31
алуын жалғастыруы
үшін
және оқу-танымдық, әлеуметтік, тұлғалық
құзыреттіліктердің құрамды бөлігі болатын практикалық және математикалық
іс-әрекеттер тәсілдері мен әдістерін жетілдіруі үшін геометрия
облысындағы
дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету.
Пәнді оқытудың мақсаттарына сәйкес мынадай
оқыту міндеттері
шешілуі тиіс:
– тұрақты кеңістіктік түсініктерді және кеңістіктік елестерді дамыту;
– кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы білім қорын жүйелеу және
кеңейту;
– кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін оқу барысында формалды-
логикалық ойлау дағдыларын дамыту;
– кеңістіктік фигураларды кескіндеу дағдыларын дамыту;
– есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу
біліктігі мен дағдыларын дамыту;
– геометриялық есептерді шешуде алгебраны,
анализ бастамалары мен
тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту;
– функционалдық сауаттылықты дамыту;
– практикалық мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді
қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту;
геометрия тарихы және оның ғылыми-техникалық прогрестің дамуына
әсерімен таныстыру арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу.
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы
геометрия курсының негізгі мазмұндық-әдістемелік бағыттары:
– геометриялық фигуралар және олардың қасиеттерінің бағыты;
– векторлық-координаталық бағыт;
– шамаларды өлшеу бағыты;
– функционалдық бағыт болып табылады.
Негізгі орта білім беру деңгейіндегі 7-10 сыныптарда геометрия курсы
жартылай-фузионистік тұрғыдағы көзқарас негізінде жүзеге асырылды, яғни
планиметрия
курсына
кеңістіктегі
геометрия
элементтері
кіріктіріліп
оқытылды. Ал, 11-12 сынып геометрия курсында оқушылар негізгі орта білім
беру деңгейіндегі геометрия курсын жалғастырып қана қоймай,
білімдерін
жартылай қайталау мен кеңейту қарастырылады.
Бейіндік мектептегі геометрия курсы 7-10 сыныптардағы геометрия
курсының жүйелі стереометриялық жалғасы болып табылады. Бейіндік білім
беру деңгейінде:
– оқушылардың бұған дейін оқылған геометриялық фигуралар туралы
білімдері тереңдетіледі;
– кеңістіктік геометриялық фигуралардың қасиеттерін оқып білуге қажетті
геометриялық әдістердің жиынтығы кеңейтіледі;
– геометрияның аксиомалары және қалыптасқан кеңістіктік түсініктер
негізінде оқушылардың кеңістіктік елестетулері дамиды.
Оқушылар
геометрия
курсының
мазмұндық-әдістемелік
бағыттары
бойынша
кеңістіктік
геометриялық
фигураларды
(екіжақты
бұрыш,
жартыжазықтық, дөңес және дұрыс көпжақтар, призмалар, пирамидалар, қиық
32
пирамида, дөңгелек денелер: цилиндр, конус, қиық конус, шар) және олардың
қасиеттерін; кеңістіктегі геометриялық фигуралардың өзара орналасуын;
кеңістіктік фигуралардың теңдігін; геометриялық шамаларды (кеңістіктегі
бұрыштар
мен қашықтықтарды, геометриялық денелердің бүйір және толық
беттерін, көлемдерін) өлшеуді; кеңістіктік денелер мен бөліктердің көлемдерін
есептеудің әртүрлі әдістерін; параллель проекциялаудың қасиеттерін, параллель
проекциялаудағы жазық
фигуралардың (үшбұрыштар, параллелограмдар,
трапециялар, кейбір дұрыс көпбұрыштар) және кеңістіктік фигуралардың
(призмалар, пирамидалар,
қиық
пирамидалар) кескіндерін;
кеңістіктік
фигуралардың
жазық
қималарын
кескіндеуді,
көпжақтар мен айналу
денелерінің және олардың жазықтықпен қимасының кескіндерін салуды;
геометриялық шамалардың экстремалды мәндерін табуға арналған есептерді;
геометриялық фигуралардың комбинациясына арналған есептерді; кеңістіктегі
векторлық-координаталық
әдісті:
нүктелер
мен
векторлардың
координаталарын; кесіндінің ортасының координаталарын; координаталары
берілген векторлардың скалярлық көбейтіндісін; екі нүктенің ара қашықтығын;
екінші
және
үшінші
ретті
анықтауыштарды,
олардың
қасиеттерін;
векторлардың векторлық және аралас көбейтінділерін, олардың қасиеттері мен
геометриялық
мағынасын;
кеңістіктік
геометриялық
фигуралардың
теңдеулермен және теңсіздіктермен берілуін; жазықтықтың теңдеуін; кеңістікте
жазықтықтың әртүрлі берілу тәсілдерін, кеңістіктегі түзудің теңдеулерін;
сфераның теңдеуін оқып біледі.
Сонымен
қатар,
оқушылар призмаға, пирамидаға және кеңістіктік
денелерге арналған өлшеу (метрикалық) есептерді шешуді, геометриялық
денелердің комбинациясына берілген есептерді, геометриялық шамаларды
өлшеуге берілген есептерді шешуде алгебраның, тригонометрияның және
математикалық
анализдің
әдістерін
қолдануды;
қоршаған
әлемдегі
көпжақтарды және дөңгелек денелерді; практикалық мазмұнды
есептерді
шешуді игереді.
12 жылдық мектептің 11-12 сыныптарында «Геометрия» пәнін оқыған
кезде, жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыруға дайындық мақсатында
оқу бағдарына сәйкес геометрияның барлық курсын қайталауға уақыт бөлінеді.
Жаратылыстану-математикалық бағытта геометрияны оқытудағы күтілетін
нәтижелер келесі құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейлеріне сәйкес болуы
керек [33, 34, 35, 36]:
Достарыңызбен бөлісу: