету қаупінтудырып отыр. 
Сондықтан оның тіршілігін бақылап, саны азайып бара 
жатқан жағдайда жерді химиялық өңдеуді шектеу керек. 
Оларды жаңа жерлерге жіберуді де ойластыру керек.
 
Дала сколиясы– саны азайып бара жатқан түр (сурет 3) 
Қазақстанның барлық жерінде кездеседі, бірақ қазір адам 
қызметінің 
әс
ерінен саны жылдан-жылға азая түсуде. 
Балаңқұрты жерде тіршілік ететін тақтамұртты қоңыздардың 
балаңқұртында масыл болып тіршілік етеді. Аралар мен 
олардың иелері көп шоғырланған тың жерлерді қорғау қажет. 
12-сурет. Дала сколиясы 


204 
Бұл қорықшанының ерекшелігі, онда құлан өсіруге өте 
қолайлы. Сондықтан, 1986 жылы мұнда «Барсакелмес» 
қорығынан Мойынқұмға 68 құлан жеткізілген. Ол соңғы 
жылда 40 басқа көбейгендігі белгілі болды. 1992 жылдан бері 
санау арқылы құландардың 200-ге дейін кебейгені белгілі 
болды. 
1994 
жылдары 
еліміздегі 
экономикалық 
құлдыраулардың салдарынан құландарды арнайы жемшөппен 
қамтамассыз ету болмағандықтан, осы өңірдің тұяқты 
жануарларының басым көпшілігі қырылып қалды. Бұл 
жағдай құландардың да жойылуына 
әк
еп соқтырды. Сол 
жылғы қатты қыста біршама жануарлар қырылғанын бүгінде 
ешкім нақты айта алмайды. 
Адамдар табиғатқа өз билігінің қатаң түрін жүргізе 
бастады. Ол іс 
әр
екеттері жануарлардың қырылып немесе 
басқа жаққа ауып кетуіне себеп болды. Бұндай жағдайды 
Андасай қорығыда бастан өткерді.Адамдардың жануарларды 
аяусыз жойып, пайдалануынан қорықшадан қарақұйрық
ақбөкен, дуадақ, сұңқар, арқарлар, бүркіттер өз мекендерінен 
безді. 
2002 
жылы 
Облыстық 
жануарларды 
қорғау 
басқармасында киіктерді, құландарды қорғаудың арнайы 
бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырыла бастады. Бұл 
бағдарлама тұяқты жануарларды ж
ән
е киіктерді қорғаудың 
өте тиімді жолы болып, сонымен қатар, Андасай қорығын 
дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған кешенді 
бағдарламасы болды [85]. 
Мемлекетте жерсіндіру бағдарламасын жүзеге асыру 
барысында «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи 
паркінен 30 бас құлан Андасай мемлекеттік табиғи 
қорықшасына
әк
елінді. Құланды жерсіндіру іс-шаралары 
2007, 2010, 2011 
жә
не 2012 жылдары үздіксіз жүргізіліп 
отырды. Андасай мемлекеттік табиғи қаумалы аумағына 
жалпы есеппен алғанда барлығы 133 құлан дарағы жіберілді.
Ұлттық саябақ өкілдерімен бірлесіп, құланды ұстаудың 
жаңа
әд
ісі анықталды. Мыңбұлақ шатқалындағы суат 
орындарында үстеп қоректендіру арқылы құландарды 
үйретіп, күн сайын қорегі бар суатқа келіп жүргенде 


205 
жануарларды үркітпей ж
ән
е жарақаттамай ұстап алуға 
мүмкіндік беретін, ішінде суы мен қорегі бар кең қоршау 
жасау туралы шешім шығарылған болатын. Олардың
азықтары үшін арпа, сұлы берілді. Қоректендіру алаңдары 
жасалған 3 суат таңдап алынып, жасалды. Суаттардың бірінде 
астауға арпа салынса, екіншісіне сұлы, үшіншісіне сұлы мен 
арпа бірге салынып отырды. Жануарлар күзгі уақытта суатқа 
таңертең 
жән
е түнде келіп отырды. Бұл суаттарға бақылаулар 
орнатылған. Бақылау күндері ал жануарлар қорекке 
жақындамады. Мыңбұлақ шатқалында сулы жерлер көп 
болғандықтан олар су тапшылығын сезінбеді. Бес-алты күн 
өткен соң, бақылау көрсеткендей 50 шақты құландар қорегі 
бар суатқа жақындай бастаған, бірақ арпа мен сұлыны 
жемеген. Құландар бір рет те қорекке жақындамай, оларды 
арпа да, сұлы да қызықтырмаған. Жағдай қиындап, ұстаудың 
бұл 
әд
ісі тиімсіз екендігі байқалды. Кеңес алу үшін 
Барсакелмес аралында құландарды ұстап алуда 
тә
жірибесі 
бар 
жән
е 
оларды 
Қапшағай 
аңшылық 
–қорығы 
шаруашылығына жеткізуге тікелей қатысқан таңымал 
биологтардан кеңес алынды. 
Жануарларды ұстаудың бірнеше 
әд
істері Соның бірі 
қимылсыздандыру 
әд
ісі болып табылды. Бұл 
әд
іс кезінде 
жануарларға 20-30 метр қашықтықтан жақындау ж
ән
е 
жануарлар қорықпай, тыныш жайылу жағдайында ұшатын 
шприцпен немесе Комаров оғымен ату мүмкіндіктері 
қарастырылды. Бірақ, 
тәж
ірибе көрсеткендей, құланға 
далалық жағдайда километрден жақын бара алмайсың, олар 
қаша жөнеледі екен. Құландарды ұстаудың тұзаққа түсіру 
әд
ісіде кең таралған 
ә
діс түрі. Далалық аймақта тұзақ орны 
үшін алыстан көзге көрінбейтін табиғи төмендетілген алаң 
таңдап алынады. Қашаның өзі домалақ пішінді, диаметрі 30 
метр, 
ә
р 4 метр сайын биіктігі 3 метр болатын бағаналар 
қағылады. Ішкі жағынан екі қабатты шетен торы тартылады. 
Жануарлар тұзақтан шығу үшін шетен торға секірмеу үшін 
ішінен қосымша өлшем бойынша құм түсті бүркеме ұсақ тор 
құрылған. Даладағы тұзаққа кіре берістен бастап 
әр
қайсысының ұзындығы 250 метр болатын екі қанат 


206 
жұмсалды. Қанаттар 
әр
бір 10 метр сайын ұзын сызық 
бойынша жіңішке діңгекті бағандар көму арқылы жасалған. 
Ал олардың арасына тұзақ торы тартылған. Екі жақты 
қақпа— қанаттардың шеткі бағаналар арасындағы кіретін жер 
300 метрді құрады. Тұзаққа кірер жер қазылған орға көміліп, 
бүркемеленген тұзақ торымен жабылған. Бұл жұмыстармен 
бірге, Андасай қаумалында да жұмыс жасалған. Онда 
құландарды ұстап тұру бойынша қоршаулар салуға алаң 
таңдалып алынған. Алаңдар бірнеше шарт бойынша 
таңдалған: 1) ішетін суы қасында болуы шарт.
2) бұл жер желден жабық болуы керек, себебі ең қатты 
қыс айларын құландар қоршауда өткізеді. 
3) жануарларды бағып, суарып, шөп беретін адамға 
арналған тұратын үй болуы керек. 
Осы бағдарламалардың арқасында жануарлар мен 
құстардың саны біршама артып келеді. Мойынқұмның 
сексеуілді орман тоғайлары жайқалып өсуде. Андасай 
Мемлекеттік қорғалатын аймақтың экобиологиялық жүйесі 
қайта қалпына келуде.
Андасай қорықшасы Жамбыл, Байқара деп аталатын 
саялы тау бектерінен тұрады. Сонымен қатар, Балқаштың 
оңтүстік батыс жағынан қорық Бетпақдала мен 
Мойынқұмның, Жетісудың бір тармағымен жалғасып 
жатады. Ол жерлер Шу өзенінің соңғы тұстары. Бұл аймағы 
өсімдік түрлеріне өте бай. 
Андасай қорықшасында 2002 жылдарғы жүргізілген 
санақ жұмыстары бойынша басында 33 ғана құлан байқалса, 
ал 2004 жылдарғы санақ бойынша 68-ге құлан анықталған. 
Құландар Кеңтарлау, Байғара, Жылыбұлақ алаңқайларынан 
табылған. Ал қазіргі деректер, бойынша құландар 
популяциясы жан-жаққа таралып кеткен [86]. 
Сексеуіл Мойынқұмдағы шаруашылықтағы ең маңызды 
өсімдіктің бірі. Бірақ оның да қоры азайып келеді (сурет 13). 
Оған кез-келген уақытта шабуыл жасалып қырқылады. 
Сондықтан да, 2012 жылға дейін сексеуілді отынға 
сындырмау 
туралы 
мораторий 
жарияланып, 
біраз 
саябырсыды. 1995 жылы 25 мың гектар сексеуіл егілді. Егер 


207 
сексеуілді сақтау дұрыс жолға қойылмаса онда, құм 
жоталары көтеріліп, көшкін жүру қаупі күшейеді. 
13-сурет. Андасай қорықшасындағы сексеуіл өсімдігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет