Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы (оқу құралы)



Pdf көрінісі
бет9/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,97 Mb.
#87883
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85
Байланысты:
кітап 2

Альдрованда 
өсімдігінің жапырағы жабысқақ 
сұйықтық бөлетін қызғылт түкті болып келсе, дионея 
өсімдігінің жапырақтары қақпан сияқты жабылады. Кейбір 
өсімдіктер күніне бірнеше ондаған
жән
діктермен қоректенеді. 
Адам баласы жыртқыштар мен құстарды байқап 
олардың мінез-құлқына қарай ат қойып, қолға үйретіп, 
м
ә
дени формаларын шығаруға ұмтылып отырған. Кейбір 
кезеңдерде жыртқыш аң мен құстарды «зиянды», «қас жау», 
«құбыжық» санап көпе-көрнеу қырып-жойып отырған. XIX 
ғасырдың бас кездерінде жыртқьпптарды (қасқыр, жыртқыш 
құстар, т.б.) адам баласы жойып тарихта күтпеген 
экологиялық апаттарға ұшырап отырған. 
Мәс
елен, 
касқырларды қырып тұз тағыларының арасындағы жұқпалы 
аурулардың тез таралып андардың қырылуы немесе 
жыртқыш кұстарды қырып керісінше ауру таратқан 
кеміргіштердің қаптап кетуі (Қытай жерінде) т.б. көптеген 
факторлар осының айғағы болса керек. Шын м
ән
інде, 
жыртқыш жануарлар өте пайдалы организмдер екені қазір 
баршамызға м
ә
лім [10]. Олар «дала санитары» ретінде 
биоценоздағы түрлер арасындағы тепе-тендікті сақтап, оның 
даму ырғағын реттеп отырады. Яғни, жыртқыш - табиғи 
сұрыптаудағы негізгі жетекші фактор. Н
әти
жесінде 
популяциялардың сапалық құрамы прогрессивті түрде дамып 
отырады. Ал өз кезегінде жемтік те жыртқышқа тікелей 
әсер
ете отырып, оның прогрессивті дамуына ықпал етеді. 


21 
Осылайша 
қарама-қарсылықтың 
ә
сері 
эволюпияның 
қозғаушы күшіне айналып жыртқыш пен жемтіктің ара 
салмағын реттеп отыратыны анық. 
Паразитизм - бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін 
қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы 
тіршілік етуі. 
Паразиттік құбылыс организмдер арасында 
тікелей жанасу арқылы бірте-бірте пайда болған. Бұл 
процестер бактериядан бастап жоғары сатыдағы организмдер 
арасында кездеседі. 
Ә
сіресе бұл қарым-қатынас вирус
бактерия, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, құрттар арасында 
жиі кездеседі. Сол сияқты өсімдік пен өсімдік, жануар мен 
жануар, өсімдік пен жануар арасында да паразиттік құбылыс 
жақсы дамыған. Паразиттердің қоректі пайдалануына, 
бейімделуіне қарай монопаразиттер, олиго-полипаразиттер 
болып жіктеледі. Кейбіреулері сыртқы (эктопаразиттер) ж
ә
не 
ішкі (эндопаразиттер) паразиттер болып бейімделген. 
Олардың ішінде пайдалы да немесе өте қауіпті ауру 
тарататын түрлері де баршылық. Бірақ, олардың қай түрі 
болмасын табиғатта орны толмас рөлі бар. 
Мәсел
ен, біздің 
жерімізде кездесетін зиянкес 
жән
діктердің паразиттері 
олардың табиғаттағы санын реттеп ауыл шаруашылығына 
мол пайда 
әк
еледі. Бір ғана құм тышқанының үстінен немесе 
ішкі мүшелерінен паразиттің 19 түрі табылған. Ал адамның 
ішек-қарын, өкпе, бауырларында кездесетін аскарида, 
эхинокок, т.б. организмдер паразиттер қатарына жатады. 
Паразиттердің көптеген түрлері жұқпалы, тіптен қатерлі 
аурулар (сүзек, тырысқақ, безгек, энцефалит, оба, т.б.) 
таратады. Олардың қатарына Қазақстан аумағында жиі 
кездесетін маса, сона, бүрге, кенелер жатады. 
Ә
сіресе 
республикамыздың шөл-шөлейтті аймағында кездесетін маса, 
бүрге, кенелердің биологиясын білу олармен күресті, 
сақтануды жеңілдетері сөзсіз. Көптеген жануарлар (түлкі, 
қоян, жыртқыш құстар, қарсақ, т.б.) паразиттерді 
таратушылар ретінде рөл атқарады. Ал Алматы, Шығыс 
Қазақстан облыстарының таулы алқаптарында кең таралып 
отырған жапон энцефалитінің қауіпті паразит екенін 
б
әр
іміздің білгеніміз жөн. 


22 
Симбиоз - екі түрге жататын организмдердің 
кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбей, керісінше 
селбесіп пайдалы тіршілік етуі. 
Мәс
елен, құмырсқа мен 
өсімдік биті, шаян мен актиния, акулалар мен жабысқақ 
балықтар арасындағы селбесіп тіршілік ету осы қарым-
қатынасқа жатады. Қыналар - балдыр мен саңырауқұлақтың 
селбесіп тіршілік етудің көрінісі болып табылады. 
Өсімдіктердің тамыр жүйесінде, ағашты өсімдіктерде майда 
тамырлардың сыртын орап (эктомикориза), шөптесін 
өсімдіктерде тамырлардың ішіне еніп (эндомикориза) 
селбесіп тіршілік ететін саңырауқұлақтар бар. Олар 
өсімдіктерді ылғалмен, минералды заттармен қамтамасыз ете 
отырып, өз кезегінде олардан өздеріне қажетті органикалық 
заттарды алады [11]. 
Комменсализм - бір түрдің қоректік қалдығымен екінші 
организм қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмеуі. 
Бұл 
симбиоздың бір формасы ретінде белгілі. Ал кейде екінші 
организм біріншісін қозғау құралы немесе қорғанысы ретінде 
де пайдаланады. 
Мәс
елен, ірі балықтардың желбезегінде ұсақ 
балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген. Егер де 
комменсалдар бір-біріне зиян келтіре бастаса оның біреуі 
паразиттік немесе б
әсе
келестік жолға түседі. 
Мутуализм - 
ә
р түрге жататын организмдердің бір-
біріне қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік 
етуі. 
Мәсел
ен, тақуа шаян (рак отшельник) мен актиния 
арасындағы қарым-катынас немесе құмырсқа мен есімдік биті 
арасындағы байланыс осының мысалы. 
Зоохария - жануарлардың орын ауыстыруы арқылы 
өсімдіктер 
тұқымдарын 
кеңістікке 
тарату 
құбылысы.
Зоохария - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің 
бір тобының ұзақ, жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің 
жемісі н
әти
жесінде өсімдіктер тұқымында жабысқыш 
ілгектер пайда болып олар құстар, сүтқоректілердің ж
ән
е 
басқа да жануарлардың денесіне жабысуға бейімделіп осы 
арқылы алыс кеңістіктерге тарауы. Өсімдік тұқымдарының 
мүндай жолмен таралуын - пассивті (эктозоохория) дейді. Ал 
кейбір өсімдіктердін тұқымдары жануарлардың соңғы 


23 
өнімдері (экскременттері) арқылы таралады. Оларды - активті 
(эндозоохориялық) таралу жолы деп атайды. 
Аллелопатия - организмдердің денесінен өзіне т
ә
н 
химиялық заттар шығару арқылы қарым-қатынас жасау 
жолы. 
Яғни, өсімдіктерден бөлінген заттар басқа 
жануарларға теріс немесе жағымды 
ә
серін тигізетін қасиетке 
ие болады. 
Мәсел
ен, к
ә
дімгі жусан иісі көптеген өсімдіктерге 
(жүгері, картоп, томат, т.б.) теріс 
әсе
рін тигізсе, ал лобия 
өсімдігі бидайдың өсуін тежейтін көрінеді. 
Өсімдіктерден бөлінетін заттар жануарларға еліктіргіш 
(аттрактивті) немесе жиркенішті (репеллегаті) түрінде 
әсе
р 
етеді. Бұл қасиеттер 
әсір
есе, біртекті қоректілер 
жән
е 
паразиттер үшін өте маңызды. Жануарлар да өзінен жағымды 
кейде жағымсыз келетін 
әр
түрлі белсенді заттар бөліп өзінің 
жауына қарсы немесе еліктіргіш сигнал беру қасиетіне ие 
болады. Биологиялық белсенді заттарды көп организм де 
бөледі. 
Мәсел
ен, көпке белгілі антибиотиктер: пенициллин, 
стрептомицин, гиббериллин медицинада жиі қолданылады. 
Кейбір организмдер екіншілер үшін шектен тыс 
агрессивті болып келеді. М
әсел
ен, кейбір құмырсқалар 
көршілес 
құмырсқа 
илеулерінен 
жұмыртқа 
мен 
личинкаларды тартып 
әк
еліп иелік жасайды. Бұл құбылыс 
организмдерде болатын инстинктің жоғарғы деңгейдегі 
көрінісі болса керек [12]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет