20
Оқу мазмұнындағы сабақтастықты жүзеге асыру жаңа мен бұрыннан таныс
білімдердің өзара байланысына жол ашып, сүйенуді, іріктеліп алынған оқу
материалын қолдануды және одан әрі дамытуды қажет етеді.
Осы айтылғандарды іске асыру бойынша, математика ғылымының дамуы
үшін алдымен математиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік болатындай орта
қалыптасуы керек. Осы ортада оқытудың
жүйелі
әдіс-тәсілдері керек.
Мектептің соңғы сатысында жоғары мектепке тән оқыту формалары мен
әдістерін қолдану, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды
қолдануға негізделген оқыту аймағын қалыптастыру, түлектің бейіні бар
саланы нақты анықтауға мүмкіндік беретін тәсілдерді қолданып сол саламен
терең айналысуға мүмкіндік жасалуы тиіс.
Сонымен, орта мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы
математика мен жоғары математиканың сабақтастығын қамтамасыз ету үшін
мынадай жұмыс түрлерін жүргізу қажет [29, 30, 31]:
жоғары оқу орындары мен орта мектептер белсенді түрде қарым-қатынас
жасау (мектепте математикадан арнайы курс бағдарламаларын құрастыру және
оны жүргізу, кеңестер беру, қашықтықтан оқыту, семинарлар және т.б.);
жоғары оқу орындарымен және мұғалімдердің біліктілігін арттыру
институтымен қарым-қатынас жасау (дәрістер оқу, семинарлар ұйымдастыру);
математика пәндерін оқыту кезінде мектеп курсы бойынша сәйкес
мәселелерге үнемі талдау жасап отыру керек; логикалық, математикалық-
әдістемелік байланыстарды ашып көрсету; белгілі фактілер мен ұғымдарды
студенттердің есіне қайтадан жаңғыртуға байланысты біртекті ұғымдарды,
ережелер мен теоремаларды салыстыра, олардың жалпы және ортақ жақтарын,
айырмашылықтарын тағайындау;
мектептің математика курстарынан алынған есептерді студенттердің
өзіндік және бақылау жұмыстарына, екінші жағынан, жоғары математика
курсынан алынған есептерді жоғары сынып оқушыларының өзіндік және
бақылау жұмыстарына енгізу;
жоғары сынып оқушыларын жоғары оқу орындарының оқыту әдістерімен
және тәсілдеріне толығымен даярлау, яғни оқытудың дәрістік-семинарлық
түрлерін қолдану;
мектептің математика курстарында қолданыс тауып жатқан, оқулықтар
мен бағдарламалардың ерекшеліктеріне көбірек назар аудару.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарда математика пәні
осы бағыттар «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» курстары
бойынша бөлініп оқытылады. Бұл пәндердің өзіндік мақсаты мен міндеттері,
мазмұндық бағыттары, білім мазмұны мен әдістемелік ерекшеліктері бар.
Достарыңызбен бөлісу: