Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет10/34
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#85336
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
Оқу-танымдық құзыреттілік

шынайы танып білу нысанымен
сәйкестендірілген 
логикалық, 
әдіснамалық,
жалпы-оқу
қызметтер
элементтерінен тұратын оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекет аясындағы
құзыреттілік жиынтығы. Мұнда оқу-танымдық іс-әрекеттегі білім мен мақсатқа
сәйкестік, жоспарлау, талдау, рефлексия, өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру
біліктігі енгізіледі.
Оқу-танымдық құзыреттілік пәнді игеру деңгейімен; ойлау қызметінің
жалпылама әдістерімен; индукция мен дедукция, жалпылау мен нақтылау,
анализ бен синтез, абстракция мен ұқсастықты қолдана отырып тұжырымдарды
негіздеу мен дәлелдей алу біліктігінің қалыптасуымен және білімді практикада
қолдануымен сипатталады.
Ақпараттық 
құзыреттілік

оқулықтардан,
ғылыми-танымал
әдебиеттерден, газет және журналдардан, Интернет арқылы, теледидар, радио
тәрізді әр түрлі дерек көздерінен ақпарат іздеу, ақпаратты алу, қажет ақпаратты
талдау және іріктеу, түрлендіру, сақтау және жіберу біліктігін көздейді.
Алынған ақпаратты өзінің оқу қызметін жоспарлау мен жүзеге асыруда
қолдану; өздігінен білімді меңгеру біліктігі және пайда болған проблемаларды
шешу барысында біліміндегі олқылықтарды анықтауда көрсетеді.
Коммуникативтік құзыреттілік

жанындағы және шалғайдағы адамдар
мен жағдаяттардың өзара
қарым-қатынас тәсілдерін білуден тұрады. Ол
жұппен және топпен жұмыс жасау және ұжымдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді
меңгеруімен, қойылған міндеттердің ұжымдық шешім таба білуімен, ұжымда
мәселені 
талқылау 
мен 
оны 
шешуге
қатысуымен,
өз 
көзқарасын
сыпайлылықпен қорғау, өз пікірін сыпайы қорғай білуімен, өз көзқарасына
құқықтылығын түсінуімен, басқа адамдардың пікірлеріне құрметпен қарауымен
сипатталады.
Құндылыққа бағытталған құзыреттілік

күнделікті өмірге қажет білім
мен біліктіліктерді меңгеру маңыздылығын сезіну;
ғылыми-техникалық
прогресс үшін оның қоғам өмірі мен елдің экономикалық даму деңгейін
арттыруға қажеттілігін түсіну.
Жалпымәдениеттік құзыреттілік

жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі
ретінде алгебраның
даму тарихымен таныстыру арқылы пәнге деген
көзқарасын тәрбиелеу болып табылады.
Әлеуметтік құзыреттілік
– азаматтық борыш пен жауапкершіліктің
қалыптасуы; айналасындағыларға құрметпен қарап, басқа адамдардың мүддесі
мен өз мақсатының ара қатынасын белгілей білуі.
Жаратылыстану-математикалық
бағытта 
«Алгебра
және 
анализ
бастамалары» пәнін оқыту үдерісінде келесі салалас оқу пәндерімен пәнаралық
байланыстар:


24
«Қазақ тілі» пәнімен:
алгебралық терминологиялармен сөздік қорын
байыту; теоремаларды дәлелдеу, қорытындыларды тұжырымдау барысында
сөйлеу қабілетін дамыту;
«Геометрия» пәнімен:
теңсіздіктер және олардың жүйелерін шығару
барысында геометриялық фигуралардың бірігуі мен қиылысуын табу біліктерін
қолдану; ауданды табуда геометриялық фигуралардың қасиеттерін қолдану;
«Физика» пәнімен:
функцияның нүктедегі және жиындағы туындысының
физикалық мағынасы туралы білімдеріне сүйену; берілген уақытта материалды
нүктенің қозғалыс үдеуін есептеу үшін функцияның екінші туындысының
физикалық мағынасы туралы білімдеріне сүйену;
«Химия» пәнімен:
мәтінді есептерді шығару барысында
қоспалар,
ертінділер, концентрациялар және т.с.с. туралы білімдерін қолдану; берілген
уақытта ертіндінің концентрациясын табуға арналған практикалық есептерді
шығару барысында молекулярлық масса туралы білімдерін қолдану;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет