39
1) іргелі ғылым ретінде информатиканың қазіргі жағдайының мектеп
курсына сәйкес бейнеленуі;
2) «ақпараттық процесс» ұғымы арқылы оқыту мазмұнын сабақтастыру
негізінде информатиканың ғылыми пән ретіндегі мәнін көрсету;
3) оқу материалын адамгершілік, ізгіліктілік, патриоттық және т.б.
тәрбиелік құндылықтармен байыту;
4) оқушылардың ойлауын қалыптастыру және дамыту, оларға шектен тыс
ақпараттар ағымымен қаруландыруға мүмкіндік бермеу;
5) ақпаратпен тиімді жұмыс істеу әдістеріне үйрету;
6) информатика курсының пәнішілік және пәнаралық байланыстарын
белсенді түрде қолдану;
7) практикада қалыптастырылған білім мен біліктіліктерді жалпылай
қолдану тәсілдеріне үйрету.
Негізгі бөлімдерді оқытудың келесі реті ұсынылады:
1) ақпарат және ақпараттық үрдістер;
2) компьютер – ақпараттық үрдістерді автоматтандыру құрылғысы;
3) формальдау және ақпараттық модельдеу;
4) алгоритмдеу және программалау;
5) ақпараттық және коммуникациялық технологиялар.
Жаратылыстану-математикалық
бағытта
информатиканы
оқытудағы
күтілетін нәтижелер келесі құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейлеріне сәйкес
болуы керек [33, 34, 35, 36]:
Достарыңызбен бөлісу: