Кіріспе “Витамин” терминін катализдік қабілетке ие заттарды белгілеу үшін алғаш рет 1911 жылы поляк ғалымы Казимир Функ ұсынған. Ол бери-бери ауруын зерттеу барысында анықтаған кристалдық препаратына бастапқыда “Витамайн” (Vitamine) деген атау берген. “Витамайн” сөзі латынның vitaөмір, ағылшынның amine-азоты бар қосылыс, амин деген сөздерінен құралған.
• 1920 жылы Джек Сесиль Драммонд “Vitamine” сөзінен “е” әрпін алып тастауды ұсынды. Себебі сол кезде құрамында аминдік компоненті жоқ С витамині ашылған болатын.
• Витаминдер – өте аз концентрацияда организмге биологиялық күшті әсер ететін кіші молекулалы органикалық заттар топтары. Олар клеткада өте аз мөлшерде болады және биологиялық белсенділікке ие. Витаминдердің жеткіліксіздігі – ферменттердің биокатализдігін бәсеңдетеді, зат алмасу процесіне, организмнің өсіп жетілуіне әсер етеді.
• Кофактор ретінде ферменттердің активті орталықтар құрамына кіру негізінде витаминдердің биологиялық активтігі қамтамасыз етіледі. Сондықтан, витаминдердің жеткіліксіздігі – ферменттердің биокатализдігін бәсеңдетеді, алмасу процестеріне, организмнің өсіп жетілуіне әсер етеді.
• Табиғатта витаминдер негізінен өсімдіктер мен микроорганизмдерден алынады. Кейбір витаминдер көп жағдайда (мысалы, кобаламиндер) тек микроорганизмдермен синтезделеді.
• Витаминдердің көп бөлігін өндіруде химиялық синтез жетекші орынға ие болса да, микробиологиялық әдістердің практикалық маңызы да зор [1].
Негізгі бөлім Витаминдердің классификациясы. Барлық витаминдер өздерінің физико-химиялық қасиеттеріне қарай екі класқа бөлінеді. Олар:
Майларда еритін витаминдер;
Суда еритін витаминдер.
Витаминдерді алу жолдары. Суда еритін және майда еритін витаминдерді химиялық және микробиологиялық синтезбен дайындайды. Микробиологиялық синтезбен 1930-1940 жылдары витамин бөлініп алына бастады. Микробиологиялық синтезбен дайындағанда әртүрлі микроорганизмдер пайдаланылады. Мысалы:
• - цианкобаламин, В12, - Propionibacterium freudenreichii var. shermanii, Pseudomonas denitrificans;
• - рибофлавин, В2 - Eremothecium ashbyii, Ashbya gossipii, B. subtilis, Asp.niger;
• - бетакаротин – Blakeslea trispora, (+) және (-) дақылы;
• - никотин қышқылы, РР – Gluconobacter oxydans және Erwinia punctata, Corynebacterium spp., (биотрансформация жолымен дайындалады).