25
3) оқушылар
функцияны зерттеуге, физикалық есептерге, практикалық
есептерге және т.б. байланысты
әртүрлі есептерді шешуде жоғары
математиканың элементтерін қолдана білулері керек.
Осы білімдерді толық меңгерген студент ЖОО-да математикалық анализ
курсын тыңдап, түсініп, білімін жалғастыруға қабілетті болады. Бұл жерде
жалпы білім беретін мектептің мақсаты оқушыны жеке тұлға (яғни, оқушының
математикалық, ақпараттық, ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік сауаттылығы,
білік-дағдысы, тәрбиелігі) етіп қалыптастыру болса, ЖОО-ның мақсаты терең
кәсіптік білім берумен қатар студентті шығармашылық іс-әрекетке бейімдеу
екенін ескерсек орта және жоғары мектеп арасындағы
математикалық білім
сабақтастығы мазмұндық сабақтастық шеңберін білім беру формасы, тәсілдері,
құралдарын қамтитын жазықтыққа кеңейтуді қажет етеді. Осы жазықтықта
екіжақты
жүйелі
әлеуметтік-психологиялық,
педагогикалық
іс-шаралар
жүргізілуі керектігі көрінеді.
Математика қазіргі заманда табиғат тану мен экономиканың сөйлейтін тілі
ретінде есептелетіндіктен, математика сабақтарында физика, информатика,
экономика сияқты пәндермен интегративті байланысты қамтамасыз ету керек.
Ол талапқа біз қолымызды экономикалық және физикалық мазмұндағы
есептерді таңдау арқылы қол жеткіземіз, яғни, пайдаланудағы ұғымдарды
физикалық, геометриялық және экономикалық мазмұнын түсіндіру, ашуды
орындаймыз. Сабақтастық пен пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
арқылы математикалық білімнің қолданбалық сипаты күшейтіледі, әртүрлі
математикалық моделдер құрастырылып, практикалық есептер шешіледі.
Жаратылыстану-математикалық
бағыттағы
математиканы
оқыту
барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, өздігінен білім алу мен
олардың қарым-қатынастық қабілеттерін дамытуда, білім деңгейін көтеруде
оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын
тиімді пайдалану нәтиже
бермек. Білім мазмұнын кеңейту мен математиканы оқытуды жетілдіру
бойынша
қолданыста
жүрген педагогикалық
технологиялардың
бірнеше
түрлерін жіктеуге болады: проблемалық
оқыту, бағдарламалық
оқыту,
дидактикалық бірліктерді ірілендіру, дамыта оқыту, тұлғалық-әрекетті оқыту,
деңгейлік саралаумен оқыту,
ойын арқылы оқыту, модульдік оқыту, ұжымдық
оқыту және т.б. технологиялары [25].
Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі мен шығармашылық қабілеттерін
арттыруды және жоғары оқу орындардағы оқу үдерісіне даярлауды жүзеге
асыру мақсатында модульдік, компьютерлік
технологиялармен
оқытуды
пайдаланған жөн. Өйткені, оқытудың әртүрлі белсенді формаларын (топтық,
жеке топтық, диспуттар, т.б.) қолдануға, өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға,
оқулықпен жұмыс істеуге үйренеді, қосымша әдебиеттерден білім алуға баулу
арқылы оқушылармен жүйелі жұмыс істеуге мол мүмкіндіктер бар.
Модульдік оқыту технологиясын математика сабағында пайдаланудың бір
ерекшелігі: есеп шығару сабақтарына сағат саны көбірек бөлініп, деңгейлік
саралап оқытуды жүзеге асыру ыңғайлы.
Сондықтан математика пәнінен
құрылған модульдердің операциялық элементтері қолданбалы есептер жинағы
немесе практикалық мазмұннан тұратын қосымша оқу материалдары болып
26
табылады. Операциялық элемент дидактикалық ойындармен берілуі мүмкін,
бұл оқушылардың танымдық қызметтері мен әлеуметтік-маңызды мақсаттарды,
ұжымдағы мінез-құлық ережесін меңгеруді, қарым-қатынастық тәжірибені
игеруді, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруды көздейді [37].
Практикалық мазмұнды есептерді шығару математикалық білімді өмірімен
ұштастыруға, алған білімін еңбекпен байланысты іс-әрекеттермен қолдана
білуге көмектеседі. Есептердің мазмұнында теориялық немесе практикалық
маңызы бар сұрақ туатын қандай да бір болмасын жағдаят баяндалады. Осы
тұрғыда кәсіптік мазмұнды математикалық есептерді қарастыру, оларды
шығарудың әдіс-тәсілдерін үйрету, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру
қажет. Есеп шығару барысында кәсіптік ұғымдардың мағынасы ашылып,
нақтыланады, оның ескерілмей жатқан жаңа бір қырлары байқалады. Мұндай
есептерді
пайдалануда есептің мазмұнына, алынған жауабына мұғалімнің
берген түсініктемесі оқушының кәсіптік, өмірлік, практикалық ойлауын
қалыптастырудың негізгі құралы болып табылады.
Жоғары сыныптарда математиканы оқытуда дәріс әдісін қолдануға
болады. Ол бүкіл сабақты немесе оның бір бөлігін қамтуы мүмкін және онда
келтірілетін, айтылатын материалдың мазмұны кішігірім мағлұматтан, кестелер
арқылы орындалатын жұмыстардың сипаттамалары әңгіме түрінде өтіп, оны
оқушылар қысқа да, нұсқа етіп жазып алуға үлгерулері тиіс. Дәрістік әдісті
қолдану белгілі дәрежеде оқушыларды жоғары оқу орындарында оқуына
дайындау болады. Өйткені оларда дәріс оқу оқытудың ең негізгі әдістерінің бірі
екені белгілі. Дәріс оқу барысында математиканың өзіндік тілі – символдардан,
формулалардан, белгілерден, графиктерден, суреттерден және тағы басқалардан
тұратын кестелермен визуалды ақпараттарды пайдаланған тиімді. Қандайда бір
визуалды ақпаратты алған кезде жаңа бейнелер мен формаларды құру мен
құрастыру мүмкіндіктері туады және олар проблемалық элементтерді қамтиды,
өйткені визуалды материал қандайда бір мазмұнға қатысты қысқартылған ойды
атқарады. Сондықтан оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,
оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін
оята отырып, оларды басқара білу
үшін
үй
жұмысын тексеруде,
жаңа
білімді енгізуде,
дәрістер оқуда,
практикалық сабақтарда, алынған білімді қорытып, бір жүйеге келтірген кезде
сапалы
визуалдық
қолдауларды,
яғни
көрнекі-бейнелік
қатынастарды
пайдаланған тиімді [25].
Басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін элементтердің бірі – тірек
конспектілері. Тірек конспектілері – қажетті білімдерді еске түсіруге және
жалпылауға мүмкіндік беретін кесте. Ол блоктардан тұрады және әрқайсысы
теорияның жекелей үзіндісіне арналады. Бұл жылдам бағыт көрсетуге
мүмкіндік беретін мәтін, сурет және формуладан тұрады. Мұғалім тақырыптың
оқу материалын
қысқаша
(10-12 минут ішінде) сызба, кесте,
тірек
конспектілеріне сүйене
отырып дәріс оқиды, негізгі ақпараттарды өтейді,
онымен байланысқан деректерді жаңғыртуға болады. Тірек конспектісінің дәл
осы қасиетін мұғалім, оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру үшін
пайдалана алады. Схемалар, формулалар, графиктер түрінде ұсынылған
абстрактылы материалды бергенде, оқушы оны көруі тиіс. Берілген жағдайда,