49
нарығының сұранысын ескеруге бағдарланған мамандануға дайындық жүйесін
құру мәселесі қойылады. Қазақстандық білім беру жүйесінің бейінді оқытуға
көшуі оқушылардың
танымдық қызығушылықтары мен
қажеттіліктерін
қанағаттандыруға
және
оқушының
жеке
тұлғасын
дамытуға,
оның
мотивациялық
(уәждемелік)
аясын,
зияткерлік
және
шығармашылық
қабілеттерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс орта жаратылыстану білім
берудің мақсаттары мен міндеттерін өзгертуді талап етеді.
Білім берудің жаңа мақсаттарына жетуге жіктеп және даралап оқытудың
құралы болып табылатын бейінді оқыту толығымен ықпал ете алады және
жоғары сынып оқушыларының
білім алуды одан
әрі жалғастыруына
байланысты олардың мамандыққа қызығушылығына және ынтасына сәйкес
оқытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Әдіскерлер, дидакттар, психологтар жіктеу және даралау, даралауға ықпал
ететін мақсаттарды анықтау проблемаларын, сонымен қатар 12 жылдық
мектепте бейінді оқытудың мазмұнын қалыптастыру мәселесін қарастыруда.
Бүгінгі күні бір жағынан, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және
экологиялық өзгеру жағдайында физикалық, химия-биологиялық білім берудің
құрылымы мен мазмұнын жаңарту, екінші жағынан, жоғары сыныптағы бейінді
оқытуды теориялық және әдістемелік тұрғыда жетілдіру жұмыстары жүргізілді.
«Жаратылыстану» білім саласының мазмұны «Биология», «Физика»,
«География», «Химия» пәндері арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: