Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет17/34
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#85336
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
Пәндік құзыреттілік:
алгоритм күрделілігі ұғымын меңгеру, мәтіндік
және сандық
ақпаратты
өңдеу алгоритмдерін, іздеу және сұрыптау
алгоритмдерін білуі; жоғары деңгейлі әмбебап программалау тілін үйрену
(таңдау бойынша), мәліметтердің базалық типтері мен құрылымдары жайлы
түсніктерді меңгеру; таңдалған программалау ортасында программаны құру,
тестілеу және оны отладка жасау дағдылары мен тәжірибелерін меңгеру;
программаны құжаттау және қолданбалы есепті формальдаудың қарапайым
дағдылар жүйесін қалыптастыру;
Ақпараттық құзыреттілік
: ақпаратпен (іздеу, сақтау, өңдеу, тарату)
жұмыс істеуде ақпараттық технология құралдарын қолдана білу; алынған
ақпаратты оқу және қолданбалы есептерді шешуде қолдану; ақпаратты
өңдеудің компьютерлік әдістерін, негізгі программалық өнімдерді білу;
ақпараттық объектілермен жұмыс істей білу, өзінің ақпараттық қызметін
ұйымдастыру.
Коммуникативтік құзыреттілік:
түсініктемелер мен олардың байланысын
талдау, оларға дәстүрден тыс жағдайларда әдіс қолдану біліктілігі; оқу ғылыми
мәтінмен, басқа ақпарат көздерімен жұмыс істеу біліктілігі мен дағдысын
дамыту.
Технологиялық құзыреттілік
:
компьютерлік-математикалық модельдерді
құру мен қолдану тәжірибелерін меңгеру; компьютердің көмегімен сараптама
жүргізу және мәліметтерді статистикалық өңдеу тәжірибелерін, нақты
үрдістерді модельдеу барысында алынған нәтижелерді интерпретациялауды
меңгеру.


40
Әлеуметтік
құзыреттілік:
ақпаратты іздеу, жинау, сақтау дағдылары
және ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету үшін әдістерді қолдану дағдылары;
программалау және модельдеу бойынша оқу жобаларымен жұмыс істеу
барысында сәйксінше құқықтық және этикалық нормаларды сақтай отырып
қоғамдық ақпараттық ресрустарды қолдану біліктілігі.
Информатиканың оқу бағдарламасы математика, физика, биология, химия,
тарихпен және т.б. пәнаралық сабақтастыққа түсу мүмкіндіктеріне ие. Бұл бір
жағынан, информатиканың білім мазмұнын тереңдетуге, әсіресе ақпараттық
үдерістер, құбылыстар және информатикадағы пәнаралық байланыстарды
зерттеуге көмектеседі. Бір жағынан, информатиканы оқыту жаратылыстану-
математикалық, қоғамдық-гуманитарлық
және технологиялық бағыттардағы
аралас оқу пәндері бойынша білімді толықтыра түседі.
Жаратылыстану-математикалық бағытта информатиканы оқыту үдерісінде
келесі салалас оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
«
Алгебра және анализ бастамаларымен»:
визуалды программалау
құралдарын қолданып қосымшаларды құруда әртүрлі сандық деректерді
қолдану;
жоғары деңгейдегі программалау тілдерінде есеп шығаруда
математикалық формулалар мен функцияларды қолдану; координаталық
жүйелерін қолданып объект-модельдерді жасау.
«Геометриямен»:
координаталық жүйелер, проекциялар және олардың
компьютерлік 
графика 
мен 
модельдеуде
қолданылуы;
геометриялық
шамаларды есептеу.
«Физикамен»:
ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін
пайдалана отырып, физикалық үдерістерді қарастыру; физикалық үрдістерді
модельдеу.
«Химиямен»:
мектеп қабырғасындағы оқыту үрдісінде орындалатын
аталған пән аймағында жобаларды құру; визуалды программалау ортасы
арқылы химиялық үдерістерді модельдеу.
«Қазақ,орыс 
және 
шетел 
тілдерімен»:
жобалық
іс-әрекеттерді
орындағанда 
орфография 
және 
пунктуация 
ережелерін 
пайдалану;
информатика және ақпараттық технологиялар саласының терминдерімен сөз
қорының байыту, оның ішінде халықаралық терминдерімен; программалау
тілдерінің
синтаксисін түсіну, компьютерлік терминологияны меңгеру;
телекоммуникациялық ресурстарды пайдалану – шетел тілін оқу құралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет