Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері


Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік пәндердің



Pdf көрінісі
бет4/34
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#85336
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
1.3 Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік пәндердің
білім мазмұнына қойылатын талаптар
12 жылдық мектепте бейіндік-бағдарлы білім берудегі бейіндік пәндер
және олардың мазмұны әр бағытта (жаратылыстану-математикалық және
қоғамдық-гуманитарлық бағыттар) әртүрлі болады, яғни бейіндік пәндер
жоғары сыныптағыларды оқыту бағыты мен мамандандыруды қамтамасыз
етеді. Сонымен қатар, бейіндік пәндер:
– оқыту бағыттарына сәйкес білім мазмұны сараланған түрде болады;
– инварианттық компоненттің құрамына еніп, оқу бағдарламалары мен
оқу-әдістемелік кешендері мемлекеттік деңгейде әзірленеді;


15
– жаңашыл және
практикаға
бағытталған
қолданбалы мазмұнды
қамтиды;
– көптілді оқыту арқылы жүзеге асырылады;
– орта мектеп пен жоғары оқу орнының сабақтастығы пәндердің білім
мазмұнының кіріктірілуі арқылы қамтамасыз етіледі.
Жалпы орта
білім беру деңгейінде бейіндік-бағдарлы оқытудағы
жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарының
білім мазмұны білім алушылардың мүдделерін, қабілеттері мен қажеттіліктерін
есепке ала отырып тиімді педагогикалық жағдайлар жасауға бағытталады.
Сонымен қатар, ол барлық оқушыларды жоғары оқу орындарының сәйкесінше
мамандықтарында кәсіби білім алуға қажетті дайындық деңгейімен қамтамасыз
етеді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім беру мазмұны мынадай
мақсаттарға жетуді көздейді [9, 11, 12]:
– бейіндік пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету;
– оқушылардың қабілеттерін, жеке бейімділіктері мен қажеттіліктерін
ескеріп оқыту мазмұнын жіктеу, оқушылардың жаратылыстану-математикалық
даму ортасын жасау;
– қоршаған әлемді танып білу мен түрлендірудегі математиканың,
информатиканың, физиканың, биологияның, химияның және географияның
рөлі туралы түсініктерін қалыптастыру;
– оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
– бейіндік пәндер арқылы оқытуды бейіндендіруге жағдай жасау және
оқушыларды одан әрі кәсіби өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі дамытуға және өз
мүмкіндігін жүзеге асыруға даярлау.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік пәндер:
– оқушы тұлғасының интелектуалдық әлеуетін дамытуды;
– оқушылардың логикалық, математикалық, алгоритмдік, операциялық,
ғылыми-жаратылыстану, инженерлік ойлауын қалыптастыру мен дамытуды;
– әртүрлі өмірлік жағдайларға және болашақ кәсіби қызметіне қажетті
оқушылардың
аналитикалық,
практикалық
біліктері 
мен 
дағдыларын
жетілдіруді;
– математиканың, информатиканың, физиканың, химияның есептерін
практикалық пайдалануға бағыттауды және олардың практикалық мәнін
түсінуді;
– оқушылардың математикалық және физикалық моделдеу аппаратын
меңгерудегі құзыретті, білімді, білікті және дағдыларды қалыптастыруды;
– әртүрлі
сипаттағы
қолданбалы физика-математикалық
моделдерді
тұжырымдаудың практикалық дағдыларын дарытуды;
– физика-математикалық, ғылыми-жаратылыстану пәндерін пәнаралық
байланыстарды сақтай отырып, тереңдетіп және кеңейтіп оқытуды, білім беру
деңгейлерінде білім мазмұнындағы сабақтастықты;
– оқушылардың 
ғылыми-жаратылыстану 
білімінің
заманауи
тұжырымдамасын меңгеруі;


16
– физика-математикалық
және
ғылыми-жаратылыстану 
білім
мазмұндарының жоғары білім деңгейінің мазмұнымен сабақтастығын және
сәйкес саласы бойынша оқуын жалғастыру мен мамандығын таңдауға
даярлығын;
– танып білудің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыстану әдістерін және
оларды оқу қызметінде практикалық қолданылуын меңгеруді;
– қиындығы жоғары теориялық және қолданбалы сипаттағы есептерді
шешудің практикалық дағдыларын дамытуды;
– ғылыми-жаратылыстану объектілерді және үдерістерді моделдеу мен
зерттеу дағдылары мен қабілеттерін дамытуды
қамтамасыз етуі тиіс
.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік пәндер инварианттық
компоненттегі «Математика және информатика», «Жаратылыстану» білім
салалары және вариативтік компоненттегі қолданбалы курстар бойынша
пәндердің мазмұнымен жүзеге асырылады.
«Математика және информатика» білім саласындағы бейіндік пәндердің
мазмұны:

мектептік білім беру деңгейлеріндегі сабақтастықты, математика мен
информатиканы оқытуда пәнаралық және пәнішілік байланыстарды;

қазіргі қоғамда адамның күнделікті өміріне және еңбек қызметіне
қажетті, сабақтас пәндерді оқуға, үздіксіз білім беру жүйесінде оқуын
жалғастыруға 
жеткілікті 
математикалық
білім 
мен 
біліктер 
жүйесін
оқушылардың берік және саналы меңгеруін [25];

математиканың даму тарихымен және математикалық идеялардың
дамуымен таныстыру,
ғылыми-техникалық
прогресстегі математиканың
маңыздылығын түсіну арқылы математика құралдарымен тұлғаның мәдениетін
тәрбиелеуді [25];

оқыту уәждемесін арттыруға, оқушының қабілеттерін, мүмкіндіктерін,
қажеттіліктері мен мүдделерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім беру тек
білімдік компонентке ғана емес, алдымен әрекеттік компонентке бағдарлануын;

практикалық
мағыналы математикалық
біліктер мен дағдыларды
меңгеруді және оларды математикалық пен математикалық емес есептерді
шешуде қолдануды [25];

информатиканы және басқа да мектеп пәндерін оқыған кезде ақпараттық
және телекоммуникациялық технологияларды пайдаланып нақтылы объектілер
мен үдерістердің моделдерін қолдану және түрлендіре білу, қазіргі ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар және визуалды программалаудың теориялық
негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру;

әртүрлі формаларда ұсынылған ақпаратты қабылдау мен сыни талдауын,
математика мен информатиканың әртүрлі тілдерін (ауызша, символдық,
аналитикалық, графикалық) пайдалану қабілетін дамытуды;

болашақ кәсіби қызметіне, сонымен қатар жоғары мектепте одан әрі
оқуын жалғастыруға қажетті деңгейде логикалық және операциялық ойлауды,
алгоритмдік мәдениетті, кеңістіктік елестерді, сыни тұрғысынан ойлауды,
функционалдық сауаттылықты дамытуды;


17

әртүрлі бағыттағы
ғылыми жобаларды орындау кезінде түрлі
математикалық әдістер мен ақпараттық технологияларды пайдалана білу
біліктігін жүйелі дамытуды;

оқу пәндерінің даму әлеуетін, қолданбалы және практикалық бағытты
күшейтуді, пәнді оқытудағы негізгі екі: математикалық білім беру мен
математика мен ақпараттық-коммуникациялық технология көмегімен білім
беру функцияларын үйлестіріп жүзеге асыруды
қамтамасыз етуі тиіс
.
«Жаратылыстану» білім саласындағы бейіндік пәндердің мазмұны:
– алдыңғы білім беру деңгейлерінде жаратылыстану-ғылыми пәндер
бойынша игерген білімді жүйелеуді және жалпылауды;
– мектептік білім беру деңгейлеріндегі сабақтастықты және жоғары білім
беру деңгейінде оқуын жалғастыруға дайындықты;
– қазіргі
заманғы
коэволюциялық,
синергетикалық
парадигмаға
негізделген ғылыми-жаратылыстану білім берудің жаңа тұжырымдамасының
элементтерін меңгеруді [23];
– «табиғат-қоғам-адам-техносфера» 
мегажүйесін 
тұрақты 
және
гармониялық дамуын қамтамасыз етудің құндылықтары мен мақсаттарына
жетуге бағытталуын [23];
– ноосфералық-гуманитарлық
дүниетанымды 
және 
экологиялық
мәдениетті қалыптастыруды;
– Қазақстанның
индустриялдық-инновациялық
дамуында 
пайдалану
тұрғысынан жаңа ғылыми ауқымды технологияларды меңгеруге бағытталуын;
– адамның өнімді қызметін ұйымдастыру және оның мәдениетін дамыту
құралы
ретінде
ғылыми-жаратылыстану білімдері мен заңдылықтарын
практикалық қолдануды;
– әлемді
танып 
білудің 
ғылыми-жаратылыстану 
және 
басқадай
компоненттерін ауқымды кіріктіру негізінде әлемнің тұтас ғылыми бейнесін
қалыптастыратын
іргелі
ғылыми-жаратылыстану білімдері мен
ғылыми
танымның әдіснамасын меңгеруді [23];
– тұрақты танымдық қажеттіліктер мен мүдделерді, креативтілікті, сыни
тұрғысынан ойлауды, өздігінен білім алуға даярлығын дамытуды;
– оқыту және жобалық зерттеулерді орындау үдерісінде ақпараттық-
коммуникациялық
технологияларды 
пайдалану 
дағдыларын 
дамытуды
қамтамасыз етуі тиіс
.


18


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет