Жаратылыстану-математика факультеті деканы


ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



бет7/8
Дата18.02.2017
өлшемі0,59 Mb.
#10337
1   2   3   4   5   6   7   8



7.ПӘНДІ ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
1 практикалық сабақ

Тақырып: Экологиялық картографиядағы квалиметрия әдістерімен принциптері.

Мақсаты:Экологиялық картографиядағы квалиметрия әдістерімен принциптерін талдау.

Практикалық сабақ мазмұны

1-тапсырма: Экологиялық картографиядағы Г.Г.Азгальдов пен Э.П.Райхманов ұсынған квалиметрия принциптерін талдау.


2-тапсырма: Экологиялық картографиядағы квалиметрия әдістері ұғымын анықтау, оның құндылық, эксперттік, ықтималдық, аралас түрлеріне анықтама беру.

Әдістемелік нұсқау: Дәптерге экологиялық картографиядағы квалиметрия әдістері ұғымына жазбаша анықтама беріледі және оның құндылық, эксперттік, ықтималдық, аралас түрлері анықталады. Экологиялық картографиядағы Г.Г.Азгальдов пен Э.П.Райхманов ұсынған квалиметрия принциптеріне талдау жасалады. Тапсырма соңынан сұрақ-жауап алу арқылы студенттер бағаланады.

Әдебиет:


1.В.И.Струман Экологическое картографирование. М., 2003
2 практикалық сабақ

Тақырып: Экологиялық картография көздері.

Мақсаты: Экологиялық картография көздерін анықтау.

Практикалық сабақ мазмұны


1-тапсырма: Мекемелер (ведомствалық) бойынша ақпараттық көздерді классификациялау.

1.Мемлекеттік органдар.

2.Ғылыми мекемелер.

3.Коммерциялық ұйымдар.

4.Коммерциялық емес ұйымдар

Әдістемелік нұсқау:сабақ семинар түрінде өтеді, тапсырма жоспары бойынша студенттер алдын-ала дайындалып келеді, картография пәнімен байланысады.

Әдебиет:


1.В.И.Струман Экологическое картографирование. М., 2003
3 практикалық сабақ

Тақырып:Экологиялық карталардың ландшафтылық негізі.

Мақсаты:Экологиялық карталардың ландшафтылық негізін жасақтау.

Практикалық сабақ мазмұны

1-тапсырма: Қазақстанның ландшафтылық картасын пайдалана отырып, табиғи орта ластану картасының фрагментін жасақтау.


Әдістемелік нұсқау:Қазақстанның ландшафтылық картасына талдау жасай отырып, картографиялық мәліметтерді пайдаланып, контур карта үстіне табиғи ортаның ластану картасы тұрғызылады.

Әдебиет:


1.В.И.Струман Экологическое картографирование. М., 2003

2.Қазақстанның физикалық картасы.


4 практикалық сабақ

Тақырып: Картографиялық бейнелеу әдістері.

Мақсаты: Картографиялық бейнелеу әдістерімен толық танысу.

Практикалық сабақ мазмұны


1.Тақырыптық экологиялық карта легендасымен танысып, картографиялық бейнелеу әдістеріне талдау жасап, анықтау.

2.Картада бейнеленген құбылыспен картографиялық бейнелеу әдістерінің сәйкестілік дәрежесін анықтау.

3.Сараптама және бағалау нәтижелерін кесте түрінде толтыру.

Әдістемелік нұсқау:Дәптерге тақырыптық экологиялық карта легендасымен танысып, картографиялық бейнелеу әдістерінің шартты белгісі салынады, тапсырма соңынан сараптама және бағалау нәтижелері кесте түрінде толтырылады.
5 практикалық сабақ

Тақырып:Атмосфераның ластану қорын картографиялау.

Практикалық сабақ мазмұны

1.Метеостанция бақылау мәліметтері бойынша бір жыл аралығындағы атмосфераның ластану қорын есептеу. Есептеу нәтижелерін таблица түрінде толтыру.

Әдістемелік нұсқау: Дәптерге метеостанция бақылау мәліметтері бойынша бір жыл аралығындағы атмосфераның ластану қорын есептеледі. Есептеу нәтижелерін таблица түрінде толтырылады және картаға түсіріледі.

Әдебиет:


1.В.И.Струман Экологическое картографирование. М., 2003
6 практикалық сабақ

Тақырып:Беткі сулардың ластануын картографиялау әдісі.

Практикалық сабақ мазмұны

1. Статистикалық материалдар негізінде ірі масштабты картаны пайдаланып беткі судың сапасын анықтау әдісін меңгеру.

Әдістемелік нұсқау:Дәптерге статистикалық материалдар негізінде ірі масштабты картаны пайдаланып беткі судың сапасын анықтау әдісін меңгеріледі.

Әдебиет:


1.В.И.Струман Экологическое картографирование. М., 2003 118 бет
7 практикалық сабақ

Тақырып: Топырақтың ауыр металдармен ластану картасы.

Практикалық сабақ мазмұны

1.Ірі өнеркәсіпті қаладағы топырақтың ауыр металдармен ластану картасын тұрғызу.



Әдістемелік нұсқау: Мәліметтер бойынша топырақтың ауыр металдармен ластану картасын тұрғызылады.

Әдебиет:


1.В.И.Струман Экологическое картографирование. М., 2003 204 бет
8 практикалық сабақ

Тақырып:Экологиялық-геохимиялық карталарды құрастыру.

Практикалық сабақ мазмұны

1. Ластану көздеріне қарай экологиялық-геохимиялық карталарды құрастыру әдісімен танысу.



Әдістемелік нұсқау: Дәптерге ластану көздеріне қарай экологиялық-геохимиялық карталарды құрастыру әдісімен танысу жолдары жазылады.

Әдебиет:


1.В.И.Струман Экологическое картографирование. М., 2003 137 бет
9 практикалық сабақ

Тақырып:Мұнай өндіруші ауданның экологиялық-геоморфологиялық картасы.

Практикалық сабақ мазмұны

1.Беткі шөгінділердің геологиялық стратиграфиялық кешенін, морфоструктура элементін пайдаланып карта тұрғызу.



Әдістемелік нұсқау: Дәптерге беткі шөгінділердің геологиялық стратиграфиялық кешенін, морфоструктура элементін пайдаланып карта тұрғызылады.

.

Әдебиет:


1.В.И.Струман Экологическое картографирование. М., 2003
10 практикалық сабақ

Тақырып:Медико-географиялық картографиялау.

Практикалық сабақ мазмұны

1.Ортаның абиотикалық факторын медико-географиялық тұрғыдан картографиялау әдісімен танысу.

2.Ортаның биотикалық факторын медико-географиялық тұрғыдан картографиялау әдісімен танысу.

Әдістемелік нұсқау: Дәптерге ортаның абиотикалық факторын медико-географиялық тұрғыдан картографиялау әдісімен және ортаның биотикалық факторын медико-географиялық тұрғыдан картографиялау әдісімен танысу жолдары жазылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет