33
ақпаратты өздігінен талдау, өңдеу, іріктеу, жүйелеу, түрлендіру, сақтау,
тасымалдау және оқу қызметінде пайдалану әрекеттерін білуі; танып білу,
модельдеу, құрастыру әдістерін меңгеруі; оқу қызметі үдерісінде өңделген
ақпаратты қолдана білуі.
Коммуникативтік құзыреттілік:
есептерді
шешу және оқу материалын
игеру үшін ауызша және жазбаша қатысымның әртүрлі жолдарын пайдалануы;
қатысымдық мәселелерді шешуде ақпараттарды алмастыра білу дағдысын
меңгеруі; ортақ нәтижеге қол жеткізу үшін топпен жұмыс істеу дағдысын
меңгеруі; әдептілік нормаларына сәйкес өз көзқарасы мен ойын көрсетіп,
жеткізе білуі; оқудағы және күнделікті өмірдегі мәселелерді шешу үшін ауызша
және жазбаша қатысымның әртүрлі
тіл құралдарын пайдалана білуі; оқу және
әлеуметтік мәдени қарым-қатынас жағдайларында өнімді әрекеттесуді жүзеге
асыра білуі; қатысымдық іс-әрекеттерде өзінің қатысуын бағалай білуі және
осының негізінде өзіндік түзетулер жасай білуі;
Жекелей өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі:
эмоциялық өзін-өзі басқару
және өзін-өзі ұстау тәсілдерін меңгеруі; өз мүмкіндіктерінің негізінде өзінің
қызығушылығына қарай іс-әрекеттің тәсілдерін меңгеруі; жеке тазалықтың
ережелерін сақтауы және өз денсаулығын күтуі; өзінің істері мен әрекеттері
үшін мақсаттық және мағыналық қойылымдарды таңдай білуі; пайда
болған
жағдайларда дұрыс шешімдер қабылдай білу қабілетінің болуы; салауатты өмір
салтын жүргізуі және үгіттеуі; өзінің жеке құндылық сезімін және өз елінің
азаматының құндылық сезімін көрсете білуі; өздігінен білім алу, өз мүмкіндігін
іске асыру, жасампаз еңбектену қабілетінің болуы; адамның физикалық, рухани
және интеллектуалды өзін-өзі дамыту қабілетінің болуы;
Азаматтық құзыреттілік:
қоршаған әлемді дұрыс қабылдай білуі, жоғары
этикалық құндылықтар, азаматтық және патриоттық негізінде қоғамның саналы
өмірінде өз орнын таба білуі; Қазақстан Республикасының Конституциясына,
мемлекеттік рәміздерге, мемлекеттік
тілге құрмет көрсетуі, заңдарды және
құқықтық тәртіптерді сақтауы.
Әлеуметтік құзыреттілік:
жалпы адамзаттық мәдени жетістіктері, ұлттық
ерекшеліктері, этномәдениеттік құбылыстар мен жеке, отбасылық және
әлеуметтік өмір салттары негізінде танып білу
мен іс-әрекет тәжірибесін
иеленуі; қазақ халқының және Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа да
ұлыстардың
тарихына,
мәдениетіне,
салт-дәстүріне
және
басқа
құндылықтарына құрметпен қарауы; әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс
бағалай алуы, қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни
ағымдарға және
заңды бұзушылық әрекетке қарсы тұра білуі.
Басқарушылық
құзыреттілігі:
жоспарлаудың
және
іс-әрекеттерді
ұйымдастырудың нақтылы болашағымен өз мүмкіндіктерін ұштастыра білуі;
әртүрлі өмірлік жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білуі; баламалы
мүмкіндіктермен салыстырмалы түрде таңдап алған шешімді негіздей білуі;
аналитикалық және жаңашыл ойлауға ие болуы, жаңашыл қызметке ұмтылуы.
Достарыңызбен бөлісу: